Главная страница

Мейірбике ісі негіздері Фельдшер. аудиториялық. 1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология


Скачать 2.3 Mb.
Название1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология
АнкорМейірбике ісі негіздері Фельдшер
Дата17.01.2023
Размер2.3 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлааудиториялық.docx
ТипДокументы
#890159
страница9 из 13
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

1.7. Дәрістік кешен келесі бөлімдерді қамтиды:

1. Тақырып : Науқастың функционалдық жағдайын бағалау.

2. Мақсаты:студенттерге науқастың функциональдық жағдайын бағалау туралы түсіндіріп,оқыту.

3. Дәріс тезистері. Адамның дене қызуы организмнің жылу жағдайының көрсеткіші болып табылады және тұрақты болуы керек.

Дене температурасының мұндай тұрақтылығын терморегуляция процессі қамтамасыз етеді.

Терморегуляция - (жылу реттеу) - жылу өнімдері және жылу беру.

Дені сау адамның қалыпты дене температурасы таңертеңгілік және кешкілік сәл ғана өзгеріп отырады және 37ºС аспайтын тұрақты болады. Температураның мұндай тұрақтылығы организмдегі жылу бөлу және жылу беру процесіне байланысты болады. Бұл бас ми қан тамырларынан шыққан қанның температурасы үзіліссіз тіркеп отырады және осыған байланысты жылу пайда болу және жылу берілу өзгеріп отырады. Қызу көтеріле бастағанда терідегі қан тамырлары рефлекторлы түрде кеңейіп және тер бөлу күшейеді, содан соң организм салқындайды. Қалыптан тыс организмнің салқындауынан жылу пайда болу рефлекторлы күшейеді және жылу беру төмендейді де организм жылынады. Жылу өнімдерімен және жылу беруді реттеу күрделі жолдарымен қызудың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі, қызуды ұстап тұру аралық орталықтағы жылу реттеу орталығына байланысты. Сонымен организмнің ішкі ортасындағы дене қызуының тұрақтылығын жылу берумен жылу өнімдері күрделі реттеу процессі қамтамасыз етеді, бұл ағзалармен ткандердің қалыпты тіршілігі үшін қажет. Жылу өнімдерінің механизмі бұзылады, әртүрлі ішкі және сыртқы себептеріне әсер ету нәтижесінде дене қызуының жоғарлауына немесе төмендеуіне әкеліп соқтырады.

А дамның дене қызуы байланысты:

  • өлшеу орнына

  • тәулік уақытына

  • жасына

  • тамақ қабылдауына

  • эмоционалды күйзеліске

Термометрия - бұл адам денесінің қызуын өлшеу. Дене қызуын өлшеу жүргізіледі медициналық термометрмен, электронды термометрмен.

Адамның дене қызуын өлшеу ережесі:

Дене қызуын өлшейді күніне екі рет – таңертең аш қарында, 7-8 сағат арасында және кешкісін кешкі асты қабылдау алдында 17-18 сағат арасында, кейде әрбір 2-3 сағат сайын бөлек қағазға жазу керек.

Дене қызуын өлшеу анықталады, аурудың түріне байланысты.

Медициналық термометрдің көмегімен дене қызуын өлшеу жүргізіледі:

  • қолтық асты

  • шап қыртысында ( балаларда)

  • ауыз қуысында

  • тік ішекте

  • қынапта

Балалардың температурасы сәл жоғары, ал қарт адамдардың температурасы сәл төмендеу болады. Дене температурасының тәуліктік өзгеруі организмдегі тәулік бойында болатын қышқылдық процестермен байланысты, сондықтан таңертең температура градустың бірнеше ондық бөлігіне жоғары, кешке төмен болады. Тік ішек пен қынапта температура, қолтық пен шаптың тұсындағы тері температурасынан 1ºС жоғары болады. Дене температурасын өлшегенде физиологиялық өзгеріс болуы мүмкін: таңертеңгілік дене қызуы, кешкі дене қызуына қарағанда 0,3 – 0,5 ºС-қа төмен.

