ГПР. ГПР бакылау сурактары. Баылау сратара жауап беру абаттарды жазыты жатысы
Скачать 17.07 Kb.
|
Бақылау сұрақтарға жауап беру Қабаттардың жазықты жатысы Қабаттылықтың түрлерi 1 - параллельдi; 2 - линза тəрiздi; 3 - толқынды; 4 - 8 қиғаш қабаттылық; 4 - диагональды ( уақытша тасқындар шөгiндiлерi ); 5 - қилысты ( теңiз ағысы кезiнде пайда болғандар ); 6 - сына тəрiздi ( эолды шөгiндiлер ); 7 - көпқабатты қиғаш ( өзен шөгiндiлерi ); 8 - диагональды ( атыраулық шөгiндiлер ). Линза тəрiздi қабаттылық - сыртқы пiшiндерiнiң əртүрлiлiгi мен жеке қабаттар қалыңдығының өзгергiштiгiмен сипатталады. Мұндайда қабат көбiнесе, сүйiрлене тарамдалады да жеке бөлiктер мен линзаларға бөлiнедi. Линза тəрiздi қабаттылық су немесе ауа ағыстарының қозғалыстарының күрт өзгеруi нəтижесiнде немесе бұрын пайда болған қабаттар шайылуы, су қоймасы түбiнiң ой-қырлылығына байланысты пайда болады. Кiшiгiрiм линза тəрiздi қабаттылық толқынсыз тыныш су қоймаларында iрi түйiртпектi материалдардың кезеңдiк келiп түсуiнен қалыптасады. Кейбiр жеке қабаттар ұзақ қашықтыққа созылғанымен, тез арада немесе бiрте-бiрте қалыңдығы азайып, жойылады немесе сүйiрленiп тамамдалады. Қабаттың сүйiрленiп тамамдалуының себептерiне: шөгiндi түзiлудiң əркелкiлiгi, яғни бiр жерде жүрiп, екiншi жерде тоқталуы, жиылатын шөгiндiлер құрамының өзгеруi мен бұрын пайда болған қабаттың шайылуы жатады. Қабат қалыңдығы шөгiндi түзу ортасының қозғалысының пəрмендiлiгiне жəне онда жиылатын материалдардың мөлшерiне тiкелей байланысты. Сөйтiп қалыңдығына байланысты қабаттылықты төрт тұрге бөледi: iрi - қабат қалыңдығы ондаған метрге; ұсақ - см өлшенедi; жiңiшке - қалыңдығы мм өлшенедi жəне микро қабаттар - қалыңдығы микроскоп арқылы ғана байқалады. Қабатталу жазықтықтары беттерiнiң құрылысы Қабатталу жазықтықтары беттерiнiң құрылысы ерекшелiктерін зерттеу шөгiндi жыныстардың пайда болуы мен жатыс жағдайларын анықтауға көмектеседi. Мұндай ерекшелiктерге қазынды бедер белгiлерiне, алғашқы жарықтар, кебу жарықтары (8 сурет), əртүрлi организмдердiң өмiр сүру əрекеттерi iздерi: жаңбыр тамшылары мен мұз кристалдарының таптары жəне т.б. жатады. Бедер белгiлерi iшiнде, пайда болуына байланысты желдiң, ағыстың жəне толқынның (9а-сурет ) əсерiнен қалыптасқандар болып бөлiнедi. Бедер белгiлерiнiң сырт көрiнiсi бiр-бiрiне бойласа созылған жəне ирелеңдей сағаланған бiлiкшелер немесе тарамдала жəне құстандайлана астасқан ойысшалар мен денешелер жұйесiн еске салады. Желдiң əсерiнен пайда болған белгi планда салыстырмалы iрi мөл- шерiмен жəне бiлiкшелерiнiң доға тəрiздi орналасуымен, ал су ағысы бiлiктерiнiң мөлшерi кiшiлеу, жондары шығыңқы жəне олар көлденеңдi немесе ағыс бойы орналасуымен сипатталады. Толқынды белгiлердiң бiлiкшелерi тiптi кiшi мөлшерлi жəне асимметриялық орналасуларымен ерекшеленедi. Белгiлер қабаттың тек беткi бөлiгiнде ғана қалыптасуы арқылы, бүкiл қабат бойында дамитын толқынды қабаттылықпен жəне сан иректiкпен өзгешеленедi. Алғашқы жарықтар. Қабат бетiнде