китапша каулы. Б. Момышлы ауылы 2022 жылы 18 мамыр
Скачать 56.45 Kb.
|
Аудандық бюджетке түсетін түсімдердің жылдық жоспары артығымен орындалған. Жалпы алғанда 19 салықтық түсімдердің 19 ерекшеліктері бойынша жоспардан артық орындалған (100%). Мысалы: 101111, 101201, 101202, 101205, 103101, 104101, 104102, 104302, 104401 104402, 104501, 105284, 105315, 105402, 105429, 105430, 105434, 108126 ерекшеліктері бойынша түзетілген жоспар 100,3%-дан 182,2%-ға дейін орындалған. Жоспардан төмен түсу фактілері орын алмаған және жоспарсыз түсу фактілері орын алған жоқ. Жалпы аудан бюджетінің бекітілген кіріс бөлігі – 14 443 899,0 мың теңге, нақтыланған бюджет кірісі 15 196 207,0 мың теңге болса, түзетілген бюджет кірісі 15 494 424,7 мың теңгені құраған, нақты түскені 15 314 963,0 мың теңге, яғни 100,8 % немесе аудан бюджетінің кіріс бөлігі 120 538,3 мың теңге артық орындалған. Ал, бекітілген бюджетпен салыстырғанда 871 064,0 мың теңге артық түскен, немесе 106,0% құраған. 1. Аудандық бюджетінің бекітілген кіріс бөлігі – 14 305 917,0 мың теңге, нақтыланған бюджет кірісі 15 078 608,0 мың теңге болса, түзетілген бюджет кірісі 15 076 825,7 мың теңгені құраған, нақты түскені 15 180 492,2 мың теңге, яғни 100,7 % немесе аудандық бюджетінің кіріс бөлігі 103 666,5 мың теңге артық орындалған. Ал, бекітілген бюджетпен салыстырғанда 874 575,2 мың теңге артық түскен, немесе 106,1% құраған. 2. Ауылдық округтері бюджетінің бекітілген кіріс бөлігі – 761 200,0 мың теңге, нақтыланған бюджет кірісі 973 109,0 мың теңге болса, түзетілген бюджет кірісі 973 109,0 мың теңгені құраған, нақты түскені 989 980,8 мың теңге, яғни 101,7 % немесе кіріс бөлігі 16 871,8 мың теңге артық орындалған. Ал, бекітілген бюджетпен салыстырғанда 228 780,8 мың теңге артық түскен, немесе 130,0% құраған. ІІ. Аудандық бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы. 2021 жылғы шығыстар жоспары жыл басында 14 443 899,0 мың теңге болса, түзетулер мен нақтыланулар нәтижесінде 970 416,7 мың теңгеге ұлғайып, бүгінгі күні 15 414 315,7 мың теңгені құрады, оның ішінде трансферттер 3 797 772,7 мың теңге. (жыл басында 3 160 186,0 мың теңге, қосылғаны 637 586,7 мың теңге, жергілікті бюджет 332 830,0 мың теңге). Трансферттер бойынша аудандық бюджет нақтылау және түзету бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің және аудан әкімдігінің қаулыларына сәйкес жүргізілді. Сонымен қатар, аудандық бюджетке түзету бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тапсырысы бойынша және аудан әкімдігінің қаулыларына сәйкес жүргізілді. Салыстырмалы түрде алатын болсақ: аудан бойынша шығыстарының нақты орындалуы 2020 жылдың көрсеткіші 17 708 534,2 мың теңгемен салыстырғанда бюджеттің шығыс бөлігі 12,9%-ға немесе 2 295 839,4 мың теңгеге кем, ал игерілмеген қаражат көлемі 2020 жылдың көрсеткіші 3 337,3 мың теңгемен салыстырғанда 62,7 есеге немесе 209 292,6 мың теңгеге артқан. Шығыстар бойынша түзетілген жоспар аудан бойынша 13 функционалдық топтың 5, ауылдық округтері бойынша 3 функционалдық топтың 2 функционалдық тобы немесе функционалдық топтың жалпы санының аудан 38,5% ал, ауылдық округтер бойынша 50,0% орындалмаған. 2021 жылы бюджетті орындау барысында барлық функционалдық топтар бойынша өзгерістер енгізілген. Жергілікті атқарушы органның тарапынан аудандық бюджет бірнеше рет нақтыланғанымен аудан бойынша 212 629,9 мың теңге, оның ішінде: аудандық бойынша 186 981,3 мың теңге, ауылдық округтер бойынша 26 648,6 мың теңге көлемінде игерілмеген қаражат қалыптасқан. Оның ішінде: 209 875,0 мың теңгесіне міндеттеме қабылданбаған, 2 754,9 мың теңгесі міндеттеме қабылданғанымен игерілмеген қаражат. 2021 жылы аудан бюджетінің шығысы 98,6%-ға орындалып, яғни жоспарланған 15 625 358,7 мың теңгенің 15 412 728,5 мың теңгесі игеріліп, игерілмеген қаржы көлемі 212 630,2 мың теңгені құрады. (оның ішінде шығындар 15 201 685,8 мың теңге, 174 640,0 мың теңге бюджеттік кредиттер, 36 369,0 мың теңге қарыздарды өтеуге қаралған қаржы). Жоғары тұрған бюджеттерден берілетін трансферттер есебінен 200 856,0 мың теңге, ал қалған 11 774,2 мың теңгесі жергілікті бюджет қаражаты есебінен қалды.Оның ішінде: Қазақстан Республикасы Ұлттық қор есебінен бөлінген трансферттер есебінен есепті мерзімге жоспар 2 485 747,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 2 291 904,3 мың теңгені құрады, орындалуы 100,0 %, игерілмеген қаржы көлемі 193 842,7 мың теңге. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ішкі бағдарламаларынан үнемделген қаржы; Республикалық трансферттер есебінен есепті мерзімге жоспар 928 582,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 928 580,6 мың теңгені құрады, орындалуы 100,0 %, игерілмеген қаржы көлемі 1,4 мың теңге. