Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұғым және тілдесудің атқаратын қызметтерінің

  • Тілдесудің атқаратын қызметтері

  • Тілдесу әсерлерінің критерилері

  • 6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс) 1. Тапсырма фронтальды сұрастыру

  • Мейірбике ісі негіздері Фельдшер. аудиториялық. 1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология


    Скачать 2.3 Mb.
    Название1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология
    АнкорМейірбике ісі негіздері Фельдшер
    Дата17.01.2023
    Размер2.3 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлааудиториялық.docx
    ТипДокументы
    #890159
    страница1 из 13
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

    1.1Тақырып: Медбике ісінің даму тарихы және философиясы.

    2. Мақсаты: «мейіргер ісі» түсінігінің анықтамасың; медбикелік ісінің негізгі міндеттері мен мақсаттарың дамуың, философиясың «этика», «деонтология», «биоэтика» терминдерінің анықтамасың, медбикелік этика мен деонтология принциптерің, И.Харди бойынша мейірбикелердің түрлерін; яторогенді ауруларын; қарым - қатынас түсінігі және функциясы туралы түсіндіріп оқыту.

    3. Дәріс тезистері.

    Мейіргер мамандығы өте қиын болғандықтан бұл мамандықтықты таңдап оны игеру үшін адамға қажет: мамандылық, шыдамдылық, тәнім-тәрбиелік және білімі мен іскерлігін әрдайым жоғарлатып отыру.

    Бұл мамандыққа ұлы ұстаз, ағартушы, зертеуші және дәріскер Верджиния Хендерсон былай деп анықтама берді: «Мейірбике, ол аяғы жоқтың аяғы, соқырдың көзі, нәрестеге тірек, жас анаға білім мен өз-өзіне сенімшілік қазынасы, әлсірегендер мен өзіне тығылғандардың тілі».

    «Мейіргерлік ісі» туралы түсініктеме соңғы жылдары шыққан. Ал біздің елде 1988 жылы оқу номенклатурасында жаңа оқу дисциплинасы «Мейірбике ісі негіздері» пайда болып, соған байланысты бұл түсініктеме біздің медицинада өзінің орынын тапты. Оған дейін медицинада «науқасты күту» - деген түсініктеме орын алған.

    Науқастар мен жараланғандарды ұйымдастырылған түрде күту Петр1 басшылығының кезінде басталды. Петр1, 1715 жылы науқас балаларды күту үшін әйел еңбектері қолданылуы керек- деген бұйрық шығарды. Сонан соң Петр1 бұйрығы бойынша «медициналық коллегия» құрылып, 1728 жылы госпиталде қызмет атқару үшін – науқастар мен жарақаттанған әскер адамдарды күтуге әйел адамдарға арнайы штат ашылады. Бірақ, Петр1 қайтқаннан кейін оның бастаған істерінің бәрі 100 жылға тоқталды. Тек 18 ғасырдың аяғында ғана науқастарды күтудегі әйелдер еңбегі азаматтық ауруханаларда қолданыла басталды (Павлов ауруханасы).

    Онан соң мейірбике ісінің дамуындағы бет бұрыстардың бірі «сердобольных вдов» атты қызметінің пайда болуы болып есептеледі. Ал, 1807 жылы Москвада және Петербургте кедейлер мен жесірлерге арналған паналар ашылды. 1814 жылдың қаңтар айында осындай паналардың бірі Мариин ауруханасында 24 жесір әйелдер, науқастарды күтуге ниеттеніп, өз өмірлерін осы жолға сарп етті. 1818 жылдың қаңтар айында Москва қаласында «сердобольных вдов» институты бекітіліп, ашылды.

    Ағылшын рақымшыл-мейірбикесі Флоренс Найтингейл өмірі мен істеген қызметі бүкіл дүние жүзіне танымал.

