Главная страница
Навигация по странице:

  • 6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс) 1 тапсырма Тест-бақылау І -нұсқа

  • 1.4 Тақырып

  • 3. Дәріс тезистері. Асептика дегеніміз - пациент организміне микроорганизмнің енуін алдын алуға

  • Мейірбике ісі негіздері Фельдшер. аудиториялық. 1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология


    Скачать 2.3 Mb.
    Название1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология
    АнкорМейірбике ісі негіздері Фельдшер
    Дата17.01.2023
    Размер2.3 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлааудиториялық.docx
    ТипДокументы
    #890159
    страница4 из 13
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

    4.Иллюстративті материал. Презентация

    5. Әдебиеттер.

    1.С.Қ.Мұратбекова«Мейірбике ісінің негіздері»

    308-331-беттер

    2.С.А.Мухина, И.И.Тарновская«Мейірбикелік іс негіздері» пәніне практикалық басшылық Мәскеу,2014ж, 155-173 беттер

    6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

    1 тапсырма

    Тест-бақылау

    І -нұсқа

    1. Ойылуды болдырмау үшін, науқастың төсектегі қалпын қанша сағат сайын өзгертеді:

    А. 2 сағат

    В. жарты сағат

    С. 1 сағат

    Д. 6 сағат

    Е. 3 сағат

    2. Тері тесілудің алдын -алу үшін науқастың төсектегі қалпын өзгерту қажет:

    А. 0,5 сағат сайын

    В. 2 сағат сайын

    С. 4 сағат сайын

    Д. 6 сағат сайын

    Е. 8 сағат сайын

    3. Алғашқы ойылу белгілері:

    А. терінің бозарып қызаруы, көкшілденуі

    В. эпидермистың сыдырылуы

    С. терінің күлдіреуі

    Д. ұсақ нүктелі бөрітпенің пайда болуы

    Е. Эпидермистың сыдырылуы, терінің бозарып қызаруы, көкшілденуі

    4. Науқасты денесін (терісін) күтуге керек заттар

    А.орамал, табақ, дәке, 1-2 қасық сірке суы қосылған 0,5 литр жалы су

    В.дәке 3 % сутегі асқын тотығы, орамал, мақта тампоны

    С. 2 % гидрокарбонат натрий, мақта тампоны, шпатель

    Д. 0,1% фурациллин ерітіндісі, дәке, лоток, пинцет

    Е. 5 % гидрокарбонат натрий, мақта тампоны, шпатель

    5. Мацерация дегеніміз

    А. терінің баздануы

    В.терінің өлі еттенуі

    С.терінің іріңдеуі

    Д.терінің былжырауы

    Е.терінің баздануы, терінің өлі еттенуі

    6.Төсекті ауыстыруға керекті заттар

    А. көпшік тыс, клеенка қап

    В. дәрет ыдысы, таза ақ жайма, көпшік

    С. клеенка қап, көпшік тыс, таза ақ жайма

    Д. көрпе, ақ жайма, клеенка қап

    Е. ақ жайма, дәрет ыдысы

    7.Ойылудың бірінші белгісіне тән өзгерістерді көрсетіңіз

    А Іріңдеуі.

    В. шіру

    С. күлбір пайда болу

    Д. еш өзгеріс болмауы

    Е. тері қызарып, ісіп, қабыршақтану

    8.Ойылу дегеніміз

    А. терінің қағынуы

    В. терінің өлі еттенуі

    С. терінің астына қан құйылу

    Д. терінің іріндеуі

    Е. терінің баздануы

    9. Ойылуды болдырмау үшін, науқастың төсектегі қалпын қанша сағат сайын өзгертеді:

    А. 2 сағат

    В. жарты сағат

    С. 1 сағат

    Д. 6 сағат

    Е. 3 сағат

    10. Төсекті ауыстыруға керекті заттар

    А. клеенка қап, көпшік тыс, таза ақ жайма

    В. дәрет ыдысы, таза ақ жайма, көпшік

    С. көпшік тыс,көрпе, клеенка қап

    Д. көрпе, ақ жайма, клеенка қап

    Е. ақ жайма, дәрет ыдысы

    ІІ -нұсқа

    1. Халы ауыр науқастың төсегін ауыстырудың неше тәсілі бар?

