китапша каулы. Б. Момышлы ауылы 2022 жылы 18 мамыр
Скачать 56.45 Kb.
|
Жуалы аудандық мәслихаты депутатына Жетінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының материалдары Б.Момышұлы ауылы 2022 жылғы 18 мамыр ЖОБА 22 18 мамыр 1 – __ (бірлескен қаулы) Жуалы ауданы бойынша 2021 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 14-бабын басшылыққа алып және аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Ғалиұлы Қуаныштың және аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Мықтыбекова Қалима Тұрмағанбетқызының Жуалы ауданы бойынша 2021 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі баяндамаларын тыңдап, талқылай келе Жуалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Қ.Ғалиұлының және аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қ.Мықтыбекованың баяндамаларыназарға алынсын. Әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік – экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы З.Сұлтанмұратов Тұрғындардың денсаулығын және қоршаған ортаны, тұрғындардың аз қамтылған бөлігін, мүгедектерді, аналар мен балаларды қорғау, ұлттық мәдениетті, ұлтаралық және азаматтық келісімді дамыту, білім, жастар ісі, спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Р.Сайлаубаев 2021 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы мәлімет «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №77-7 шешімімен бекітіліп, 2020 жылдың 29 желтоқсанында №4870 нөмірімен облыстық Әділет басқармасында тіркелген. 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы Жуалы ауданы әкімдігінің «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №77-7 шешімін іске асыру туралы» № 658 Қаулысы шыққан. Аудандық бюджеттің бекітілген кірісі 14 443 899,0 мың теңге, нақтыланған бюджет – 15 196 207,0 мың теңге, түзетілген бюджет – 15 194 424,7 мың теңге. Орындалуы 15 314 962,9 мың теңгені құрады, бұл түзетілген бюджетке 100,8% немесе 120538,2 мың теңге арты.Жыл бойы аудандық бюджетке 6 мәрте нақтылау және 9 мәрте түзету жасалды, нақтылау мен түзету барысында едәуір өзгерістерге ұшырап, нәтижесінде кіріс бөлігі 750 525,7 мың теңгеге өскен немесе 5,2%, сәйкесінше шығындар 970 416,7 мың теңгеге өскен немесе 6,7%(оның ішінде 174 640,0 бюджеттік кредиттер, 36 369,0 қарыздарды өтеуге қаралған қаржы ). 2021 жылдың 1 қаңтарына бюджет қаражатының қалдықтары 219 788,7 мың теңгені құраса, жыл соңында 368 500,3 мың теңгені құрады, аталған қалдық қаражат нақты түскен түсімдердің жоспарланған түсімдерге қарағанда 120 538,3 мың теңгеге артық түсіп, сондай – ақ нақты шығындардың көлемі жоспарланған шығындарға қарағанда 212 630,2 мың теңгеге кем болуының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсекен түсімдер 5 339,8 мың теңге (Жаңа өмір – Новая жизнь газеті) және де 29 986,2 мың теңгеге кредиттік қайтарымдардың асыра орындалуынан туындап отыр. І. Аудандық бюджеттің түсімдерінің орындалуы. 2021 жылғы аудандық бюджеттің түсімдерінің түзетілген жоспары 15 194 424,7 мың теңге болса, атқарылғаны 15 314 963,0 мың теңге, немесе 100,8% -ға немесе 120 538,3 мың теңгеге артық орындалған. оның ішінде: жоғары бюджеттен алынған трансферттер бойынша есепті мерзімге 13 396 610,7 мың теңге болса, түскені 13 397 310,7 мың теңге 100,0 % орындалды. Оның ішінде: - субвенция 9 598 638,0 мың теңге. 100,0 % орындалды; - ағымдағы нысаналы трансферттер 1 153 071,7 мың теңге. 100,0% орындалды; - нысаналы даму трансферттер 2 645 601,0 мың теңге 100,0% орындалды; жергілікті бюджет түсімдері бойынша есепті мерзімге 120 538,3 мың теңге артық түсіп, жоспар 106,8%-ға орындалды, жоспар 1 797 814,0 мың теңге, нақты түскені 1 917 652,3 мың теңге. Оның ішінде нақты тоқталсақ: - бюджеттік кредиттерді өтеудің түзетілген сомасы – 174 640,0 мың теңге болса, атқарылғаны 174 640,0 мың теңге, немесе 100,0%; - мемлекеттік қаржылық активтерді сатудан түсетін түсімдер жоспарланбаған болса, атқарылғаны 5 339,8 мың теңге; - қарыздар түсімінің түзетілген сомасы – 36 369,0 мың теңге болса, нақты түскені – 66 355,2 мың теңге, немесе 182,4%- ға немесе 29 986,2 мың теңгеге артық орындалған. - салықтық түсімдер 112 240,3 мың теңгеге артық түсіп, жоспар 106,3% орындалды, жоспар 1 761 956,0 мың теңге, нақты түскені 1 874 196,3 мың теңге. Оның ішінде артық орындалған салық түрлері: - көлік салығы 14 125,2 мың теңгеге артық орындалды 115,2%; - жеке табыс салығы 84 046,1 мың теңгеге артық орындалды 119,3%; - жер салығы 290,2 мың теңгеге артық орындалды 113,7%; - жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем 778,3 мың теңгеге артық орындалды 151,9%. - салықтық емес түсімдер 4 346,9 мың теңгеге артық түсіп, жоспар 128,1% орындалды, жоспар 15 484,0 мың теңге, нақты түскені 19 830,9 мың теңге; - негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 3 251,1 мың теңгеге артық түсіп, жоспар 115,6% орындалды, жоспар 20 374,0 мың теңге, нақты түскені 23 625,1 мың теңге. Аудандық бюджет кірісі былтырғы жылмен салыстырғанда 1 331 088,7 мың теңгеге кемеді, немесі 8,0 %-ға кеміп отыр, оның ішінде жергілікті түсімдер 11,0%-ға өсіп отыр.
|