Температураны өлшеу алдында термометрді мұқият сүртіп, 35 ºС дейінгі белгіден төмендегенше сілкіп, содан кейін науқасқа береді. Қолтық астын ала құрғақ сүлгімен сүрту қажет, себебі дымқылдық сынапты суытады да, термометр неғұрлым төмен температураны көрсетеді. Қолтық астына термометрді барлық өлшеу уақыты барысында оның сынаптық резервуары барлық жағынан денеге тиіп тұратындай етіп қою керек. Термометр мен дене арасына іш киім қалмау тиіс. Әлсіз науқастың қолын мейірбике сүйеп тұрады. Өлшеу ұзақтығы кем дегенде 10 минут.

Постадағы дене қызуын белгілейтін журналда науқастың аты-жөні, тегін, дене қызуын өлшейтін күнін, уақытын белгілейді. Бұл журналдан арнайы қызу парағына көшіріледі. Қызу парағында бұдан басқа тамыр соғысы, артериялық қан қысым, тыныс алу жиілігі, тәулік бойына ішкен сұйықтықпен бөлінген зәрдің мөлшері, нәжіс, санитарлық өңдеу белгіленеді.

Температураны жазу үшін температуралық бет пайдаланады, онда сырқат фамилиясы, өлшеу күні мен уақыты (таңертең және кешке) көрсетілген. Оның үстіне әрбір науқасқа температуралық бет толтырылады. Оны ауру тарихына салып қояды. Әрбір өлшеу санын сол бойда жалпы бетке түсіру керек, содан кейін оны ауру тарихына, ондағы температураның бетке көшіріп, әрбір өлшеуді нүктемен белгілеу қажет. Нүктелерді түзу сызықпен қосу кезінде температуралық қисық сызықтар пайда болады, олар стационарда жатқан науқастың барлық кезеңдегі температураларының өзгеріп отырғанын көрсетеді.

Дене температурасының көтерілуі қызба деп аталынады. Қызба (лихорадка) – бұл дене қызуының қалыпты санынан жоғары көтерілуі,яғни жылу реттеудің бұзылып, жылу өнімдері мен жылу беру арасындағы баланстың бұзылуы. Жылу беру кенеттен төмен түсіп, жылу өнімдері көбейіп, дене қызуы көтеріледі.Бірінші минутынан бастап-ақ қызба- организмнің әр түрлі патогенді тітіркендіргіштерге белсенді қорғаныш жауабы ретінде пайда болады, себебі қызба кезінде қанның бактериоцитті белсенділігі артып, вирустар мен микробтар өледі.

Дене қызуы жоғары болған сайын тканьдерде оттегіне қажеттілік арта түсіп, гипоксия пайда болады, бұл біріншіден орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Организмнің улануынан елестің ,сандырақтаудың, құрысудың пайда болуы мүмкін.

Дене температурасының қызбалық көтерілу жоғарлығы, ұзақтығы және өзгермелі сипаты бойынша сан алуан.

Жоғарылығы бойынша мынадай түрлері болады.

1)0,5-1ºшамасында температураның өзгеріп отыруымен сипатталынатын субфебрильді температура (38 º С жоғары емес);

2) орташа қызбалы температура (38 º -39 º С);

3) жоғары қызбалы температура (39 º - 41 ºС);

4) гиперпиретикалық ( 41 ºС жоғары).

Ұзақтығы бойынша:

1)өткінші қызба–дене қызуы бірнеше сағат бойында көтерілуі;

2) жедел – 15 күн бойы дене температурасының жоғары болуы;

3) жеделдеу – қызбаның ұзақтығы 45 күнге дейін ;

4) созылмалы – 45 күнге дейін температураның түспеуі.

Өзгермелі сипатына қарай қызбаның мынадай типтері болады.

