Мейірбике ісі негіздері Фельдшер. аудиториялық. 1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология
Скачать 2.3 Mb.
|
Тыныс алуды бақылау Тыныс алуды бақылауда ерекше көңіл бөлу керек: пациенттің тері жамылғысының түсінің өзгеруіне, тыныс алу қимылының жиілігіне, ырғақтығына, тереңдігіне және тыныс алу түрін бағалауға. Демді алу мен демді шығару тыныс алу қимылында кезектесіп отырады. Тыныс алу мүшелері организмді оттегімен қамтамасыз етуге және одан көмірқышқыл газды шығару қызметін атқарады. 1 минут ішіндегі тыныс алу саны – тыныс алу қимылының жиілігі деп аталады. Ересек дені сау адамдарда қалыпты тыныс алу қимылы тыныштықта - 16-20 рет 1 минутта, ал әйелдерде ер адамдарға қарағанда 2-4 есеге көп. Тыныс алу қимылы тек, жынысқа байланысты емес, сонымен қатар дене қалпына, жүйке жүйесінің жағдайына, жасына, дене қызуына т.с.с. байланысты болады. Тыныс алу қимылының жиілігі жүрек соғысының 1:4 қатынасында . Дене қызуы 1 С-қа көтерілгенде тыныс алу қимылы төрт есеге көбейеді. Тыныс алу терең және беткей болып бөлінеді. Беткей тыныс алу арақашықтықта естілмейді немесе әлсіз естіледі. Ол көбіне патологиялық тыныс алудың жиілігі сияқты болады. Терең тыныс алу арақашықтықта естіледі, көбіне патологиялық тыныс алудың сиреуімен байланысты. Физиологиялық тыныс алудың түрі: кеудемен, ішпен және аралас. Кеудемен тыныс алу көбіне әйелдерде, ал ерлерде ішпен. Аралас тыныс алу түрінде кеуде клеткасының барлық бөлігі, өкпенің барлық бағытына біркелкі кеңейеді. Организмге сыртқы және ішкі ортаның әсеріне байланысты тыныс алу түрі пайда болады. Тыныс алудың ырғағының жиілігі және тереңдігінің бұзылуынан ентікпе пайда болады. Ентікпе дегеніміз- тыныс алудың қиындауы, ол дем алу қимылдарының ырғағы мен күшінің бұзылуымен сипатталады. Бұл жағдайда пациент дем жетпегендей ауыр сезініп, осыған байланысты терең де жиі дем алады. Ентікпе қорғаныш физиологиялық икемделу, оның көмегімен организм жетіспейтін оттегінің орнын толтырып, жиналған көмірқышқылының артығын шығарады. Ентікпе кезінде тыныс реттігі бұзылады, ол тыныс алудың жиілігімен және тереңдігімен білінеді. Тыныс алудың ырғағының жиілігімен және тереңдігінің бұзылуынан ентікпе пайда болады. Ентікпенің үш түрі бар: Инспираторлы ентікпе- бұл тыныс алудың демді ішке алудың қиындауы. Сонымен қатар бұл ентікпе ұзақ дем алумен сипатталады және ол дауыс саңылауының рефлекторлық қысылу кезінде пайда болады. Экспираторлы ентікпе- бұл тыныс алу демді сыртқа шығарудың қиындауы. Бұл ентікпеде ұсақ бронхтардың және бронхы бұлшық еттерінің жиырылуы салдарынан майда бронхтардың саңылауы тарылады. Аралас ентікпе- тыныс алу демді ішке алудың және шығарудың қиындауы. Шапшаң ,күшті дамитын ентікпе – тұншығу деп аталады. Тыныс алудың патологиялық түрлері Чайн Стокс тынысы- дем алу қимылдарының оқтын-оқтындылығымен сипатталады, дем алу қимылдарының арасында біртіндеп өсетін және тыныс толық тоқтап қалғанша азаятын үзілістер болады. Биота тынысы- қалыпты, ырғақты