Главная страница
Навигация по странице:

  • Мақсаты

  • Ішкі киімді ауыстыру

  • Асқынулары

  • Халі ауыр науқастың шашын күту

  • Науқасты ылғалды сүрту

  • Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу

  • Қолдағы тырнақты қиып алу

  • Аяқтағы тырнақты қиып алу

  • Науқасты қырындыру

  • ҚОЛТЫҚ ОЙЫҒЫНДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ Мақсаты

  • Дайындаңыз

  • ҚАСАҒАДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ Мақсаты

  • Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу

  • Қолдану көрсетілімдері

  • ЕР АДАМНЫҢ ЖЫНЫС МҮШЕСІН ЖУУ Мақсаты

  • ДӘРЕТ САУЫТЫН (СУДНОНЫ) БЕРУ

  • Мейірбике ісі негіздері Фельдшер. аудиториялық. 1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология


    Скачать 2.3 Mb.
    Название1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология
    АнкорМейірбике ісі негіздері Фельдшер
    Дата17.01.2023
    Размер2.3 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлааудиториялық.docx
    ТипДокументы
    #890159
    страница7 из 13
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

    (көлденең әдіс)

    (екі мейірбикемен орындайды)

    Көлденең ауыстыру әдісі науқас ес-түссіз жатқан жағдайда немесе қатаң төсек тәртібінде болғанда қолданылады.

    Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

    Дайындаңыз: таза ақжайманы, ластанған төсек-орын тыстарын салатын клеенка қапшықты, қолғапты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғаптарды киіңіз.

    3. Таза ақжайманы көлденеңінен шиыршықтап бүктеңіз (бинт тәрізді).

    4. Бір мейірбикенің алақандарын жоғары қаратып ұстап науқастың басы мен иықтарының астына қолын жіберіп, абайлап денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз, жастықтарды алып тастаңыз.

    5. Ластанған ақжайманы шыйыршықтап, кереуеттің бас жағынан бастап науқастың беліне дейін бүктеңіз, сонымен бір уақытта таза ақжайманы кереуеттің бос қалған жеріне төсеңіз.

    6. Таза ақжайманың үстіне жастықтарды қойып, оған науқастың басын түсіріңіз.

    7. Науқастың жамбасын, содан кейін аяқтарын көтеріңкіреп, ластанған ақжайманы жинап алыңыз да, орнына таза ақжайманы жазып жайып шығыңыз.

    8. Науқастың жамбасын және аяқтарын аяқ жақ бағытына қарай түсіріңіз, ақжайманың шеттерін матрацтың астына бүктеңіз. Науқастың үстін жабыңыз.

    9. Тыстарға арналған клеенка қапқа ластанған ақжайманы салыңыз және оны шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.

    10. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    Ішкі киімді ауыстыру

    Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

    Қолдану көрсетілімдері: іш-киім, жейделердің ластануы, науқастың қатты терлеуі.

    Асқынулары: науқастың төсектен құлап кетуі, жалпы жағдайының нашарлауы, мейірбикенің қолымен терінің жарақаттануы және жұқпаны жұқтыруы.

    Дайындаңыз: таза іш киім жиынтығын, ластанған киімдерді салуға арналған клеенка қапты.

    Іс- әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

    3. Өзіңіздің сол қолыңызды науқастың арқасының астына салыңыз.

    4. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз.

    5. Ластанған жейденің етек жағынан жинап, оны қолтық асты аймағына және желкесіне дейін шыйыршықтаңыз.

    6. Науқасты сүйемелдеп тұрып ластанған жейдені басынан асырып шешіп алыңыз.

    7. Науқасты жастықтарға жатқызып, екі қолын жейденің жеңдерінен босатыңыз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда жейдені алдымен сау қолдан, содан кейін ауру қолдан шешіңіз).

    8. Таза жейденің жеңдерін қолдарына кигізіңіз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда алдымен жарақаттанған қолға, содан кейін сау қолға кигізіңіз).

    9. Жейдені басынан өткізіңіз және оны бойымен жазыңыз.

    10. Науқасты жастықтарға жатқызыңыз, кеудесіндегі жейдені түзетіңіз.

    11. Ластанған жейдені клеенка қапқа салыңыз.

    12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    Ескерту: Қатаң төсек тәртібінде жатқан науқасқа түймесіз кең жейде кигізіңіз. Кеуде торының алдын жауып алдымен абайлап бір қолына, содан кейін екінші қолына кигізіңіз. Оның төсектегі қалпын өзгертпей, кең жейденің бос қалған екі жағын науқастың кеуде торының екі жағы бөлімдерінің астына қайырып қояды.

    Халі ауыр науқастың шашын күту

    Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың енжарлық қалпы.

