Главная страница
Навигация по странице:

  • 4.Иллюстративті материал. Презентация 5. Әдебиеттер.

  • 6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс) Тапсырма-1. Карточка - информатор

  • Сұрақтар Жауаптар

  • Тапсырма-2. Науқастың төсектегі қалпын кластер арқылы толықтыр. Тапсырма. Карточкамен жұмыс

  • Науқастың белсенділігін атаңыз: қатаң төсектік, төсектегі, палаталық, еркін (белсенді); Дене биомеханикасы туралы түсінік

  • Ұстағыш белдік туралы не білесіз Эргономиканың техникалық құралдары 1.9. Дәрістік кешен келесі бөлімдерді қамтиды

  • 3. Дәріс тезистері.Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау Мақсаты

  • Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны (қоспалы сұйық дәріні) қолдану Мақсаты

  • Тұнбаны, экстракты (шырсөлді) қолдану Мақсаты

  • Науқасқа ұнтақты қолдану Мақсаты

  • Ескерту

  • Д айындаңыз

  • Көзге тамшы тамызу Мақсаты

  • Көз майын қаттастырып салу Мақсаты

  • Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу Мақсаты

  • Мейірбике ісі негіздері Фельдшер. аудиториялық. 1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология


    Скачать 2.3 Mb.
    Название1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология
    АнкорМейірбике ісі негіздері Фельдшер
    Дата17.01.2023
    Размер2.3 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлааудиториялық.docx
    ТипДокументы
    #890159
    страница11 из 13
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

    Ұстағыштар.

    Ұ стағыштар науқасқа жүргенде, отырғанда, тұрғанда қосымша тіректі қамтамасыз етеді. Ұстағыштар науқастың дене массасын көтеру үшін жеткілікті дәрежеде берік болуы тиіс. Ұстағыштарды диаметрі 2-4 см металл немесе пластик түтікшелерден жасайды. Олардың көпшілігінің беті қолдың сырғып кетпеуі үшін кедір бұдыр болады. Қабырға мен ұстағыш арасында ыңғайлы ұстап алу үшін бос кеңістік қалуы тиіс. Ұстағыш диаметрі науқасқа сәйкес келуі тиіс. Қолдану мақсатына байланысты ұстағыштар әр түрлі болады. Тік ұстағыштар науқастың отырған қалпынан жатқызуға және кері іс-әрекетті орындау үшін керек. Көлденең ұстағыштар науқастың отырған қалпынан тартылып тұруына көмектеседі. Көлденең ұстағыштарды дәретхана, жуыну бөлмелерінде, палаталарда қолданады. Ұстағыштарды қолданған кезде науқас өз күшін біркелкі орналастыру керек. Ұстағыштарды ваннада, жуынатын бөлменің қабырғаларына, дәретхана қабырғасына, жататын бөлмеде, дәлізде, ас бөлмесінде қойған жөн.

    Ұстағыш белдік

    Жағдайы нашар, әлсіз науқастарды немесе тепе-теңдік сақтай алмайтын және тағы да басқа құлап кету қаупі бар науқастар үшін арналған. Ол науқастың киім сыртынан кигізіледі. Белдік науқастың денесін қыспас үшін оның үстіне жұмсақ қаптама (чехол) кигізу керек. Қозғалыс кезінде науқас бір қолымен көмекшісінің мойынын ұстап тұрады. Ал көмекші науқасты екі немесе бір қолымен белдік арқылы ұстайды. Бұндай белбеу көмекшінің көп күшін жұмсамайды және жағдайды бақылауға мұрша береді. Белбеу науқасты тасымалдаудың басқа да жағдайларында қолданылады.

    4.Иллюстративті материал. Презентация

    5. Әдебиеттер.

    1.С.Қ.Мұратбекова «Мейірбике ісінің негіздері»Астана 2007 ж. 284-292; 297-302 беттер

    2.С.А. МухинаИ.И. Тарновская «Мейірбике ісі негіздері» Мәскеу 2014 ж.153-170; 173-182 беттер

    6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

    Тапсырма-1. Карточка - информатор


    Сұрақтар

    Жауаптар

    1. Емдеу-сақтандыру тәртібі – дегеніміз?




    2. Емдеу-сақтандыру тәртібінң элементтері?




    3. Пациенттерге арналған эмоционалды қауіпсіздік тәртібін сақтау үшін қажет?





