Главная страница
Навигация по странице:

  • Қоршаған ортанны қорғау

  • «Қостанай АШҒЗИ» ЖШС бойынша қоршаған ортаны қорғау шаралары

  • Еңбек қорғау шаралары

  • Минералды тыңайтқыштармен жұмыс істеу кезеңіндегі қауіпсіздік техникасы

  • азіргі уаытта топыраты орау жне оны нарлылыын сатау экологияны зекті мселелеріні бірі болып отыр


    Скачать 348.5 Kb.
    Названиеазіргі уаытта топыраты орау жне оны нарлылыын сатау экологияны зекті мселелеріні бірі болып отыр
    АнкорDiplom.doc
    Дата16.08.2018
    Размер348.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаDiplom.doc
    ТипДокументы
    #23046
    страница3 из 4
    1   2   3   4

    Қостанай облысының оңтүстік қара топырағындағы гумустың мөлшерінің өзгерісі

    Гумустың пайыздық үлесі мен оның валдық қоры топырақ профиліндегі құнарлылықтың негізгі көрсеткіші болып есептеледі. Сондықтан барлық органикалық затардың мөлшері мен қорын сақтауға бағытталған агротехникалық әдістер зоналық жер өңдеу жүйесінде міндетті болып саналады.

    Зерттеу қорытындылары Қостанай облысының оңтүстік қара топырағында жырту қабатындағы , әсіресе ұзақ уақыт бойы жыртылып келе жатқан жерлерде қысымның үнемі жоғарылайтынын көрсетті. Қостанай облысының оңтүстік қара топырағының химиялық қасиеттерін талдау оның құнарлылығының айтарлықтай төмендегенін анықтады.

    Гумустың пайыздық үлесі топырақтың құнарлылығының негізгі критериі болып есептеледі. Оның көтерілуімен топырақтың физикалық қасиеттері, ауа-су және жылу режимі, ферментативті және топырақтың биологиялық активтілігі жоғарлайды. Гумус мөлшерінің динамикасы топырақтық-климаттық жағдайға, топырақ өңдеу әдісі мен интесивтілігіне, себу ауданының құрылымына , химизациялану деңгейіне және т.б. факторлаға байланысты болады.

    Көп жылдық мониторингтік зерттеулердің нәтижесі, игерілген қара топырақтардың маңызды көрсеткіші ондағы гумустың мөлшері екендігін, ал қалған параметрлер көп өзгермейтіндігін көрсетті.(1- сурет) Өңдеудің алғашқы жылдарында топырақтың гумустылығы 18%-ға кеміген, ал 25 жылда 22%, ал 30 жылда 25% және одан әрі 50-62 жыл ауылшаруашылық эксплуатациялау кезінде гумус мөлшері өзгермеген. Гумус мөлшерінің көрсеткіші жыртылған топырақ қабатында бұл уақытта төменгі тұрақты деңгейде сақталады, басқаша айтқанда пайдаланудың 62 жылы 4,0-4,4 % мөлшерінде қалады.

    Алынған материалдар негізінде, гумустың мөлшерін көрсететін параметр ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығында пайдалану процесі барысында, ең деградацияға ұшырайтын көрсеткіш екендігі және топырақ құнарлылығының төмендеуінеәкеліп соқтыратындығы заңдылық.

    Гумус мөлшерінің өзгеруін зерттеу нәтижелер, топырақты сақтау және құнарлылығын жоғарлату, эрозиядан қорғау бағытында жүргізілетін агротехникалық іс-шараларды сақтамау органикалық заттардың айтарлықтай жойылуына әкеліп соқтырады.

    Егіншілікте қолданылатын топырақтағы гумустың жағдайын қадағалаудың маңызы өте зор, себебі әлі де ұзақ уақыт бойы биологиялық гумус жоғалту және қоректік элементтердің өніммен шығарылуы негізінен топырақ қоры есебінен жүзеге асады.

    Солтүстік Қазақстанда тың игеру кезеңдерінен бастап қолданылып келе жатқан жер өңдеу жүйесі топырақтың құнарлылығын арттырмайды. Сондықтан агроценозға енгізілген қара топырақты жерлер бұрын жинақталған энергетикалық, биологиялық, және химиялық ресурстардың кемуіне,азып-тозу тенденциясы басым.