    Дайындаңыз: жылы суды (37-380С), сабынды немесе сусабынды, шылапшынды, крушканы, тісі жиі тарақты, сүлгіні, 6% сірке су ерітіндісін, таза бас орамалды (мақта-матадан жасалған) кірлеген іш киімдерді салатын қапшықты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Халі ауыр науқастың басын төсегінде жуыңыз.

    2. Басына көтеріңкі қалып беріңіз, арнайы бастың астына қоятын құралды немесе матрацты валик тәрізді домалақтап, оны науқастың басының астына қарай қатты бұраңқырап қойыңыз, оның үстіне клеенка төсеңіз.

    3. Науқастың басын мойын деңгейінде артқа қарай шалқайтыңыз.

    4. Керуеттін бас жағындағы орындықтың үстіне науқастың мойын денгейінде ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз.

    5. Науқастың басын сорғалып аққан сумен ылғалдаңыз, шашын сабындаңыз, бастың терісін мұқият түрде ысқылаңыз.

    6. Шашты бастың маңдай бөлігінен артқа қараган бағытта сабынмен немесе сусабынмен жуыңыз.

    7. Шашты сумен шайыңыз және оларды сүлгімен сығып құрғатыңыз.

    8. Шашты тісі жиі тарақпен күнделікті тараңыз. Қысқа шаштарды шаштың түбірінен ұшына қарай , ал ұзын шаштарды бұрымға бөліп алып, ұшынан түбіріне қарай жайлымен тарайды. Оларды жұлмауға тырысыңыз.

    9. Басына таза мақта-матадан жасалған орамалды тағыңыз.

    10. Бас астындағы құралды орнына түсіріңіз, барлық күтім заттарын жинап алыңыз, матрацты түзетіңіз.

    11. Қолданылған күтім заттарын зарарсыздандыратын ерітіндіге салыңыз.

    Ескерту:

    • халі ауыр науқастың басын (егер қарсы көрсетілімдері болмаса) аптасына 1 рет жуу керек;

    • осы емшараны жүргізу үшін өте ыңғайлы бастын астына қоятын арнайы құрал болып табылады, бірақ кереуеттің арқасы алмалы-салмалы болуы қажет, ол күрделі емшараны жеңілдетеді;

    • әйелдің шашын тісі жиі тарақпен күнделікті тарайды;

    • ерлердің шаштарын қысқартып алып тастайды;

    • 6% сіркесу ерітіндісімен суландырылған тісі жиі тарақ қайызғақты және шаңды өте жақсы тарайды.

    Науқасты ылғалды сүрту

    Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, тері тазалығын ұстау.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі, қатаң төсек тәртіб кезінде.

    Дайындаңыз: клеенканы, жаялықты, лотокты, шылапшынды, t-35-370С жылы суды, сүлгіні немесе салфетканы, ауыстыратын іш киімдерді және төсек-орын тыстарын, қолғаптарды, шүберектен тігілген биялайды, лас төсек-орын тыстарына арналған қапты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    3. Науқастың астына клеенканы төсеңіз.

    4. Шылапшынға жылы су құйыңыз.

    5. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін жалаңаштаңыз.

    6. Салфетканы , сүлгінің жарты бөлігін немесе шүберек биялайды жылы сумен ылғалдаңыз, артық суды жеңіл ғана сығыңыз.

    7. Науқастың терісін келесі ізбе-ізділікпен сүртіңіз: бетін, иегін, құлақтарының артын, мойнын, қолдарын, кеудесін, сүт бездерінің асты іркістерін және қолтық асты ойықтарын.

    8. Науқастың денесін сүлгінің құрғақ жағымен осындай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіп, ақжаймамен жабыңыз.

    9. Тура осындай ізбе-ізділікпен арқасын, ішін, сандарын, аяқтарын сүртіңіз.

    10. Қолдың тырнақтарын алыңыз.

    11. Іш киім-кешектерін және төсек ақжаймаларын ауыстырыңыз (қажет болған жағдайда).

    12. Қолғаптарды шешіңіз.

    13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу

    Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайы.

    Дайындаңыз: клеенканы, ішінде жылы суы бар шылапшынды, сабынды, жөкені, сүлгіні, қайшыны, қолғаптарды.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқаспен өзара жылы жүзді, сенімділік қарым- қатынасын орнатыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.

    3. Матрацтың аяқ жағын науқастың беліне дейін домалатып, дөңгелетіп ораңыз.

    4. Клеенканы кереуеттің торына төсеңіз, оның үстіне ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз, науқастың бөкселері валиктің үстінде болуы керек.

    5. Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін өтініңіз.

    6. Көрпесін қайырып тастап, науқастың аяқтарын шылапшынға түсіріңіз.

    7. Науқастың аяқтарын шылапшынның ішіндегі жеке бас жөке және сабын көмегімен жуыңыз, оларды таза сумен шайыңыз.

    8. Сүлгімен аяқтарын құрғатыңыз.

