Балалардың құсуы кезінде жедел көмек көрсету.
№
| Қадамдарды бағалау критерийлері
| 1
| Пациентті сәйкестендіру
| 2
| Мақсаты: құсуды тоқтату, негізгі ауруды анықтау
| 3
| Баланың басын көтеріңкі бір қырына қисайтып жатқызу
| 4
| Қысатын киімдерінен босату
| 5
| Таза ауамен қамтамасыз ету
| 6
| Құсқаннан кейін ауыз қуысын бөлме температурасындағы қайнаған сумен шаяды (емізулі балаларға инесіз шприц қолданады)
| 7
| Оральды регидратация(регидрон ерітіндісін беру) жүргізумен бірге, бұлшық етке церулин немесе прозерин егеді 0,1 мл бала жасына
| Балалардың тыныс жолдарының бөгде денелермен асфиксиясы кезінде
жедел жәрдем көрсету.
№
| Қадамдарды бағалау критерийлері
| 1
| Пациентті сәйкестендіру
| 2
| Мақсаты: Тыныс жолдарындағы бөгде затты сыртқа шығару
Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру, келісімін алу
| 3
| Алгоритм:
Баланы тыныштандыру, жөтелуіне жол беру
| 4
| Геймлих әдісін орындау:
- баланың бетін төмен қаратып көмекші тізесіне жатқызады
- алақаныңыздың төменгі жағымен баланың арқасынан
5 рет қағыңыз
| 5
| Жағдайын бағалау
| 6
| Нәтижесіз болса:
-баланы орындыққа тұрғызып, арт жағынан тұрып,
денесін құшақтап алыңыз
- бір жұдырығыңызды төстен төмен жерге
орналастырыңыз
- екінші қолды оның үстіне қойып, ішті төменнен
жоғары қаратып қиғашынан кенет қатты басыңыз
- бұл ем шараны 5 рет қайталаңыз
|
Гипертермиялық синдромда жедел көмек көрсету.
№
| Қадамдарды бағалау критерийлері
| 1
| Пациентті сәйкестендіру
| 2
| Мақсаты: дене қызуын қалыпқа(нормаға) түсіру
Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру келісімін алу
| 3
| Алгоритм: Баланы төсекке жатқызу
Кеудесін қысып тұрған киімін шешіп босату
| 4
| Таза ауамен қамтамасыз ету
| 5
| Дене температурасын өлшеңіз:
а) 37,0-37,5С болса, көп мөлшерде сұйықтық беру:
б) 37,5-38,0С болса, баланы шешіндіріп, физикалық салқындату жүргізу: баланың маңдайына салқын (су t°14°С) басу, әрбір 2 минутта ауыстыру немесе жөргекке оралған мұзды мұйық қою
в) 38,0-38,5С немесе жоғары болса, дене қызуын түсіретін препараттар беру: парацетамол (суспензия)
10-15 мг/кг салмағына немесе тайлол; тәуліктік дозасы 60 мг/кг аспауы керек
| 6
| 30 минуттан соң дене қызуын өлшеу
| 7
| «Ақ» лихорадка жағдайында(терісі бозарған, суық)
баланы жылыту (аяқ-қолдарына жылытқыш қою)
Ауыз арқылы көп мөлшерде жылы сұйықтықтарды беру
| 8
| Парацетамол(суспензия) 10-15 мг/кг салмағына беру
| 9
| Папаверин 2% ерітіндісін 0,1мл/жасына, немесе но-шпа 0,1мл/жасына, супрастин 0,1 мл/жасына бұлшық етке егу
Нәтижесіз болса, 1 сағат ішінде ауруханаға жеткізу
|
Балалар құрысып-тырысуында жедел көмек көрсету.