қазынды түрiнде сақталып əртүрлi тектi болып келедi. Олардың көбiсi кебу кезiнде пайда болған жарықтар, iшiнара су асты мен тондықтары кездеседi. Олар бөгде денелермен толып, қабаттасу беттерiнде бiлiкшелер мен бiлемделер түзедi. Колоидтық ескiруiмен лайлардың түптiк ұйып қалуы əсерiнен пайда болған су асты жарықтары, көбiнесе жұлдызды топты бiлемдер қалыптасады. Қабатталу беттерiнде өте жиi пермьдiк құрлық жəндiктерi, крабтар, құрттар жəне т.б. бастап алуан түрлi жан- жануарлар iздерiн кездестiремiз. Геологтар үшiн, əсiресе қабаттар iшiндегi құмтастар мен карбонаттар беттерiнде жиi кездесетiн тегi əртүрлi иероглифтер (немесе гиероглифтер) деп аталатын бедерлi таптардың маңызы зор. Бұлар негiзiнен əртүрлi тұнбалардың еңбектеу белгiлерi, əлi де толық қатпаған лайлы шөгiндiлерде дамыған қалқулар мен жырулар жосасының iздерi. Келесi құмтасты немесе карбонатты қабат қалыптасқанда жоғарыда пайда болған кедiр-бұдырлық, оның төменгi бөлiгiне iз болып түседi. Сөйтiп иероглифтер соңғы пайда болған қабаттың табанына тап болып басылады. Қабаттылықтардың арақатынастық жағдайлары Жеке қабаттар арасындағы байланыс жəне олардың өзiнен бұрын қалыптасқан, ортасымен қарым-қатынастылығына қарай шөгiндi жыныстар жатысы (М. В. Муратов бойынша): трансгрессивтi, регрессивтi, миграциялық сияқты үш түрге бөлiнедi. Осылардың iшiндегi ең кең тарағаны трансгрессивтiсi. Ол жер бөлiгiнiң ұзақ уақыт ойыстанып төмендеуiнен соң салыстырмалы тез көтерiлуi нəтижесiнде пайда болады. Мұнда көне шөгiндiлердiң үлесi өздерiнен соң қалыптасып бүкiл ауданды қамтыған жас шөгiндiлерге қарағанда, аз көлемдi болып келедi. Сөйтiп ойыстар мен иiндi ойыстардың орталық бөлiктерiнде жас шөгiндiлердiң көнелер үстiне бiрте-бiрте шөгiнделуiн байқаймыз. Ойыстардың шеткi жақтарына қарай оның табанына қабаттардың төменгiбөлiктерi емес жоғарғысы орналасады, ал, бұл жағдай көне негiздер үстiне жас жыныстардың бiрден орналасуына əкеп соғады. Регрессивтi жатыс типi. Бұрын пайда болған қабаттарға қарағанда кейiнгiлердiң таралу ауданының бiрте-бiрте азаюы (10б сурет). Мұндай жағдай ойыстардың салыстырмалы тез арада төмендеуi немесе отыруы мен олардың ұзақ уақыт бойы шеткi бөлiктерiнiң немесе өне бойының көтерiлуi жағдайында туады. Миграциялық кешiндер құрылысы Қабаттар ойыстың бiр жағынан шегiнiп екiншi жақтың табанына трансгрессивтi түрде орналасады. Кешеннiң өне бойы асимметриялық құрылысқа ие болып, шөгiндiлердiң құрамы мен қалыңдығының өзгергiштiгiмен жəне бiр бағытты еңiстенуiмен сипатталады. Бұл тип алғашқы екеуiне қарағанда, сирек кездесiп, ойыстардың шеткi бөлiктерiнде жер қыртысының тұрақсыз тiк бағытты қозғалыстарының нəтижесiнде қалыптасады. Ойыстың бiр шетi төмендеп трансгрессивтi қабат пайда болса, екiншi шетi көтерiлiп қабаттардың регрессивтi жатысы байқалады. Шөгінді таужыныстардың кейбір ерекше жатыс пішіндері. Шөгінді таужыныстардың жоғарыда қаралған қалыпты жатыс пішіндерінен бөлек,біршама сирек кездесетін, бірақта өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын, сондықтан геологиялық зерттеулерде көңіл бөлуді қажет ететін бөлек жатыс пішіндері кездеседі. Оларға: кластикалық дайкалар, тектоникалық емес дислокациялар, суасты сырғымалық бұзылыстар, шөгінді брекчиялар мен кірікпелі горизонттар, рифтер жəне көмілген алювийлі мен делювийлі жарылымдар жатады. Бұлар негізінен жер қыртысының жоғарғы горизонттарында орналасқан, сөйтіп экзогендік процестермен тығыз байланысты, тек кейбіреулері ғана, мысалы рифтер,теңіз жағдайындағы алғашқы шөгінді түзілу ерекшелігін көрсетеді. Кластикалық дайкалар - сыйыстырушы жыныстарды тік бағытта қиып өткен жарықты құрамы мен тегі əртүрлі шөгінді жыныстарды толтыруынан пайда болатын ұзыннан-ұзақ созылған дене. Көптеген жағдайларда дайканы түзуші жыныстар біршама мығым, мықты, денудация процестеріне берік, сондықтан да дайкалар жер бетінде қатты бұзылған қабырға түрінде көрініс береді. Дайканы құрастырушы кластикалық материалдар əртүрлі, бірақ көбінесе олар құмтастар, нашар цементтелген құмдар, құмайттастар болып келеді,. Ал дайканы сиыстырушы жыныстар да əртүрлі құрамды, мысалы, кластикалық дайкалар граниттер мен гранит-гнейстер арасындағы жарықтарда өзінен жоғары орналасқан шөгінді жьныстармен толтыру арқылы қалыптасқан. Олар базальттар, андезиттер, құм, доломиттер, таскөмір жаратылымдар арасында, əсіресе кремнилі(опок тəрізді,диатомды) саздар мен жіктастарда кездеседі. Кластикалық дайкалардың мөлшері əр-алуан, ені бірнеше мм-ден 3-5 дейін, көбінесе 10 см-1 м, тек некен-саяқ ірілері (300 м) кездеседі, ал ұзындығы бірнеше м-ден 5-6 км, өте сирек 15 км. Олар 1,5 км тереңдікке шейін бойлайды. Суасты сырғымалық бұзылыстар. Суасты шөгінділерінің құрлымдарының бұзылуы шөгінді түзілу кезінде-ақ басталады. Олар спираль тəрізді бұралған жəне кесекті сығылулар, кішігірімді төңкерілген (еңкейген) жəне жантайған қатпарлық, тілтəрізімді мен бей-берекет жұғын қатпарлар, бірен-саран жарықтар түрінде болады. Олардың калыптасуы су айдынының түбіндегі еңіс жазықтықта жиылған шөгінділер жылжуынан туындайтын суасты сырғымаларымен байланысты. Шөгінді брекчияларға олистостромдар мен олистолиттер жатады. Олистостромдар-құрамы ұсақ жұмырланған немесе бұрышты əктастар. кварциттер мен басқа таужыныстардан тұратын сазды құрылымсыз масса. Мұндай брекчияның қимадағы асты-үстінде кəдімгі бітімді құмтастар, сазтастар мен құмтастар орналасады. Шөгінді қабаттардың кейбір гаризонттары арасында шашыранды түрде көне жыныстар құжбандары кездеседі, оларды кірікпелі гаризонттар дейді. Ірі түбірсіз құжбандар олистолиттер деп аталады. Олардың көлденеңі ондаған, тіпті жүздеген метрлерге жетеді, əдетте құрамы осы сияқты ұсақ сынықты жыныстармен қоршалады. Кішігірім олистолиттер көбінесе дөңгелекті немесе сопақша, ал ірілері көлденеңі жүздеген метрлерге жететін жайпақты пішінді болады. Құрамы көбінесе, əктастардан тұрады. Шөгінді брекчиялар Қазақстанда жиі кездеседі. Мысалы Қаратаудың төменгі таскөмір əктастары шөгінделерінің табанындағылар. |