Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабын жасау үшін не қажет

  • Сабынды қалай қайнатамыз

  • химия сабын жоба. Секциясы Химия Жобаны таырыбы Сабынды олдан жасау технологиясы


    Скачать 33.98 Kb.
    НазваниеСекциясы Химия Жобаны таырыбы Сабынды олдан жасау технологиясы
    Дата17.02.2023
    Размер33.98 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлахимия сабын жоба.docx
    ТипДокументы
    #941885

    KVK BOLASHAQ

    Сабынды қолдан жасау технологиясы, ғылыми жоба.

    Секциясы: Химия

    Жобаның тақырыбы: «Сабынды қолдан жасау технологиясы»

    Қатысушылар: Қуаныш Нұрдана Тилеуханқызы, Тұрмағанбетова Ақсана Елдосқызы (ШТ-22-3)

    2023 жыл

    Пікір:

    Мен, сабынды қолдан жасауды дұрыс деп ойлаймын.Себебі, біз сабынды қолдан жасайтын болсақ оның құрамында қандай қоспалар бар екенін біле аламыз.Дүкеннің сабынын сатып алатын болсақ, оның құрамында нақты қандай қоспалар бар екенін біле алмаймыз.

    Соның салдарынан кейбір адамдар сабыннан аллергия алып жатады.Мысалы өзімнің басымнан дәл сондай жағдай өтіп,балам аллергия алған болатын.Содан кейін өз қолымнан сабын жасап үйрене бастадым.Сабын жасау технологиясы ежелден келе жатқан кәсіптің бірі.Ата-бабамыздан бізге жалғасуда.Бізде болашақ жастарға пайдалы,зияны жоқ сабынды қалай жасауға болатынының технологиясын үйретіп,көмектесуіміз керек!

    Мен сабынды қолдан жасау технологиясын қолға алып, қыздарыма сабынның қандай түрлері бар екендігін айтып және оларға үйде сабынды оңай түрде жасауды үйретемін.Сабынды қалай жасайтының қыздарыма үйреткенімнің өзі бір үлкен бақыт!!!

    Мазмұны:

    Кіріспе.............................................................6

    1.Негізгі бөлім .............................................................7

    1.1.Сабынның пайдасы.............................................................9

    1.2.Сабынның түрлері.............................................................12

    II.Зерттеу бөлімі

    2.1.Ата-бабамыздың қолдан сабын жасау технологиясы.............................................................16

    2.2.Қолдан жасалған сабын несімен пайдалы? .............................................................16

    2.3.Өз қолымыздан табиғи сабын жасау.............................................................16

    III.Қорытынды.............................................................17

    Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................17

    Анотация

    Зерттеу мақсаты:Ұлтымыздың сабын жасау дәстүрін жаңғыртып,күнделікті тұрмыста,үй жағдайында сабын жасап үйрену.

    Міндеттері:

    1.Сабынды қалай дұрыс жасау керектігін біліп үйрену

    2.Сабын туралы толыққанды ақпарат беру

    Ғылыми болжам:Күнделікті тұрмыста әр отбасы сабынды дайындау дәстүрін ұмытпай ,келер үрпаққа мұра етіп қалдырады.

    Өзектілігі:Күнделікті тұрмыста сабынды жасап оның емдік қасиеттерін ескере отырып, экологиялық таза өнімді пайдалану.

    Зерттеу кезеңдері:

    1.Мәлімет жинау

    2.Сабынның шығу тарихы мен жасау технологиясы туралы мәліметтерге шолу

    3.Зертханалық бақылау

    4.Жетекшімен бірге тәжірибе арқылы сабын жасау

    5.Талдау жасау

    6.Сабынның пайдасын зерттеу

    Зерттеу тәсілдері: ақпаратты жинап,танысу ,жоспарлау, талдау, салыстыру, іздену, зерттеу.

    Зерттеу жаңашылдығы: Сабын жасау дәстүрін зерттеу жұмысы арқылы жаңғыртып,жетілдіру,қолдан сабын жасап,тұрмыста қолдануға ұсыным жасау,аллергиялық аурулардан сақтану үшін пайдалы сабындарды пайдалану.