- тұрақты, тәулігіне 1 º өзгере отырып дененің температурасы 39 ºС дейін көтерілуі сипатталады;

- риметтеуші- дене температурасының тәуліктік өзгеруі денгей нормасына дейін төмендеген 1º-1,5º шамасында;

- ұстамалы – күн ұзағына дененің жоғары температурасы кезендерінің қалыпты немесе төменгі температура кезеңімен алмасып отырады;

- толқын тәрізді- тұрақты көтеріңкі кезеңдер субфебрильді немесе қалыпты төмендеу периодтарымен алмасып отырады: бірнеше күн бойы;

- әлсірету немесе гектикалық температураның тәулік бойы 4-5º өзгеруімен және оның қалыпты немесе субнормальды (36ºС төмен) тердің мол бөлінуімен әлсіреп төмендеуімен сипатталады;

- бұрмаланған- таңертеңгі температура кешкі температурадан жоғары.

Қызба (febris) - бұл дене қызуының көтерілуі, әртүрлі патогенді тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болған организмнің белсенді қорғану-бейімделу реакциясы.

Қызбасы бар науқастың күтімі

Қызбаның барысында үш негізгі кезең болады:

1. дене қызуының көтерілуі

2. жоғарғы деңгейде температураның салыстырмалы тұрақтылығы

3. дене қызуының төмендеуі

Бірінші кезең- науқастыңтерісі салқын тердің бөлінуі аз болады. Науқас тоңады, қалтырайды, басы ауырады, еріндері көгереді, аяқ–қолының жансызданып көгеруімен (цианозбен), жалпы әлсіздікпен біртіндеп температураның көтерілуімен сипатталады. Бұл кезең бірнеше сағатқа созылады.Мейірбике науқас аяғына жылытқыш қойып, оған қою тәтті шай беру, қымтап жабу, желорай болдырмай және сырқаттың барлық физиологиялық қызмет атқаруын мұқият қадағалауы керек.

Екінші кезең- дене температурасының ең жоғары көтерілуі. Бұл кезең бірнеше сағаттан бірнеше аптаға созылады. Терінің қан тамырлары кеңейеді, тердің бөлінуі артады. Науқаста бас ауруы, әлсіздік, бар денесінің сырқырауы, тершеңдік, тәбеттің төмендеуі болады. Ұстамалы дене қызуы тым жоғарылағанда сандырақтау, галлюцинация болуы мүмкін. Бұл кезенде науқасты жалғыз қалдыру өте қауіпті. Бұл кезенде науқасқа тәулігінен 5-6 мәрте шағындап сұйық немесе қоймалжың түрде жоғары калориялы әрі тез сіңетін тамақтар, мол сусын (жеміс – жидек шырындарын, морс, минералды су ) беру керек. Ауырудың аузы кеуіп, еріндері жарылады, сондықтан оқта-текте олардың ауыз қуысын натрий гидрокорбонатының сұйық ерітіндісімен сүртіп, кез – келген маймен ернін майлау қажет. Кенеттен басы ауырғанда маңдайына мұз ( еруіне қарай оны ауыстырып отырады) немесе төртке бүктелген және сірке суы ертіндісімен ( 0,5 л суға 2 ас қасық ) шыланған салфеткадан немесе сүлгіден салқын компресс салады . Мейірбике науқастың жамылғысын ысырып тастамауын, палатаның іші жылы әрі тыныш болуын қадағалауы, сондай –ақ науқас тамырының соғуы мен қан қысымын бақылап отыруы тиіс.

Үшінші кезең – температураның төмендеу кезеңі түрліше өтеді. Дене температурасы өте қауіпті төмендеуі – жоғарыдан төмен өте тез ( 40-тан -36ºС –қа дейін) түсуі мүмкін. Бұл жағдайда тері тамырлары кеңейіп, артериялық қан қысымының кенеттен төмендеп, тамыр соғысының нашар соғуы, тамырдың жіп тәрізді болуына, тері жамылғысының бозаруына салқын жабысқақ тердің бөлінуімен және әлсіздікпен сипатталады.Температураның кенеттен төмендеуі тердің шамадан тыс бөлініп, организмнің әлсіреуіне соқтыртады. Аяқ- қолдары суып, еріндері көгереді. Бұл жағдай кризис деп аталады, яғни дене қызуының 1 сағат ішінде кенеттен төмендеуі. Ең алдымен мейірбике дәрігерді шақырып оның белгілеу лерін орындайды.

