Главная страница
Навигация по странице:

  • 2 835 990,0

  • 170 629,3

  • 466- Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі;

  • 458 -Аудан әкімдігінің (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

  • Қаржы бөлімінің басшысы К.Ғалиұлы ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ 2021 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК -ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

  • Құрылыс жұмыстарының көлемі

  • Мәдениет саласы бойынша

  • Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы бойынша

  • Мәдениет, спорт және жастар саясаты

  • Денсаулық сақтау саласы

  • Экономика және бюджеттік бөлімінің басшысы Қ.Мықтыбекова

  • китапша каулы. Б. Момышлы ауылы 2022 жылы 18 мамыр


    Скачать 56.45 Kb.
    НазваниеБ. Момышлы ауылы 2022 жылы 18 мамыр
    Дата26.09.2022
    Размер56.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлакитапша каулы.docx
    ТипДокументы
    #697103
    страница3 из 3
    1   2   3

    2021 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы
    Нысаналы трансферттерді және бюджет қаржыларын жаратуда қадағалауда Қазақстан Республикасы Заңнамасының талаптарын басшылыққа алу мақсатында 2021 жылғы Жуалы ауданының даму бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттік қаражаттарды басқаруына 2 әкімгер және 10 бюждеттік бағдарламамен бағаланды. 2020 жылы бюджеттік бағдарламаларды орындалуын бағалау тиімділігінің орта баллы 100,0%-ды құрады.

    Тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру бойынша:

    • Жуалы ауданының даму бюджеттік бағдарламалары бойынша бөлінген 2 835 990,0 мың теңге қаражаттың игерілуі 2 662 608,7 мың теңге, яғни 93,9% құрады. Игерілмеген қаржы сомасы 173 381,3 мың теңгені құрады мемлекеттік сатып алу бойынша үнемделген қаражат 170 629,3 мың теңге:

    • 2 752,0 мың теңге Ертай ауылына кварталішілік газ тарту жұмысының қаржысы. 29 желтоқсан күні кешке қабылдап алу және өткізу актісін мердігер «КОНДОР КЗ» ЖШС әкеліп берген. Бұл қаржы Қазынашылық басқармасына 29 желтоқсан күні кешке жіберілген. Алайда 30 желтоқсан күні бұл қаржы кері қайтарылған, екінші рет жіберілген кезде тағыда қайтарылып, назардан тыс қалған.

    466- Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі;

    - 003- " Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау" бағдарламасы бойынша жоспары 251 987,0 мың теңге, игерілгені 251 986,7 мың теңге, яғни 100,0% құрады. Игерілмеген қаржы сомасы 0,3  мың теңгені құрады.

    - 004- " Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау " бағдарламасы бойынша жоспары 24 170,0 мың теңге, игерілгені 24 170,0 мың теңге, яғни 100,0% құрады.

    - 007- "Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту" бағдарламасы бойынша жоспары 5 152,0 мың теңге, игерілгені 5 152,0 мың теңге орындалуы 100,0%-ды құрады.

    - 008- "Спорт объектілерін дамыту" бағдарламасы бойынша жоспары 10 000,0 мың теңге, игерілгені 10 000,0 мың теңге орындалуы 100,0%-ды құрады.

    - 011- "Мәдениет объектілерін дамыту" бағдарламасы бойынша жоспары 60 589,0 мың теңге, игерілгені 60 588,5 мың теңге орындалуы 100,0%-ды құрады. Игерілмеген қаржы көлемі 0,5 мың теңге құрады.

    - 040- " Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту " бағдарламасы бойынша жоспары 13 540,0 мың теңге, игерілгені 13 540,0 мың теңге орындалуы 100,0%-ды құрады.

    - 079- «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бағдарламасы бойынша жоспары 183 588,0 мың теңге, игерілгені 183 588,0 мың теңге орындалуы 100,0%-ды құрады.
    458 -Аудан әкімдігінің (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

    -036- «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша жоспары 315 644,0 мың теңге, игерілгені 291 742,9 мың теңге орындалуы 92,9%-ды құрады. Игерілмеген қаржы көлемі 23 901,1 мың теңге құрады,оның ішінде: 21 149,1 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы және 2 752,0 мың теңге ртай ауылына кварталішілік газ тарту жұмысының қаржысы. 29 желтоқсан күні кешке қабылдап алу және өткізу актісін мердігер «КОНДОР КЗ» ЖШС әкеліп берген. Бұл қаржы Қазынашылық басқармасына 29 желтоқсан күні кешке жіберілген. Алайда 30 желтоқсан күні бұл қаржы кері қайтарылған, екінші рет жіберілген кезде тағыда қайтарылып, назардан тыс қалған.