    Кіріспе

    Біз бұл тақырыпты таңдағанда өте көп ойландық.Бұл жобадағы тақырып өзекті болу керек деп шештік.Ең сонында қазіргі өзекті мәселелердің бірі сабынды жасау технологиясына тоқталдық.Жобаны жасамас бұрын көп ойланып,іздендік.Қазіргі таңдағы жастарға үй жағдайында сабынды қолдан жасау технологиясы туралы толыққанды айтқымыз келді.Үй жағдайындағы жасалған сабынның пайдасы өте көп.

    Сабындардың көбін Ресей елінен,Европа елдерінен шығарады екен.Біздің елімізден шығаратын сабын түрлері өте аз.Осы мақсатта бізде қолдан сабын жасап көруді ұйғардық.

    Сабынның әр түрлі түрлері бар.Және әр қайсысына әр түрлі қоспа қосылады.Оның ішінде пайдалысыда,зияндысыда бар.Зиянды сабын түрлерінен көптеген адамдар зардап шегіп жатады.Сабынды алып қолданбастан бұрын оның құрамы мен уақытын көріп алу қажет.Көптеген сабындар аллергия шақырады бұлда соның зардабынан.Біз тоқтала келе дүкеннен сабын сатып алғаннан қарағанда өзіміз үй жағдайында сабынды жасай отыра оны қолдансақ дұрыс деген шешімге келдік.Себебі өте көп.Соның бірі біз сабынды жасағанда оған қандай қоспа қосылатының ,сол қоспалардың пайдалы немесе пайдасыз екендігін біле отыра жасаймыз.Сонымен қоса өзіміз сабынды жасауды үйреніп ғана қоймай өзге іні-қарыңдастарымызғада үйретудеміз.

    Осы химиялық жоба арқылы біз сіздерге сабынның жасалу технологиясымен бөлісіп ғана қоймай,оның пайдасымен ,зиянымен бөлісетін боламыз.

    1. Негізгі бөлім.



      1. Сабынның пайдасы.

    Отбасында қолданылатын кір сабынның немесе иісті сабынның да өзге қолдану әдісі мен пайдасы мол.

    1. Дәрі-дәрмектен, улы заттардан абайсызда уланғанда немесе сәбилер метал заттарды жұтып қойғанда, аздап сабын суын ішкізіп, емханаға жеткізуден бұрын шұғыл құтқару жүргізуге болады.

    Қолдануда көңіл бөлетін тұстар: әсте көп мөлшерде ішкізіп жіберуге болмайды. Таза сабынды жұқа жапырақтап турап, қайнаған жылы суға ерітеді. Сосын, ересек адамға 300-500ml, ал балаларға 100-200ml ішкізсеңіз улы зат құсықпен бірге түседі. Және матал заттардың асқазанды зақымдауынан сақтана тұруға болады.

    2.Күйікке (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады.

    3.Газ шелегінен газ қашу жағдайы туылған сәтте сабынды жылытып саңлауына жақсаңыз тоқтата тұруға болады.

    4. Қымбат метал сағаттың білекке тиіп тұратын бөліктеріне сабын жағып, құрғақ шүберекпен сүртіп тастасаңыз тердің металды бүлдіруінен сақтануға болады.

    5.Қабырғаға немесе ақ бұлға қыл қаламмен жазу жазарда түрлі-түсті сияға аздап сабын ертіндісін қоссаңыз жазу тіпті де айқын түседі әрі ұзақ мерізімге жазудың өңі ағарып кетпейді.

    6. Қабырғаға қағаз жапсырғанда, аздап сабын ертіндісін қоссаңыз қағаз оңай жапсырылады және желімнің қабыршықтанып түсуінен сақтана аласыз.

    1.2.Сабынның түрлері

    Балалар сабыны

    «Балаларға арналған» деген сөзді естісек, сабынды дәстүрлі түрде қауіпсіз, таза деп қабылдаймыз. Дұрысы – бейтарап деу, себебі, бұл сабындардың стандартты өндірілуі аллергия тудыруға қабілетті компоненттерді қосуда тартыншақтайды. Сіздердің ашық, қанық түсті балалар сабынын көрмейтіндіктеріңізді осылай түсіндіреміз. Сондай-ақ, бұл сабындарға жұмсартқыш, емдегіш (ланолин, түймедақ, календула, жебіршөп т.б.) компоненттер қосылады. Бұлардың мөлшері жеткіліксіз болғанымен, сезімтал терілі немесе аллергиясы бар адамдарға абайлап қолдануға болады.