    Қаіргі уақытта агроценоздардың өнімділігін қалыптастыруда топырақ гумусына берілетін роль өте жоғары. Топырақ құрамындағы гумустың мөлшері 1%-ға кемігенде дәнді дақылдардың түсімі 5ц/га азаятындығы туралы мәліметтер келтіріледі (Егоров В.В, 1978).

    Органикалық заттардың бұл әсері өздігінен көрініс бермейді, қалыптасуында топырақтың тікелей гумус қатысатын басқа агрономиялық қасиеттері арқылы көрінеді. Бірінші орында мұндай қасиеттерге топырақтың құрылымы мен суға тұрақтылығын, жыртылу қабатының қалыптасуын, валдық қор және қозғалмалы қоректік элементтерді, сіңіру көлемі, ылғал сыйымдылығын жатқызуға болады.

    Сондықтан бір тәжірибенің өзінде ғана ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі, басқа да бірдей жағдайларда, қашанда гумус мөлшері үлкен топырақта жоғары екендігін көрсетті. Бұл 12 кестедегі көрсеткіштермен нақтыланады.

    Бұл жерде екі оңтүстік ауыр суглинді бірақ гумус мөлшері әр түрлі қара топырақтар салыстырылады. Бақыланатын нұсқа ретінде гумустың орташа мөлшері 0-20 см -3,15%. жыртылған қара топырақ алынған. Келесі нұсқа оның жыртылған аналогы, бірақ ұзақ қолданылған көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер (эспарцет) және сол егістік алмасуға кірістірілген.

    Эспарцетті 12 жыл қолданғаннан соң гумустың топырақтағы мөлшері жыртылған қабатта 3,97% құраған. Салыстыру объектісі ретінде мүлде бірдей агротехника қолданылған таза пардағы бірінші бидай алынды. Биологиялық өнімділігін есептеу қорытындысы бойынш,орташа құрғақ 2010 жылы бірінші бидайдың өнімділігіне шешуші әсер еткен гумустың топырақтағы мөлшеріндегі айырмашылық болды. Келесі нұсқа оның жыртылған аналогы, бірақ ұзақ қолданылған көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер (эспарцет) және сол егістік алмасуға кірістірілген. Бақыланатын нұсқада жыртылу қабатындағы гумустың мөлшері 3,45% құрап, өнім 17,0 ц/га болды. Гумустың осы қабаттағы мөлшері 0,52% жоғарлағанда түсімді 2,2ц/га арттырып оны 19,2 ц/га жеткізді.
    Таблица 12 - Биологическая урожайность пшеницы по пару и ее структура в зависимости от содержания гумуса в пахотном слое (2010-2011 гг)

    Вариант

    Биологиялық өнімділік, ц/га

    Өсімдіктің қою өсуі, шт/м2

    Еселі түптілік

    Масақтағы бидай саны, шт

    1000дән салмағы , г

    1.Чернозем южный яжелосуглинистый с содержанием гумуса 3,52% (контроль)

    17,0

    290

    1,2

    16

    30,5

    2.Чернозем южный тяжелосуглинистый с содержанием гумуса 3,97%

    19,2

    297

    1,2

    17

    31,7

    НСР05

    0,95













    Түсімнің элемент құрылымдарының талдауы, гумустың жоғары мөлшерінің бидайдың түптену өнімділігіне, масақтағы дәннің санына әсер етпегендігін анықтады.Бұл көрсеткіштер тәжірибе нәтижесінде бір деңгейде болған., сәйкесінше 1,2; 16 және 17 дана. Гумус мөлшері 2,4% жоғары қара топырақта өсімдіктердің өсу жиілігі 290-нан 297 дана/м2 құраған. Бұл көрсеткіштер тәжірибе нәтижесінде бір деңгейде болған., сәйкесінше 1,2; 16 және 17 дана. Экспарцетті 12 жыл қолданғаннан соң гумустың топырақтағы мөлшері жыртылған қабатта 3,97% құраған. Салыстыру объектісі ретінде мүлде бірдей агротехника қолданылған таза пардағы бірінші бидай алынды. Биологиялық өнімділігін есептеу қорытындысы бойынш, орынды құрғақ 2010 жылы бірінші бидайдың өнімділігіне шешуші әсер еткен гумустың топырақтағы мөлшеріндегі айырмашылық болды. Гумус мөлшері 2,4% жоғары қара топырақта өсімдіктердің өсу жиілігі 290-нан 297 дана/м2 құраған. Дақылдың суғарылу жағдайы да жақсарған, бұл дәннің массасының өсуіне әсер етеді. Бұл әр 1000 дана бидайға шаққанда 1,2 г құрайды.

    Жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы, гумустың жоғары мөлшері, басқа да бірдей жағдайларда пардағы бірінші бидайдың өнімділігінің жоғарлауына әсер етенін көрсетті. Түсімнің артуы өсімдіктің өсу жиілігі мен дәннің толысу мөлшерінің жоғарлауына байланысты болады.

    Қоршаған ортанны қорғау

    Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда тыңайтқыш маңызды рөль атқаратыны белгілі. Мәселен, миниралдық тыңайтқыш пайдалнудан көпшілік дақылдардың түсімі орташа есеппен 50-80% дейін жоғарлайды. Демек тыңайтқыш қолданудан түбегейлі түрде бас тарту өнім өндіруді күрт төмендетуге әкеліп соғады.Алайда тыңайтқыш қолдану технологиясын сақтамау оның құрамында өсімдікке зиянды әсер ететін улы қоспалар кездесуі, сапасы нашар тыңайтқыш пайдалану топырақтың , атмосфераның ,жер асты суының тағы басқа бізді қоршаған обьектлердің ластануына ықпал етеді

    Сондықтан тыңайтқышты қолдануда қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көніл бөлінуі тиіс.

    Табиғи ортаның тыңайтқыштардың әсерінен ластануына мынадай жағдайлар себепші болады.

    1. Тыңайтқыштарды тасмалдау, сақтау ,қоспа дайындау және оларды топыраққа енгізу технологиясын сақтамау. Зауытта өндірілген миниралдық тыңайтқыштардың егістікке жеткенше 10-15 пайыз ысырап болады.

    Әсерлі заты жоғары тыңайтқышты пайдалануда егістікке бір келкі шашпаса өнім төмендейді.

    1. Ғылыми жағынан негізделген тыңайтқыш қолданудан агрономиялық технологиясының бұзылуы.Сондықтан тыңайттқыштардың беру мерзімін, мөлшерн әдісін дұрыс орындауға жете көніл аудару өсімдіктің қоректенуін ластануын төмендетеді

    2. Қоршаған ортаның ластануына эрозия құбылысы-да әсерін тигізеді.

    Қазақстанда беиім жерлер көлемі 70-млн гектардан астам . Оның 52-млн гектардан астамы жел эрозиясына , ал 70 млн гектардан астамы су эрозиясына берілгіш.(Р.Жанпейсов). дүние жүзі бойынша күніне 100-200 гектар жер эрозияға ұшырайды . эрозияның тигізетін зиянды әсерін есептеп жеткізу қиын. Мәселен 1 гетар егістік жел эрозиясына ұшырағанда ол 600 кг жалпы азот, 108кг жылжымалы фосфор және 105 кг алмаспалы калий жоғалтады.Ал су эрозиясының зардабына душар болған жердің әрбір гектары 2 тоннаға дейін жалпы азотты , 230 кг фосфор мен 215 калий ден аырылады. Проффесор Д.Я.Михаиловтың мәліметі бойынша жер бетінің көлбеуі 1,5-2 болған жағдайда су эрозиясына ұшыраған әрбір гектар жер 400-800 гектар азоттан, 100-150 фосфырдан, 3-5 тонна калийден және 10-12 тонна органикалық заттардан айырылады.Тыңайтқыш қолдану эрозия құбылысының топырақтағы қоректік заттардың шайыуы азаяды. Мұнда тыңайтқыш берілген танаптың өсімдігінің тамыр жүиесі өсіп жетімді, топырақтың физикалық қасиетті жақсартады, ақырында топырақты этрозияға ұшырауынан қорғайды .

