Главная страница
Навигация по странице:

  • Нәжістен бөлінеді

  • Задача 33. Балалар жпалы аурулары


    Скачать 14.74 Kb.
    НазваниеБалалар жпалы аурулары
    Дата02.03.2021
    Размер14.74 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЗадача 33.docx
    ТипДокументы
    #181096

    Балалар жұқпалы аурулары

    Есеп 33

    Ұл бала, 6 айлық., 25 қазанда алғашқы АКДС вакцинациясын алды (инъекция сол жақ жамбасқа салынған) және алғашқы полиомиелитке қарсы вакцинация. 6 айға дейін бала неврологтың ұсынысымен профилактикалық екпе алынбады (ОЖЖ перинатальді зақымдануы).

    10 қарашада (вакцинациядан кейінгі 15 күні) дене температурасы 38,4° дейін жоғарлайды, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі пайда болды, тәулігіне 2 рет іртікті нәжіс болды. Келесі күні температурасы қалыпты жағдайда, ал 13 қарашада анасы оң жақ аяғында қозғалыстың шектелгенін байқайды. Осы күні емханаға барады, ол жерде баланы педиатр, невропатолог пен хирург қарап, ем алуға балалар жұқпалы стационарына жіберіледі.

    Стационарда қарағанда соматикалық патология анықталмады. Неврологиялық статуста: есі айқын, қолдары мен сол жақ аяғында қозғалыс активті – толық көлемде, оң жақ аяғында – қозғалыс жоқ. Қолдары мен сол жақ аяғында бұлшықет тонусі жоғары, ал оң жақ аяғында – гипотония, проксимальды бөліктерде айқын көрінеді. Қолдары мен сол жақ аяғында сіңір рефлекстері айқынырақ. Оң жақ аяғында тізе рефлексі шақырылмайды. Ахиллов – төмен. Сол жақта Бабинский симптомы оң, оң жақта – он теріс. Оң жақ аяғында тірегі жоқ. Қол мен аяқтарында ауырсыну сезімталдығы сақталған. Бас-ми нервтері жағынан – патология жоқ, менингиальды белгілер ішінен – шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі күмәндау.

    Ем алу барысында оң динамика анықталған, бірақ шығарған кезде (1 айдан соң) оң жақ аяғында бұлшықет гипотониясы қалды, төмен тізе рефлексі,оң жақ санның көлемі сол жаққа қарағанда 0,5 см кіші. Ауру басталғаннан 60 күннен соң: гипотония сақталады және оң жақ санның бұлшықет гипотрофиясы 1 см дейін өскен.

    Нәжістен бөлінеді  2 и 3 тип полиомиелит вирусына вакцинді штамдар.

    РН антидене титрінде 1 сарысуда 2 тип полиомиелит вирусы – 1:128, 2 сарысуда – 1:512.



    1. Клиникалық диагноз қойыңыз. 

    2. Диагнозды негіздеңіз. 

    3. Тексеріс жүргізіңіз. 

    4. Ем тағайындаңыз. 

    5. Диспансерлік бақылау. 


    написать администратору сайта