Науқасқа көрсетілетін жедел көмек:

  1. К еруеттің аяқ жағын 30-40см көтеріп көпшікті алып тастау керек (басқа қанның жақсы баруы үшін)

  2. Дәрігер шақырту

  3. Науқасты айналдыра жылытқыш салып, жақсылап қыздырады. Ыстық шай немесе кофе береді.

  4. Тері астына 10% кофейн бензонат ерітіндісін, 10% сульфокамфокаин ерітіндісін енгізуге әзірлеу

  5. Көп терлеуіне байланысты науқасты кептіре сүртеді, іш киімдерін ауыстырады, қажет болған жағдайда төсек, жаймаларын да ауыстырады.

Дене температурасының біртіндеп бірнеше күн бойы төмендеуі литикалық деп аталады. Бұл науқастың жалпы жағдайының біртіндеп жақсаруымен

сипатталады. Науқас терлеп, организм әлсірейді. Әдетте температура төмендеген соң науқас ұйықтап кетеді. Оны оятуға болмайды, себебі қажып кетуі мүмкін. Науқастың төсек-орнын жиі ауыстырып, оның жалпы күйін байқап отыру қажет. Науқасқа №15 диета тағайындалып, теріні күту жүргізіледі.

Есіңе сақта: Дене қызуының 37ºС-тан жоғары әрбір градуста, тыныс алу жиілігі-4 есеге артады, ал пульс – ересектерде – 8-10 рет минутына, ал балаларда 20 ретке дейін артады.

Қызбаның түрлері

Жоғарылауы Ұзақтығы Өзгермелі (ауытқу)

бойынша бойынша сипаты бойынша

- субфебрильді 37,1-38 º - өтпелі 2 сағатқа дейін - тұрақты

- фебрильді 38,1º -39 ºС; - жедел бірнеше сағаттан - әлсіретуші

- жоғары қызбалы 15 күнге дейін - ұстамалы

температура 39,1º-40ºС; - жедел эфимерлі бірнеше -толқын тәрізді

- гиперпиретикалық сағаттан 2 күнге дейін - бұрмаланған

41 ºС жоғары - жеделдеу 10-45 күнге дейін - лизис

Тамыр соғысы (пульс) және оның сипаттамасы

Тамырдың соғысы (пульс) дегеніміз- жүректен шыққан қан қимылының әсерінен тамыр қабырғаларында болатын түрткі сияқты тербеліс. Тамыр соғысы жүректегі қанның жылдамдығына сонымен қатар, артерия қан тамырының қабырғасының эластикалық кеңуіне байланысты болады.

Тамыр толқынының 1 минуттағы саны жиілігі деп аталады. Ересек дені сау адамдарда қалыпты тамыр соғысының жиілігі минутына 60-80 рет соғады, бірақ жасына ,жынысына, дене температурасына және қоршаған ортаға, күш түсуге байланысты өзгеріп отырады. Тамырдың жиі соғуы-тахикардия деп, сирек соғуы-брадикардия деп аталады. Егер пульс ырғақты болса, 30 секунд ішінде санап, оны екіге көбейтеміз немесе пульстің санын 15 секунд ішінде санап оны төртке көбейтеміз. Ал ырғақсыз болса, 60 секундтағы санды санап, есептейміз.

Дене қызуы 1 С-қа көтерілсе, тамыр соғысы 1 минутта 8-10 есеге артады.Тамыр соғудың белгісі оның жиілігімен ырғағымен, кернеп, толуымен анықталады.

Тамыр толқынының арасындағы үзіліспен тамыр соғысының ырғақтығы анықталады. Егер тамыр толқыны бірдей болса тамыр соғысы (пульс) –ырғақты (дұрыс), егер тамыр толқыны әртүрлі болса , онда тамыр соғысы –ырғақсыз (дұрыс емес). Дені сау адамдарда жүрек жиырылуы мен тамыр толқынының соғуы бірдей болады. Егер жүрек жиырылуы мен тамыр толқынының арасында айырмашылық болса, онда бұл жағдай тамыр тапшылығы деп аталады. Есептеуді екі адам жүргізеді: біреуі- жүрек жиырылуын тыңдайды, екіншісі- тамыр соғысын есептейді.

