Этика мен диентология. Балалар гинекологиясындағы этика мен деонтология. Балалар гинекологиясындаы этика мен деонтология
Скачать 14.75 Kb.
|
Балалар гинекологиясындағы этика мен деонтология Қазіргі заманғы талаптарға сай дәрігер тек қана профессионалды медициналық білімнен басқа, этика мен деонтология принциптерін сақтау қажет.Этика мен деонтология барлық медицинаның сферасындағы ең маңызды бөлім болып табылады, әсіресе балалар гинекологиясындағы орны бөлек.Балалар гинеологиясында этиканың бірқатар ерекшеліктері бар, себебі бала толық қалыптаспаған тұлға болып табылады жәнеде кей жағдайларда өз ойын толық жеткізе алмайды, өз-өзін қорғай алмайды.Балалар гинекологиясында баламен бірге әрдайым ата-анасы, әсіресе анасы приемға қатысып отырады, бірақ 15 жастан асқан балаларда анасына ауруы жайлы айтып-айтпауы жайлы рұқсат алынады,.Ата-анасымен қарым -қатынас кезінде этникалық, психологиялық, білім деңгейін ескеріп байланыс орнату қажет. Анасымен әңгіме барысында балалардағы гинекологиялық аурулардың болуы, гигиенаны сақтау сияқты тақырыптарды қозғау қажет. Жасөспірімдермен жұмыс істеу барысында анатомо-физиологиялық ерекшеліктерден бөлек, баланың жасы бойынша психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Жасөспірім баламен, оның анасымен тілдескен кезде бірқатар ережелерді сақтау керек, науқастың ата-анасына аты- жөнімен атау,жасөспірімге «Науқас!» деп сілтеуге болмайды. Сонымен қатар дәрігер сыпайы, ақжарқын болу керек. Балалар гинекологиясында ең негізгісі болып сыртқы гинекологиялық тексеру болып табылады,бұл кезде дәрігер өзі дұрыс ұстап, баламен байланыс орнату қажет.Себебі 7-8 жаста бала ұялшақ болады,егерде науқаспен дұрыс байланыс орнатылмаған жағдайда жағдайда, кейінгі кезде тексеруден қорқу немесе тексеруден мүлдем бас тарту сияқты проблемалар кездесу мүмкін.Тексеру жүргізбес бұрын баланы психологиялық түрде дайындау керек, процедураның маңыздылығын түсіндіру қажет. Барлық медицина салаларының негізгі этикалық ережесі болып науқасты ,ата-анасын ауруы жайлы ,оның зерттеу , емдеу,мүмкін болатын асқаныстарды түсіндіру керек.Барлық ақпарат түсінікті тілмен жеткізілуі керек. Егерде дәрігер мен ата-анасы ,баласы арасынды дұрыс байланыс, сенімділік орын алған жағдайда барлық дәрігердің берген ұсыныстары, емдеу принциптері ұсталады, |