    9. Тырнақтарын алып тастаңыз.

    10. Егер терісі былжыраған немесе жарылған болса, кез-келген аяққа арналған жұмсартқыш сықпа маймен (креммен) өкшелерін майлаңыз.

    11. Жөке мен қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    12. Науқасты көрпесімен жауып қойыңыз.

    13. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    Қолдағы тырнақты қиып алу

    Мақсаты: қолдағы тырнақты алу.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

    Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қолға арналған кремді, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа алда тұрған емшараның қажеттілігі мен барысын түсіндіріңіз.

    2. Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар ыдысты науқастың алдына қойыңыз.

    3. Науқастың қолынын саусақтарын 5 минутқа жылы сабынды суы бар ыдысқа салыңыз.

    4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

    5. Науқастың қолын сабынмен жуыңыз.

    6. Судан V саусақты шығарып алып, оны сүртіңіз және тырнақты тегіс сыртқы периметрі бойынша теріден 1-2 мм (0,5 см) қалдырып тиянақты алыңыз.

    7. Судан кезекпен саусақтарды шығарып, оларды сүлгімен сүртіп, тырнақты тиянақты алыңыз. Ал суда бір саусақ қалғанда, екінші қолдың саусақтарын салыңыз. Екінші қолдың саусақтарымен емшараны жүргізіңіз.

    8. Тырнақтарды егеуішпен және тістекуікпен өндеңіз.

    9. Науқастың қолына кремді жағыңыз.

    10. Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа, ал сүлгіні киімге арналған қапқа салыңыз.

    11. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.

    Аяқтағы тырнақты қиып алу

    Мақсаты: аяқтағы тырнақты алу.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

    Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, аяққа арналған кремді, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа алда болытын емшараның барысын түсіндіріңіз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    3. Науқасты отырғызыңыз немесе оны кушеткаға жатқызыңыз.

    4. Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар шылапшынға науқастың аяқ басын салыңыз.

    5. Науқастың аяқ басын судан кезекпен шығарып алыңыз. Оны сүртіп, сүлгіге орналастырып, аяғындағы тырнағын арнайы тістекуікпен немесе қайшымен тиянақты қиып алыңыз.

    6. Тырнақтарды егеуішпен және тістеуікпен өндеңіз.

    7. Науқастың аяқ басына және табанына крем жағыңыз.

    8. Қайшыны, тістеуікті, егеуішті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, ал сүлгіні – киімге арналған қапқа салыңыз.

    9. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.

    Науқасты қырындыру
    Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

    Қолдану көрсетілімдері: қалі ауыр жағдайдағы науқас.

    Қарсы көрсетілімдері: беттің жарақаты.

    Дайындаңыз: суға арналған ыдысты, компресс жасауға арналған салфетканы, сүлгіні, қырынуға арналған станокты, жаққышты, қауіпсіз ұстараны, қырынуға арналған сықпаны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қолғаптарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғаптарды киіңіз.

    2. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

    3. Үлкен салфетканы ыстық суға салып (400-500С) ылғалдатып, сығып оны науқастың бетіне 1 минутқа қойыңыз, сосын оны алыңыз.

    4. Науқастың бет терісіне қырынуға арналған сықпаны арнайы жаққыш көмегімен жағыңыз.

    5. Терісін тартыңқырап ұстараның бағытынан кері бағытқа жылжытып, науқасты қырындырыңыз.

    6. Науқастың бетін ылғалды салфеткамен сүртіңіз, сосын құп-құрғақ қылып құрғатыңыз.

    7. Қырындырған заттарды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, қолғапты және салфеткаларды ҚЖАК салыңыз.

    8. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ҚОЛТЫҚ ОЙЫҒЫНДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ

    Мақсаты: қолтық асты ойығындағы шашты қыру, жеке бас тазалығын сақтау.

    Қолдану көрсетілімдері: операциялар жасар алдында.

    Дайындаңыз:жаққышты, сұйық сабынды, қыруға арналғанстанокты, жеке ұстараны, қолғаптарды, сүрткілерді, суды.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

    3. Науқастан қолдарын алма-кезекпен көтеруін өтініңіз.

    4. Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қолтық асты ойығына жағыңыз.

    5. Қолтық асты ойығындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштын өсу бағытына қарай қырыңыз.

    6. Қолтық асты ойығы аймағындағы теріні жылы сумен жуыңыз.

    7. Теріні сүлгімен құп-құрғақ қылып сүртіңіз.

    8. Қолғаптарды шешіңіз.

    9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ҚАСАҒАДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ

    Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, қасағадағы шашты қыру.

    Қолдану көрсетілімдері: операция жасау алдында.

    Дайындаңыз: жаққышты, сұйық сабынды, қыруға арналған станокты, жеке ұстараны, қолғаптарды, сүрткілерді, суды, Эсмарх крушкасын, судноны.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

    3. Науқасқа судноны беріңіз.

