Мейірбике ісі негіздері Фельдшер. аудиториялық. 1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология
Скачать 2.3 Mb.
|
5. Сыртқы тәсілменқолданылмайтындәрілікзаттар: А) Таблеткалар В) Пластырь С) Майлар Д) Ұнтақтар Е) Балауыздар 6. Тіластына салу арқылы қабылдайтын дәрілердің артықшылығы: А) Ес-түссізжатқандақабылдауғаболатыны В) Ішектебаяусіңірілуі С) Асқазанішекжолынасоқпай, тез сіңіріліп бұзылмастан қанға түсуі Д) Ішек-қарынсөлінетерісәсеретуі Е) Дәрініңдозасынанықтаудыңқиынғасоғуы 7. Мұрынға, құлаққа, көзгетамызатындәрініқолданаралдындақандайтемпературағадейінқыздырукерек: А) 20-220С В)25-280С С) 28-300 Д) 30-350С Е) 36-370С 8. Тікішеккедәрілікзаттаренгізіледі: А) Таблетка түрінде В) Капсула түрінде С) Май түрінде Д) Ұнтақ түрінде Е) Балауыз түрінде 9. Дәрілік заттарды тыныс алу жолымен ішке дем алу арқылы енгізетін әдіс: А) Теріге май жағу В) Ингаляциялық С) Ауызарқылы Д) Парентеральды Е) Тікішек арқылы 1.10. Дәрістік кешен келесі бөлімдерді қамтиды: 1. Тақырып : Дәрілік заттарды парентеральды енгізу жолдары. Емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру. 2. Мақсаты:Студенттерге дәрілік заттарды парентеральды енгізу жолдары,емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру туралы түсінік беру. 3. Дәріс тезистері. Дәрілік заттарды парентеральды жолмен енгізу Парентеральды (ішек қарын жолына соқпай)- дәрілік заттарды инъекция жолымен енгізуге болады. Инъекцияны тканьге (тері,тері асты клетчаткасы, ет, сүйек) , тамырға (артерияға, венаға, лимфа тамырларына), қуысқа (іш, плевра, жүрек, буын). Инъекция - дегеніміз дәрілік заттарды тері ішіне, тері астына, бұлшық ет ішіне, сүйекке, жұлын каналына шприцпен жіберу. Бұл тәсіл асептика ережелерін қатаң сақтауды талап етеді, себебі асептикалық бұзылған кезде организмге ауру микробтары еніп, кейде өлім қаупін төндіргенге дейін асқынады. Сондықтан мейрбике аспаптарды зарарсыздауға дайындау ережелерін орындап, ңауқастың терісі мен қолдарын тазалап жууды, дәрігерлік заттарды парентеральді енгізу техникасын, ең бастысы, асептика ережелерін жараны инъекция туғызатын микроорганизмдерден сақтауды жақсы білуі тиіс. Дәрілік заттарды парентеральды тәсілмен енгізудің артықшылығы: 1) Еккен дәрінің тез әсер етуі 2) Дәрінің нақты мөлшерін есептей алуға болатыны 3) Егілген дәрінің әсері жоғалмай, жойылмай, төмендемей организмге тікелей әсер етуі. 4) Науқас есінен айырылғанда, құсқанда, жұтынуы қиындағанда дәрі енгізуге болатыны. Дәрілік заттарды парентеральды тәсілмен енгізудің кемшілігі: 1) Арнайы оқыған медицина қызметкерлерінің қатысуы 2) Асептика және антипетика ережесін сақтау 3) Инъекция орнында терінің зақымдануы Егу бөлмесі – әрбір емдеу сауықтыру мекемесінің белгілі бөлімі болып табылады. Мұнда егу бөлмесінің мейірбикесі дәрігердің тағайындалуларын орындайды. Егу бөлмесінің жабдықталуы: мейірбикенің жұмыс үстелі құралдар мен медикаменттерді сақтауға арналған шкаф АҚҚ өлшейтін тонометр, электроотсос тоңазытқыш, кушетка бактерицидті шам ультракүлгінді жедел көмек үшін дәрі дәрмек қобдишасы бикстер дезинфекциялаушы заттар шприцтер, қолғаптар, штативтер, контейнерлер, термометрлер шокқа қарсы заттар Егу бөлмесінің мейірбикесі міндетті түрде - хирургиялық халат - медициналық бас киім - екінші аяқ киім - бетперде - қолғап киіп жұмыс жасауы керек. Дәрілік заттарды тері ішіне құю Тері ішіне инъекциясын диагностикалық мақсатта, сондай ақ белгілі бір жердің ауырғанын жеңілдету үшін қолданады. Бұл тәсіл белгілі бір дағдыларды қажет етеді. Ұзындығы 2-3 см-ден аспайтын әрі саңылауы тар, кішкентай ине таңдау керек. Осындай тәсілмен диагностикалық аллергиялық сынақтар өткізеді, сондай-ақ науқастың дәрі-дәрмекке сезімталдығын анықтайды. Теріасты инъекциясы және дәрі жіберу. Тері астындағы май қабаты қан тамырларына өте бай болуына байланысты, дәрілік заттар неғұрлым тез әсер етуі үщін теріасты инъекциясы қолданылады. Әсіресе болбыр тері асты клетчаткасы тең сіңіретін әрі оған тигізбейтін дәрі ерітінділері жіберіледі. Тері асты инъекциясын жасағанда ірі тамырлар мен нерв сабақтарының қашық болуы керек. Инъекция үшін неғұрлым қолайлылары иықтың сыртқы беті немесе білектің қәрі жілік жағы, жауырын асты, жамбастың алдыңғы беті, құрсақтың бүйір жағы және қолтық қуысының төменгі бөлігі. Терінің бұл бөліктерін жиырып ұстауға оңай және қан тамырларын, нервтерді және сүйек қабығын зақымдау қаупі төнбейді. Тері асты май клетчаткасы іскен немесе алдыңғы салынған инъекциялардан қалған тығыздалған жерлерге инъекция жіберуге болмайды. Мейрбике ине тыққан жердің тығыздалып қалғанын немесе қызарғанын қөрсе 40 % спирт ерітіндісінен қыздырғыш компресс салып немесе басқы (грелка) қойып қыздыру керек бұл жөнінде емдейтін дәрігерге хабарлауы тиіс. Дәрілік заттарды бұлшық етке енгізу. Бұлшық еттерде қан және лимфа тамырларының қең жүйесі бар, сондықтан дәрінің тез әрі түгел тарауына мүмкіндіктер жасалады. Егер тері асты енгізу кезінде дәрілік заттар ауыртып, тез тарамаса, сондай-ақ терапевтік нәтиже алу қажет болған жағдайда дәріні теріасты құю бұлшық етке енгізумен ауыстырылады. Бұлшық етке арналған инъекцияны дененің белгілі бір жерлеріне; бұлшық ет тканінің қабаты мол жерге, ірі қан тамырлары мен нерв талшықтарынан қашық жасау керек. мысалы. бөксе, іш және ұршық бұлшық еттеріне. Бұлшық етке инъекция үшін инесініңжуандығы 0,8-1,5мм және ұзындығы 8-10 см «Рекорд», Люэр шприцтерін пайдаланады. Иненің ұзындығы теріасты клетчаткасы қабатының қалыңдығына байланысты, себебі инені салғанда ол теріасты май қабатынан өтіп, бұлшық ет арасына жетуі тиіс. Бұлшық етке инъекция үшін неғұрлым ыңғайлы жер бөксенің тұсы бірақ шонданай нерві мен ірі қан тамырлары өтетіндіктен инъекцияны тек оның жоғарғы сыртқы шаршы төртбұрышына қою керек, оны бөксені ойша төртке бөліп, анықтауға болады. Бұлшық етке негізуде көбінесе антибиотиктерді, магний сульфатын, сарысуларды қолданылады. Дәрілік заттарды венаға енгізу. Венаға дәрілік заттарды осындай тәсілмен енгізгенде, ол тікелей қанға түсіп, дереу әсер етеді. Шамалы мөлшердегі дәріні венаға енгізуді дәрігер немесе жақсы үйренген процедуралық мейрбике жасайды. Ол үшін инесін жақсылап таңдап алған,сыйымдылығы 10-20мл шприц, резеңке таспа, спирт және зарарсызданған Инъекциялардан кейін болатын асқынулар: асептика ережелерін бұзу мен өтпейтін инені қолдану әртүрлі қабыну процестеріне әкеліп соқтырады қателесіп гипертониялық ерітініні енгізу ұлпалар некрозына әкеледі тамырға майлы препараттарды енгізу майлы эмболияға соқтырады гематома (тері астына қан ұюы) көктамырға дұрыс пункция жасамағаннан болады некроз (өлі еттену) күшті қоздырғыш препараттарды енгізу кезінде тері астына кетуінен болады ауа эмболиясы көктамырға инъекция жасау барысында абайсызда ауа кетіп қалғанда пайда болады сепсис – асептика ережелерін бұзған жағдайда болады анафилатикалық шок – дәрі енгізуіне ағзаның жедел аллергиялық реакциясы, артериялық қысым жедел төмендеп, аллергиялық реакциясының жергілікті белгілері пайда болады. 