    1. Тыңайтқыш құрамында кездесетін ілеспе (бөгде) қосылыстар мен элемменттер қоршаған ортаға зиянда әсер етеді . Көпшілік минералдық тыңайтқыштар құрамында фтор, тхлор, натрий және улы ауыр металдар (кадмий, сынап, қорғасын т.б) болады. Әрине бұл элементтердің біразы аз мөлшерде өсімдіке пайдалы. Ал тыңайтқыштың ұдайы жоғары мөлшерін қолданғанда топыраққа улы заттар мен бөгде қоспалар көп мөлшерде шоғырланады. Олар топырақ қасиеті мен құнарлығын, дақылдың өнімі мен сапасына теріс әсер етеді және жер асты суының құрамы нашарлайды.

    Мысылы; фосфит ұнының құрамында 2-3% фтор және 1,2-1,7 % стронций болса , суперфосфатта 1,2-2,7% фтор мен 1% стронций кездеседі . Минералдық тыңайтқыштар құрамында улы заттардан (мысалы ,апатит, фосфорит, калий рудалары) ауысады. Мысалы; фосфатты руда құрамындағы фтордың 50-80% тыңайтқышта қалады .

    Сондықтан егістікке 1 тонна фосфор бергенде онымен бірге шамамен 160 кг фтор түседі .Бұл топырақтың қасиеті мен құнрлығын нашарлауына , биологиялық құбылыстардың баяу өтуіне өсімдіктегі биохимиялық процестің бұзылуына әкеліп соғады. Фтор фотосинтез және белок синтезденуін , амилаза ,фосфорглукомутаза, фосфотаза ферменттерінің қызметін баяулатады. Ауыл шаруашылығы дақылдарына көң , қорда , түрлі өндіріс қалдықтарын ұдайы жоғары мөлшерде қолдану топырақ құрамында микроэлементтердің (оның ішінде ауыр металдар ) шектен тыс жиналуына әкеп соғады. Олардың топырақтағы концентрациясның өте жоғарлауы тірі организмдердің улануына себепші болады.

    Топырақ пен өсімдіктің ауыр металдармен ластануын төмендетудің және ауылшаруашылық дақылдарының құрамындағы улы заттардың мөлшерін реттеудің басты жолы – органикалық және минералдық тыңайтқыштарды ғылыми негізде қолдану.

    Азотты тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін пайдаланған кезде гумин және фульвоқышқылдары мен кальций ,магний катиондарының топырақтың төменгі қабатына жылжуы күшиеді,өсімдіктің калий элементімен қоректенуі нашарлайды.

    Ауылшаруашылығы өнімінің құрамындағы нитраттың шектен тыс артуы адамдар мен малдардың организмін уландырады. Мал азығы үшін ниттратты азоттың уландырғыш деңгейін 0,2 %. Сондықтан құрамында 0,2%немесе одан жоғары нитратты азотты бар азықты малға беруге болмайды. Адам өз салмғының әрбір килограмына 5 кг есебіне нитрат пайдалануына болады.

    Өсімдік құрамындағы нитрат мөлшерін азотты тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін бірнеше рет бөліп беру арқылы, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды бірге пайдалану арқылы , ингибиторларды тыңайтқышқа қосып беру арқылы тұқымды себу мерзімін сақтау арқылы реттеуге болады .

    Фосфор тыңайтқыштарының экономикалық зардабы көбіне олардың құрамындағы ауыр металдардың мөлшеріне байланысты. Адамды фосфордың уландыруы калций және фосфор окситтерәнәң арақатынасына тәуелді. Егер Са мен P2O5 арақатынасына өнім құрамында 1:1 немесе 1:1,5 болса фосфор адам организміне зиянды емес.

    Фосфор тыңайтқыштарының шикі заттарын өңдеуді жетілдіру есебімен және эрозияға қарсы шараларды жүзеге асыру арқылы қоршаған ортаның фосфор элементтерімен ластануын төмендетуге болады. Калий тыңайтқыштарды қоршаған ортаны аз дәрежеде ластайды. Топыраққа енгізілген калий тыңайтқыштарының құрамындағы хлордың картоп, темекі, жүзім, талшықты дақылдар көп зардап шегеді . Шөп құрамында калий көбейіп кетсе ,оны пайдалнған мал уланады.