    4. Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қасаға аймағына жағыңыз.

    5. Қасаға аймағындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштын өсу бағытына қарай қырыңыз.

    6. Науқастың астын жуыңыз.

    7. Қасаға аймағының терісін сүрткілермен құрғатыңыз.

    8. Судноны жинап алыңыз.

    9. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу

    Мақсаты: жыныс мүше аймағын тазалықта ұстау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр бөліп шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын-алу.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі.

    Дайындаңыз: ішінде жылы (t-37-380С) әлсіз калий перманганат ерітіндісін 1: 5000 фурациллин ерітіндісін немесе суы бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын, корнцангті, залалсыздандырылған сүрткілерді, клеенканы, зәр қабылдағышты (судноны), қолғаптарды, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты , қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Науқас әйелді кермемен оңашалаңыз.

    3. Науқас әйелдің жамбасының астына клеенканы, жаялықты төсеңіз, оның сегізкөзінің астындағы клеенканың үстіне зәр қабылдағышты қойыңыз.

    4. Науқасқа шалқаснан жатуға көмектесіңіз, аяқтары тізесінен бүгіліп, азғана жан-жаққа ажыратылған болуы керек.

    5. Ішінде жылы суы (антисептикалық ерітіндісі) бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын дайындаңыз.

    6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Халаттың үстіне клеенкалы алжапқышты және қолыңызға қолғаптарды киіңіз.

    7. Науқас әйелдің оң жағында тұрып, құмыраның немесе Эсмарх крушкасінің ұштығын сол қолыңызға ұстап, ал оң қолыңызға дәке салфекткасы қыстырылған корнцангті ұстап, антисептикалық ерітіндіні немесе жылы суды сыртқы жыныс мүшелеріне құйыңыз, ал салфекткамен жоғарыдан төмен қарай ( қасағадан аналь тесігіне қарай) қимыл жасап, сүртіңіз. Сыртқы жыныс мүшелерін келесідегідей ізбе-ізділікпен жуыңыз: қасаға аймағы, үлкен жыныс еріндері, кішкене жыныс еріндері, бұтаралығы және аналь тесігі аймағы, әрбір жоғарыдан төмен түскен қимылдардан кейін сүрткілерді ауыстырып отырыңыз.

    8. Құрғақ сүрткімен жыныс мүшелерін және бұтаралықтың терісін тура жоғарыдағыдай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіңіз.

    9. Базданудың алдын-алу үшін сүрткіге салынған вазелин майын немесе басқа заттарды шат іркестеріне және аналь тесігі аймағына жағыңыз.

    10. Қолданылған сүрткілерді, корнцангты ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    11. Судноны және клеенканы жинап алыңыз, қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандырыңыз. Науқасты көрпемен жауып қойыңыз.

    12. Кермені жинап алыңыз.

    13. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ЕР АДАМНЫҢ ЖЫНЫС МҮШЕСІН ЖУУ

    Мақсаты: жыныс мүшелері аймағын тазалығын сақтау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларын алдын алу.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың қалі ауыр жағдайында.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, корнцангті, сүрткілерді,қолғаптарды, клеенканы, жаялықты, сабынды, судноны, ішінде суы бар құмыраны (судың t-37380С) немесе Эсмарх крушкасын.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқаспен тілектестік, құпия сақтайтын сенімділік қарым-қатынасты құрыңыз; оны кермемен оңашалаңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

    3. Қалі ауыр науқастың сегіз көзі астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеп, судноны қойыңыз.

    4. Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін сұрап, аяқтарын аздап екі жаққа ажыратыңыз.

    5. Науқастың оң жағынан тұрыңыз.

    6. Сүрткіні жылы суда ылғалдатып, оны сығыңыз.

    7. Бір қолыңызбен жыныс мүшесін ұстап, оның күпегін жыныс мүшесінің басынан жылжытыңыз.

    8. Жыныс мүшесінің басын зәр шығару каналынан бастап, қасаға аймағына қарай бағытта айналмалы қозғалыспен жуыңыз, сүрткілерді ауыстыра отырып, құрғатыңыз.

    9. Жыныс мүшесінің күпегін табиғи қалпына қайтарыңыз.

    10. Жыныс мүшесінің қалған бөліктерін, ұманың терісін, аналь тесігін мүқият тазалаңыз, шайқаңыз және кептіріңіз.

    11. Судноны, клеенканы, жаялықты, қолғаптарды кейін зарарсыздандыру үшін жинаңыз. Сүрткілерді және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    12. Төсек-орнын жазықтап, науқасты жабыңыз.

    13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    14. Кермені жинаңыз.

    ДӘРЕТ САУЫТЫН (СУДНОНЫ) БЕРУ
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13


    написать администратору сайта