4.Иллюстративті материал. Презентация 5. Әдебиеттер. 1.С.Қ.Мұратбекова«Мейірбике ісінің негіздері» 308-331-беттер 2.С.А.Мухина, И.И.Тарновская «Мейірбикелікіснегіздері»пәнінепрактикалықбасшылық – 295-303 беттер 6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс) Тест-бақылау. I -Нұсқа 1.Зарарсыздандыру дегеніміз: А.Адамды қоршаған ортадағы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою В.Қоршаған ортадағы құрт-құмырсқаларды жою С.Таңғыштар мен инструменттердегі микроорганизмдер мен олардың ұрықтарын жою Д.Жуу ерітінділерін ағыздырып,жою Е.Кемірушілерді жою 2.Бу тәсілімен 132*С- 2атм залалсыздандыруда, залалсыздандыру сапасын анықтауға қолданылатын индикаторлар: А.Бензой қышқылы. В.Жәй күкірт. С.Мочевина, никотинамид. Д.Янтарь қышқылы. Е.Левомицетин. 3.Залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу үшін қандай диохлор қолданылады? А.5% В.10% С.3% Д.1% Е.10% 4.Залалсыздандыру алдындағы тазалықтың сапасын анықтау үшін қолданылатын азопирам сынамасы оңды болған кезде пайда болады: А.Көк-жасыл түс В.Көк-ала түс С.Қызғыш түс Д.Қызыл түс Е.Сұрғұлт түс 5.Ине мен шприцтерді залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізгеннен кейін қан қалдықтарын анықтау үшін қандай сынама қолданылады? А.Бензедин,амидопирин В.Фенолфталеин С.Азопирам Д.Ортолуидин. Е.Янтарлы 6.Бумен залалсыздандырылған құрал-заттарды сақтау мерзімі: А.7 тәулік В.3 тәулік С.24 сағат Д.10 тәулік Е.12 сағат 7.Жұмсақ бязде залалсыздандырылған заттар сақталады: А.1 тәулік В.2 тәулік С.3 тәулік Д.5 тәулік Е.10 тәулік 8.Кушеткідегі кленкіні сүртеді: А.1% диохлор ерітіндісімен В.0,5% диохлор С.Жуу ерітіндісімен. Д:3%сутегі тотығымен. Е.1%диохлор ерітіндісімен 15 минут аралығында 2 рет 9.Залалсыздандыру дегеніміз: А.Зиянды құрт-құмырсқаларды жою В.Патогенді флораларды жо С.Микрофлораларды және олардың ұрықтарын жою Д.Ауру тудыратын жәндіктерді жою Е.Адамды қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою 10.Көп қолданылатын құралдарды бумен залалсыздандыру тәсіліндегі залалсыздандыру режимі: А.132*С-2атм-20минут В.120*С-4атм-20минут С.180*С-3атм-20минут Д.120*С-1,1атм-20минут Е.120*С-1,5атм-20минут 11.Залалсыздандыру алдындағы тазалықтың сапасын анықтау үшін алу қажет: А.Тазартылған заттың10% -ін В.Тазартылған заттың 5% -ін С.Тазартылған заттың 1% -ін Д.Тазартылған заттың 15%-ын Е.Тазартылған заттың100%-ын 12.