    4 Биомеханика – дегеніміз?




    5.Жүргіншектерді қолданғанда ескертулер қандай?





    Тапсырма-2. Науқастың төсектегі қалпын кластер арқылы толықтыр.



    Тапсырма. Карточкамен жұмыс

    Емдеу-сақтандыру тәртібі туралы түсінік?

    Науқасқа психологиялық жайлы жағдай жасау туралы түсінік;




    Науқастың белсенділігін атаңыз: қатаң төсектік, төсектегі, палаталық, еркін (белсенді);





    Дене биомеханикасы туралы түсінік?




    Ұстағыш белдік туралы не білесіз?


    Эргономиканың техникалық құралдары


    1.9. Дәрістік кешен келесі бөлімдерді қамтиды:

    Тақырып: Дәрілік заттарды сақтау,тарату,қолдану әдістері. Дәрілік заттарды энтеральді және сырттай қолдану әдістері

    2.Мақсаты:студенттерге дәрілік заттардың негізгі топтары: жаздырып алу

    сақтау,тарату,қолдану әдістері, дәрілік заттарды энтеральді және сырттай қолдану

    әдістері туралы түсінік беру.

    3. Дәріс тезистері.Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау

    Мақсаты: емдік.

    Қолдану көрсетілімі: дәрігердің тағайындауы бойынша.

    Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған таблеткаларды (түймедақтарды) капсулаларды, дражені, пилюланы (дәрінің домалақ түрін) қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз.

    2. Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

    3. Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, мөлшерін (дозасын) сақталу мерзімін оқыңыз).

    4. Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

    6. Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оны қабынан (конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз.

    7. Науқастан ауызын ашуын сұраңыз.

    8. Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюланы науқастың тілінің түбіріне салыңыз.

    9. Науқастан дәрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін сұраңыз.

    Ескерту:

    • қабығы бар таблетканы науқастын жұтынуы қиын болса, онда оны сумен ылғалдатуға болады;

    • науқас таблетканы жұта алмай қиналса, онда мейірбике оларды ұнтақтап беруі қажет;

    • дражелер, капсулалар, пилюлалар өзгермеген түрде қолданылады.


    Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны

    (қоспалы сұйық дәріні) қолдану

    Мақсаты: емдік.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

    Дайындаңыз: дәрі- дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шайлы, десертті, асханалық қасықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

    2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ертіндінің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

    4. Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:

    • 1 шай қасықта – 5 мл

    • 1 десерт қасығында – 7,5- 10 мл

    • 1 ас қасықта – 15 мл

    1. Науқастың дәрілік ерітіндіні ішуін сұрап, сумен ішкізіңіз.

    2. Қолданылған мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    Тұнбаны, экстракты (шырсөлді) қолдану

    Мақсаты: емдік.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

    Даярлаңыз: дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілерді, тамызғышты, мензурканы, қайнатылған суды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

    2. Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

    3. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз).

    4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз.

    5. Мензуркаға қажет мөлшерде тамшыны дәрілік ерітіндіні алыңыз.

    6. Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз.

    7. Даярланған ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз.

    8. Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    Науқасқа ұнтақты қолдану

    Мақсаты: емдік.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

    Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік ұнтақты, қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес ұнтақ дәріні таңдап алыңыз.

    2. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

    3. Дәрілік ұнтақтың жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын сақталу мерзімін, оқыңыз).

    4. Науқасқа дәрілік ұнтақ туралы қажет мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазатыңыз.

    6. Дәрілік ұнтақты ораған қағазды бүктеуінен жазып, оған ойық түр беріңіз.

    7. Науқасты басын көтеріуін ауызын ашуын, тілін шығаруын сұраңыз.

    8. Науқастан тілінің түбіріне абайлап ұнтақты себіңіз.

    9. Ұнтақты ішуге суы бар стаканды беріңіз.

    Ескерту: ұнтақты алдын ала суға ерітіп, сосын науқасқа ішкізуге болады.

    Мұрынға дәрілік тамшыны тамызу

    Мақсаты: емдік

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

    Д айындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, көз тамызғышын, мақта шариктерін, мақта турундаларын, дәрі-дәрмектерді (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, вазелин майын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын.

    Іс-әрекеталгоритмі:

    1. Науқасқаемшарабарысы мен мақсатынтүсіндіріңіз, оныңкелісіміналыңыз.

