Главная страница
Навигация по странице:

  • Баланың отбасындағы құқықтары

  • Бала құқығын қорғауға бағытталған ұйымдар ЮНИСЕФ

  • Бөбек”

  • Бала құқықтары. Бала ытары туралы не білеміз Бала ыы баланы за жзінде оралатын мддесі


    Скачать 16.45 Kb.
    НазваниеБала ытары туралы не білеміз Бала ыы баланы за жзінде оралатын мддесі
    АнкорБала құқықтары
    Дата09.05.2022
    Размер16.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБала құқықтары.docx
    ТипДокументы
    #518677


    Бала құқықтары туралы не білеміз?

    Бала құқығы - баланың заң жүзінде қорғалатын мүддесі.

    Қазақстанда ол туралы заң 2002 жылы 8 қаңтарда қабылданды. Жалпы 10 тарау, 53 баптан тұратын бұл заңда

    - баланың денсаулық сақтауға құқығы;

    - баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы;

    - баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы;

    - баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы;

    - баланың білім алуға құқығы және жалпы міндеттері көрсетілген.

    Баланың отбасындағы құқықтары

    Отбасындағы бала құқықтары ҚР бала құқықтарын қорғау туралы заңының "Бала және отбасы" тарауында жазылған.

    Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы (21-бап)

    Баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын және басқа да жақын туыстарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесін алуға құқығы бар.

    Баланың отбасындағы құқықтары (22-бап)

    Әрбір бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарға ие.

    Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөніндегi мiндетi (24-бап)

    1. Ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi өмір сүру жағдайын жасауға мiндеттi.

    2. Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтiп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндеттi.

    Бала құқығын қорғауға бағытталған ұйымдар

    ЮНИСЕФ - 1946 жылы БҰҰ Халықаралық төтенше балалар қоры ретінде құрылып, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде зардап шеккен балаларға көмек көрсетті. Қор уақытша жұмыс жасайды деп жоспарланды, алайда, ұйым жұмысына мұқтаждық азайған жоқ, сондықтан, құрылғаннан бастап 10 жылдан да аз уақыт ішінде ЮНИСЕФ міндеттерінің аясы кеңейтілді, ал атауы БҰҰ Балалар қоры болып өзгерді.

    БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әлемнің 190 елінде және аумағында жұмыс жасайды. ЮНИСЕФ балалардың өмірін құтқару, олардың құқықтарын қорғау, әр баланың қабілеттерін дамытуға және аман-саулығын насихаттауға септесу мандатына ие.

    Бөбек”балалар қоры — қайырымдылық шараларын өткізу және қоғамда балалардың құқығы мен заңды талаптарын қамтамасыз етумен шұғылданатын мемлекеттік емес ұйым. Қор президенті 1992 жылы Сара Назарбаеваның ұйымдастыруымен “Бөбек” балалар қайырымдылық қоры болып құрылды. Қызметінің басты бағыттары: ана мен баланы қорғау, нәрестелер мен балалар үйлерін қамқорлыққа алу, мектептерді қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету, тұрмыс дәрежесі төмен отбасынан шыққан дарынды балаларға қолдау көрсету, балалар денсаулығын сақтау ісіне жәрдемдесу. 


    написать администратору сайта