    Косметикалық сабын

    Француз тілінің сөздігіне үңілсек, toilette сөзінің екі мағынасын көреміз: біріншісі – «тазалау», екіншісі – «ретке келтіру». Иіссулық сабын (туалетное мыло) да дәл осындай қасиеттерге ие. Теріні тазарта отырып, күтім көрсетесіз. Себебі, косметикалық сабынның құрамына крем (сыртындағы орамында «крем-сабын» деген көрсеткіш болады), глицерин, дәрілік шөптердің сығындысы, ланолин, күтім көрсететін өсімдік майы кіреді. Косметикалық сабын күн сайынғы қолданыс үшін де жарайды, терінің құрғауын, қартаюын қайтарады. Алайда, бұл сабын қосымша күтімнің (крем жағу сияқты) қажеттілігін жоққа шығармайды.

    Сабын-скраб

    Аталған өнімді сатып алмас бұрын сабынның құрамындағы қатты бөліктерге дайын болу керек. Олар тері бетіндегі өлі жасушаларды алып тастау үшін енгізілген. Олар синтетикалық (мәселен, полиэтиленді) та, табиғи (ұсақ кофе, құлпынай сүйегі) да болуы мүмкін. Сол себепті, скрабты сабынды негізгі қолданысқа алмаңыз, онымен аптасына бір рет қана жуыну керек.

    Парфюмерлік сабын

    Барлық ерекшелігін сөзсіз түсіндіріп тұрған әдемі атау. Яғни, бұл сабынның тек қана иісін бағалаңыз. Сізге иіс ұнап тұрса да, ұзақ уақыт сақталып, иіссудың орнын алмастыра алады деп үміттенбеңіз. Бәрібір үнемдей алмайсыз. Іш киімдерді жусаңыз ұтылмайсыз, ұйқы алдында да жуынып қоюға болады.

    Бактерияға қарсы сабын

    Сөйлейтін атауы бар тағы бір сабын. Бұлардың құрамында 90%-ға дейінгі тірі организмдерді өлтіретін триклозан деген зат болады. Яғни, бұл өнім арнайы мақсатта қолданылады. Сабынды көкке шыққанда, теңізге барғанда, жараны тану кезінде залалсыздандырушы құрал ретінде пайдаңызға асырыңыз. Қиындығы көп терімен күрес үшін антибактериалды сабынды сатып алу үлке қателік. Бұл сабынды күнде қолдану арқылы терінің иммунитеті мен дымқылдылығын құртасыз.

    Шипалы сабын

    Сабындар шипалы сығындыларымен жиі мақтанғандығымен, олардың концентрациясы емдеуге қабілетсіз болып келеді. Алайда, саны көптің арасында сапалылар да бар. Тек маман кеңесімен таңдасаңыз жетіп жатыр. Мәселен, қарамайлы сабынды синтетикалық түстендіргіш, иістендіргіштерсіз дайындайды. Қайың қарамайының қою, өткір, шайырлы иісіне екінің бірі шыдай бермейді. Қарамай мен күкірт – халықтың тері қиындықтарымен күресте мойындаған құралы. Қабыну, іріңдеу, ұшыққа қарсы қолдансаңыз болады. Алайда, барлық теріге бірдей қолдануға тыйым салынады.ъ

    Табиғи сабын

    Ең алдымен еске салатынымыз: табиғи сабын мен қолдан жасалған сабын бір емес. Қанық түстер мен жағымды иістер арнайы бояғыштар мен иістендіргіштердің (шиенің, шабдалының, жасыл алманың, құлпынайдың эфир майлары, бұлар табиғатта кездеспейді) қосылғандығынан хабар береді. Қолдан жасалатын сабындарға да күйдіргіш сода мен май қосылады. Бұл жерде сабын қайнатушының арына байланысты, ол қандай шикізат қосады, мәзірін дұрыс жасай ма? Себебі, сабын қайнату асқан жауапкершілікті, пропорция бақылауын талап ететін жұмыс. Бір грамм майдың жетіспеуінің өзі химиялық күйікке апаруы мүмкін. Екінші жағынан сабын қайнатушы нағыз маман болса, жолымыз болды дейік. Ондай сабын кокос, пальма, жүгері, манго, жожоба, майларымен, глицерин сығындысымен, бал, сүтпен байытылады. Екеуінің де сыртқы түрі сүйкімсіз болғанымен, құрамы әлдеқайда сапалы болады. Табиғи сабын алғыңыз келсе, глицериндіге тоқтаңыз, олар түссіз әрі біртегіс келеді.