    Ол 1823 жылы Флоренцияда туып, өз заманына сай өте жақсы білім алған адам. Бала кезінен бастап ол науқастар мен бақытсыз жандарға жанашырлықпен қарап, адамгершілік қасиеті жоғары болған.1855 жылы Найтенгейл 31 жасында Крым соғысына өз ерікімен барар алдында Лондон, және басқа Европа госпиталдарын аралап келді. Қиын соғыс кезінде Найтингейл өз еркімен жиналған «сиделок» отрядын басқарып, жарақаттанғандарға күтім ұйымдастырып, оларды тамақпен, киім-кешекпен, кітаптармен қамтамасыз етті.

    Эпидемия кезінде, науқастарды күтіп жүріп Найтингейл қызумен ауырып қалды, бірақ достарының елге қайту керек деген сөздеріне қарамастан ол соғыста қалып госпиталда жұмыс істеуді қалады. Сонымен қатар, Найтингейл науқастарды күтуге ықыластанған әйелдерді оқытуға бар күш жігерін сала білген. «Как нужно ухаживать за больными» атты еңбегінде ол емдеу мекемелерінің санитариясы мен гигиенасын, аурулар практикасы мен емін, медициналық деонтология сұрақтарын бейнелеп дамытқан. 1860 жылы Найтингейл Англияда Святой Фомы ауруханасында ең алғашқы рақымшыл-мейірбике мектебін ашты. Ол ең бірінші рет мейірбике ісі екі бөлімнен тұратынын анықтады: біріншісі-дені сау адамдарды күту және екіншісі-науқас адамдарды күту. Сол кезде Найтенгейл «Емдегенге қарағанда, аурудың алдын-алу қажет» –деген тұжырымды айтты. Бұл көз қарас микробиологтар мен психологтардың теорияларының негіздері еді. Бірақ Денсаулық сақтау ұйымында Флоренс Найтенгейл алғашқы рет ғылыми және статистикалық тексерулерді алдын-алу үшін қолданылытын шаралар проблемаларын шешу үшін қолданды. Бұл проблемаларға - тазалық сақтау, жақсы тамақтану, науқастардың эмоциялық жағдайын бақылау, оған қоса мейірбикелердің қажетті білім деңгейін жоғарлату жатады.

    Алғыс белгісі ретінде 1912 жылы мейірбике ісін дамытудағы еңбегі үшін ағылшын үкіметі Найтенгейл атындағы Халықаралық қорын және Флоренс Найтенгейл алқасын ұйымдастырды. Флоренцияда, Найтенгейлдің туған жерінде, көне храмда Дане мен Микеланджело бейіттерінің қасында терең кеңдікте шам ұстаған әйел бейнесі көрінеді. Ал оның аяғы жағында мынадай сөздер жазылған: «Она была примером служения людиям и прообразом международного милосердия, носителем которого позднее стал Красный Крест».

    Жыл сайын Найтенгейлдің туған күні - 12 мамырда бүкіл дүние жүзінде мейірбике қызметінде еңбегі сіңген абзал мейірбикелерді марапаттау өткізіледі. Беларусияда бұл жоғары жүлдеге алты мейірбике ие болды: Горячук Мария Афанасьевна, Гомель.қ.(1983), Белухова Софья Васильевна, Гомель.қ.(1975), Кунцевич Софья Адамовна, Минск.қ.(1981), Сиренко Екатерина Ефимовна, Барановичи.қ.(1971), Шевченко Евгения Максимовна, Сидель.қ.(1967),Туснолобова-Марченко Зинаида Михайловна, Полоцк.қ.(1957). Алқаның арт жағында танбаланып жазылған: «За истинное милосердие и заботу о людях, вызывающих восхищение всего человечества».

    Бұл мамандыққа ұлы ұстаз, ағартушы, зертеуші және дәріскер Верджиния Хендерсон былай деп анықтама берді: «Мейірбике, ол аяғы жоқтың аяғы, соқырдың көзі, нәрестеге тірек, жас анаға білім мен өз-өзіне сенімшілік қазынасы, әлсірегендер мен өзіне тығылғандардың тілі».