Құрғақ ауа шкафының залалсыздандыру температура деңгейі: А.100*С-60 минут В.180*С-60 минут С.120*С-40 минут Д.100*С-40 минут Е.180*С-40 минут 13. Теріастына енгізілетін иненің көлемі: А. 1 мл, 15 мм В. 2 мл, 20 мм С. 5 мл, 60 мм Д. 10 мл, 40 мм Е. 20 мл, 40 мм 14. Бұлшықетке иньекцияны енгізеді: А. 5◦ В. 15◦ С. 45◦ Д. 30◦ Е. 90◦ 15. Теріастына иньекцияны енгізеді: А. 5◦ В. 15◦ С. 45◦ Д. 30◦ Е. 90◦ II-нұсқа 1. Манту сынамасында туберкулинді енгізеді: А. Теріастына В. Терішіне С. Бұлшықетке Д. Көктамырға Е. Сүйек ішіне 2. Бұлшықетке иньекция енгізу жері: А. Іш пердесінің алдыңғы бетіне В. Жауырын астына С. Білектің ішкі ортаңғы бөлігіне Д. Жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігіне Е. Шынтақ бүгілісіне 3. Терішіне иньекция енгізу жері: А. Іш пердесінің алдыңғы бетіне В. Жауырын астына С. Білектің ішкі ортаңғы бөлігіне Д. Жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігіне Е. Шынтақ бүгілісіне 4.Ашық ыдыста залалсыздандырылған мед.инструменттер сақталады: А.2 тәулік В.3 тәулік С.5 тәулік Д.7 тәулік Е. сол бойда қолданады. 5.Процедуралық бөлмеде жұмыс аяқталған соң жұмыс столын сүрту қажет: А.3% дез. ерітіндісімен В.5% дез. ерітіндісімен С.1% дез. ерітіндісімен Д.0,5% дез. ерітіндісімен Е.15% дез. ерітіндісімен 6.Залалсыздандыру дегеніміз: А.Зиянды құрт-құмырсқаларды жою В.Патогенді флораларды жо С.Микрофлораларды және олардың ұрықтарын жою Д.Ауру тудыратын жәндіктерді жою Е.Адамды қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жо 7.Көп қолданылатын құралдарды бумен залалсыздандыру тәсіліндегі залалсыздандыру режимі: А.132*С-2атм-20минут В.120*С-4атм-20минут С.180*С-3атм-20минут Д.120*С-1,1атм-20минут Е.120*С-1,5атм-20минут 8.Зарарсыздандыру дегеніміз: А.Адамды қоршаған ортадағы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою В.Қоршаған ортадағы құрт-құмырсқаларды жою С.Таңғыштар мен инструменттердегі микроорганизмдер мен олардың ұрықтарын жою Д.Жуу ерітінділерін ағыздырып,жою Е.Кемірушілерді жою 9.Бумен залалсыздандырылған құрал-заттарды сақтау мерзімі: А.7 тәулік В.3 тәулік С.24 сағат Д.10 тәулік Е.12 сағат 10.Жұмсақ бязде залалсыздандырылған заттар сақталады: А.1 тәулік В.2 тәулік С.3 тәулік Д.5 тәулік Е.10 тәулік 11.Залалсыздандыру алдындағы тазалықтың сапасын анықтау үшін алу қажет: А.Тазартылған заттың10% -ін В.Тазартылған заттың 5% -ін С.Тазартылған заттың 1% -ін Д.Тазартылған заттың 15%-ын Е.Тазартылған заттың100%-ын 12.Құрғақ ауа шкафының залалсыздандыру температура деңгейі: А.132*С-20 минут В.180*С-60 минут С.120*С-45 минут Д.100*С-40 минут Е.180*С-40 минут 13.Залалсыздандырылған крафт-пакет сақталады: А.2 тәулік. В.3 тәулік С.4 тәулік Д.5 тәулік Е.6 тәулік 14.Қандай вирустік гепатит ауруы медицина қызметкерлеріне қауіпті: А.Вирустік гепатит А В.Вирустік гепатит В С.Вирустік гепатит С Д.Вирустік гепатит Е Е.Вирустік гепатит не А емес,не В емес. 15. «Аурухана ішіндегі инфекция» ішінде бірінші орынды алады: А.Ішек инфекциясы В.Тері қабының инфекциясы С.Іріңді-септикалық инфекциясы Д.Тыныс мүшелерінің инфекциясы Е.Туберкулез қоздырғышы Тапсырма.Ситуациялық есептерді шешу. Есеп№1 Емшара бөлмесіндегі медбике жұмыс барысында науқастың қаны еденге тамып кетті. Сұрақ: 1.Медбикенің іс-әрекеті? №1 есептің жауабы:еденге жұққан қанға зарарсыздандыру ерітіндісін 1 сағатқа құйып қоямыз, содан кейін сүртіп аламыз. Есеп№2 Емшарада жұмыс жасап жатқан медбикенің қолына науқастың инесі кіріп кетті. Сұрақ: 1.Медбикенің іс-әрекеті? №2 есептің жауабы:ағынды суда қолын жуады,басшылыққа хабар береді,медбике мен науқас АҚТБ анализіне қан тапсырады, 72 сағат ішінде антиретровирусты препараттарды қолдану қажет. |