    2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрінің жарамдылығынтексеріңіз (атын, қоюлығын, дозасын, сақталумерзіміноқыңыз, флаконныңбүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілікерітіндіні су моншасындаt-36-370С дейінжылытыңыз.

    3. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

    4. Гигиеналықдеңгейдеқолғатазартудыжүргізіңіз, қолғаптыкиіңіз.

    5. Мұрынжолдарынқараңыз, егердебөлініснемесеқабыршақболса, онда вазелин майынасуландырғанмақтатурундасымен тазартыңыз.

    6. Науқастыңсәлбасынартқақарайшалқайтып, қырынақарайбұрыпнемесетамшытамызатыннемесеекіншімұрынжолынақарама-қарсы жастықсыз арқасымен жатқызыңыз.

    7. Оңқолғамақташаригіналып, оны V саусақпен алақанға қысыңыз.

    8. Пластикалық флакондағы мұрынғаарналғанзалалсыздандырылғантамшынықолданғанда, оныңтүбін жоғары қаратып төңкеріңіз (аударыңыз) және тамызғанда оның қабырғасын қысыңыз.

    9. Оңқолғатамызғыштыалып, мұрынныңекіжағынаесептейотырып, дәрілікертіндінісорыпалыңыз.

    10. Солқолдың ІV саусақтарын науқастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мұрынның ұшын жоғары көтеріңіз.

    11. Мұрынжолына 1-1,5 см тереңдікке тамызғышты енгізіңіз, оныңқабырғасынатигізбеугетырысыңыз.

    12. Мұрынныңшырыштықалқасына 4-5 тамшыдәрілікертіндінітамызыңыз.

    13. Мұрынның қанатын сүйекқалқасынамақташаригіменқысып, жеңілқозғалмалыайналыстыжасаңыз.

    14. Дәрілікертіндініенгізгенжағынақарайнауқастыңбасынеңкейтіңіз.

    15. 1-2 минуттанкейінекіншімұрынжолындадәрілікертіндінісолреттілікпентамызыңыз. Науқастан қал жағдайын сұраңыз.

    16. Қолыңыздыжуыпкептіріңізқолғаптышешіңіз.

    17. Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланғанмақташариктерін, мақтатурундаларын, қолғаптықауіпсізжоюғаарналғанконтейнергесалыңыз.

    Ескерту: майлыертіндінімұрынға тамызғанда науқастамшыныңдәмінсезуіқажетжәнебірнеше минут жатуықажет, тамшыжұтқыншақтыңартқықабырғасынатүсуікерек (мұрынқанатынсүйек қалқанына баспаңыз).

    Көзге тамшы тамызу

    Мақсаты: емдік.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, тамызғышты, дәке тампондарын, дәрілік ерітіндіні (дәрігердің тағайындауы бойынша), колғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлық дәрежесін, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрінің сыртқы түрін бағалаңыз). «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

    3. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

    4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    5. Науқасты бетін жарыққа қаратып, басын аздап қана артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе шалкасынан көпшіксіз жатқызыңыз.

    6. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған көз тамшыларын қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз және тамызғанда оның қабырғасын басыңыз.

    7. Оң қолыңызбен тамызғышты ұстап, дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз, екі көзге тамызатын ерітіндінің мөлшері есебінен.

    8. Сол қолыңызға дәке тампонын ұстап, көздің төменгі қабағын төменге қарай тартыңыз және науқасқа жоғары қарауын сұраңыз.

    9. Дәрілік ерітіндінің бір тамшысын көздің астыңғы қабына, кірпікке және қабаққа тамызғышты тигізбей, көздің ішкі бұрышына жақынырақ, тамызғышты көзден 1,5см қашықтықта ұстап тамызыңыз.

    10. Науқас көзін ақырын ғана жауып, көз алмасын айналдыруын сұраңыз (дәрілік ерітінді ақпауы тиіс) бірнеше секундтан кейін манипуляцияны қайталаңыз, екінші тамшыны осы көзге тамызыңыз.

    11. Көздің ішкі бұрышында қалған тамшыны тампонмен сүртіңіз.

    12. Екінші көзінде тамшыны сол реттілікпен тамызыңыз.