    «Мейірбике ісі» туралы түсініктеме соңғы жылдары шыққан. Ал біздің елде 1988 жылы оқу номенклатурасында жаңа оқу дисциплинасы «Мейірбике ісі негіздері» пайда болып, соған байланысты бұл түсініктеме біздің медицинада өзінің орынын тапты. Оған дейін медицинада «науқасты күту» - деген түсініктеме орын алған.

    Науқасты емдеудегі ең бір негізгі және қажетті бөлімінің бірі науқасты күту.«Күтім»- дененіміз науқастардың қасіретін жеңілдетіп, олардың тез жазылуын, асқынуларын алдын-алу үшін қолданылатын емдік, алдын-алу шараларының, санитарлы-эпидемиялық тәртібтер жиынтықтары. Кейбір ауруларда, соның ішінде миокард инфарктісінде, инсультте және т.б.ауруларда науқастардың физикалық қозғалу және өзін-өзі күту қабілеті шектеледі.

    Кейбір науқастар басқа адамсыз өзін күте алмайтын, тамақ іше алмайтын, жуына алмайтын, төсекте қалпын өзгерте алмайтын жағдайда болады. Теріні, ауызды күту, дұрыс тамақтандыру, уақытында іш-киімдерін ауыстыру, критикалық кезде жедел көмек көрсету (қызу, ес-тану, жүрек орнының ұстамалы ауруы), санитарлы-эпидемиялық тәртібін орындаудың барлығы- медициналық мекемелерінің тазалығын сақтау үшін және жұқпалы аурулардың пайда болып, таралуына жол бермеу үшін жасалынады. Бұның бәрін бір сөзбен айтқанда «науқасты күту» немесе «мейірбикелік процесс» деп атайды.

    Науқасты күту жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы күтім аурудың түріне қарамай, науқасқа қажетті күтімдерді көрсету жиынтығы (инъекция жасау, тамақтандыру, дәрі-дәрмектерді тарату, бөлмелерді жиыстыру т.б.). Арнайы күтім тек ерекше күтім қажет ететін науқастар тобына ғана көрсетілетін шаралар жиынтығы: хирургиялық (таңғыш салу, иммобилизация), урологиялық (қуықты шаю, дренаждық түтікше қою), терапиялық ( іш қуысына және плевра қуысына пункция жасау кезінде дәрігерге көмек көрсету) және т.б. Науқасты күту мейірбикенің тікелей міндеттері болып есептеледі. Тек күтімнің кейбір элементтері ғана кіші медициналық қызметкерлер атқарады (бөлмелерді жинап-жуыстыру, дәрет ыдысын мен зәр қабылдағышты алып беру, науқасты санитарлық тазалықтан өткізу), бірақ олардың қатесіз дұрыс орындауына мейірбике тікелей жауап береді.

    Этика дегеніміз гректің мінез, әдет-ғұрып деген сөзінен шықкан философиялық ұғым. Яғни адамдардың мінез-құлқы, әдептілігі туралы ілім. Этика адамдар мен адамдардың арасындағы адамгершілікке толы қарым-қатынастардың озық үлгілерін, жақсы дәстүрлерін оқытатын қағидалар жиынтығы.

    Медициналық этика - дегеніміз адамды жетістікпен емдеу кезінде пайда болатын медициналық қызметкерлеріндегі имандылық бастауы мен жоғары адамгершілік қасиеттері туралы оқу.

    “Медицина қызметкерлері өздерін және киімдерін таза ұстап жүруі керек, себебі ол науқастар үшін жағымды.” (Гиппократ)

    Медициналық этиканы жалпы этиканың спецификалық көрінісі ретінде қарайды.