    А. 1

    В. 2

    С. 4

    Д. 3

    Е. 6

    2. Ойылудың бірінші белгісіне тән өзгерістерді көрсетіңіз:

    А. Іріңдеуі

    В. шіру

    С. күлбір пайда болу

    Д. еш өзгеріс болмауы

    Е. тері қызарып, ісіп, қабыршақтану

    3.Ойылу дегеніміз:

    А. терінің қағынуы

    В. терінің өлі еттенуі

    С. терінің астына қан құйылу

    Д.терінің іріндеуі

    Е. терінің баздануы

    4.Тері тесілудің алдын алу үшін науқастың төсектегі қалпын өзгерту қажет:

    А. 0,5 сағат сайын

    В. 2 сағат сайын

    С. 4 сағат сайын

    Д. 6 сағат сайын

    Е. 8 сағат сайын

    5. Пысынау дегеніміз

    А. терінің қызаруы

    В.терінің өлі еттенуі

    С.терінің іріңдеуі

    Д.терінің былжырауы

    Е.терінің баздануы, терінің өлі еттенуі

    6. Ойылудың бірінші белгісіне тән өзгерістерді көрсетіңіз:

    А. тері қызарып, ісіп, қабыршақтану

    В. Шіру

    С. күлбір пайда болу

    Д. еш өзгеріс болмауы

    Е. іріңдеу

    7. Төсекті ауыстыруға керекті заттар

    А. клеенка қап, көпшік тыс, таза ақ жайма

    В. дәрет ыдысы, таза ақ жайма, көпшік

    С. көпшік тыс,көрпе, клеенка қап

    Д. көрпе, ақ жайма, клеенка қап

    Е. ақ жайма, дәрет ыдысы

    8. Мацерация дегеніміз

    А. терінің баздануы

    В.терінің өлі еттенуі

    С.терінің іріңдеуі

    Д.терінің былжырауы

    Е.терінің баздануы, терінің өлі еттенуі

    9. Ойылудың бірінші белгісіне тән өзгерістерді көрсетіңіз

    А. тері қызарып, ісіп, қабыршақтану

    В. шіру

    С. күлбір пайда болу

    Д. еш өзгеріс болмауы

    Е. іріңдеу

    10) Науқастың жыныс мүшесін жууға керекті ерітінділер:

    А. 3% сутегі асқын тотығы.

    В.2% сода ерітіндісі.

    С.10% камф ара спирті

    Д.жылы су, әлсіз ақшыл қызыл түсті перманганат калий ерітіндісі

    Е. 96% этил спирті

    1.4 Тақырып: Залалсыздандыру. Бөлмелерді жинауға қойылатын санитарлы-эпидемиялық шаралар

    2. Мақсаты. Залалсыздандыру, бөлмелерді жинауға қойылатын санитарлы эпидемиологиялық талаптар туралы түсіндіріп,оқыту үйрету.

    3. Дәріс тезистері.

    Асептика дегеніміз - пациент организміне микроорганизмнің енуін алдын алуға бағытталған шаралар жиынтығы. Ол зарарсыздандыру және залалсыздандыру жолдарымен микробтар мен олардың ұрықтарын жою арқылы жетеді.

    Антисептика дегеніміз - жаралардағы микробтарды жоюға, жарада микробтардың дамуына жол бермейтін және олардың ұлпаларда әрмен қарай терең кетпеуі үшін бағытталған шаралар жиынтығы.

    Антисептика алдын алу және емдік болып бөлінеді. Жараларға және пациент организміне микроорганизмдернің енуіне жол бермеу мақсатында алдын-алу антисептикасы қолданылады (манипуляциялар алдында мед.персоналдың қолын жууы, инъекция орнын антисептиктермен сүрту).

    Емдік антисептика механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және аралас болып бөлінеді.

    Механикалық антисептика жаралардағы өлген және езілген ұлпаларды, ұйып қалған қанды, өзге заттарды алып тастау үшін және жараны бөлінген сұйықтықтардан тазарту үшін қолданылады.

    Физикалық антисептика жарадағы микробтардың дамуына жағдай туғызбайтын тәсілдерді қолдану, - жараны кварцевать ету, жарадағы іріңдер мен сұйықтықтардың сырқа шығуын жақсарту үшін гипертониялық ерітінділерді қолдана отырып жараға әр-түрлі дренаждар мен турундылар салу.

