1 ИБ 2 такырып Елнур. Балаларды жпалы аурулары Онласынов Елнур Сыртатнама 21 Тлжатты блім
Скачать 20.41 Kb.
|
Балалардың жұқпалы аурулары Онласынов Елнур Сыртқатнама №21 Төлқұжаттық бөлім: Науқастың аты-жөні: Иванов Василий Туған күні: 20.10.2015 ж (5 жаста). Ауруханаға түскен күні: 28.10.20 ж Алдын – ала диагноз: Ауыз-жұтқыншақ дифтериясы,жергілікті формасы Шағымдары: Анасының айтуы бой-ша балада қызба (37,5-38*С), әлсіздік, тәбеттің болмауы, мойын ауыруы,мазасыздық,бас ауруы ж\е жұтынғанда ауру сезімінің бар екенін айтты Anamnesis morbi: Науқаста 27 күні(кеше) кенеттен дене температурасы 37,5*С-қа көтеріліп,тамақты жұтқан кезде ауру сезімі п.б. Басы ауырып, әлсіреді,мазасызданып, кешке қарай 1 рет құсты. Температурасы тағыда көтеріліп,оған анасы парацетамол (1 таб) берген. Температурасы түскен жоқ,сонымен қатар қалтырай(лихорадка) бастады. Сондықтан анасы жедел-жәрдем шақыртты. Anamnesis vitae: Бірінші жүктіліктен 2015 жылы Алматы қ-да №4 перзентханада еш асқынусыз дүниеге келді.Туылған кездегі салмағы - 3200 г. Бойы 51 см. Бас айналымының өлшемі -34 см. Кеуде айналымының өлшемі - 33 см. Туылғанынан табиғи жолмен 1 жасқа дейін тамақтанды. Қоспаны 6 айдан рационға енгізді. Физикалық дамуы ж/е нервтік-психикалық дамуы қалыпты. Жасына сай дамып жатыр. Балабақшаға 1,5 жасынан берілді. ЖРВИ-мен,тұмаумен ауырған. Әлеуметтік жағдайы қанағатанарлық. Ұлттық календарь бой-ша вакцинацияланған(толық емес). Бірінші ревакцинация(18 айлық) кезінде тұмаумен ауырғандықтан, вакцинация жасалынбады. Кейінірек келіп ревакцинация жасауға мүмкіндік болмады. Аллергологиялық анамнез: Пенициллин тобындағы препараттарға аллергиялық реакция бар. Эпид.анамнез: Анасының айтуы бой-ша соңғы 2 аптада ауылға барып келген, сонда бір бала баспамен ауырып жүрген екен. Науқас, сол баламен ж\е басқа балалармен алаңда ойнағанын айтты. Status praesens: Науқас жағдайы қанағатанарсыз, сана-сезімі анық емес. Төсектегі қалпы белсенді. Дене бітімі –нормостеникалық. Дене температурасы – 38*С. Тері жабындысы бозарған,тершеңдік басқан. Тургоры қалыпты. Status localis: Аузын ашып қарағанда: аңқа(зев) шектелген орташа қызару бар, бадамша без аймағында лас түсті жылтыраған жеңіл алынатын жабынды бар. Жұтынғанда ауырсынады. Бұрыш жақ ж\е жақ асты лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Тынысы везикулярлы, ТАЖ 22/мин, сырыл жоқ. Артериальды қысымы – 100\60 – қалыпты. Пульс – 110(температура жоғары көтерілгендіктен) Жүрек үні тұйықталған, ритмі синусты. Тілі ылғалды. Іш көлемі ұлғаймаған. Бауыр қабырға доғасының шетінде, көкбауыр анықталмайды. Зәр шығару еркін, ауырсынусыз. Аяқтың ісінуі жоқ. Зерттеу жоспары: Жалпы қан анализі Жалпы зәр анализі Биохимиялық қан анализі Тамақ пен жұтқыншақтан алынған жағындыны бактериологиялық талдау Серологиялық әдістер ПГАР: алғаш түскенде(1-3 күн) ж\е 7-10 күннен кейін қайта алады Күлге қарсы Ig M және Ig G анықтау мақсатында ИФА ПЦР-тест Аспаптық зерттеу: Тікелей ларингоскопия ЭхоКГ: жүрек жұмысын бақылау (миокардит болса дер кезінде анықтау) Жалпы қан талдауы: Лейкоцитоз,нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылауы
ЖЗА –еш өзгеріссіз
Серологогиялық зерттеу: ПГАР – 1:80. ИФА - IgM ж\е IgG антидене титрі – 0,02 АЕ\мл Бактериологиялық зерттеу: зерттеу материалында Corinebacterium dyphtheriae (Лейффлер бактериясы) тұқымдасы анықталды ПЦР-диагностика: C. Dyphtheriae – оң (положительный) Интерпретация: ЖҚА-де ағза айқын қабыну үрдісі жүріп жатқанын көріп тұрмыз. Серологиялық зерттеу кезінде күлге қарсы антиденелер титрі ж\е антитоксингенге қарсы АД титрі төмендеген(0,03АЕ\мл-ден төмен),сондықтан күл жұқтыру қаупі жоғарылайды. Бактериологиялық ж\е ПЦР-тест арқылы ауру қоздырғышын анықтадық. Емдеу жоспары: күлге күдіктенген жағдайда бірден госпитализация жүргізу. Дереу б\е Безредко әдісі бой-ша 10000-20000 ПДС(күлге қарсы сарысу) енгізу.Әрбір 3-6 сағатта пациентке мониторингті бірінші күні жүргізу. 14 күн антибиотиктермен емдеу. Баканализдердің екі рет теріс нәтижелерімен шығару. Антибиотиктер: Эритромицин (пенициллинге аллергия) 40-50 мг\кг күніне 4 рет. Дезинтоксикациялық терапия: декстроза мен натрий хлоридін енгізку. Ж\е Жауаптары: №1. Осы ауруға тән диагностикалық симптом мен синдром: жұтынудың ауырсынуы; шектелген орташа қызару; баспа синдромы; бадамша бездің бетінде жабынды п.б. №2. Клиникалық диагноз: Ауыз-жұтқыншақ типті күлі, жергілікті формасы,орташа ағымды, жіті түрі. №3. Негіздеу: ЖҚА-де ағза айқын қабыну үрдісі жүріп жатқанын көріп тұрмыз. Серологиялық зерттеу кезінде күлге қарсы антиденелер титрі ж\е антитоксингенге қарсы АД титрі төмендеген,сондықтан күл жұқтыру қаупі жоғарылайды. Бактериологиялық ж\е ПЦР-тест арқылы ауру қоздырғышын анықталды. Расталған диагноз қоюға негіз бола алады. №4. Емдеу жоспары: Күлге күдіктенген жағдайда бірден госпитализация жүргізу Дереу түрде 10000-20000 бірліктегі ПДС (КҚС) б\е Безредко әдісі бой-ша(анафилактикалық шок туындамау үшін) енгіземіз Әрбір 3-6 сағатта пациентке мониторингті бірінші күні жүргізу. 14 күн антибиотиктермен емдеу. Баканализдердің екі рет теріс нәтижелерімен шығару. Интоксикацияның ауырлығында т/і тәулігіне 20-50 мл / кг есептеу ерітіндідегі (органның барынша физиологиялық қажеттіліктері): 10% немесе 5% декстроза (10-15 мл / кг), 0,9% натрий хлориді (10- 15 мл / кг). №5. Профилактикалық ж\е эпидемияға қарсы шаралар қолдану: Балалардың 97-98 пайызын иммунизациялау(вакцинация). Науқасты жекешелеу (оқшаулау) Қатынаста болғандарды бақылау(7 күн) мен ЛБ(лейффлер бактериясына) жағынды алу Балалар үйіне түскен балаларды, мектеп-интернатқа түсушілерді,туб.инфекциясы бар санаторийден шыққандардан ж\е психоневрологиялық станцияда жатқан науқастарға бактериологиялық тексеру жүргізу қажет 16 жасқа дейінгі ж\е одан үлкен адамдарды егілмеген болса, шұғыл түрде АД-М н\е АДС-М анатоксинімен 1 рет егу |