Д ені сау адамдарда күш түскенде спорттық жарыстарда тамыр соғысы жақсы

толығады немесе тамыр соғысы толық болады. Ал қан кеткенде, коллапста, шокта

тамыр соғысының толығуы азайып, бос болады.

Тамыр соғысының толықтығы сол жақ қарыншаның қанды қолқаға айдағандағы қанның мөлшеріне, сонымен қатар тамыр жүйесіндегі айналым қанның жалпы санына байланысты. Жүректің сол жақ қарыншасының босаңсуы мен жиырылуы кезінде,кәрі жілік артериясына саусақпен қысып әр түрлі күш түсіруі арқылы тамыр соғысының толығуының көлемі анықталады.

Тамыр соғысының жылдамдығы тамырдың соғу толқынының көтеріліп, түсуімен анықталады.

Тамыр соғысының кернеуі систолдық артериялық қысымға байланысты болады.Егер қалыпты қысымда артерияны жай күшпен қысып анықтайды, сондықтан қалыпты пульс кернеулігі қанағаттанарлық. Төмен қысымда артерияны қысу саусақпен жеңіл, бұл пульс кернеулігі бойынша жұмсақ деп аталады. Жоғарғы қысымда артерияны күшпен басып, қысамыз, бұл пульс кернеулі.

Тамырдың қатты соғу дәрежесін шамамен ең жоғары қан қысымының мөлшерімен шамалауға болады: қан қысымы неғұрлым жоғары болған сайын, тамыр соғұрлым қатты соғады.

Тамырдың соғуы қан тамыры соғуының толқынын жасайтын қан мөлшерімен анықталады және жүректің жиырылу көлеміне байланысты болады.Тамырдың жақсы соғуы кезінде саусақтың астынан тамырдың қатты соғу толқынын, ал нашар кезінде тамырдың әлсіз соғуының толқыны аз, білінер – білінбес сипап білуге болады. Бұл жүрек бұлшық еті жұмысының нашарлағанын көрсетеді, әсіресе білінер-білінбес соғуы тамырдың білінбей соғуы деп аталады.

Тамыр соғу артериялары үстінде орналасқан және тікелей сол тамырды басып табуға (пальпация) болатын жерлерде зерттеледі. Тамыр соғудың жалпы іздейтін жері- кәрі жілік артериясы. Тамырдың соғуын самай, сондай-ақ ұйқы және ұршық артерияларынан табуға болады. Оны анықтаудың негізгі тәсілі- сипау, әдетте білектің алақан жағындағы 1 саусақтың негізін (кәрі жілік артериясын) сипап табады. Бұлшық ет пен сіңір сипауға кедергі келтірмеуі үшін сырқат қолы еркін жатуы тиіс. Кәрі жілік артериясының соғуын міндетті түрде екі қолдан да анықтап, тек айырмашылық болмаған жағдайда ғана оны бір қолды ұстап анықтайды. Сырқаттың саусақтарын оң қолымен білезік буыны тұсынан еркін ұстайды. Мұнда І саусақты шынтақ жағында, ал ІІ,ІІІ және IV – кәрі жілік, тікелей кәрі жілік артериясына қаратады. Саусақтың астында тамырдың жұмсақ та шымыр соғуы сезілсе, ол қалыпты болғаны. Сынаушының IV саусағы сырқаттың V саусағына қарсы тұруы тиіс. Тамыры соғып тұрған артерияны үш саусақпен сипап тауып, оны орташа күшпен кәрі жіліктің ішкі жағынан басып қысады. Артерияны қатты қысуға болмайды, себебі қысымнан тамырдың соғу толқыны жоғалып кетуі мүмкін. Егер кәрі жілік артериясының соғуы қалай да табылмаса, онда самай немесе ұйқы артериясының соғуын анықтайды.

Пульсты анықтағаннан кейін мәліметті екі тәсілмен белгілейді:

  1. Сандық- медициналық құжаттарға, журналға

  2. Қ исық- графикалық- қызу белгілейтін параққа. Қызу парағындағы бөліктерді анықтау маңызды.

Артериялық қысымды (АҚ) өлшеу .