№
| Қадамдарды бағалау критерийлері
| 1
| Пациентті сәйкестендіру
| 2
| Мақсаты: құрысып-тырысуды басу
Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру, келісімін алу
БАБЖ бағдарламасы бойынша (0-5 жас) диазепамды туберкулиндік шприцпен (инесіз) ректальді енгізу
5 жастан асқан балаларға препаратты б/е немесе к/т енгізеді
| 3
| Алгоритм:
баланы тегіс жұмсақ жерге жатқызу
| 4
| қысып тұрған киімдерін шешу
таза ауамен қамтамасыз ету
| 5
| - басын бір қырына бұру, мойын астына валик қою
| 6
| - жоғары тыныс жолдарынан шырыштарды санациялау
| 7
| Диазепамды ректальды енгізу:
- ампуладан сұйық ерітіндіні туберкулиндік шприцке мөлшерін жинау(0,1 мл/кг), инесін шешу
| 8
| Шприцті тік ішекке 4-тен 5 см-ге дейін тереңдікке енгізіп ерітіндіні жіберу
Бірнеше минут жамбасын қысып ұстап тұру
| 9
| Жағдайын бағалау
|
Бронх демікпесі ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету.
№
| Қадамдарды бағалау критерийлері
| 1
| Пациентті сәйкестендіру
| 2
| Мақсаты: Бронх обструкциясын және тұншығу ұстамасын басу және тыныс алу қызметін қалыптастыру
Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру, келісімін алу
| 3
| Алгоритм:
Баланы жартылай отырғызу
Қысып тұрған киімдерін шешу
| 4
| Таза ауамен қамтамасыз ету
| 5
| Тез әсер ететін бронхолитиктер:
1 цикл (небулайзер арқылы) 0,5 мл сальбутамол 2,0 мл
дистильденген суда ерітіп береді
Ингаляцияны толық көлемде жүргізу
3 циклге дейін беруге болады
Ересек балалар үшін қалталы ингалятор пайдалануға болады
| 6
| Сальбутамол беру мүмкіндігі болмаса, адреналин(эпинефрин) тері астына 0,01мл/кг 1:1000 (жоғары доза 0,3 мл) 1 мл шприцпен егеді
| 7
| Оттегін беру(цианоз сақталып,сатурация 90% төмендесе)
| 8
| Тиімділігін бағалау (ентігу басылу, дем алудың жеңілдеуі)
| 9
| Нәтижесіз жағдайда, бас жағын көтеріңкі етіп, зембілмен ауруханаға жеткізу
|
Жіті стеноздаушы ларинготрахеит кезінде жедел көмек көрсету.
№
| Қадамдарды бағалау критерийлері
| 1
| Пациентті сәйкестендіру
| 2
| Мақсаты: Ларингоспазмды жою, тыныс алуын жеңілдету
Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру, келісімін алу
| 3
| Алгоритм:
Тыныштық жағдай орнату
Баланың бас жағын көтеріңкі етіп жатқызу
| 4
| Кеудесін қысатын киімнен босату
| 5
| Таза ауамен қамтамасыз ету
| 6
| Жылы сілтілі сұйықтық беру (боржоми немесе сүт)
| 7
| Баланы анасының тізесіне отырғызу
Баланың аяқ-қолдарын бекіту
Алақанын маңдайына қойып басын ұстау
| 8
| Небулайзердің арнайы ыдысына 2-4 мл физиологиялық ерітіндіге ерітілген 0,5 мл сальбутамол құю
Ингаляцияны толық көлемде жүргізу
Жағдайын бағалау
| 9
| Егер нәтиже бермесе, преднизолон 1-2 мг/кг немесе дексаметазон 0,6 мг/кг бұлшық етке енгізу
|
Жас балалардың жүрек-өкпе реанимациясын көрсету.