    Химиялық антисептика микробтарға қарсы әсері бар әр-түрлі дәрілерді қолдану. Бұл заттар антисептикалық деп аталады ( этил спирті, перменганат калий, йод, сутегі тотығы және т.б.).

    Биологиялық антисептика дегеніміз антибиотиктерді, сывороткаларды, вакциндерді, бактериофагтерды және т.б. қолдануы.

    Аралас антисептика дегеніміз антисептиканың бірнеше түрін қолдану.

    Медициналық құралдарды зарарсыздандыру тәсілдері.

    *Қайнату тәсілі – дистелдық су қолданылады – 98*С – 30 мин - әйнектен, темірден, полимер материалдарынан, резеңкеден жасалған заттар зарарсыздандырылады.

    *Бумен – дымқыл тығыз бу Р=0,5 Мпа – 110*С – 20 мин - әйнектен, темірден, резеңкеден, латекстен, полимерден жасалған заттар зарарсыздандырылады.

    *Ауамен – құрғақ ыстық ауа – 120*С – 45 мин - әйнектен, темірден жасалған заттар зарарсыздандырылады.

    Залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу және оның сапасын бақылау.

    Залалсыздандыру алдында белоктарды, майларды және механикалық, дәрілермен ластанудан тазарту үшін барлық заттар залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өтуі керек.

    Құрастырылған заттар залалсыздандыру алдындағы тазалықтан бөлінген түрде өтуі керек. Жуу ерітіндісінің біреуін даярлау керек: жуу ұнтағы «Лотос» - 5 г, пергидроль27,5% - 17 мл; натрия олеат- 1,4 гр; су - 1л дейін; температурасын 50*С дейін жылыту, жуу ұнтағы «Биолат» - 5 гр; су- 1 л дейін; температурасын 40-45*С дейін жылыту және инструментерді жуу ерітіндісіне 15 минутқа малып салып қою керек.

    (зарарсыздандыру этапынан өткізіп, ағынды суға шайғаннан соң).

    Әрбір затты жуу ерітіндісінде мақта-дәкелі тампонмен 0,5 минут жуу керек.

    Заттарды ағынды суға шаю («Лотос» жуу ерітіндісімен жуған кезде-10 мин, «Биолат» -3мин). Заттарды 0,5 минут дистелдік суда жуу керек.

    Залалсыздандыру алдындағы тазалық сапасын анықтау керек (бақылаудан өткізуге заттардың тек 1% алады, 3-5 единицадан кем болмауы керек).

