Главная страница
Навигация по странице:

  • І-Тарау. Баға құрылымы

  • 1.2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері

  • 2.1. Бағаны мемлекеттік реттеу

  • 2.2. Баға, сұраныс және ұсыныс

  • ΔQ ΔР

  • МД-МД1+МД2=L1(У)+L2(r-r)

  • МД=РF (rb, re, p, h, y, и).

  • Баға. Сейлжанов Куандык. Баа. Баа белгілеуді атаратын ызметі


    Скачать 31.6 Kb.
    НазваниеБаа. Баа белгілеуді атаратын ызметі
    Дата20.11.2020
    Размер31.6 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСейлжанов Куандык.docx
    ТипДокументы
    #152290

    Баға. Баға белгілеудің атқаратын қызметі.

    Кіріспе

    Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.

    Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашаан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфлиясия шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.

    Бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының экономика саласындағы ерекшеліктер мен бағаны тұрақтандырудың математикалық модельдеу әдістерін талқылау, ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап алу, мемлекеттің баға тұрақтылығын қалыптастырудағы, оны реттеудегі өзіндік ұстанымдарына тоқталу табылады.

    Жалпы курстық жұмыс негізгі үш тараудан тұрады.

    Бірінші тарауда – баға құрылымы түсінігі, бағаның қалыптасу теориялары, бағаның негізгі қызметтеріне тоқталдық.

    Екінші тарауда – толығымен бағаны тұрақтандырудың Қазақстан республикасындағы модельдеу үлгісіне, баға мен сұраныс, ұсыныс түсініктері арасындағы байланыстарға арналды.

    Үшінші тарау — Қазақстан Республикасының баға жүйесі мен ондағы модельдеудің жеке үлгілеріне назар аудардық.

    І-Тарау. Баға құрылымы

    1.1. Бағаның қалыптасуындағы теориялар

    Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит пен Рикардоның ойынша, тауар құны оған жұмсалатын еңбектің мөлшерімен анықталады деп есептеген. Адам еңбегі тауар құнының субстанциясы, қайнар көзі. Сондықтан да классикалық мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының негізін қалады. Оны кейіннен К.Маркс дамыта түсті.

    Егер К.Маркс өзінің барлық зерттеуін тауардың еңбек құнын талдауға арналса, Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері: мейлі либерализм, неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм – барлығы дерлік бағаның шығуын зерттеді.

    ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Батыс пен Ресей экономикалық теория өкілдері ағылшын эеономисі Альфред Маршалл және ресей ғалымы М.И.Туган-Барановский құндық теорияны шекті пайдалылық теориясымен қосты.

    Осыдан, құн мен баға – ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан ауытқуы мүмкін. Себебі оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық, сиректік, сән, инфлияция және т.б. факторлар ықпал жасайды. Баға – тауар құнының ақшалай өлшемінің модификациясы.

    Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.

    Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.

    Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

    1.2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері

    Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады.

    1. Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны процесінің өзгеруінде байқалады және әр түрлі өнімді өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.

    2. Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға күш салады. Бағаның осы қызметі біріншісімен етене байланысты.

    3. Бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады.

    4. Бағаның бұл қызметі нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыным мен өндірісті теңгергенде байқалады.

    5. Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін баяндайды. Екінші жағынан сатушылар сатып алушылардың төлем қабілеттігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байқайды.

    Қазақстанда ТМД елдері бойынша банктік қызмет көрсету жүйесін әлемдік стандарттар бойынша жүзеге асыруға және қаржы экономикалық дағдарысқа қарсы тұруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйесі (О.А. Жандосов пікірінше, нақты жағдайда есеп айырысуды жүргізетін ірі төлемдер жүйесі; әр жолғы төлемдер клиенттік аударымдар, карточкалық төлемдер және т.б. келесі күнге есеп айырысумен; бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу, корпоративті қоса алғанда) әрекет етеді.

    Банк функциясының ішкі нысаны – төлем айналымы бойынша әсері – банктердің халықаралық төлемдер және ақша аудару операцияларын жүргізуден тұрады, сондықтан аталған функция халықаралық құқық аясында қарастырылады. Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:

    1) ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың);

    2) капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар — тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;

    3) тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;

    4) қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі.

    Қазақстанда ақшалардың төлемдері және аударымдары негізінен банктер арқылы жүзеге асырылады, сонымен бірге бұл қатынастар Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен реттеледі. Соның мысалы ретінде, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңы жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде банктік корреспонденттердің олардың банктік шоттары бойынша тапсырмасымен есеп айырысуды жүзеге асыру белгіленген және аударым операциялары банк операцияларын жатқызады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңында Қазақстан Республикасында төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәртібін, жүйесін және нысанын айқындайды, ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстандық теңге мен банктер арасындағы аударымдардың уақытылы және кідіріссіз жүргізілуін қамтамассыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асырады, банктердің қолданылатын автоматтандырылған жүйелерінің сенімді әрі қауіпсіз болуын және банк ақпаратының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ең төменгі талаптарды белгілейді.