    055- «Бизнестің жол картасы-2020 бизнесті қолдау мен дамытудың мемелкеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасы бойынша жоспары 556 955,0 мың теңге, игерілгені 513 892,6 мың теңге орындалуы 92,3%-ды құрады. Игерілмеген қаржы көлемі 43 062,4 мың теңге құрады, мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы.

    - 058- «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су беру жүйелерін дамыту» бағдарламасы бойынша жоспары 1 414 365,0 мың теңге, игерілгені 1 307 947,9 мың теңге орындалуы 92,5%-ды құрады, игерілмеген қаржы көлемі 106 417,1 мың теңге құрады, мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы .
    2021 жылы аудан бюджетінен берілген несие қарыздарының қайтарылуға тиісті сомасы түзетілген жоспар бойынша 36 369,0 мың теңге, нақты қайтарылғаны 66 355,2 мың теңге, немесе 182,4% құраған. Айырмасы 29 986,2 мың теңгеге асыра орындалған.Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бюджеттік кредиттерді өтеу көлемі 10 063,6 мың теңгеге артқан.


    • Бөлінген қаржылардың игерілуіне тұрақты мониторнг жүргізіліп, апта сайын аудан әкіміне ұсынылып отыр және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV бюджет кодексінің 31 бабының 1 тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган болып табылатындығы ескертілген.



    Қаржы бөлімінің басшысы К.Ғалиұлы

    ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ 2021 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК -ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
    2021 жылдың қорытындысы бойынша Жуалы ауданы келесі экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізген. Салалар бойынша тоқтап өтейік.

    Өнеркәсіп саласы: 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 12 254,0 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, (2020 жылы 11 293,8 млн. теңге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 101,0% орындалды.

    Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 7 709,0 млн. теңгені құрады (2020 жылы 7 725,1 млн.теңге), 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 99,6 пайызға орындалды.

    Сауда: Аудан бойынша 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2 780,0 млн. теңгенің (2020 жылдың 12 айында 2 723,7 млн теңге) бөлшек саудасы жасалып, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,0% орындалған.

    Сонымен қатар, көтерме сауда тауар айналымы 4 млрд. 060,0 млн. теңгені құрап (2020 жылдың 12 айында 4 млрд. 027,3 млн теңге), НКИ 100,8 пайызға орындалды.

    Ауыл шаруашылығы өнімнің (қызмет) жалпы шығарылымы 36 млрд. 468 млн. 100 мың теңгені құрады (оның ішінде мал шарушылығы өнімі 18 500 млн. теңге болса, өсімдік шаруашылығы өнімі 17 900 млн. теңге), (2020 жылы 35 121,1 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 103,8 пайызға орындалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 105% (14 780 тонна), сауылған сүт 106,7% (47 309 тонна), тауық жұмыртқасы 103% (8 046,0 мың дана) құрады.

    Сонымен қатар, ірі қара мал саны 104% (48 507 бас), қой мен ешкі 104% (204 922 бас), жылқы – 107% (14 052 бас), шошқа – 74%-ға (120 бас), құс саны 102,0%-ды (82 205 бас) құрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлемі: 2021 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында 5 766,0 млн. теңгені құрап, (2020 жылы 5 631,6 млн. теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,4 % пайызға орындалды.

    Жеке тұрғын үй салушылардың есебінен 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы алаңы – 15 331 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер аула құрылыстарымен бірге қабылданды. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 114,0 пайызға орындалып отыр.

    Мәдениет саласы бойынша:

    2021 жылы Нұрлыкент ауылында 180 орындық мәдениет үйі құрылысына 116 011,0 мың теңге республикалық бюджеттен, инфрақұрылымының (сыртқы желілері - су, кәріз жүйесі, газ, электр және аббаттандыру) құрылысына 53 770,0 мың теңге облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға қабылданды.

    Қайрат ауылында 180 орындық мәдениет үйінің құрылысына 203 375,0 мың теңгеге бюджеттік өтінім беріліп, құрылыс жұмыстарына 2022-23 жылдарға қаржы бөлінуде, оның ішінде: 2022 жылға Ұлттық қордан 160 038,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 17 782,0 мың теңге қаржы қарастырылды.

    Көлбастау ауылының 180 орындық мәдениет үйінің құрылысына 226 587,0 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Жоба 2024 жылға дейін іске асырылатын болады.

    Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы бойынша: 2020 - 2021 жылдары аудан бойынша қосымша 5 елді мекенге 2 186 183,0 мың теңге республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, атап айтқанда: Қошқарата, Көлтоған, Ертай, Т.Дүйсебайұлы, Шақпақ ауылдарына ауыз су құрылысы толық аяқталды. Аудан көлеміндегі 49 елді мекен 53 080 халықтың орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы 2021 жылы 31 елді мекен, ол 63,6 пайыз, тұрғындарға шаққанда 46 050 адам немесе 85,9 пайызға жеткізілді. 2021 жылғы межеленген жоспардан халық санымен шаққанда 13 пайызға артық орындалды.