    азопирам сынамасы – универсалді сынама Азопирам ерітіндісін даярлау: құрғақ «А» ұнтағы мен «СА» ұнтағының компоненттерін құрғақ ыдысқа салып, араластыр. Қосындыға 95% этил спиртін 100мл-ге шейін қосып, ингредиенттері толық араласқанға шейін араластыру керек. Даярланған негізгі ерітіндіні ауызы нық жабылған флаконда +4*С температурада (тоңазытқышта) 2ай сақтауға болады, ал қоңыр ыдыста немесе қараңғы жерде 18-23*С температурада 1 ай сақтауға болады. Сақталу процесінде реактивтің кішкене сарғаюы оның сапасына әсерін тигізбейді. Тазалық сапасын анықтау үшін сынама жасар алдында жұмыс ерітіндісін даярлау қажет. Ол үшін тепе-тең мөлшерде негізгі ерітіндімен 3% пироксид сутегісін араластыру керек. Жұмыс ерітіндісі малынған тампонмен тексерілетін заттарды сүрту немесе 3-4 тамшы ерітіндіні пипеткімен заттарға тамыздыру немесе қуысты заттарды ерітіндімен ішін толтырып 0,5-1 минуттан кейін реактивті дәкелі салфеткіге құю керек. Реакция 1 минуттан аралығында болады.Реактив лас бөлшекпен байланысқанда күлгін (фиолетовое) түске өзгереді, ол теп тез бірнеше секунд ішінде бозқара немесе қоңыр түске ауысады.1минуттан кейін пайда болған түс есептелмейді. Азопирам гемоглобинді, пероксидазды, хлораминді, хлорлы әкті, жуу ұнтақтарын, хром қоспаларын және даттарды, қышқылдарды анықтауға қолданылады. Қоңыр түске ауысуы көбіне даттар мен құамында хлоры бар заттар болған кезде байқалады.Қалған жағдайда қызғылт-бозқара түске ауысады. Тексерілетін заттардың температурасы 25*С-ден кем болмауы керек. Жұмыс ерітіндісі 1-2 сағат аралығында қолданылуы керек. Егер сынама оңды болса инструменттердің барлық партиясы қайтадан теріс сынама болғанға шейін тазартылады. Инструменттерді құрғақ ауа шкафында 80-85*С температурада құрғағанға дейін құрғату қажет.Залалсыздандыру тәсілдері Залалсыздандыру – дегеніміз микробтар мен олардың ұрықтарын, токсиндерін толық жою. Емдеу және алдын-алу мекемелерінде залалсыздандыруға жара бетімен, қанмен немесе инъекциялық препараттармен, кілегейлі қабықтармен байланысқан (тиген) заттардың бәрі залалсыздандырудан өту керек.1.Құрғақ ауамен залалсыздандыру (құрғақ ауа шкафында)Залалсыздандыру режимі 180*С – 60 минут – темірден, әйнектен, силикон резеңкесінен жасалған заттарды залалсыздандыруға арналған. Қораптағы заттар – 3тәулік, ал бос жатқан заттар залалсыздандырған бойда қолданылады. 160*С – 150 минут. 2.Химиялық залалсыздандыру (химиялық препараттардың ерітінділері) пероксид сутегісінің 6% ерітіндісі 18*С – 360 минут - полимерлік материалдар, әйнек, темір, резеңке 50*С – 180 минут - заттарын залалсыздандыру үшін.Дезоксон -1, 18*С – 45 минут - залалсыздандыру тәсілдері.3.Бумен (автоклавирование)Залалсыздандыру сапасын бақылау.Залалсыздандырудан өткен заттардың бәрі залалсыздандыру сапасын анықтаудан өту керек. Сол үшін емдеу және алдын-алу мекемелерінде мынадай бақылау тәсілдері қолданылады. *Физикалық – залалсыздандыру сапасын анықтау мақсатында стерилизаторлар мен автоклавтарда орналастырылған термометрлер, таймерлер, манометрлер, түрлі-түсті индикаторлар көмегімен бақылау жүргізеді. Физикалық бақылау тәсілі температура, қысым және басқа залалсыздандыру процесінің параметрлері туралы мағлұмат беріп отырады. Физикалық бақылау тәсілі бойынша заттар толық залалсыздандырудан өтті деуге болмайды, өйткені ол тек залалсыздандыру камерасының жұмысын ғана бақылайды.*Химиялық – залалсыздандыру сапасын анықтау мақсатында химиялық индикаторларды қолдану (лентілер, қағаз кесінділер, химикаттардың түйіршіктері, түтікшелер, залалсыздандырудың параметрлерінің бір деңгейіне жеткен кезде өз түстерін немесе агрегаттық жағдайын өзгертуі).Химиялық индикаторлар залалсыздандырылататын қораптардың ішіне немесе сыртына салынады. Егер индикаторлар түсін өзгертіп немесе еріп кетсе, онда заттар залалсыздандырылған, ал егер индикаторлар түсі толық өзгермей, ерімесе, онда заттардың залалсыздануы болмаған (заттар не тығыз салынған немесе камера жұмысына күш көп түскен)*Биологиялық – залалсыздандыру сапасын анықтау мақсатында қағаз қорабына салынған бактерия спорларын сіңдіріп, кептірген қағаз кесінділерді (3 М КОМПЛАЙ-СПОРО-ЧЕКС) немесе пластикалы флакон құрамында ұрықтары бар кесінділе (3 М АТТЕСТ) Сонымен қатар, емдеу және алдын-алу мекемелерін СЭС жылына екі рет, емдеу мекемесіндегі бактериологиялық лаборатория айына бір рет жоспарлы тексеру өткізеді, ал инструменттерді, таңғыш материалдарды, опер блокты, хирург және мейірбике қолын – жетісіне бір рет залалсыздандыру сапасына тексеру өткізеді. Бу қысымында залалсыздандыру (автоклавта) Емдеу мекемелерінде автоклавта залалсыздандыру 2 тәртіппен жүргізіледі.Бірінші тәртіп: бөзіден, дәкеден (таңғыш заттарды, киімдерді), шыныдан,датқа төзімді металдан жасалынған құрал-жабдықтарға арналған. 1-ші тәртіп- қызуы 132°С, қысымы 2 атм., уақыты 20 минут. Екінші тәртіп: жұқа резеңкеден, латекстен (хирургиялық қолғап), және полимерден, пластмассадан жасалынған құрал-жабдықтарға арналған. 2-ші тәртіп- қызуы 120°С, қысымы 1,1 атм., уақыты 45 минут. Бу қысымымен залалсыздандыратын барлық құрал-жабдықтар арнайы қорапқа (бикске), екі қабатты мақта- қағаз матасына немесе қалың қағазды крафт-пакетке буып-түйіп, оралып салынады.Залалсыздандырудың сақталу мерзімі оның салынған затына байланысты.Фильтрлі биксте 20 тәулік, фильтрсыз биксте 3 тәулік.Залалсыздандыру жағдайында екі қабатты мақта- қағаз матасына және қалың қағазды крафт-пакетке сақтау 3 тәулікке дейін сақталады. Залалсыздандыруды бақылау үшін автоклавтың көтерілу температурасына еру температурасы сәйкес келетін белгілі бір заттар қолданылады. Залалсыздандырудың дұрыс өткізгендігін көрсету үшін кейде бояғыштар қолданылады. Күкүрт, бензой қышқылы-еру температурасы 120°С. Ыстық құрғақ шкаф.Ыстық құрғақ шкаф залалсыздандыру - шыныдан, металдан және силиконды резинадан жасалынған құрал-жабдықтарға арналған. Құрал-жабдықтар құрғак күйінде ылғал өткізбейтін қағаз қапшыққа орап немесе ашық күйінде орамай залалсыздандыру жүргізіледі.Ашық күйінде орамай залалсыздандырылған құрал-жабдықтар залалсыздандырылып болғаннан кейін сол бойда, ал оралғандар-3 тәулік бойы қолданылады.Ыстық құрғақ шкафта-залалсыздандыру тәртібі: - қызуы 180°С, уақыты 60 минут.Ыстық құрғақ шкафтағы жұмыс реті:

    1. Салқын стерилизаторға салу жүргізіледі.

    2. Қыздырады

    3. Залалсыздандыру:залалсыздандыру уақыты басталады керекті залалсыздандыру қызуынан (180°С), ұстау уақытына жеткенге дейін (60минутқа)

    4. 40-50°С-қа дейін салқындатады

    5. Шығарып алу.

    Залалсыздандыруды бақылау үшін ыстық құрғақ шкафтың көтерілу температурасына еру температурасы сәйкес келетін белгілі бір заттар қолданылады. Залалсыздандырудың дұрыс өткізгендігін көрсету үшін кейде бояғыштар қолданылады.Гидрохинон, тиомочевина-еру температурасы 180°С. Залалсыздандырудың химиялық тәсілі. Залалсыздандырудың химиялық тәсіліне қолданылады химиялық ерітінділер мен арнайы газдар. Химиялық ерітінділер:

    1. 6% сутегіні асқын тотығы-қызуы 50°С, уақыты 180-минут немесе қызуы 18°С, 160минут.

    2. Лизоформин ерітіндісі-3000-2,5-3%, қызуы 40-50°С, уақыты 60-минут.

    Шыныдан, датқа төзімді емес металдан, резеңкеден және полимерден жасалынған құрал-жабдықтарға арналған.Құрал-жабдықтар ерітінділерге толығымен салынып, уақыты біткеннен кейін 2 рет залалсыздандырылған суда жуады. Сосын залалсыздандырылған ақжайма төселінген залалсыздандырылған ыдысқа салынып тығыз жабылып 3 тәулік бойы сақталады, немесе қолдану үшін залалсыздандырылған үстелдің үстіне салынады. Заттарды залалсыздандыру үшін шыны, пластмасса немесе сырлы ыдыс қолданылады.

    Таңғыш заттарды бикске жинақтау ережесі.

    Әзірлеңіз: Белгісі бар бикске арналған шүберек, бикстың ішкі жағына төсеуге арналған ақжайма, таңғыш заттар, залалсыздандыруды тексеруге арналған 3 дана индикатор, бөлімше, салынған күні, мейірбикенің қолы қойылып, көрсетілген бирканы, зарарсыздандыру ерітіндісі.