    13. Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа пайдаланған дәке тампондарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    14. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

    Ескерту:

    • екі тамшыны бір көзге бір мезгілде тамызғанда әдетте 1 тамшы ағады;

    • бір науқасқа тамызғыштың саны дәрілік ерітіндінің санымен байланысты: әрбір дәрі үшін жеке тамызғыштар болуы керек;

    • егерде көзде іріңді бөліністер бөлінсе, әуелі көзді жуыңыз, сосын дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.

    Көз майын қаттастырып салу

    Мақсаты: емдік

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көз майын (дәрігердің тағайындауы бойынша), шыны көз қалақшаларын, дәке тампондары, мақта шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекеталгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, тюбиктің бүтіндігін анықтаңыз).

    3. Шынытаяқшаныңбүтіндігінтексеріңіз.

    4. Гигиеналықдеңгейдеқолғатазартужүргізіңіз, қолғаптыкиіңіз.

    5. Науқасты ыңғайлыжағдайдаотырғызыңызнемесежатқызыңыз, басынартына қарай шалқайтып, науқастың көз қарасы жоғарыға қарайбағытталған болу керек.

    6. Оңқолғашынықалақшаныалып, оныңжалпақшетінемайдыжағыпалыңыз. Олбүтінқалақшаны жабу керек.

    7. Шынытаяқшанысамайбетіненкөздіңтесігінеқарайжақындатыңыз (оңкөздісолқолмен, солкөзді оң қолмен).

    8. Қалақшаны көзге көлденеңорналастырыңыз, жалпақшетіменкеңсірікке.

    9. Солқолғадәкетампоныналып, төменгіқабақтытөмен тартыңыз жәнеоғанқалақшадағымайдыкөзалмасынақатастырыпсалыңыз, ал бос бетіқабаққақарайбағытталуыкерек.

    10. Төменгі қабақты жіберіңіз, науқастан сәл қабақтарын сығылыстыруын сұраңыз.

    11. Сығылыстарылғанқабақтансамайбағытыбойыншақалақшаны алыңыз. Сәл қабақтарды уқалаңыз, май көздіңшырыштықабығынабірқалыптытаратылуғатиіс.

    12. Екіншікөзіне де майды осы реттілікпенсалыңыз.

    13. Көзмайынтікелейтюбиктен де салуғаболады.

    14. Солқолыңызғадәкетампоныналып, төменгіқабақтытартыңыз.

    15. Тюбиктікөздіңішкібұрышынаұстап, онанмайдытөменгікөздіңсілемейліқабығыныңіркістерінесығыпшығарыңыз, майдыңцилиндріұзынбойынабарлыққабаққаорналастырылады.

    16. Шынықалақшанызарарсыздандыруертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    17. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, дәкетампондарынқауіпсізжоюғаарналғанконтейнергесалыңыз.

    18. Қолыңыздыжуып, кептіріңіз.



    Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу

    Мақсаты: емдік.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша құлақтағы ауру сезімі және қабыну процессі.

    Дайындаңыз:залалсыздандырылған: лотокты, тамызғышты, мақта шариктерін және турундаларын, дәрілік ерітінділерді (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

    3. «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

    4. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

    6. Науқасты отырғызыңыз немесе қырына қаратып жатқызыңыз.

    7. Науқастың басын сау қырына қарай бұрыңыз.

    8. Құлақтан бөлініс болса, құлақ жолын мақта турундасымен тазалаңыз.

    9. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған құлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, тамызғанда оны қабырғасынан қысыңыз.

    10. Оң қолға тамызғышты ұстап, дәрілік ерітіндіні оған сорып алыңыз.

    11. Сол қолмен науқастың құлақ сырғалығынан артқа қарай және жоғарықарай тартып, ал оң қолмен тамызғышты ұстап құлаққа 2-3 тамшы дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.

    12. Сыртқы құлақ ішіне тамызғышты немесе флаконның тамызғышыненгізбеңіз.

    13. Науқастың сыртқы құлағына мақта шаригін енгізіп, 10-15 минуттай басын еңкейген қалыптаұстап тұруын сұраңыз, кейін осы құлақты залалсыздандырылған мақтамен сүртіңіз.

    14. Құлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін құлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен басыңыз.

    15. Науқастың басын ауыратын құлақ жағына енкейтіңіз, құлақ жолын мақта шаригімен құрғатыңыз.

    16. Қолғапты шешіңіз.

    17. Пайдаланған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, ал тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз.

    18. Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


    написать администратору сайта