№
| Қадамдарды бағалау критерийлері
| 1
| Пациентті сәйкестендіру
| 2
| Мақсаты: бала өмірін сақтау іс шаралары
| 3
| Науқас бала мен құтқарушы үшін қоршаған ортаның қауіпсіздігіне көз жеткізу
сінің бар жоғын анықтау
Дем алмау немесе тұншығу
Пульсі 10 сек ішінде нақты анықталмау
| 4
| Жүрек тоқтауы куәгерлер көзінше болса:
Онда 2 мин ішінде ЖӨР жүргізіледі, куәгер жедел көмек шақырады
Куәгер болмаса, онда 2 мин ішінде ЖӨР жүргізіп, зардап шегушіні тастап, жедел мед көмек шақыру, қайта келіп ЖӨР жалғастыру
| 5
| Комрессия-вентиляция қатынасы: 30:2
| 6
| Минутына 100-120 рет жиілікте кеуде клеткасын компрессиялық қысуды жалғастыру
Әрбір 6 сек (1 мин/10 дем беру) 1 дем беруді жүргізу
| 7
| Компрессиялық қысу жиілігі минутына 100-120 рет
Тереңдігі 5 см (1 жастан асқан балаларға)
Тереңдігі 4 см (емшектегі балалар, ЖТБ басқалары)
| 8
| Қолды төс сүйегіне орналастыру орны:
а) 1-12 айлық балаға – 2-3 саусақ ұштарын төске қояды
б) 3-6 жасқа дейінгі балаларға бір алақанның проксимальды бөлігін төс сүйегіне қояды
в) 6-7 жастағы балаларға алақанның проксимальды бөліктерін айқастырып, көбелек тәрізді төс сүйегіне қояды
| 9
| Төс сүйегін төмен басу арқылы 0,5 сек ұстап тұрыңыз
Әрбір компрессиялық қысудан кейін кеуде клеткасының толық қалпына келуін күту
Кеуде клеткасын компрессиялық қысулар интервалы 10 секундтан артық болмау керек
| 10
| Жүрекке тікелей емес массаждың нәтижесі бір минут ішінде бағаланады (нәтижесі оң болса, жүрек соғысы қалыпқа келеді, қарашықтары кеңейеді, цианоз жойылады);
| 11
| Иық астына валик салу, басын артқа шалқайтып, иегін төмен тарту
Басын бір жанына қаратып, ауыз қуысынан шырыштарды, құсық массасынан электросорғышпен, медициналық үргішпен, дәкемен санациялау
| 12
| Баланың мұрнын қысып, аузына дәке салу
Терең дем алып өз аузыңызды тығыздап орналастырыңыз: баланың аузының және мұрнының үстіне (бір жасқа дейінгі балаларға) баланың аузының немесе мұрнының үстіне (ересек жастағы балаларға)
| 13
| Жеткілікті мөлшердегі ауа көлемі баланың кеудесі ақырын көтерілгенге дейін (2 рет дем береді)
Қайталап дем беруді өздігінен дем алғанға дейін жалғастырады
Жүрекке тікелей емес массажды жасанды деп берумен қатар өткізген жағдайда 30:2 қатынасында жүргізеді
|
Мұрнынан қан кеткенде жедел жәрдем көрсету.
№
| Қадамдарды бағалау критерийлері
| 1
| Пациентті сәйкестендіру
| 2
| Мақсаты: қан кетуді тоқтату
Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру, келісімін алу
| 1
| Алгоритм:
Тыныштық жағдай орнату
Баланың басын алдына еңкейтіп отырғызу
| 2
| Кеудесін қысатын киімнен босату
Таза ауамен қамтамасыз ету
| 3
| Мұрын қанатын қатты басу
Мұрын үстіне салқын, аяғына жылу басады
| 4
| Сутегі асқын тотығы ерітіндісіне батырылған мақта
тығынмен тиісті жақты тығындайды
| 5
| Нәтижесіз болса, дәрілерді: этамзилат немесе дицинон 0,1 мл/жасына бұлшық етке егеді
| 6
| Мамандарға жіберіп негізгі ауруды анықтау
| Синкопе жағдайында жедел көмек көрсету.