    Ал, 2022 жылы Қоңыртөбе ауылына ауыз суды кіргізу бойынша құжаттар мемлекеттік сатып алу конкурсына беріліп, мердігер анықталып келісім-шарт жасалды. Сонымен қатар, Тасбастау, Кәріқорған, Рысбек батыр, Жаңаталап, Бәйтерек, Ақтоған ауылдарына ауыз су жүйесінің құрлысын жүргізу бойынша облыстық бюджеттен келген қаржысы отырғызылды, республикалық бюджеттен келетін қаржы күтілуде.

    Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және су бұру қызметі бойынша «Жуалы Су» МКК-не жергілікті бюджет есебінен 205 647,1 мың теңге қаралып,оның ішінде 114 369,6 мың теңгеге 22,1 шқ ауыз су құбырына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, 12 732,1 мың теңгеге орталық ауыз су жүйесіне және кәріз су жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді, 26 193 мың теңгеге су ұңғымаларын қазу жұмыстары, 52 352,4 мың теңгеге каналдар тазалау, суландыру жүйесін күтіп баптау жұмыстары атқарылды.

    «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша 2021 жылдың қорытындысымен ауданның табиғи газбен қамтылуы 40 елді-мекен, ол 81,6 пайызды, халық санымен 50 157 адам немесе 93,66 пайызды құрайды. 2021 жылға межеленген жоспардан елді-мекен бойынша 4,1 пайызға артық орындалды.

    5 елді мекенге: Қаратас, Рысбек батыр, Ақтасты, Қошқарата, Қызтоған ауылдарына кварталішілік газ тартуға ЖСҚ дайындалып, 2022 жылға конкурс жарияланды, бөлінген қаржы 177 400 мың теңге. Сонымен қатар 4 елді мекенге Қарабасатау, Абдықадыр, Жылыбұлақ, Дарбаза ауылдарына кварталішілік газ тартуға ЖСҚ әзірленді.

    Жол: 2021 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында аудандық мәндегі Шымбұлақ ауылына кіре беріс-7,61 шқ автомобиль жолын орта жөндеу жұмысының жалпы құны 60 158,0 мың теңге, оның 13 381,0 мың теңге қаржысы Республикалық бюджеттен бөлініп, жұмыстарды аяқтау 2022 жалға жоспарланып, бүгінгі күнге жергілікті бюджеттен 46 777,0 мың теңге қарастырылып, қаржысы отырғызылуда.

    Сонымен қатар 2021 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 224 928,4 мың теңге қаржыға 12,68 шақырым болатын 10 көшеге, ал жергілікті бюджеттен 155 494,0 мың теңге қаржыға 4,074 шқ болатын, 4 көшенің, жалпы 380 422 мың теңгеге 16,75 шақырым болатын 14 ауылішілік көшенің автомобиль жолдарына орта жөндеу жүргізілді.

    Жыл қортындысымен ауылішілік жолдардың қанағаттанарлық үлесі 68,6 пайызды құрап, өсім 4,2 пайызды құрап отыр.

    2022 жылы аудандық мәндегі «Күйік-Теріс-Ащыбұлақ» 10,63 шқ және «Б.Момышұлы-Береке-Жұрымбай» 8,26 шақырым автомобиль жолдарын орта жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарлануда.

    Әлеуметтік сала: 12 айдың нәтижесінде тұрақты жұмыс орындарына 2139 азамат және уақытша жұмыс орындарына 1065 азаматтар жолданды (барлығы 3 024 адам). 2021 жылдың 12 айында жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде қалғандар саны 590 адамды құрап, ресми жұмыссыздық деңгейі 2,2% болып қалыптасты (2020 жылы 12 айда 685 адам немесе 2,6%).

    2021 жылы жұмыспен қамту іс-шарасына барлығы 432 788,0 мың теңге бөлініп толығымен игерілді немесе 100% орындалды (оның ішінде: 568 адам қоғамдық жұмыстарға 253 757,0 мың теңге, 188 әлеуметтік жұмыс орнына 31 985,0 мың теңге, 286 жастар практикасына 60 915,0 мың теңге, 75 жұмыссыздарға қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына16 385,0 мың теңге, 120 азаматқа қайтарымсыз грант 70 008,0 мың теңге қаралған).

    Мәдениет, спорт және жастар саясаты: 2021 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 18 538 адамды құрады немесе жалпы халықтан 35,0%. Бөлімге бағынысты спорт мектептерінде 4-тоқсанның қорытындысымен 2 194 шұғылданушы оқушылар тіркелді. Бұл Жуалы ауданы бойынша жалпы 7-18 жас аралығындағы балалардың 20,4% құрайды.