тыныс алумен сипатталады, ол арасында 1 минутқа дейін созылатын ұзақ үзілістерімен сипатталып отырады. Куссмауль тынысы- қалыпты сирек тыныс алу циклдерімен, шулы дем алу және дем шығаруы күшеюімен сипатталады. Апноэ – тыныс алудың тоқтауы. Асфиксия- оттегінің түсуінің тоқтауының әсерінен тыныс алудың тоқтауы. Астма- тұншығу ұстамасы немесе өкпе және жүрек ауруларынан пайда болатын ентікпе. Тыныс алу қимылының жиілігін, ырғағын , тереңдігін санау мақсаты тыныс алудың негізгі сипаттамасын анықтау. Тыныс алу жиілігін пациентке байқатпай санау керек. Осы мақсатпен пациенттің білегін алып, тамыр соғуын анықтағандай болады. Ал екінші қол пациенттің көкірек клеткасына қойып, оның 1 минуттағы қимылын санайды. Тыныс алу қалыпты белгілі бір тереңдікте болуы тиісті. 4.Иллюстративті материал. Презентация 5. Әдебиеттер. 1.С.Қ.Мұратбекова «Мейірбике ісінің негіздері» 505-512; 528-533 беттер. 2.С.А. Мухина И.И . Тарновская «Мейірбике ісі негіздері» 218-237 беттер 6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс) Тапсырма. Сұрақ-жауап
Тапсырма. Кластер арқылы тапсырмасы орында. Тапсырма.Карточкамен жұмыс. Ентікпе дегеніміз? Инспираторлы ентікпе дегеніміз? Экспираторлы ентікпе дегеніміз? Аралас ентікпедегеніміз? 1.8. Дәрістік кешен келесі бөлімдерді қамтиды: 1. Тақырып : Бөлімшедегі емдеу- сақтандыру тәртібі.Науқастың қауіпсіздігі. 2. Мақсаты:студенттерге науқасқа және қызметкерлерге арналған қауіпсіз арауханалық ортаны, бөлімшедегі емдеу – сақтандыру тәртібі, оның элементтері, маңызытуралы түсіндіріп,оқыту. 3. Дәріс тезистері.Емдеу-сақтандыру тәртібі – дегеніміз пациенттер мен медперсоналға максималды физикалық және психологиялық жағдай туғызуға арналған алдын-алу және емдеу жиынтығы. Ол мына элементтерден тұрады: -пациенттерге арналған эмоционалды қауіпсіздік тәртібі -ауруханаішілік тәртіппен, манипуляциялардың орындалуын қатаң сақтап, бақылау -рационалды қозғалыс белсенділік тәртібімен қамтамасыз ету Пациенттерге арналған эмоционалды қауіпсіздік тәртібін сақтау үшін қажет: тыныштық сақтау, қатты дауыстап сөйлемеу, жұмсақ интонациямен сөйлеу эстетикаға көңіл бөлу, пациенттермен медицина қызметкерлері дем алатын бөлме жихазына көңіл бөлу пациенттерге ыңғайына келетін қажетті іс-әрекеттермен айналысуына жағдай туғызу, мысалы: кітап оқу, тоқу, телевизор қарау медициналық құралдарды, қанды көргенде пациенттерде пайда болатын теріс эмоцияны болдырмау пациенттерге радио, телевизорды қатты қосуға рұқсат етпеу пациенттерде қорқу, қысылу сияқты жағдайдар туғызбау палата тығыздығы рационалды болу керек күндізгі және түнгі ұйқы кезінде тыныштық сақтау Науқастың күш жұмсау белсенділік тәртібінің түрлері: -жалпы тәртіп, пациенттің бөлімшедегі қозғалу белсенділігі шектелмейді, коридорда еркін жүруге, баспалдақпен көтерілуге, аурухана территориясында жүруге болады. -палаталық –пациент көп уақыт палатада өткізеді, палатада жүруге болады. Барлық жеке гигиеналық шаралары палата да жасалынады. -жартылай