    Осының бәрі медициналық этикаға жаңа - «биоэтика» деген ат беруге әкелді. Бұл терминді 1971 жылы В.Поттер биоэтика- «өмір сүруге күресу мен өмірді жақсартуға туралы ғылым», ал дисциплина ретінде, «емдеудің тәсілін анықтауға және практикада ғылыми білімін қолдануға шешім қабылдағандардың жауапкершіліктерін анықтау шаралары»-деп түсіндіре білді. Биоэтика науқастарды Гиппократтың негізгі принципін «Не навреди» ұмытқан медициналық қызметкерлерінің жамандықтарынан сақтау.

    Медициналық этика деонтологияның теориялық негізі болып есептеледі. Деонтология грек сөзі deon – міндет және logos-оқу деген мағынаны білдіреді. Деонтология терминінің пайда болуы ағылшын молдасы Бентаммен байланысты. Алғашқы кезде бұл термин діни-имандылық мазмұнында еді. «Медицина» деген сөз және «деонтология» деген термин қосындылары этикалық нормалар мен принциптерінің жиынтығын құрады.

    Деонтология - (гректің - тиіс, керек деген сөзінен шыққан) дегеніміз әрбір жеке адамның бүкіл адам баласы мен қоғамның алдындағы атқаруға тиіс міндетін, борышын, парызын оқытатын этиканың негізгі бір саласы. 
    Деонтологияның негізгі принципі - адам жеке басының қамын ойламай, өз мүддесін халық пен қоғамның қажеттілігіне саналы түрде бағындыра отырып, жеке басының мүддесін қоғамдық мүддемен гармониялық түрде үйлестіре алуында.

    Субординация (лат. Subordinatio – “тәртіпке келтіру”) – қызмет жағдайында кішілердің үлкендерге, төменгі органдардың жоғарғы органдарға бағыныштылығы.

    Медицина қызметкерлерінің қызметіндегі моральді- этикалық жиынтығының маңыздылығы туралы мағлұматтар бұрынғы заманнан бастап,мыңдаған жылдар бұрын «деонтология» деген термин пайда болғанға шейін белгілі болды. Қастерлі де, құдіретті күші бар Гиппократтың ант беру сөздерінен байқауға болады, Гиппократ алғашқы болып деонтологиялық принциптерінің негізін құрастырды: «Должно обращать внимание, чтобы все, что применяется, приносило пользу...».

    Медициналық этика мен деонтологияның дамуына үлкен үлес қосқан орыс клиницистері С.Г.Забилин, Н.И.Пирогов, М.Я.Мудров, С.П.Боткин және т.б.

    Мейірбикелердің типологиялық классификациясының негізіне байланысты венгерлік психотерапевт И. Харди мынадай мінездеме берді:

    *Рутинер-мейірбике. Бұндай мейірбикелер өзінің міндеттерін науқастарға жаны ашымай асығыс, машина тәрізді атқарады. Ол науқасты ұйықтап жатқан жерінен оятып науқас тағайындаған ұйқы дәрісін береді.

    *Артистік тип. Бұндай мейірбике бір мақсатқа жету үшін арнайы бір ролды атқарады. Егер сол орындап жатқан ролі өз шекарасынан шықса, мейірбикенің жұмысындағы шыдайылық жоғалады. Бұның бәрі мейірбике мен науқас арасындағы қарым-қатынастың төмендеуіне әкеліп соқтырады.

    *Нервтік тип. Көптеген адамдардың ойынша біздің ден-саулық сақтау мекемелерінде жие кездесетін тип. Бұндай мейірбике шаршаған, ашушаң, бұның бәрі науқастарға әсерін тигізеді. Оған оның істеген істері қажетті деңгейде баға берілмейтіндей көрінеді. Ол өз міндеттерін толық атқармайды. Кейде бұндай мейірбикелерде дәрілерге бейімделуі (токсокомания) пайда болады.

    *Ерлер тәріздес тип. Өте күшті тұлға. Көбіне олардың дене бітісі ірі, шешімге тез келетін, энергиясы мол адамдар. Науқастар оларды жүрісінен алыстан таниды. Олар жақсы ұйымдастырушы, жаңадан келген мамандарды жақсы тәрбиелеуші. Егер ыңғайсыз жағдай болған кезде олар дөрекі, аггрессивті болады.

