Главная страница
Навигация по странице:

  • 22.1.Негізгі мәселелері

  • 22.2.Бауыр ұстамасында көмек көрсету Мақсаты

  • 23.Сыртқа шығару жолдарының ауруларындағы мейіркештік кірісулер

  • 23.1.Негізгі проблемалары.

  • 23.2.Зәрі тұрып қалганда жедел түрде көмек көрсету Мақсаты

  • 23.3.Бүйрек ауруларындағы ісіктерде көмек көрсету Мақсаты

  • 23.4.Катетеры бар пациенттердің жыныс органдарын күту Мақсаты

  • терапия. Бауыр бүйрек ауруларындағы көмек. Бауыр ауруларындаы мейіркештік кірісулер


    Скачать 16.84 Kb.
    НазваниеБауыр ауруларындаы мейіркештік кірісулер
    Анкортерапия
    Дата19.06.2021
    Размер16.84 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБауыр бүйрек ауруларындағы көмек.docx
    ТипДокументы
    #219115

    Бауыр ауруларындағы мейіркештік кірісулер

    Бауыр көп қызметті орган болып адам денесіндегі ең үлкен без болып есептелінеді.

    Бауырдың қызметі бірнеше түрге бөлінеді:

    1. Бауыр өт шығарып, ас қорыту үрдісіне қатысады (өт өндіру қызметі);

    2. Бауыр лимфа түзілу үрдісіне қатысады;

    3. Бауыр зат алмасуына қатысады;

    4. Бауыр белок алмасуына қатысады;

    5. Бауырда қан ұюына қатысатын көптеген белоктармен, олардың компонеттері – протромбин, фибриноген т.б. қан ұюына қарсы тұратын жүйелердің компонеттері түзіледі;

    6. Бауыр май алмасуына қатысады;

    7. Бауыр холестерин түзілуіне, ыдырауына қатысады;

    8. Бауыр су мен тұз алмасуына қатысады;

    9. Бауыр уыт қайтарғыш ағза;

    10. Бауыр қан жүйесінің маңызды бөлігі;

    Бауыр басқа ағзалар жүйесімен (сыртқа шығару, жүрек қан тамыр, тыныс алу, иммундық т.б.) тығыз байланысты.

    22.1.Негізгі мәселелері:

    Ø оң жақ қабырға астының ауырсынуы;

    Ø терінің сарғаюы;

    Ø қышыну;

    Ø ішінің үлкеюі;

    Ø диспепсиялық шағымдар;

    Ø әлсіздік, шаршағыштық

    22.2.Бауыр ұстамасында көмек көрсету

    Мақсаты:Пациенттің аурусынуының біртіндеп басылуына көмектесу

    1. Дәрігерді шақыртыңыз;

    2. Құсық болған жағдайда пациентті шалқайтып немесе бір жақ қырына жатқызып, басын еңкейтіңіз;

    3. Тыныштық жасаңыз;

    4. Жалпы жағдайын қадағалап отырыңыз;

    5. Дәрілерді дайындаңыз;

    6. Дәрігердің нұсқауы бойынша 5 мл баралгин бұлшық етке, 0,2% - платифиллин ертіндісін 1 мл тері астына жіберіңіз;

    23.Сыртқа шығару жолдарының ауруларындағы

    мейіркештік кірісулер

    Сыртқа шығару тіршілікте өте қажет физиологиялық үрдіс. Сыртқа шығару үрдісі бұзылса, көптеген физиологиялық үрдістер бұзылады. Солардың бірі - уремия, белок алмасуының соңғы ыдырау өнімдері (мочевина, несеп қышқылы) жиналып қанға өтеді де организмді уландырады. Сыртқа шығару мүшелрінің негізгі қызметі – денедегі зат алмасудың соңғы өнімдерін, өзге текті басқа заттарды сырқа шығарып отырады. Сыртқа шығару ағзаларының бұлардан басқа тағы да бірнеше қызмет атқарылып отыратыны анықталған. Мысалы: бүйрек қан тамырларының тонусымен түтік кендігін реттейді. Соның нәтижесінде қанның қысымын салыстырмалы бір қалыпта сақтайды. Бүйрек қан ұюына қатысады. Бүйректің негізгі қызметі несеп түзу. Несеп түзілуі, оның сыртқа шығару үрдісі – диурез деп аталады. Физиологиялық жағдайда оның үш түрін байқауға болады: олигоурия –тәуліктік диурездің азаюы; полиурия –тәуліктік диурездің көбеюі; анурия –несеп түзілуінің тоқтауы; никтурия –түнгі несептің шектен тыс көп болып түзілуі.

    23.1.Негізгі проблемалары.

    1. Ауырсыну;

    2. Зәрдің тұрып қалуы;

    3. Зәрдің жиі жиі шығуы;

    4. Басының айналуы, ауруы;

    5. Ісіктердің пайда болуы;

    23.2.Зәрі тұрып қалганда жедел түрде көмек көрсету

    Мақсаты:Қуықтанзәрді шығару

    1. Зәрді рефлекс арқылы судың бұрандысын ашу жіберіңіз;

    2. Жылы су немесе жылытқышты беріңіз;

    3. Дәрігерді шақыртыңыз;

    4. Зәрді жинайтын ыдыстарды, катетерларды, антисептикалық ертінділерді дайындаңыз;

    5. Пациенттің жыныс органдарын жуыңыз;

    6. Дәрігердің нұсқауы бойынша жұмсақ резенке катетер салыңыз;

    7. Пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;

    8. Қолды жуып құрғатыңыз;

    23.3.Бүйрек ауруларындағы ісіктерде көмек көрсету

    Мақсаты:Ісіктерді қайтару, салмағын төмендету

    1. Пациентке және оның туыстарына №7 - емдәм туралы түсіндіріңіз;

    2. Тағамдарын тексеріп отырыңыз;

    3. Теріні, шырышты қабаттарын күтіңіз;

    4. Су балансын қадағалап отырыңыз;

    5. Дәретін қадағалап отырыңыз;

    6. Жылы судно мен қамтамас етіңіз;

    7. Төсекті жылыту үшін, жылытқыш беріңіз;

    8. Салмағын 3 күнде 1 рет тексеріп отырыңыз;

    9. Дәрігер тағайындаған дәрілерді уақытымен ішкізіп, қадағалап отырыңыз;

    23.4.Катетеры бар пациенттердің жыныс органдарын күту

    Мақсаты:Пациент жеке басының тазалығын сақтау, жұқпалардың алдын алуы.

    Процедураға дайындау:

    1. Пациентке осы жүргізілетін процедураның түсіндіріңіз;

    2. Катетерді қалай қолданатындығын, тазалауды үйретіңіз. Жоспарға кіретін келесі мәліметтер:

    Ø Катетер -дренаждың қапшықтарының құрылысы;

    Ø Жеке басының тазалығы туралы асептика сақтау сұрақтары;

    Ø Зәрді шығару, зәржинағышты тазалау;

    Ø Су ішу режимы, ем-дәм туралы кеңестер;


    написать администратору сайта