төсек тәртібі-пациент барлық уақытын төсекте өткізеді, бәрақ төсек шетіне отыруға, тамақ ішу үшін орындыққа отыруға, дәретханаға мейірбикенің қолдауымен баруға болады. -төсек тәртібі-пациент тек төсекте жатады, бірақ отырып, бір қырынға аударыла алады. Жеке бас гигиенасылық шаралар тек төсекте мейірбике көмегімен өткізіледі. -қатаң төсек тәртібі -пациентке тек төсекте жатады, бір қырыннан бір қырынға ауысуға болмайды. Науқастың негізгі төсектегі қалпын үш түрге бөледі: активті, пассивті, мәжбүрлі. Активті қалыпта науқас өзін күтуге жағдайы бар, палатада еркін жүріп, өзіне ыңғайлы жағдайды қолдана бере алады. Пассивті қалып науқастың есі жоқ болған кезде немесе арықтап-әлсіреген кезде болады. Бұндай жағдайда науқас қозғалмай жатады. Мәжбүрлі қалыпты науқас өз жағдайын ауру дамуының бір фазаларында болатын патологиялық жағдайды жақсарту үшін қолданады: жартылай отыру немесе отыру жүрек және тыныс мүшелерінің ауруларында; қозғалмай жату перитонитте; тынымсыз қалып біресе жатып, біресе отыру («ваньки-встаньки» симптомы) гемоперитонитке тән және т.б. Емдеу мекемелерінде жәй және функционалді керуеттер функционалді керуеттер қолданылады. Функционалді керуеттерді жанында және бас жағында орналасқан ұстағыштың көмегімен оның бас жағы мен аяқ жағын көтеруге, не түсіруге, не горизонталді қалыпқа қоюға болады. Жәй керуеттерде бірнеше көпшік немесе жастық көмегімен жартылай отыру қалпын беруге болады. Қалай десек те науқасқа негізінде төсекте ыңғайлы, тиімді қалып беру қажет. Төсек камфорты емдеу-сақтау режимінің негізгі элементі. Дене биомеханикасы Мейірбике науқасты көтеру, тасу, қолдап жүру, ауыстыру сияқты шаралар барысында сырқат жарақат алуы мүмкін. Сондықтан науқастардың бір жерін ауыртып алмау мақсатында және сондай жағдайды болдырмау үшін керекті дағдыларды білу керек. Науқастарды отырған немесе жатқан жерінен тұрғызып, болмаса көтеріп, орнын ауыстыруға тура келеді.+ Медицина қызметкері өз күштерін дұрыс бағаламай, дененің биомеханикалық заңдылықтарын ескермей, денесіне ауыр салмақ түсіріп, омыртқаларын және де басқа қозғалыс аппараттарын зақымдап алуы мүмкін. Мейірбике өзіне де науқастарға да зиян келтірмеу үшін келесі ережелерді есте сақтау керек: егер ол сізден жеңіл болмаса немесе қозғалтуға басқа ешкім көмек бере алмаса өзі қозғала алмайтын, көмек бере алмайтын науқасты көтермеу керек; н ауқастарды көтергенде немесе күтімге байланысты басқа жұмыстарды орындағанда мүмкіндігінше дененің арқасын, омыртқа жотасын түзу ұстау керек; алға созылған қолдармен науқасты көтеруге немесе қозғалтуға болмайды; егер науқас қозғала алмаса, механикалық құрылғылар көмегін пайдалануға болады.