    Калий сабыны

    Бұл сабынды сұйықтардың қатарына жатқызуға болады, дегенмен сыртқы көрінісі пастаны немесе сары майды еске түсіреді. Өндіру үшін күйдіргіш сақар (поташ) мен улы калий қолданылады екен. Дәл осы әдіспен хаммамға (түрік моншасы) арналған атақты бельди дайындалады. Бельдидің 30 пайызын ұнтақталған дәрілік шөптер құрайды. Моншаға арналған сабын скрабты, нәрлендіргіш, жұмсартқыш құралдарды алмастыра алады. Бельдиді қолдану үшін моншаға бару міндетті емес, өзіңізді еркелеткіңіз келсе үйде де жуыныңыз (өте қатты қабынуларға қарсы пайдаланбаңыз). Кемшілігі – сабынды кетіру үшін едәуір уақыт жұмсайсыз.

    II.Зерттеу бөлімі

    2.1.Ата бабамыздың қолдан сабын жасау технологиясыБіздің ата-бабаларымыз да сабынды ерте кезден-ақ қолдан қайнатып жасап шығару тәсілдерін білген. Қазақтардың негізгі күнкөріс тіршіліктері малмен тығыз байланысты болған. Малдың жүнін,етін,сүтін ең аржағы тезегін де тұрмыс қажеттілігіне пайдаланған. Қазақтардың малдың жілік сүйектерін жинап қазанға салып асықпай қайнататын болған.Сүйек қайнап жатқанда алдын ала жинап кептіріп қойған алабота шөбін өртеп,оның күлін жинап, қазандағы сүйектің майы әбден шығып сарқылғанда сүйектерін сүзіп алып тастап,дайын алабота күлін салып әбден қоюланғанша оқтаумен былғап отырып қайнатады. Қайнап-қайнап суы сарқылып қою қоймыжыңға айналғанда қазанды оттан алып, салқындатып, сабынның пішініне келтіріп жасаған. Мысалы,екі алақанның ортасына қысып сопақша сабын жасағанда оның атын "алқынды"сабын деп атаған. Кесеге салып нығыздап түсіріп алған сабынды "бұзаубас"сабын деп атаған. Бұл сабындардың бір ерекшелігі кірді жақсы ашатындығы және көпке жететіндігі болған. Әжелеріміз майға сақар қосып «қара сабын» жасаған. Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар. Сол әдіс бойынша сексеуілді жинап алып, өртейді

    Жанып болған сексеуіл, күлін суығаннан кейін кендір қалтаға салып, жинайды. Егер күлдің қорытындысы кесек-кесек болса , ондай қорытпадан мол сақар алуға болады. Көп сақар алу үшін де күл көп болуы керек. Жиналған күлді шиден жасалған шыптаның үстіне жайып, айналасын кенеулеп, ойыққа төгіп, астына тегене қойып, сосын күлдің үстіне қайнап тұрған суды құяды.Төмендегі аққан сумен бірге күлдің сөлі, нәрі сумен бірге аға береді. Тегенеге аққан суды тұндырып алып, тұнған суды тұнбасынан айырып , майланған қазанға құйып қайнатады.