№
| Қадамдарды бағалау критерийлері
| 1
| Пациентті сәйкестендіру
| 2
| Мақсаты: талуда есін жинауға көмектесу
Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру, келісімін алу
| 3
| Іс-әрекеттер алгоритмі:
-бас миына қан келуін жақсарту мақсатында, аяқтарын көтеріп (30-45градус бұрыш) баланы горизонтальды жатқызу
| 4
| Қысып тұрған киімдерден босату
| 5
| Таза ауамен қамтамасыз ету
| 6
| Тыныстану орталығын рефлекторлы қоздыру мақсатында, беті мен кеудесіне салқын су бүрку
| 7
| мүсәтір спиртіне батырылған мақтаны 1-2 см қашықтықтан бала мұрнына иіскету жағдайын бақылау мақсатында, дем алуын, пульсін, АҚ қайта бағалау.
| 8
| Нәтижесіз жағдайда жүрек-өкпе реанимациясына кірісу
|
Коллапста жедел жәрдем көрсету.
№
| Қадамдарды бағалау критерийлері
| 1
| Пациентті сәйкестендіру
| 2
| Мақсаты: АҚ көтеру, жағдайын қалыптастыру
| 3
| Тегіс жерге баланы арқасымен, аяғын көтеріңкі жатқызу
| 4
| Қысып тұрған киімдерден босату
Қажет жағдайда тыныс жолдарын санациялау
| 5
| Таза ауамен қамтамасыз ету
| 6
| Шеткі көктамырға 20-30 мин ішінде инфузиялық терапияны бастайды: реополиглюкин немесе кристаллоидтармен (0,9% натрий хлор ерітіндісі)
20 мл/кг,
Дексаметазон 0,3-0,6 мг/кг (1мл 0,4% ерітіндіде-4 мг) к/т немесе б/е егеді
| 7
| Жағдайын бақылау мақсатында, дем алуын, пульсін, АҚ қайта бағалау.
| 8
| Нәтижесіз жағдайда жүрек-өкпе реанимациясына кірісу
Реанимация бөліміне тасымалдау
|
Балаларға ауыз арқылы регидратация жүргізу.
№
| Қадамдарды бағалау критерийлері
| 1
| Пациентті сәйкестендіру
| 2
| Мақсаты: эксикозды жою және оның өрістеуіне жол бермеу
| 3
| Сусыздану дәрежесін анықтау: жоқ, орташа ауыр және ауыр
Белгілерге тексеру:
мазасыздану және тітіркенудің бар жоғы көздің шүңіреюі ұсынған суды ішу, нашар ішу, бас тарту тері қатпарларының қалпына келуі уақыты (нормада 2 сек қалпына келеді)
| 4
| Сусыздану жоқ, бірақ диарея бар: БАБЖ бойынша «А» жоспары: оральды регидратация жүргізу, бала үйде емделеді, әрбір сұйық нәжістен кейін (2 жасқа дейінгі балаларға) 50-100 мл ауыз арқылы
| 5
| Сусыздану орташа ауыр дәрежесі: БАБЖ бойынша «Б» жоспары: оральды регидратация жүргізу, бала үйде емделеді, 75 мл/кг
| 6
| Сусыздану ауыр дәрежесі: БАБЖ бойынша «В» жоспары: көктамырға физ ерітінді егуден бастайды, бала ауруханада емделеді, 100 мл/кг
| 7
| 1 Алгоритм: 1 қорап регидрон ұнтағын алады
Бір литр қайнаған суға ерітеді
| 8
| Мөлшерлі стаканмен қажет ерітінді көлемін алады
| 9
| 4 сағат бойы 1 шай қасықпен, әрбір 1-2 минутта регидрон ішкізеді. Емшекпен жиі емізеді және әрбір емізу ұзақтығын ұлғайтады
|
Асфиксия кезінде жаңа туған нәрестенің реанимациясы.
№
| Қадамдарды бағалау критерийлері
| 1
| Жаңа туылған баланы таза, жылы жөргекпен сүртіп құрғатып, жылы жерге жатқызу
| 2
| Анықтау:
-жүктілік 34 аптадан жоғары ма?
-мекониі жоқ па?
-бала туылғанда дем алды ма немесе шыңғырды ма?