Ауыр салмақты түрлі заттарды көтергенде, науқастарға көмектескенде дененің биомеханикалық ережелерін қолдану керек. Биомеханика - дегеніміз тірі жандардағы болатын механикалық қимыл заңын оқитын ғылым. Тірі жандарға жатады: -адам -оның ұлпалары мен жүйелері -организмдердің бірге қосылып атқаруы немесе бір топ адамдардың қосылып істеуі Медициналық биомеханика сүйек -буын, жүйке жүйесінің, вестибулярлы аппаратының көмегімен дененің тепе-теңдігімен физиологиялық қалпында ұстауын /жүрген кезде, көтерілу кезінде, тоңқайған кезде, отырған кезде, жатқан кезде/ оқиды. Адам өз қимылдарын ойлап тұрмайды ол рефлекторлы істелінеді. Мейірбике жұмыс істеу кезінде пациенттерге «қозғалу», «қауіпсіздіктен сақтану» қажеттілігін үйрету. Бұл кезде дене салмағының ортасын, тірек аумағын анықтау негізгі жағдай болып табылады. Эргономика-бұл адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынасты, жұмыс істейтін адам мен құрал-жабдықтардың арасындағы қарым-қатынасты зерттеумен айналысатын ғылым. Өзіне және науқасқа зиян келтірмеу, қысым көрсетпеу үшін мына ережелерді қатаң сақтау қажет. Е шқашан адамды көтеруге болмайды, егер ол өзінің жағдайын өзңндңк жақсарта алмаса, дене салмағы айтарлықтай жеңіл емес немесе жаныңызда көмектесетін адам болмаса, мұндай қадамға бару қауіпті. Науқасты көтеру немесе басқа да күту шараларын жүргізген кезде арқаны тік ұстау қажет. Қолыңыздың алға қарай созылған қалпында ешқашан науқасты көтеруге немесе орынын ауыстыруға болмайды. Егер науқас мүлдем қозғала алмаса, оны көтеруге механикалық құрал-жабдықтар қолдануға болады. Эргономиканың техникалық құралдары Ж үргіншек. Жүргіншектектер қимылдың координациясын жақсартады және тепе-теңдік пен дененің төменгі бөліктеріне күшті азайтады. Тірегіш таяқшалар және балдақтармен салыстырғанда, жүргіншектер тұрақ пен тіректі өзінің кеңдігіне байланысты жақсы қамтамасыз етіледі. Жүргіншектерді қолданғанда ескертулер. Максималды тұрақтылығы үшін жүргіншектерді алдымен көтеріп, сосын төрт аяғынан тұрғызу керек. Дененің қалпы мен мүсінін ұстап тұру керек. Алдыңғы ұстағышұа тым жақындамау, себебі, ол сүйенуді азайтып, артқа құлауға әкелуі мүмкін. Тірегіш таяқшалар Әр түрлі тірегіштер науқастың жүруіне көмектеседі. Жүргенде тепе-теңдікті сақтау үшін тірегіштердің қосымша тіреулері көмек болады. Стандартты тірегіштер ағаштан және пластикалық материалдардан жасалып, ұстайтайтын жерлеріне диаметрі 5 см резиналар жалғанады. Бұл тірегіштерді үйде және далада жүргенде қолдануға болады. Бірақ бұның кемшілігі барлық науқастардың мүсіні бойынша сәйкес келмеуі.Үш және төрт аяқты тірегіштер тұрақты тіреуді және жеңіл жүруді қамтамасыз етеді. Тірегіш аяқтары науқас жағында қысқалау, ол науқас жүргенде ыңғайлы.Тірегішті дұрыс қолдануда оны зақым келген жаққа қарама-қарсы ұстау керек: қол және аяқ бірқалыпты қозғалады. Кресло-коляска (мүгедектерге арналған) Кресло-колясканы таңдағанда науқастың анатомиялық ерекшелігін, қоршаған орта факторларын ескерген жөн. Өлшемдерді шешуге арналған арнайы іс-шаралары жоқ, бірақ кресло-коляска науқастың өлшемдеріне сәйкес дәл келуі тиіс. Науқасқа креслоколясканы дұрыс таңдау үшін 6 негізгі өлшем алу керек: Орындықтың кеңдігі; Орындықтың тереңдігі; Аяқтың ұзындығы; Орындықтың биіктігін; Білектің ұзындығын; Арқалықтың