    Алгоритм іс әрекеттері:

    1. Бикстың ақаусыздығын тексер.

    2. Бикстың ішін және сыртын зарарсыздандыру ерітіндісі батырылған шүберекпен 2 рет сүрт.

    3. Таңғыш заттарды салуға әзірле.

    4. Бикстың сеткасын аш.

    5. Бикстың түбіне және қабырғасына ақжайма төсе, оның шеті бикстың 2/3 биіктігінен төмен түсіп тұрсын.

    6. Бикстың түбіне индикаторды салыңыз.

    7. Таңғыш заттарды қабатымен салыңыз: тұрғызып, үйінді етіп бос салыңыз.

    8. Бикстың ортасына индикаторды салыңыз.

    9. Түбіне жайған ақжайманың шетін қабыстырып, қайырып үстін жабыңыз.

    10. Ақжайманың үстіне бикстың қақпағының астына индикаторды салыңыз.

    11. Бикстың қақпағын жауып, бөлімше, салынған күні, мейірбикенің қолы қойылып, көрсетілген бирканы, бикстың қақпағына байлаңыз.

    12. Бикстың бүйіріндегі саңылауды ашыңыз.

    Бөлмелерді күнбе-күн жинастыру.

    Ауруханалардағы бөлмелер міндетті түрде ылғалмен тазаланады. Тазалауға арналған құрал саймандар - еден жуғыш таяқ, шелек, сүрткіш және т.б. белгіленуі керек (мыс, палатаға арналған, тамақ тарататын бөлмеге арналған. Дәретханаға арналған, дәрі егу бөлмесіне арналған, т.б.). Күнделікті және негізгі тазалау түрлері бар. Күнделікті тазалық күнде 2 реттен кем емес және қажет кезінде атқарылады. Негізгі тазалау: еденді , қабырғалар мен төбені жуу аптасына 1 рет жүргізіледі. Ылғалды тазалау үшін 0, 5 % хлорлы әк ерітіндісі немесе 1 % хлорамин колданады. Осы ерітінділер әр науқастан кейін кушетканы, кленкадан жасалған жапқыштарды, төсек орындарын сүрту үшін де қолданылады. Кушеткадағы төсек әр науқастан кейін ауыстырылып отыруы керек.Бөлмелердің ауасын тазалау тәулігіне 3-4 реттен кем болмау керек, ал дезинфекциялық заттармен ылғалды тазалау 2 реттен кем болмауы керек.Дәрі егу, операциялық, манипуляциялық және т.б арнайы белмелерді ылғалды тазалаудан кейін кварцілеу өткізіледі.

    ІҮ. Өзіндік жұмыс

    Студенттер игерген іс-дағдылар бойынша берілген тапсырмаларды стандарттарға сай өз бетімен орындайды.Залалсыздандыру – бұл әдіс залалсыздандырған материалдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді. Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдар және бөлек диагностикалық аппаратуралар түрлері, медициналық құралдар, пайдалану процессінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.

    Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді:

    1 кезең – зарарсыздандыру,

    2 кезең – залалсыздандыру алдындағы тазарту,

    3 кезең – залалсыздандыру.

    I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру

    Мақсаты: жұкпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

    Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін: 2-ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді) қақпағымен, белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес; №1-ыдыс зарарсыздандыру ертіндісімен құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтыктардан жууға тағайындалған; №2-ыдыс зарарсыздандыру ерітіндісімен медицинада заттарды зарарсыздан-дыруға тағайындалған; бирканы (таңбаны); арнайы киімді (халат, маска, қолғап); пайдаланған медицинада тағайындалған заттар; лотоктар.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    - арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;

    - 2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;

    - ыдыстар мен қақпақ белгіленеді: заттын аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;

    1-ші ыдыста

    - пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардын ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

    - медицинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;

    2-ші ыдыста

    - медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

    - оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;

    - ыдысты қакпақпен жабыңыз;

    - зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;

    - зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалған құралдарды шығарыңыз;

    - № 2-ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз;

    - медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз;

    - медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жуыңыз;

    - қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

    - медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


    написать администратору сайта