-бұлшық ет тонусы қалыпты ма?
| 3
| «ия» жауабы болса, кәдімгі күтім (ана кеудесіне салу)
| 4
| Егер «жоқ» болса, 30 сек ішінде:
-тыныс жолдарын ашу үшін баланың басына дұрыс қалып беру
-қажет болса тыныс жолдарын тазарту
-жанасымдық ынталандыру жасау (арқасына жатқызып, басын азғана шалқайта отырып)
-қажет болса оттегі беру
| 5
| Тыныс алып, тері жамылғысы қызғылт болса кәдімгі күтім мен бақылауда болу (ана кеудесіне салу)
| 6
| Егер бала тыныс алмаса, көгеру байқалса, онда: Көлемі сәйкес келетін масканы қолданып, тыныс қапшығын 5 рет баяу басу
| 7
| «Тыныс алуда», онда мұқият бақылауда болады
| 8
| Егер одан кейін тыныс алу жоқ болса, келесі 30 сек:
-масканың қалпы мен оның дұрыс тиіп тұрғанын тексеру
-қажет болса масканы түзету
-тыныс қапшығы мен масканың көмегімен вентиляция жасау
-егер кеуде қимылдары көңіл толарлықтай болмаса
-тыныс жолдарының ішіндегісін сорып алып тастау
Көмек шақыру
| 9
| Жүрек соғу жиілігін тексеріңіз (кіндіктің солқылынан немесе тыңдап көру арқылы)
| 10
| Егер ЖСЖ минутына 60 реттен жоғары болса, онда:
Минутына 40 тыныс алудай жиілікпен тыныс қапшығы арқылы вентиляция жасауды жалғастыру
Кеуденің жеткілікті кеңейіп жатқанына көз жеткізу
Оттегі беру
Тамыр соғу мен тыныс алудың жақсарғандығын тексеріп көру үшін әрбір 1-2 мин сайын үзіліс жасау
ЖСЖ мин 100 реттен жоғары болғанда жүрек массажын тоқтату
Тыныс жиілігі мин 30 реттен жоғары болғанда қосалқы вентиляцияны тоқтату
Оттегіні тері жамылғысы қызғылт тартып, бала белсенді болғанға дейін беру
| 11
| Егер ЖСЖ мин 60 реттен төмен болса, тікелей емес жүрек массажын жасау
| 12
| Нәтижесін бағалау
|
Емшек жасындағы балаларды емізу ережесі және әдісі (4:3:4)
№
| Қадамдарды бағалау критерийлері
| 1
| Емізулі баланы сәйкестендіру
| 2
| Мақсаты: Дұрыс тамақтандыруын қамтамасыз ету және салмақ жетіспеушілігінің алдын алу
| 3
| Анасы қолын және сүт бездерін гигиеналық деңгейде жуып кептіреді
| 3
| Алгоритм: «4-3-4» ережесі.
Сәбиді емізгенде дұрыс ұстау:
1.Сәбидің басы мен денесі тік, бір жазықтықта ұстаңыз
2.Сәбидің бетін анасының кеудесіне қаратып, мұрны емшек ұшының деңгейінде болуы керек
3.Сәбидің денесі анасының денесіне түйістірілуі керек (іші анасының ішімен түйісуі)
4.Анасы тек мойны мен иығын ғана емес, сәбидің бүкіл денесін ұстап отырады
| 4
| Емшекті дұрыс беру:
1.Сәбидің ерніне емшектің ұшын тигізіңіз
2.Сәбидің аузын барынша ашқанын күтіңіз
3.Емшекті тез сәбидің аузына апарыңыз
| 5
| Баланың дұрыс емізіліп жатқанына көз жеткізу:
1.Сәбидің иегі емшекке тиіп тұрады
2.Сәбидің аузы барынша ашық
3. Астыңғы ерні сыртқа шығыңқы болады
4.Емшектің басым бөлігі (ареоласы) астынан емес, үстінен көрініп тұру керек.
| |