    Бір гектар егістік топырағынан орта есеппен 20-25 калий шайылады. Топырақ ертіндісінде калий катионының концентрациясының жоғарлауынан кальций (Са:К) және магний мен калий (Mg:K) элеметтерінің арақатынастары өзгереді.Ақырында топырақтың сіңіру комплексінен калций мен магний көп мөлшерде ығыстырылады.

    Органикалық тыңайтқыштармен ағып келіп қосылатын слардың шөгінділерінің пайдаланудың өзі де топырақтағы ауыр металдардың концентрациясын жоғарлатады. Тыңайтқыштардың беру мөлшерін, мерзімін, әдісін дұрыс таңдау дақылдан мол өнім жинауды ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар топырақпен өнімнің улы элементтерімен немесе олардың қсылыстарымен ластаныудан сақтайда.

    Қоршаған ортаның улы заттармен ластануын төмендету үшін негізінен төмендегі шараларды жүзеге асыру керек;

    1. Өсімдіктердің биологиялық талаптарына топырақ – климат жағдайларына, аймақтың ерекшеліктеріне және жоспарланған өнім деңгейіне сәйкес тыңайтқыштардың қолайлы мөлшері, түрі, топыраққа енгізу әдісі көрсетілген жан-жақты дайындалған тыңайту технологиясын қатаң орындау.

    2. Қышқыл және кебірленген топырақты химиялық жолмен милиорациялау үшін әк, гипс тыңайтқыштарды қолдану.

    3. Органикалық тыңайтқыштарды жинау, сақтау пайдалану үшін агрономиялық ережелерді орындау және минералдық тыңайтқыштармен тиімді ұштастырып қолдану.

    4. Ғылыми жағынан дәлелденген ауыспалы егістерді игеру.

    5. Топыраққа су және эрозияларынан сақтауға арналған шараларды пайдалану.

    6. Түрлі аурулар мен зиянкестерге төзімділігі жоғара ауылшаруашылығы дақылдараның сорттарын себу.


    «Қостанай АШҒЗИ» ЖШС бойынша қоршаған ортаны қорғау шаралары

    Қоршаған ортаны сақтау бойынша шаралар:

    -жерді тиімді пайдалану, ол өз кезегінде оның өнімділігінің өсуіне және

    құнарлығының жоғарлауына ықпал жасайды .

    -барлық агротехникалық шараларды қатаң сақтау;

    -жаңа техниканы, құрал жабдықтарды сатып алу, техникалық ақауы жоқ техникада жұмыс істеу.


    Еңбек қорғау шаралары

    Миниралдық тыңайтқыштарды сақатау, тасмаладу әзірлеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру, олардың құрамындағы қоректік заттардың ысырап болуын төмендетеді және тиімділігі артады.

    Миниралдық тыңайтқыштардың барлығыда арнайы жабдықталған, іші құрғақ, қабырғас қалың, едені мен төбесі бүтін, терезелері мен есіктері жақсы жабдықталған қоймаларды сақталады. Қойма тұрғын үйлер мен шаруашылық құрлыстарынан аулағырақ (200м) жеред салынады. Қойманың едені су өтпеитін және тыңайтқышты торыақ ылғалынан сақтай алатын болу керек.

    Тыңайтқыш сақталатын қойманы салаған кезде ең алдымен оның кендігі қандай болатынын анықтаан жөн. Ол үшін бір тонна минералдық қтыңайтқыш қанша орын алатынын білген дұрыс. Шамамен алғанда 1 тонна минералдық тыңайтқыш 1,25 текшк метр орын алады деп есептеуге болады. 60 тонна және оданда көп тыңайтқыш сиятын қойманың авта көлік еркін кіріп шығатын, екі жағынан ашылатын үлкен есігі болу қажет.