    Қазақстанда төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәсілдің заңнама актілермен және олардың негізінде қабылданған құқықтық актілермен, оның ішінде Қазақстан Ұлттық банкі актілерімен белгіленеді. Ақша төлемі мен аударымын Қазақстан Республикасынан аумағынан тыс жерде ұлттық валютамен де, шетелдік валютамен де жүзеге асыру кезінде, сондай ақ Қазақстан Республикасы аумағында валюталық заңнама талаптарын сақтаумен шетелдік валютамен ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде белгіленген нысандағы бланктерде ақша аударуға өтініш пайдаланылады, ол ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы банкке жөнелтушінің төлем тапсырмасы болып табылады. Ақшаны аудару өтінішіне банктің аталған өтінішті өңдеу не Қазақстан Республикасы заңнамасы талап ететін жағдайлар үшін оған қажетті деген жөнелтуші туралы қосымша мәліметтерді қосуға болады.

    ІІ-Тарау. Бағаны тұрақтандырудың модельдері

    2.1. Бағаны мемлекеттік реттеу

    Нарық жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу белгілі бір жүйемен жүргізіледі:

    1. Үкімет органдары тарапынан бағаларды бақылап отыру. Оның мақсаты – еңбек ақы мен зейнетақының жылма-жылғы номинальды көтерілуінің индексін белгілеу үшін өмір сүру құнының өсуін, сонымен қатар, бағаның көтерілуі өндіріс шығындарына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне қалай әсер ететінін анықтау. Бақылаумен орталық статистика басқармасы айналысады.

    2. Бағаға жанама әсер ету. Оның мәні сыртқы саудада белгілі бір сандық және кедендік шектеулерді немесе алып тастауда, есеп нарқын өзгертуде, салықтардың түрін өзгертуде, ақша эмиссиясының мөлшерін көбейтуде немесе азайтуда тұр.

    3. Бағаны белгілеу мен тұрақтандыру процестерінде мемлекеттік араласу. Бұл арада әңгіме мемлекеттік органдар рұқсат беретін өндіріс шығындарын тым арттыру, яғни өзіндік құнға тым арттырылған амортизациялы шығындарды кіргізу және басқа қорларға аудару туралы болып отыр.

    4. Бағадағы жетекшілік. Бұндай құбылыс тауарлар немесе қызметтерді өндіретін мемлекеттің үлесі едәуір салаларда байқалады. Бұндай жағдайларда мемлекеттік органдар тауарлар мен қызметтерді өндіруші фирмалармен келісім бойынша шартты баға белгілейді, кейін ол баға бүкіл өндіріс саласы үшін негізгі баға болып табылады.

    5. Бағаға тікелей мемлекеттік әсер ету. Оны жеке өндірушілердің шығындарын азайту үшін жұмсалатын мемлекеттік жәрдемақы құрайды.

    Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта — теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады. Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекет аралық реттеу объектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.

    2.2. Баға, сұраныс және ұсыныс

    Бағаны тұрақтандыруда бағаға әсер ететін сұраныс пен ұсыныс ұғымдарына мән берілуі қажет. Әр түрлі тауарлардың бір бірінен сұраныс пен ұсыныстың бағаның өзгеруіне жауап беру деңгейімен ерекшеленеді.

    Бұл жерде көңіл аударатын негізгі мәселе сатып алушылардың сатушыларға төлейтін ақшасының жалпы сомасы болып табылады. Сатушының жалпы саудадан түсіргені барлық уақытта бағаны сатылған тауардың санына көбейткенге Р х О тең.

    Нарықтағы сұраныс көлемінің баға төмендегенде қандай мөлшерде өсетіндігі немесе баға өскенде кемитіндігі бағаға байланысты сұраныстың икемділігінің дәрежесін сипаттайды.

