баяндама1. Баламен арыматынас ру
Скачать 45 Kb.
|
Ата-ана: Усипова Б.Х Баламен қарым-қатынас құру Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделi процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иiлуге қандай икем болса, бала да тәрбиенi қабылдауға сондай бейiм. Отбасы тұлға қалыптастырушы бесік. “Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе” – деп, ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Бала үшін бас ұстаз – ата-ана екенін ескерсек, жақсы ата-ана бола білу аса жауапты іс. Осы тұрғыда сіздермен баламен сырсыз қатынас құрудың қыр-сырын өз тәжірибемнен бөлісе кетсем деп едім. Ағаш тамырымен, адам ұрпағыменБала табиғатын тану, оны түсіну, жөнімен еркелету, шынайы қарым-қатынас құру, оның бойындағы бар ерекшелікті көре біліп, қабілетін дамыту, бағдарлау, ынталандыру – ұрпағының ертеңі үшін алаңдайтын парасатты ата-ананың игілікті әрекеті. Өміріміздің ең мәнді өзегі – тұлғалық тұрғыда толық қалыптасқан парасатты перзент тәрбиелеу керек деп ойлаймын. Тік және көлденең қарым-қатынас: іргетас пен өрісҚарым-қатынас – үйлесімді, бақытты және шуақты өмірдің бір бөлігі. Әртүрлі белгілер мен өлшемдерге сәйкес қатынастардың бірнеше жіктелімі бар. Енді көлденең және тік қарым-қатынастардың айырмашылығын және оларды шатастырмай, өз уақытында дұрыс қолдану ретін айта кетсем. Психология оқулықтарындағы қарым-қатынас классификациясы санаға біршама салмақ түсіруі мүмкін. Қарапайым түрде түсіндірсем, тік қарым-қатынас отбасылық байланыста жиі көрінетін иерархия түрінде жүреді. Іңгәлап жарық дүние есігін жаңа ашқан сәби ақ парақтай пәк. Ал соған ақпар жазып, болмысын бедерлейтін бәдізшілер – ата-ана, қоршаған орта. Даму барысында бала алдымен вертикальды байланыстарға сүйенеді, ол толығымен ата-анасына немесе отбасының басқа мүшелеріне байланысты. Ана баласына мейірін төгіп, махаббатын арнаған соң әкеге қарай ауа бастайды. Әкесімен байланыс орнатқан соң, ата-әже, бауырларымен қатынас түзейді. Бірақ ескеретін бір жайт – әркім өз орнында болуы керек, төменнен жоғары қарай ретімен. Мысалы, ананың алдына ата-әжесінің түсіп кетуі психикалық қолдаудың жетіспеушілігіне алып келуі ықтимал. Отбасы мүшелері сәбидің болмысын, дүниетанымын қалыптастырады. "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" деген осыдан. Тіпті мамандар бала тәрбиесі құрсақта емес, ата-анасының болашақ бала туралы ойланған сәтінен басталатынын айтады. Қазақ оны "сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді"деп те айтып жатады. Бала өсіп, есейген сайын құрдастарымен қарым-қатынаста болуды қажетсінеді. Біртіндеп достар шеңберін құру арқылы қарым-қатынас орнатуды үйренеді. Алаөкпе асқынғанда, өтпелі шақта жасөспірім ата-анаға қарағанда құрдастар-құрбыларына көбірек көңіл аударады. Бұл – заңдылық. Әкеге қарап ұл өсер"Әкесін тыңдап" емес. Демек әке әйелін базарға шығарып, өзі үйде жұмыссыз отырып "еңбекқорлық" туралы ақыл айтса, бала масыл боп өсері сөзсіз. Шылым тартып тұрып ұлын темекіден тыятын, ұстап алса зекіп салатын ата-ана оның санасында сенімсіздік, кереғар катарсис тудырады. Сөз бен істің сәйкестігі – басты феномен. Сіздің әр ісіңіз "өсиет", солай бойға сіңетін қасиетке айналады. Жауапкершіліктің бір ұшы өзіңізді ұстанымыңызда. Бір қызығы, бала маскүнем әке-шешесінің әдетін жек көріп, жиреніп өссе де өмірлік қиын жайттарда бейсаналы түрде ішімдікке салынып кетуі мүмкін. Бұл жиі кездесетін факт. Яғни жеме-жемге келгенде ұзақмерзімді жады қоймасынан таңдау жасайтын кісі эгосы көре-көре "көзге сіңген" жолды шешім етіп қабылдайды. "Не ексең, соны орасың" дегендей, сәбидің отбасы-ошақ қасында көріп, сезінген тәрбиесі, айналасындағылармен қарым-қатынасы оның алдағы өміріне тікелей әсер етеді. Сөз энергетикасы – қатынасқа әсер бередіПрактикалық өнегемен қатар сөзбен әдіптеу де энергетикалық әсері зор құрал екенін есте тұтқан абзал. Бала күнделікті 5-8 мәрте жақындарының құшақтауын, себепсіз әңгімелесуін қажет етеді. Мұндағы басты қағида шынайы болу. Сол кезде мына сөздерді қолданған дұрыс деп ойлаймын: Мен саған сенемін! Мен өзіңмен мақтанамын! Кез келген сәтте өзіңмен біргемін! Ақылдым сол..! Ақылыңнан айналайын! Мен өзіңмен ақылдасқым келеді; Мұның да дұрыс шығар; Сенің де қателесуге хақың бар; Маған… (баланың бір қасиет-ерекшелігі) ұнайды; Менен кез келген нәрсе туралы сұрауыңа болады; Сені ұрыссам да, жақсы көремін; Неге бұлай болды деп ойлайсың? Осы тұста айта кетерім, бұл сөздер тек фильмдағы кейіпкерлерге арналмағандығын және осы жылы сөздерді өз тәжірибемде жиі қолданатынымды айта кетсем деп едім. Бала – үй айнасыАта-анамен қарым-қатынас баланың психикалық мінез-болмысын, ой-түсінігін, әлеуметтік ортадағы рөлін қалыптастыруда алғышарт. Бұдан да маңыздысы, бала бойынан, өзін-өзі ұстауынан ата-анасымен қарым-қатынас деңгейін көруге болады. Яғни әке мен шешенің бірін-бірі толықтырып, ортақ тәрбиелеуі бүлдіршіннің қоршаған ортасына сенімін, сезім-күйін қалыптастырады. Қорытындылай келе,отбасындағы қарым-қатынастың мәнді-мағыналы, жақсы, жоғары деңгейде болуы отбасының әрбір мүшесіне байланысты. Әрбір бала жақсы компьютер болмауы мүмкін, бірақ балалардың бәрі өте жақсы ксерокс. Бұл дегеніміз бала біздің көшірмеміз, біз не айтамыз, не істейсіз бала соны қайталайтын болады. Сондықтан да құрметті ата-ана ретінде айтарым тәрбиенің, жақсы қарым-қатынастың бастауы өзімізде деп білуіміз керек. Баламызға бар мейірімімізді төге білейік. Отбасымыздағы әрбір күнімізді ерекше қылып өткізуге тырысайық. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырда бір-біріміздің қадірлерімізді біліп, бағалай білгеніміз жөн болар. |