    Тыңайтқыштың әрбір түрі өз алдына бөлек сақталады, ол үшін қойманың іші бірнеше бөліктерге (секция) бөлініп, олар қоршалып қойылады. Қойманың ішінде тыңайтқышты топыраққа енгізуге әзірлеитін ұнтақтайтын, елейтін, араластыратын орын(бөлме)болуы тиіс. Қоймаға келген ылғалдылығы жоғары тыңайтқыштар бөлек сақталады.

    Аммияк силитрасы өте ылғал тартқыш тыңайтқыш, сондықтан оны егіске енгізгенге дейін зауоттан буылып келген күйінде, яғни қапшықта сақтау керек. Аммони сульфаты ылғалды онша тартпайды, демек оны биіктігін 2-3 метіргі дейін үйіп сақтауға болады. Бұл тығайтқышты қапшықпен сақтағанда биіктігі 20 қатардан артық болмау керек.

    Ылғалдылығы мөлшереден артық болса суперфосфат көбірек жабысады, кейде оның төмендгі жағында жатқандары жентектеліп қатып қалады, сондықтан үйіндінің онша биік болмағаны жөн.

    Калий тыңайтқыштары ылғалды көбірек таратандықтан сақтау ережесінің барлық талабын орындау керек.

    Тыңайтқышты ауыл шаруашылығы машиналарымен бір қоймада сақтауға болмайды, өйткені олардың метел бөлшектері коррозияға ұшырайды.

    Қоймада өрттен сақтау құралдары болып, қойманың іші мен сыртында тазалық жіне тәртіп болу қажет.

    Сақталған кезінде тыңайтқыштардың күйін байқап тұрған жөн. Ашық, жылы күндері қойманың есік терезесін ашып, ішін желдетіп, даладан жылы ауа кіргізіп тұрған дұрыс. Ал ылғалды күндері, керсінше, есігімен терезесін жауып қою керек.

    Тыңайтқыштың әрбір түрінің сыртында оның құрамындағы қоректік заттардың мөлшері, ылғалдылығы көрсетілген жазу болу керек.

    Миниралдық тыңайтқыштар сақталған барлық қоймалар тиейтін түсіретін ұнтақтайтын механизімдермен жабдықталуы тиіс.

    Тыңайтқыштарды бір-бірімен араластыру үшін қоспа дайындауға арналған ережені сақтаған дұрыс. Тыңайтқышты егіске енгізу үшін тиісті механизмдерді пайдаланады.
    Минералды тыңайтқыштармен жұмыс істеу кезеңіндегі қауіпсіздік техникасы

    Минералдық тыңайтқыштармен жұмыс атқаруға жасы 18 ге толмаған, созылмалы ауруы бар адамдарға рұқсат етілмейді. Барлық жұмысшылар (қойма еңгерушісі механизатор жүк тиеуші т.б) жұмысқа кірісер алдында қауіпсіздік техникасы туралы нұсқауымен таныстырылады және ережені қойма ішінде көрнекті жерге іліп қою керек. Жұмысшылар арнаулы киімдермен ( комбинизон, қолғап, етік) және көзілдірік, улы заттардан қорғайтын аспаптармен қамтамас етілуі тиіс.

    Аммиак селитрасын сақтау үшін, өрттен қорғану ережесін орындаған жөн. Ол тыңайтқышты жанғыш заттармен бірге сақтауға рұқсат етілмейді.

    Тыңайтқыш шашатын машиналар жұмыс істеп тұрғанда оларға жақын тұруға болмайды. Тыңайтқышты тиеу жұмыстарын атқарар алдында трактор мен машиналардың маторын өшіріп қояды және олардың кетіктері қалқанмен жабулы болуы тиіс.

    Тыңайтқышпен бірге тамақ, су және адамдарды тасмалдауға рұқсат жоқ. Тыңайтқышпен үздіксіз жұмыс істегенде әрбір жарты сағатта 5 мин үзіліс жасау ұсынылады. Жұмыс істейтін жереде ішуге арналған таза су және алғашқы дәрігерлік көмек көрсететін дәрі дірмектер басқа медециналық заттар болуы керек. Егер тыңайтқыш көзге түскен жағдайда таза сумен бір неше рет жуып емханаға көрінген жөн.

    Жұмыс аяқталған соң жуыну керек.
    1   2   3   4


    написать администратору сайта