    Әбден тазалап жуылған, майланған қазанға бір кесе сақар салып, оның үстіне дәл сол кесемен қойдың немесе басқа малдың екі кесе майын қосады. Бұл жерде қандай малдың немесе ненің майын қосуына байланысты өзара теңшемелі бұл өлшем өзгеруі де мүмкін. Қазан үлкен болса, үш - төрт кесе сақар салып, соған сай май құйылады да, еппен қайнатылады. Қазан қайнаған сайын оны арнайы ағаштан жасалған қалақшамен үзбей араластырып отырады. Бұл күймей, барлығы бір қалыпты қайнау үшін қажет шара. Қазан үш рет қайнайды. Әр рет қайнаған сайын, бетіне суық су бүркіп, ожаумен аздап құйып отыру керек. Үшінші рет қазан тасыған соң барып, қазандағы араласпаны болды деуге болады. Бір қазан сабынды ыстық күйінде сабынға бөлудің де өз жөні бар. Егер жасаған сабын көп болса, үлкен сабыннан екі - үшеуін домалақтап, арнайы матаға әдемілеп орау ләзім. Мұндай сабындар ғажайып - табиғи қара сабын.

    2.2.Қолдан жасалған сабын несімен пайдалы?

    Қолдан жасалған сабын дүкен сөрелерінде сатылып тұратын сабындардан әлде қайда пайдалы.Өз қолынмен жасаған сабынның құрамындағы қоспалардың қандай екендігін біле аламыз.

    Әрине сабын болғандықтан оған пайдалы ,құнарлы,дәрумендері мол нәрселерді қосамыз.

    Яғни қолдан жасалған сабынның дәрумендері мол.Оны қорықпай қолдана берсекте болады.Неге дүкендесі сабындар зиян дитін болсақ.Дүкендегі сабындардың ішінде неше түрлі химиялық қоспалар қосылған.Әр түрлі зиянды жақтары бар.

    Сонын ішінде біздің терімізге теріс әсерін тигізуі мәлім.Онда химиялық белсенді қоспалар болғандықтан әр түрлі аллергиялар шақырып терімізді майлы немесе құрғақ қылып,қышытып,безеу шығаруы мүмкін.Тіпті кейбір шашқа арналған сусабындардын өзі біздің шашымызға зиян болып шашымызды бүлдіріп,түсіруі мүмкін.

    Өзіміз өз қолымыздан қазақи жолмен неше түрлі қоспаларды қосып жасасақ бұлда біздің ұлттық нақышымыздың бірі болады.

    2.3.Өз қолымыздан табиғи сабын жасау

    Үй жағдайында сабын қайнату – өте жағымды және шығармашылық процесс. Себебі, сіз оған өзіңіз қалаған қоспаларды қосып, кез келген рецепт бойынша дайындай аласыз. Сізге тіпті өзіңіздің жеке рецептіңізді ойлап тауып, дайын өнімге кез келген түс пен түрлі пішін жасауыңызға болады. Қысқасы, өз қиялыңыз жеткенше жасай бересіз. Ал сабын қайнату процесі әркімге де ләззат сыйлайтыны сөзсіз.


    Сабын жасау үшін не қажет?

    - Үккіш.

    - Ыдыс.

    - Екі кастрөл (үлкен және кішкентай).

    - Дүкенде сатылатын арнайы сабынды негіз (орнына бояу мен қоспасыз балалар сабыны жарайды)

    - Сабынды массаны езуге таза су немесе шөп қайнатпасы.

    - Негізгі май (бадам майы, өрік, шабдалы, кокос және зәйтүн майы тб.)

    - Глицерин және Е дәрумені. Бұларды кез келген дәріханадан табасыз. Және шынымен сапалы әрі пайдалы табиғи сабын дайындағыңыз келсе, бұларды міндетті түрде қосыңыз. Себебі, Е дәрумені теріге өте жақсы әсер етеді – оны қоректендіріп, серпімділігі мен тегістігін жақсартады, құрғақтықтан қорғайды. Ал глицерин теріні жақсы жібітіп, ылғалдандырады.

    - Эфир майлары. Бұл міндетті компонент емес, оның ұнаған түрін өз қалауыңызға қарай таңдаңыз.

    - Сабынға арналған қалыптар. Міндетті түрде арнайы қалып сатып алудың қажеті жоқ – кез келген пластмасса, шыны не саздан жасалған ыдыс та жарай береді.