    Жыл басынан бері барлығы 180 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 14 520 аудан тұрғыны қатыстырылды.

    Аудан бойынша барлығы 139 спорт нысаны бар. Оның ішінде: 1 орталық стадион, 1 спорт кешені, 12 футбол алаңы, 39 спорт залы, 86 спорт алаңшасы Аудан бойынша барлығы 139 спорт нысаны бар. Оның ішінде: 1 орталық стадион, 1 спорт кешені, 12 футбол алаңы, 39 спорт залы, 86 спорт алаңшасы.

    Мемлекеттік қызметтегі 29 жасқа дейінгі жастар саны – 46 адамды құрап отыр. 2021 жылдың желтоқсан айына дейін аудан бойынша 186 жас отбасы неке құрып, оның ішінде неке бұзғандар 11 жас (Б.Момышұлы ауылынан -8 жас, Мыңбұлақ ауылдық округінен -1 жас, Шақпақ ауылдық округінен -1 жас Ақтөбе ауылдық округінен -1 жас) тіркелген.

    Биылғы жылдың 12 айында әскер қатарына көктемгі және күзгі іріктеуге 460 жас шақырылып, бүгінгі күні 106 жас әскерге аттанса, жарамсыздар қатарында жастар жоқ.

    2021 жылға аудан әкімі және Жастар саясаты мәселелері басқармасы арасында бекітілген индикаторлар тізбесіне сәйкес 625 жасты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту көзделген болатын. Бүгін таңда жоспар артығымен орындалып жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 12 айдың қорытындысымен 1540 жас тартылды.

    Ауданда 1 кәсіптік колледж бар, онда 171 білімгер білім алуда, жатақханасында 20 жас жатып, әлеуметтік тамақпен қамтылуда және колледжде 5 жетім жас болса, этнос өкілдері жастарынан 107 білімгер білім алуда.

    Ауданда 30 орта мектеп, 3 негізгі мектеп, 6 бастауыш мектеп бар, оларда 10 827 оқушы білім алса, 14 жастан жоғарылары 4368 жас, биылғы жылы мектеп бітірушілер саны 665 жас. Ауданда 125 (0,9%) жас мүгедектік санатында тіркеуде тұр. Оның ішінде жұмыспен өз бетінше қамтылғандары және мекемелерде жұмыс жасайтын мүгедек жастар саны 37 (29,6%) адамды құрап отыр.

    Денсаулық сақтау саласы: 2021 жылдың 12 айында ана өлімі болған жоқ, сәби өлімі 6 жағдай орын алды ол 5,5 промилль (2020 жылдың осы кезеңінде – 3 жағдай 2,8 промилль).

    Себептері: Жазатайымнан болған оқиға және өте төмен салмақпен шала туылған перинатальдық жағдай. Жалпы өлім жітім 286 жағдай (6,1 промилль) (2020 жылдың осы кезеңінде 279 жағдай 5,9 промилль).

    Есепті мерзімге туберкулезбен науқастанғандар саны 13 адам 100 мың адамға шаққанда көрсеткіш 26,0 пайыз (2020 жылдың IV-тоқсанында 12 адам 100 мың адамға шаққанда көрсеткіш 25,1 пайыз).

    Құқық қорғау саласы: Есепті мерзімде ауданда жалпы – 124 қылмыстық сипаты бар оқиғалар тіркелсе (2020 ж. бұл мерзімінде 149 деректі құраған) немесе – 16,8 пайызға төмендеген, ашылу көрсеткіші 73,6 пайызды құрады (2020 ж. бұл мерзімінде 80,8 пайызды құраған).

    Орын алған қылмыстардың ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 35 дерек болса, оның ашылғаны 64,1% құрады (2020 жылдың осы мезімінде қылмыстың бұл санаты 47 дерек болған, ашылуы 82,2% құраған).

    2021 жылдың 12 айында жол жүру ережелерін бұзу деректерін анықтау барысында – 2 656 хаттама толтырылды (2020 жылдың осы мерзімінде 2 218 хаттама), оның ішінде 50 жүргізуші көлікті спирттік ішімдік күйде жүргізгені (2020 ж. бұл мерзімінде 33 деректі құраған) үшін ұсталған.

    2021 жылдың 12 айының есеп беру мерзімінде барлығы 54 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол көлік оқиғалары салдарынан есепті мерзімге 89 адам әр-түрлі дене жарақаттарын алған, 15 адам қаза болған (2020 жылдың осы мерзімінде 56 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол көлік оқиғалары салдарынан есепті мерзімге 112 адам әр-түрлі дене жарақаттарын алған, 15 адам қаза болған).

    Экономика және бюджеттік бөлімінің басшысы Қ.Мықтыбекова


    1   2   3


    написать администратору сайта