    Сұраныс икемділігінің бағаға байланысты коэффициенті Еd былайша анықталады:

    ΔQ ΔР

    Еd= : ;

    Q Р

    Сұраныстың икемділігі туралы пайымдаулар жалпы бағаның ұсынысқа әсерін талдағанда да қолдануға болады. Ұсыныстың икемділігі ол нарыққа шығарылған тауарлардың санының бәсекелік бағаның салыстырмалы өзгеруіне сәйкес салыстырмалы өзгеруінің көрсеткіші. Ұсыныстың икемділік коэффициенті Еs:

    ΔQ ΔР

    Еs= : ;

    Q Р

    Немесе жоғарыда айтылған ойларды арнайы математикалық модельдеу үлгісінде жанама сызықтармен сипаттауға да болады. Бұл әдістер бағаны тұрақтандырудың сенімді әрі алдын ала бірнеше мерзімге дейінгі уақыттарды қамтиды. Енді джәл сондай математикалық модельдеудің үлгісінің алгоритмі ұсынылады: f(x)=0 түріндегі өрнек x = j(x) түріне ауыстырылады .

    Мысалы:

    Алғашқы жанасу есебінде x0 мына аралықтағы [a; b] кез келген нүкте алынады. Бұдан әрі процесс мынадай сұлбада іске асырылады: x1 = j(x0)

    x1 = j(x0)

    x2 = j(x1)

    x3 = j(x2)

    Жоғарыдағы теңдіктерді ескере отырып, мынадай жалпы өрнек құрастыруға болады:

    xn+1 = j(xn)

    Шешілетін өрнек мынадай шартқа негізделген:

    Бұл әдісті қолдану үшін математикалық модельдеу үлгісінің мынадай реттілігі орындалады: .

    Алгоритмнің блок – сызбасы:

    Басталуы

    x0, e

    x = f(x0)

    Да

    x0 = x

    x, F0

    соңы.

    Экономикалық теорияда баға тұрақтандырудың монетаристік бағыты ақшаның сандық жағына ерекше назар аударады да, өндірісті ұлғайту, еңбек өнімділігі, тауар құны деген категориялар жайына қалады.

    Монетарлық теориялардың бірнешеуіне тоқталайық: мысалы ағылшын экономистері А.Маршалл және тағы басқалары мынадай теңдік ұсынады: Ms — kPY, мұндағы Ms — ақшаның номиналды саны, k — табыс пен қажетті ақша пропорциясы (тұрақты деп есептеледі); Р — бағаның абсолютті деңгейі; У — нақты табыс. Егер К мен У тұрақты болса ақша ұсыныстың саны ( Ms ) бағаның (Р) өсуіне әкеледі. Ақша туралы неоклассикалық теорияда ақшаға сұраныс (МВ-КРУ) жоғарыдағы формулаға жақын анықталады. Бірақ бұл теорияны жақтаушылар нарық жағдайындағы тепе-теңдікті білдіретін формуланы ұсынады: Ms -МД — яғни нарықта ақшаны ұсыну ( Ms ) оған деген сұраныспен тең болатынына сенеді. Үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарындағы капиталистік елдерді түгел қамтыған «ұлы дағдарыстан» шығарған Дж.Кейнс ақшаны жинап, сақтаудың үш психологиялық көзіне көңіл аударады: іскерлік үшін, алыпсатарлық және сақтық, болашақ үшін ақша. Сөйтіп ақшаға сұранысты Кейнс былай көрсетеді:

    МД-МД1+МД2=L1(У)+L2(r-r)

    мұндағы:

    МД1 — іске қалдырылған ақшаға сұраныс;

    МД2 — алыпсатарлық сұраныс;

    r — нарықтық ставка проценті,

    r — күтілген процент нормасы.

    Монетарлық теорияны тереңдетіп, ақшаның қызметін күшейтіп, оның беделін көтеруге көп үлес қосқан экономист — М.Фридмен. Ол ақшаға сұраныстың таза теориясын ұсынды.

    МД=РF (rb, re, p, h, y, и).

    Мұндағы әріптердің мәні:

    МД — номиналды ақша қалдықтарына жоспарлы сұраныс.

    Р — бағаның абсолютті деңгейі.

    rb — облигацияның проценттік нормасы.

    re — акция табысының нарықтық курсы.

    р — баға өзгерістерінің қарқыны.

    һ — ұлттық байлықтың заттай құрылымдары.

    у — тұрақты бағадағы ұлттық табыс.

    и — ақшаға сұраныстың басқа факторлары.