    Сонымен қатар, сізге сабынға арналған әр түрлі табиғи қоспалар қажет болады. Бұл өзіңізге ұнаған өсімдік пен шөп болуы мүмкін. Оларды жасайтын сабыныңыздың косметикалық сипатына қарай таңдайсыз. Мысалы, егер сабынға үгілген сұлы ұны қосылса, ол майлы теріге арналған керемет құрал болып шығады. Ал цитрустылардың қабығын қоссаңыз – целлюлитке қарсы тұруға көмектеседі. Үйде жасалған сабын құрамына какао немесе кофе салсаңыз – ол скраб-сабынға айналады. Ал егер сабынның косметикалық сипатына анық талабыңыз болмаса, қырмызы не түймедақ сияқты әмбебап шөптерді қоссаңыз болады.


    Сабынды қалай қайнатамыз?

    Үлкен және кішкентай екі кастрөлді алыңыз. Үлкеніне толтырмай су құйып, отқа қойыңыз. Кіші кастрөлді үлкенінің ішіне салыңыз – осылайша су моншасын жасайсыз.

    Енді балалар сабынын ұсақ үккіштен өткізіңіз (оны алдын ала жылытып алуға болады) немесе арнайы сабынды негізді дайындаңыз.

    Үлкен кастрөлдегі су қатты қызғанда, кішкентай кастрөлге аздап зәйтүн майын құйыңыз – әр 100 гр сабынға 2 ас қасық майдан есептеңіз. Май бірден дерлік ысиды, енді оның үстіне сабын ұнтағын себу керек. Артынша 100 мл ыстық су (не шөп қайнатпасын) құйып, араластырыңыз. Егер сіз сабынды арнайы дайын негізден жасасаңыз, су құйып қажеті жоқ. Егер балалар сабынынан қайнатсаңыз, қоспаның тым қою болып кетпеуін қадағалаңыз – оның консистенциясы құймаққа арналған қамырға ұқсас болуы тиіс, ал сабынды негізден жасалғаны біршама сұйық болып шығады.

    Сабынға бояғыш, қоспа және дәрумендерді қосыңыз. Эфир майларын ең соңында, қалыпқа құяр алдында қосасыз.

    Қоспаны қалыптарға құйыңыз. Балалар сабынынан жасалған қоспа болса, қалыпты алдын ала майлап алған дұрыс (зәйтүн, шабдалы, өрік, бадам майы, т.б.).

    Жасалу жолы осымен аяқталды, енді қалыпқа құйылған балалар сабынының негізіндегі қоспаны 4-5 сағатқа, ал сабынды негізден қайнатылғанын 1-2 сағатқа қойыңыз. Осы уақыттан кейін сабынды қалыптан алуға болады. Егер оңай шықпаса, қалыпты бірнеше секундқа ыстық суға батырыңыз. Дайын сабынды целлофан немесе аспаздық қаптамаға орап қою қажет.

    Байқағаныңыздай, сабын дайындау соншалықты қиын емес. Бірнеше рет жасап көргеннен кейін, сіз табиғи сабынның түр-түрін шебер жасай аласыз. Мысалы, түрлі-түсті, қосқабатты, аралас сабындар жасауға болады.

    Мұндай сабын жақын адамдарыңызға керемет сыйлық болары сөзсіз: пайдалы, табиғи және өз қолыңызбен жасалған...

    Қорытынды: Жалпы біз бұл жобада сабынның үй жағдайында қалай жасалуын үйрендік.Әр мәселені ашып сабын туралы толыққанды ақпарат бердік.Сабынды үйде жасауға болады деген болжам дәлелденді.

    Сабынды қолдан жасау өте қызықты және қиын емес екеніне көзіміз жетті.Бұл сабын жасау тақырыбы бізді сабын жасауға одан әрі қызықтырды.

    Сондықтан болашақта дәл осылай үй жағдайында өз қолымызбен сабын жасау түрлері мен үлгілерін үйренуді жоспарлап отырмыз.

    Болашақ жастарғада сабынды тез әрі жылдам қолдан үй жағдайында жасауды үйретіп,таза тері мен салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз!!!!!

    Ұсынысымыз:

    1.Химиялық қоспаларсыз үй жағдайында түрлі сабын жасау;

    2.Қоспасыз жасалған сабындардың пайдасын көріп,отбасыларыңызбен қолдануға кеңес беремін.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    Kk.m.wikipedia.org

    https:// Kk.m.wikipedia.org

    https:// massaget.kz

    https:// baribar.kz


    написать администратору сайта