Главная страница

Балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріндегі. Балалар жне жасспірімдер спорт мектептеріндегі спортты жаттыу дайындытары


Скачать 18.17 Kb.
НазваниеБалалар жне жасспірімдер спорт мектептеріндегі спортты жаттыу дайындытары
Дата23.02.2023
Размер18.17 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаБалалар және жасөспірімдер спорт мектептеріндегі.docx
ТипДокументы
#952031

Балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріндегі

спорттық жаттығу дайындықтары

Еліміздегі балалар және жасөспірімдер спорт мектептері қазіргі таңда барлық қалаларда, аудан, облыс орталықтарында жұмыс істейді. Көптеген спорт мектептерінің бөлімшелері (филалдары) ауылдарда оқушылармен жаттықтыру жұмыстарын жүгізеді.

Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі мақсаты – оқушылармен жаттықтыру, тәрбие жұмыстарын жүргізу, спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету.

Міндеттері: оқушылардың денсаулығын нығайту, таңдап алған спорт түрлерінен қабілеттерін дамыту, халықаралық аренада спорт түрлерінен халқының, отанының намысын қорғайтын мықты ұл, қыздар өсіру, дене тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау, жалпы білім беретін мектептерге көпшілік спорт бағытында көмек беру, спортты насихаттау[13;62].

Спорт мектептері спорт түрлері бағыты бойынша арнайы және кешенді болып екіге бөлінеді. Арнайы спорт мектептері: қысқы спорт түрлері, спорт ойындары, жеке сайыс спорт түрлері мектептері деп, спорт түрлерінің бағыт ұқсастығына байланысты бөлінеді.

Кешенді спорт мектептеріне аудандардағы көп балалар жақсы көріп қатысатын спорт түрлері кіргізілген мектептер жатады. Ол спорт түрлері әр түрлі бағытта бола береді.

Спорт мектептері «Спорт мектептерінде оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастырудың тәртібі туралы ереже-регламент» бойынша жұмыс істейді. Ол ережеде спорт мектептерінің құрылымы, оқу топтарындағы сағаттар мен балалар саны, басқарушылар мен қызметкерлер сандары, ұйымдастыру мен жұмыс істеу тәртібі, дәрігерлік бақылау, жоспарлау мен есепке алу, есеп беру түрлері жазылған.

Спорт мектебінде жұмыс істеушілер құрамына: оқу жұмысының меңгерушісі, әдіскер-нұсқаушы, спорт түрлерінің жаттықтырушылары, дәрігер, шаруашылық меңгерушісі жатады.

Мектептің оқу жұмысының меңгерушісі оқу топтарының толықтығына, жоспарлауға, оқу құжаттарына, жаттығу кестелеріне, күнтізбелік жарыс жоспарларына, оның орындалуына, жаттығу сабақтарының сапасына, бапкерлердің білім көтеру курстарының уақытында өтуіне жауап береді.

Әдіскер- нұсқаушы оқу-тәрбие жұмыстарының дұрыс жүргізілуін бақылайды, әдістемелік, ұйымдастыру нұсқауларын береді.

Спорт мектептерінің оқу топтарын, топтардағы жаттығушылар санын оқу-жаттықтыру жұмысының тәртібін бекіту -2кесте


Жаттығу

топтары




Жаттығу жылдары

Оқу топтары мен

оқу-жаттықтыру жұмыстарының

тәртібі (аптадағы сағат саны)

Оқу топтарының саны

Спорт түрлерінің топтары


1


2


3


4

1. Спортшы оқушыларды спорт мектептерінің әр түрлі кезеңдеріне дайындау

Жоғары

спорттық шеберлік

Барлық уақытқа

32(36)

3

6

4

2

Спорттық жетілдіру

1 жыл

2 жыл

2 жыл-

дан жоғары

24

26

28

5

4

4

6

6 6

6

5

5

3

3

3

Оқу-жат-

тықтыру

1 жыл

2 жыл

3 жыл

3 жыл-

дан жоғары

12

14

18

20

8

8

6
6

12

12

12

12

10

10

8

8

5

4

4

3

Алғашқы дайындық

1жылдан жоғары

8

10

14

12

18

16

14

12

8

6

Спорттық сауықтыру

Барлық уақытқа

6

16

20

18

12

2. Жаттығушыларды дене тәрбиесі және спорттық мекемелерде дайындау

Спорттық секциялар

Барлық уақытқа

6

16

20

18

12

Спорттық сауықтыру

Барлық уақытқа

6

20

20

20

20

Жаттықтырушылар өз спорт түрлерінен жүргізілетін жаттығуларға, жоспарлау, есепке алу құжаттарының дұрыс сауатты толтыруларына, балалардың спорт түрлерінен жарыстарға қатысып, спорттық дәрежелері тұрақты жоғары өсіп отыруларына, жоғары спорттық жетістіктеріне жетуіне жауап береді[11;60].

Спорт мектептеріндегі спорт түрлерінің жаттығу сабақтарына денсаулықтары мықты, дәрігердің, ата-анасының, мектеп директорының рұқсатын алған оқушылар жіберіледі. Оларды іріктеу жұмыстары мектептің дене тәрбиесі сабақтарында, жарыстарында, мектептің жаттықтыру секцияларында жүргізіледі.

Жалпы білім беретін мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері спорт түрлерінен икемі бар оқушыларды спорт мектептеріндегі жаттықтыруларға бағыттап, ұсынып отырулары керек.


написать администратору сайта