    *Ана тәріздес тип. Бұндай мейірбикелер науқастарға өте жоғары сезімталдықпен, мейірділікпен қарайды. Олар көбіне толықсыған, жәйлеп басып палатаға кіргенін де тіптен білдіртпейтін мейірімді жандар.Науқастарды күту олардың өмірдегі негізгі мақсаттары.

    *Кіші мамандар типі. Бұндай мейірбикелер науқастар мен басқа мейірбикелерге өзін жоғары ұстап қарайды, соған байланысты көптеген қысымды қарым-қатынастардың себебі болады. Олар ЭКГ, рентген бөлмелерінде қызмет атқаратын, лабораториялық және операциялық мейірбикелері. Әрине, аралас типті мейірбикелер де кездеседі, олар жоғарыда берілген көрсеткіштердің бірнеше қосындылары.

    Ұғым және тілдесудің атқаратын қызметтерінің

    Тілдесу - бұл бейнелік және таңбалы ақпарат түрде болатын күрделі әлеуметтік-психологиялық үдеріс, адамдардың арасындағы түсіністік.

    Қазіргі кезде ғылымда «тілдесу» сөзінің орнына «коммуникация» термині қолданылады.

    Таңбалы ақпарат сезіммен, ойлармен, қадағалаулармен берілетін ауызша немесе жазбаша түрінде болады. Бейнелі ақпарат ауызша немесе жазбаша емес, белгілі бір іс-қимыл арқылы беріледі.

    Коммуникация негізі ретінде мынадай факторлар: құрмет, ізгілік, уайымшылдық, түсіністік қызмет атқарады. Гуманистік бөлім мейірбикелеріне арналған түсіністік үрдісінің мақсаты - емделушінің сырын ұғыну болып табылады. Осы зерттеудің нәтижесінде, шешімерді емес , емделуші туралы да, өзің туралы да бір мезетте барлығын білуге болады.

    Мейірбике ісіндегі тілдесу - бұл үрдіс, денсаулықтағы ақауларға байланысты өмірдегі болатын өзгерістерге бейімделу мақсатымен тұлғаға әсер ету өнері. Ол емделушілердің және мейірбикелердің бірлескен қызметінің қажеттіліктерінен туындайды.

    Тілдесудің атқаратын қызметтері:

    Тілдесудің атқаратын қызметтерінің келесі түрлерін айырады:

    Байланыстық – тілдесуге өзара даярлық күйінің қағидасы;

    Ақпараттық – ақпараттармен және хаттамалармен өзара алмасу;

    Оятушылық – серіктесінің белсенділігін арттырады;

    Үйлесімділік - өзара бағдарлау және бірлескен қызметке мәмілесі;

    Түсіністік – өз серіктесінің күйінің, әрекеттерінің, айтылмыштың мағынасының адекватты түсінігі;

    Эмотивтік – серіктесінің арасымен эмоция алмасу;

    Қарым – қатынас қағидасы – іскерлік, өндірістік және өзара қатынастар жүйесінде өзінің серіктесінің орның жете түсіну;

    Ықпал етушілік – серіктесінің тәртібіндегі, іс-әрекетіндегі, күйіндегі, біліміндегі өзгерістер.

    Тілдесу құралдары

    Таңбалы тілдесу құралдарына ақпарат қайнары және әңгімелесушіге әрекет ету тәсілі болып табылатын – тіл жатады. Көне ақындардың бірі Саади айтқан

    « Сен сөйлемейінше біз сенің ақылды немесе ақылсыз, ұлы немесе елеусіз екенінді біле алмаймыз» бұл ұлы сөзін естен шығармағанымыз жөн.