биіктігін. Мүгедек кресло-коляскасының дұрыс таңдауы: Науқастың дене массасының одан да кең кеңістікте таралуын қамтамасыз етеді; Орын ауыстыруды жеңілдетеді және дене бөліктерінің бүйір қабырғаларына үйкелісуінің алдын алады; Кресло-колясканың максималды кеңдігін орнықтыру нәтижесінде колясканың есіктен, жуыну бөлмелеріне және басқа да тар кеңістіктен өту проблемасын минумумға дейін апарады. Балдақтар. Балдақтар тепе-теңдіктің жақсаруы мен дененің жоғары болігі мен қолға күш түсіру арқылы аяққа түсетін жүктемені азайтуға қолданылады. Қалыпты балдақтар ағаштың жеңіл түрінен немесе алюминийден жасалынады. Олардың құрылымы қалыпта қолтық астын тіреуіштен, қол ұстағыштан және астында диаметрі 3-8 см болатын бір енсіз жұқа тақтайшаға жалғасатын екі жұқа тақтайшадан тұрады. Балдақтар биіктігін реттегіш ір түрлі қысқыштардан, винттерден және т.б.құрылғылардан тұруы мүмкін. Әр түрлі балдақтарды қолданғанда келесі жағдайларды ескерген жөн: Қолтық асты аймағының зақымдалуының алдын алу үшін дене массасының күшін қолтық астына емес қолға түсіру қажет; Демалыс уақытында да тірекке кең базаны қамтамасыз ету керек; Балдақтар аяқтың алдынан және шетінен 10 см қашықтықта ұстау керек; Жақсы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін қолтық астылық тіреуіштер кеудеге жақын орналасуы керек; Басты тік ұстап, жүргенде денені тік қалыпта ұстау керек. Науқастың ең жақсы позициясы: бас жоғары көтерілген арқасы тік, сау тізесі сәл бүгілген. Тірек үшін арқаны қабырғаға тіреу керек. Балдақтың ұшы табаннан 15 см қашықтықта және сәл алға бағытталған. Егер науқастың жамбасы кең болғанда ұшын өте алыс қашықтықта тіреу керек. Қолтық асты мен балдақтың үстіңгі бөлігің арасы 2-3 бармақ сыятындай болуы керек. Шынтақтары 25-30 градус. Балдаққа үйренушілік серуен кезінде тексеріледі. Орындықтан тұру үшін бір-біріне жанасқан балдақтарды жарақаттанған жағынан орналастырып, оларға ішкі жақтан тіреледі. Сосын орындықтан басқа қолмен келесі жаққа лақтырып, сау аяқты тірейді. Ал отыру үшін сол қимыл-қозғалыстарды қайталаймыз. Екі балдақты жарақаттанған жағына қоюынан бастап, орындық немесе креслоның түзу тұрғанына сенімденіп, науқас арқасын тіктеп отырады. Балдақпен жүргенде екі балдақты да 30см ге алға және аяқ саусақтарына қарай 15-20 см қашықтықта қоямыз. Баспалдақпен көтерілгенде немесе түскенде келесі әдісті қолданған жөн. Науқас екі балдақты да бір қолға ұстап, оларды ішінен бас бармақпен тіреп екінші қолымен баспалдақ ұстағышына ұсталынып қозғалады. Көтерілгенде балдақтарды тұрған деңгейде қалдырады. Сосын дене массасын біркелкі балдақтарды ұстап тұрған қолға және баспалдақ ұстағышын ұстап тұрған қолға таратады. Ең алдымен сау аяқты бір баспалдақ жоғары көтеріп, содан соң оны түзеп балдақтарды алға жылжытады. Ал түсекнде ең алдымен балдақтарды бір баспалдақ төмен түсіріп жарақаттанған аяқты түсіреді. Сосын бірдей екі қолға да тіреледі де, сау аяқты түсіреді. Бұл әдісті тар баспалдақпен жүргенде қолданған жөн. |