    Көріп отырғанымыздай, монетарлық теорияда ақшаны ұсыну мен оған сұраныстың қарапайым жай түрінен күрделі жағдайларына дейін дамып отырған. Ең бастысы мұнда ақшаның М1, М2, М3 деген түрлеріне, акциядан, облигациядан түсетін табыстың процент нормаларына ерекше назар аударылған. Айталық, М1 ақшалары кәсіпкерлер мен іскер адамдарға, сауда мен өндіріс саласына қажетті ақшалар. Ал М2, М3 ақшалары — М2 және банктегі ақшаларды, акция, облигациядан түсетін проценттерді қосып алады. Егер Қазақстанда 22-00-дей әр түрлі банктер: мемлекеттік, халықтық, коммерциялық және жеке банктер бар екенін ескерсек, айналысқа қажетті ақшаны компьютер машинасының өздері де есептеп шығаруы қиын, ал үкіметтің ақша станоктері күндіз-түні істеп, ақша жасап үлгере алмай келеді. Айналысқа ақшаны көп шығару инфляцияны күшейтетінін елдің бәрі біледі. Нарыққа көшкенге дейін айналысқа керекті ақшаны К.Маркс өзінің ұсынған қарапайым формуласымен анықталды: ол тауар бағаларының барлық сомасын айналыс санына бөлгенге тең. Әрине ақша айналысына, айналысқа қажет ақшаға несиеге берілген тауарлар және басқа факторлар да әсер етеді. Қалай болса да нарыққа көшкенге дейін мемлекеттік банк ақша айналысына әсер етіп отырды. Шет елдерде, әсіресе, АҚШ-та жалпы ақша айналысын реттеп, қаржы-несие саясатын жүргізетін орталық банк, федералдық резервтік жүйе бар. Ол — банктердің банкісі. Басқа банктер оның қас-қабағына қарап әрекет етеді. Федералдық резервтік жүйе макроэкономикалық деңгейде қызмет атқарады. ең бастысы, банктік резервтерге бақылау жасап, осы арқылы ақша мен несиені ұсынуды реттеп отырады.

    ІІІ-Тарау. Қазақстан Республикасының баға жүйесі

    3.1. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері

    Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР бағаны тұрақтандыру маңызды роль атқарады.

    Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады.

    Қазақстан өз тәжірибесінде көптеген баға тұрақтандыру мәселелеріне байланысты басты сұрақтардың шешімін тиімді етіп шешіп келеді және шешу үстінде. Осы тұрғыда мемлекет баға тұрақтандыру шараларын қалыптастырып үлгерді.

    • Банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;

    • ақша-несиелік қатынастарды реттеу;

    • сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу;

    • банктердің қызметін жүйелеу;

    • үкімет тарапынан бағаны қадағалау және т.б..

    Ақша-несиелік саясат жүргізу үшін мемлекет заңды бекітілген құралдары мен операциялар арқылы жұмыс жасауда, олар: қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын резервтік талаптар нормативі, қысқа мерзімді ноталардың шығарылымы, ашық нарық операциясын жүргізу, кредиттік және депозиттік операциялар, вексельдерді қайта есепке алу және т.б.

    Оларды пайдаланудың тиімділігін республикада 2001-2004 жж. қалыптасқан инфляция деңгейімен (6,4-6,8%) шамалауға болады.

    Сонымен қатар болашақта артық өтімділікті «депозиттерге тарту» Ұлттық банктің басты құралы болатын жоспары бар. Алайда инфляциялық қысым көзі сырттан (сыртқы валюталық түсімдер) болса, артық өтімділікті шексіз азайту бұл операцияның тиімділігін төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдайда сыртқы түсімдерді реттеу бағытында шаралар қолдану қажет.

    Институционалдық жағынан қарасақ несие жүйесі валюта қаржы мекемелерінің кешені, оны мемлекет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Ақша-несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.

    Қазіргі нарықтық экономикада зейнеткерлер қоры, сақтандыру компаниялары, өзара қорлар, инвестициялық банктер, ипотекалық банктер, қарыз сақтау ассоциациялары және т.б. осы сияқты арнаулы қаржы несие институттары ерекше орын алады. Көп көлемде ақша ресурстарын шоғырландырған бұл институттар капиталды тиімді орналастыру және қорлану процесіне белсене қатысады.

    Қорытынды

    Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашаан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфлиясия шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.

    Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық

    елдің төлем қабілетін сипаттайтын — халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы, алтын, Халықаралық валюталық қатынастарға резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-дағы шоттар кіреді. Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады. Аймақтық валюталық жүйе — валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және интеграциялау процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция негізінде валюталардың қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

    Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:

    1) Ұлттық банк: «валюталық басқыншылықтарды» — елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарлармен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін; Ұлттық банктің қарыздары мен басқа міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін;

    2) Қаржы министрлігі: қарыздар туралы келісімшартпен белгіленген уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін; халықаралық ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктердің, консулдықтардың, өкілділіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржыландыру үшін;

    3) Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді — тауарлар мен көпшілік қолды бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды қанағаттандыру үшін;

    4) Басқарудың жергілікті органдары — коммуналдық шаруашылықтың, өндірістік емес сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың жергілікті инфрақұрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.


    написать администратору сайта