Артериялық қысым дегеніміз – қанның тамырларға түсіретін күші. Қан қысымы-систолдық (ең жоғарғы), диастолдық (ең төменгі) және пульстік қысым деп үш түрге бөлуге болады. Систолдық қысым дегеніміз - жүректің сол жақ қарыншасы жиырылған кезде пайда болатын қанның жоғарғы қысымы. Диастолдық қысым дегеніміз- жүректің босаңсуының соңындағы қанның төменгі қысымы. Систолдық қысым мен диастолдық қысымның айырмасын пульсті қысым деп атаймыз. Қазіргі уақытта артериялық қысымды электронды аппаратпен анықтайды, яғни дыбыссыз әдіспен. Артериялық қысымды өлшеу кезінде төмендегі факторларды еспке алу маңызды: манжеттің размерін, мембрананың жағдайын және фонендоскоптың түтікшесін- себебі бұлар жарамсыз болуы мүмкін.

Артериялық қысымды өлшеу процедурасы 1 минутқа созылу керек. Жоғарыдағы көрсетілген факторлар бұзылған болса, артериялық қысымның нақты нәтижесін дұрыс ала алмаймыз.

Артериялық қысым қалыпты жағдайда өзгеруі мүмкін: жасына, сыртқы орта жағдайына, жүйкелік күйзеліске және физикалық күштің түсуіне байланысты болады. Ересек адамдарда қалыпты систолдық қысым тербеліс көрсеткіші 100-105-тен 135-140 мм сынап бағанасы, ал диастолдық қысым 60-тан 90 мм сынап бағанасына дейін. Пульсты қысым қалыпты 40-50 мм сынап бағанасы.

Әртүрлі денсаулық жағдайына байланысты қалыпты артериялық қысым көрсеткішінде ауытқу болады.Артериялық қысымның қалыпты көрсеткішінен жоғары болуы артериялық гипертензия немесе гипертония деп аталады. Егер артериялық қысымның қалыпты көрсеткішінен төмен болуы артериялық гипотония немесе гипотония деп аталады.

Ж үрек систоласынан кейін пульс толқынының ең жоғары мөлшерінде (максимальды) көтерілу кезінде пайда болған артериальды қысымды (АҚ) систолалық (САҚ) қысым деп атайды. Диастола кезінде артериальды тамырлар тонусымен сақталып тұратын қан қысымын диастолалық қан қысымы деп атайды. Систолалық және диастолалық қысымдар арасының айырмасы пульстік қысым деп аталады.

Қалыпты систолалық артериальды қан қысымы сынап бағанасы бойынша (с.б.б.) 100-120 мм, диастолалық артериальды қан қысымы - с.б.б. 60-80 мм шамасында ауытқып тұрады. АҚҚ белгілі бір дәрежеде адамның жасына байланысты. Мысалы, қарт адамдарда систолалық АҚ с.б.б. 150мм-ге дейін, ал диастолалық АҚ с.б.б. 90 мм-гедейін бола алады(Дүниежүзілік деңсаулық сақтау мекемесі, 1999ж). Қысқа мерзімді АҚҚ (көбіне систолалық) көтерілуі эмоцтоналды және физикалық жүктемелерде кездеседі. Әр адамда да өзін жақсы сезінетін АҚҚ мөлшері бар. Ондай АҚҚ көбіне "жұмыстағы" қысым деп аталады. Біреулерде ол қалыпты қан қысымымен сәйкес келеді, ал басқаларында ол қалыпты мөлшерден не жоғары не төмен болады.

Артериальды гипертензия - ол систолалық АҚҚ с.б.б. 140 мм-ден және\немесе диастолалық АҚҚ с.б.б 90 мм-ден жоғары болуы (гипертензия тыныштық күйде кем дегенде әр түрлі уақытта 3 рет өлшеу нәтижесімен анықталады; науқас адам бұл кезде не қан қысымын төмендететін, не жоғарылататын дәрі ішпеуі керек).Артериальды қан қысымының қалыпты мөлшерден төмен болуы артериальды гипотензия деп атайды.

Сонымен өлшеу дұрыстығын екі рет өлшеп тексеруге болады.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


написать администратору сайта