    Мейірбике сөйлеу мәнерін айыра біліп, оны бағалай алуы керек. Сөйлеу мәнері емделушінің жеке ерекшеліктерін, оның темпераментін айырады. Қатты тіл мейірбикені есту қабілетінен айырылған емделуші ойына дәлдеуі қажет. Мейірбике сөйлеу мәнерінің патология санасына, ойлауына , психо-неврологиялық ауруларына тәуелді екенін білу қажет. Мысалы, демікпе кезінде емделуші тоқтаусыз қиналып сөйлейді, патология санасында ( галлюцинациялар, сопор, кома), кейбір соматикалық ауруларда емделуші сұраққа жауап бермейді( емделушінің тәніксіз реакциясы).

    Тілдердің мынадай түрлерін ажыратады: сөздік қормен бірге тоқсаусыз, жай, эмоционалды, бірқалыпты, қатты, сыбдырлы сөйлеу.

    Бейнелі коммуникацияны ойлағанда , біз : бір нәрсе әрдайым болып тұратының естен шығармағанымыз жөн. Бейнелі сигналдар сөздерге қарағанда көп сөйлейді. Мейірбике осы сигналдар арқылы сөздердің шығындалмауын қадағалап отыруы тиіс.

    Мимика – бет бұлшық еттерінің қозғалысы. Ымдау – бүкіл дененің моторикасы, қозғалыстың жүрістің келбетті әр түрлі қол қозғалысының өзгерісі , сонымен қатар тілдесудің бейнелі құралдарына жанасудың: қол алысу, сүйісу, тиіп кету, сипалау, итерудің және т.б. түрлері жатады.

    Тілдесу әсерлерінің критерилері

    Тілдесудің әсерлі болуы әңгімелесу жағдайына: орны, уақыты, кедергілері(айқай-шу, бөгде адамның болуы, бөлмедегі ығы-жығы және т.б.) байланысты. Ауыр халдегі адам дұрыс зер салып тыңдамаған жағдайда тілдесу формальды және әсерсіз болып қалатының естен шығармағанымыз жөн. Сондай-ақ тағы бір есте сақтайтын жайт, адам өзіне жақсы немесе өзінше түсіндіру (бұл өзіне қолайлылау мағнасында) тәсіліне дағдыланбаған.

    Осылайша, кәсіпқой тілдесудің техникасы - меңгеру денсаулық жағдайына байланысты, өмір адаптациясында халыққа көмек көрсетудің әсерлі құралы ретінде қызмет ете алады,- деп ұйғарым жасауға болады

    5. Әдебиеттер.

    1.С.Қ.Мұратбекова«Мейірбике ісінің негіздері»173-188 беттер,

    2.С.А.Мухина, И.И.Тарновская «Мейірбикелік іс негіздері» пәніне практикалық

    6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

    1. Тапсырма фронтальды сұрастыру:


    Сұрақтар

    Сұрақтар


    1.Ф. Найтингел мейірбике ісінің дамуы туралы

    1.В.Хендорсон Мейірбике ісінің дамуы туралы

    2.Мейірбике ісінің басты мақсаты


    2. «Күтім»- дененіміз...

    3.Науқасқа қараудың ортақ тапсырмасы

    3.Мейірбике ісінің Қазақстандағы реформалары


    4.Түсінік мейірбикелік істің философиялық мағұлматтары


    4. Мейірбике типтер.

    5.Денсаулық адамның басты құндылығы

    5.Мейірбике ісінің философиясына сендіру

    6.Этика термині нені білдіреді?

    6.Деонтология термині нені білдіреді?


    7.Мейірбике жұмысының басты этикалық бағыты


    7.Сыртқы және ішкі мейірбике жұмысшыларының мәдениеті

    8.Медициналық құпия - бұл..


    8.Ятрогения-бұл....

    9.Этика мен мейірбикелердің байланысы


    9.Емдік сақтандыруды құрайтын қалпы

    10.Қылмыстық істер мен жеке мейірбикелер есепке алу


    10.Мейірбике жұмысшыларының әрикетінің түрлерін есепке алу.


      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


    написать администратору сайта