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ішкі бағдарламаларынан үнемделген қаржы; Облыстық трансферттер есебінен есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар 383 443,7 мың теңге болса, кассалық атқарылуы 376 431,1 мың теңгені құрап отыр, орындалуы 98,2 %. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 175 301,6 мың теңге игерілмеді: оның ішінде республикалық бюджеттен үнемделген қаржы 172547,0 мың теңге, облыстық бюджеттен қалған 2753,0 мың теңге игерілмеген қаржы. 051 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы бойынша 1887,2 мың теңге республикалық бюджеттен «Б.Момышұлы ауылы Тәуелсіздік көшесін орта жөндеу» жұмыстарынан үнемделген қаржы. 055 «Бизнестің даму картасы 2020» бағдарламасы бойынша 43062,0 мың теңге республикалық бюджеттен Қаралма тау шаңғысы туристік комплексіне ауыз су және кәріз су құрылысынан үнемделген қаржы. 058 «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен үнемделген 106417,0 мың теңге қаржы игерілген жоқ. Оның ішінде Ертай ауылының ауыз су құрылысынан 8959,0 мың теңге, Көлтоған ауылының ауыз су құрылысынан 59837,0 мың теңге,Т.Дүйсебай ауылының ауыз су құрылысынан 37621,0 мың теңге. 036 «Газ шаруашылығын дамыту» бағдарламасы бойынша игерілмеген қаржы 23901,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен үнемделген қаржы 21148,5 мың теңге, ол Ертай ауылына кварталішілік газ тарту жұмыстарынан 9244,0 мың теңге, Көлтоған ауылына кварталішілік газ тарту жұмыстарынан 10918,0 мың теңге үнемделген қаржы. Игерілмеген қаржы 2752,0 мың теңге Ертай ауылына кварталішілік газ тарту жұмысының қаржысы. 29 желтоқсан күні кешке қабылдап алу және өткізу актісін мердігер «КОНДОР КЗ» ЖШС әкеліп берген. Бұл қаржы Қазынашылық басқармасына 29 желтоқсан күні кешке жіберілген. Алайда 30 желтоқсан күні бұл қаржы кері қайтарылған, екінші рет жіберілген кезде тағыда қайтарылып, назардан тыс қалған. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 10 623,7 мың теңге игерілмеді, себебі мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы (Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары, республикалық бюджеттен бөлінген қаржы). Жергілікті бюджет қаражаты есебінен есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар 11 685 323,0 мың теңге болса, кассалық атқарылуы 11 684 323,0 мың теңгені құрап отыр, игерілмеген қаржы көлемі 1 000,0 мың теңге немесе орындалуы 100,0 %- ды құрап отыр. Оның ішінде: Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімі 808,9 мың теңге игерілмеді, себебі төтенше жайдайларға бөлінген қаржы мемлекттік сатып алу веб-порталы 2 мәрте баға ұсынысы бойынша мердігер аңықталмады (жаңар-жағар май бағасы тұрақсыз болғандықтан кәсіпкелер қатысқан жоқ, жергілікті бюджет). 4-ші бюджет қаражаты есебінен есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар 994 773,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 969 124,3мың теңгені құрады, игерілмеген қаржы көлемі 25 648,7 мың теңге немесе орындалуы 97,4 %-ды құрады. Б.Момышұлы әкімі аппараты бойынша 7 446,5 мың теңге игерілмеді: оның ішінде 3 133,0 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы (Сауранбекұлы көшесі орта жөндеу жұмыстары, республикалық бюджет); жол белгілерін орнату жұмысытарына 1 400,0 мың теңге, банер орнату дайындау 1 300,0 мың теңге және бейіттерді қоршау жұмысынан 1 600,0 мың теңге келісім шарттардың кешігіп, қазынашылық басқармасына тіркелмей қалуына байланысты. Мыңбұлақ ауылдық округі бойынша 14 597,6 мың теңге игерілмеді, себебі мемлкеттік сатып алудан үнемделген қаржы (жолды орта жөндеу жұмыстары республикалық бюджет). Шақпақ ауылдық округі бойынша 1 898,6 мың теңге игерілмеді, себебі мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы (жолды орта жөндеу жұмыстары республикалық бюджет). Күренбел ауылдық округі бойынша 1 254,7 мың теңге игерілмеді, себебі кіріс бөлігінің орындалмауына байланысты. Аудан бойынша барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша қалған қалдық 642,4 мың теңгені құрады. Қаржы игерілуі бойынша салыстырмалы мәлімет мың теңге
Бюджеттік бағдарлама әкімшілері арасында бюджет қаражаттарының игерілуі
Аудан әкімдігінің, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері және Б.Момышұлы әкімі аппараты, Мыңбұлақ, Шақпақ, Күренбел ауылдық округттер бойынша бөлінген қаражаттың толық игерілмеуі нәтижелік принципі – мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару сақталмағаны және ҚР Бюджет кодексінің тиімділік принципі – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізуінің сақталмағандығы байқалады. |