3 СИТ ЕСЕП БАП. Баланы сйек жйесіндегі згерістер андай ауруа тн
Скачать 17.37 Kb.
|
№1 тапсырма Бала 2 жаста. Қарап тексергенде бала басының көлемі ұлғайғандығы (50см), маңдай және төбесіндегі төмпешік пен «олимпиялық» маңдай назар аудартады. Кеуде торы бүйірінен қысылған, айқын кеуделік кифоз, қабырғалық тәспі пальпацияланады. Аяқтары О тәріздес. Психо-моторлы дамуы жасына сай. Қан сарысуында кальций деңгейі - 2,6 ммоль/л, фосфор 1.5 ммоль/л, сілтілі фосфатаза 160 бірл. Баланың сүйек жүйесіндегі өзгерістер қандай ауруға тән? Осы баладағы қан сарысуындағы электролиттер мен сілтілі фосфатаза көрсеткіштерін бағалау. №2 тапсырма Бала 6 жаста, бойы 100 см. Қарап тексергенде: төбе және маңдай төмпешіктерінің шығыңқы болуымен макроцефалия, ертоқым тәрізді мұрын, дене пропорциясының бұзылуы анықталды. Денесі қалыпты мөлшерде бола тұра аяқ-қолдары қысқа. Жүйке-психикалық дамуы жасына сай. Қан сарысуында фосфор мен кальций қалыпты мөлшерде. Қандай ауру туралы ойлауға болады? Бойы мен жасы сәйкес келеді ме? №3 тапсырма Бала 10 жаста. Оң жақ тізе, сол жақ тобық буындарының ауру сезіміне, дене қызуының 37,8 жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінен 2 апта бұрын фолликулярлы ангинамен ауырғаны белгілі. Ревматологта есепте тұрады. Қарап тексергенде баланың жағдайы ауыр, аздап интоксикация белгілері бар, тері жабындылары боз. Буындарының көлемі ұлғайған, қимылы шектеулі, үстіндегі терісі қызарған, ұстағанда ыстық, пальпация ауру сезімімен. Балада қандай ауру? Тапсырма №4. Қабылдау бөлімшесіне 4 жасар бала келіп түсті. Бір апта бұрын оң жақ тобығын зақымдап алды. 3 күннен кейін дене қызуы 38,2*С көтеріліп, зақым алған жерде қатты ауырсыну сезімі пайда болды, бала жүрмей қалды. Қарап тексергенде баланың жалпы жағдайы ауыр, қызба, интоксикация белгілері айқын, жергілікті симптоматика зақымданған жердің терісінің ісінуімен сипатталады. Қандай ауру туралы ойлауға болады? Диагнозды нақтылау үшін тағы қандай қосымша зерттеу әдістері керек? №5 тапсырма Учаскелік бала дәрігеріне 3 айлық баласымен ана жоғары тершеңдікке шағымданып келді. Ұйықтап тұрған соң жастықта үлкен ылғалды дақ қалады, қоспалармен тамақтандырғанда беті майда тер тамшыларымен жабылады. Бала жылауық, тықырлаған дыбыстан шошынады, ұйқысы тынымсыз. Анамнезінен бала бірінші жүктіліктен, 3100 гр. салмақпен, 48 см боймен мерзіміне жетіп туылған. 1,5 айынан таза ауада болады. Қарап тексергенде баланың жағдайы қанағаттанарлық, дене салмағы 4500 г, бойы 57 см, бас өлшемі 36 см, кеуде өлшемі 35 см, тері жабындылары ылғалды, баздану белгілері бар. Бұлшықет тонусы төмен. Басы дұрыс пішінде, пальпацияда шүйдесінде таздану бар, үлкен еңбегі ашық, көлемі 2,5 *3 см, шеттері жұмсақ. Балада қандай жүйелер зақымданған? Физикалық дамуын бағалаңыз? Қосымша тағы қандай зерттеулер қажет? Қандай ауру туралы ойлауға болады? Аурудың дамуына қандай жағдайлар себепкер болды? №6 тапсырма Бала 7 айлық. Токсикозбен, АҚ жоғарылауымен, ісінулермен өткен екінші жүктіліктен. Жүктілік кезінде анасы тұмаумен ауырған. Науқас бір айлық мерзімінен невропатолог есебінде тұрады. Қарап тексергенде бас өлшемі 48 см, шар тәріздес. Үлкен еңбегі 3,5*3,5 см, ісіңкі, жіктері ашық. Бас сүйегінің бас бөлімі басым, бастың тері асты көк тамырлары маңдай мен мұрын кеңсірігінде ұлғайған, көздің нұрлы қабаты төменгі қабақта жасырынған - «батып бара жатқан күн» белгісі, салыстырмалы экзофтальм. 1. Қандай ауру туралы ойлауға болады? 2. Балада қандай жүйке-психикалық бұзылыстар болуы мүмкін? №7тапсырма Бала 4 айлық. Қаңтар айында туылған, аурухананың қабылдау бөлімшесіне тырысу синдромымен түскен. Анасының айтуынша, бала жылаған кезде бетінде жылдам денесі мен аяқ қолына тараған тырысулық тартылулар пайда болған, көгере бастаған. 2-3 минуттан соң таза ауамен тыныс алғаннан кейін көгеру мен тырысу қайтты. 2 айлығында балаға рахит диагнозы қойылып, Д дәруменімен белсенді ем алған. Қарап тексергенде маңдай және төбе төмпешіктері анықталады. Үлкен еңбегі 1,5*1,5 см, пальпация жасағанда жиектері тығыз. Кеуде торы төменгі жағынан біраз жайылған. Хвостек белгісі оң. Қан сарысуын зерттегенде кальций деңгейі 1,2 ммоль/л, фосфор 0,9 ммоль/л. Баладағы тырысу синдромының мүмкін болатын себебін айту. Аурудың клиникалық диагнозы қандай? Хвостек белгісі нені анықтайды? Берілген ауруда тағы қандай клиникалық белгілер болуы мүмкін? №8 тапсырма Бала 4 жаста. Ауруханаға көп мөлшерде мұрыннан қан ағумен, оң жақ тізе буынының ісінуімен келіп түсті. Буыны көлемі жағынан айтарлықтай ұлғайған, ұстағанда ыстық, пальпацияда ауру сезіммен, қозғалысы шектеулі, «флюктуация» белгісі оң. Оң жақ бетінде кішігірім гематома. Анамнезінен белгілі болғандай, бір күн бұрын кешкісін балалармен ойнаған. Үлкен ағасы ұзақ уақытқа созылатын мұрнынан қан кетумен зардап шегеді. Буындарында қандай өзгерістерді болжауға болады? Осы клиникалық белгіні атау. Аурудың сипаттамасы қандай? Болжамды дәлелдеу. Қандай аурулар туралы ойлауға болады? |