Главная страница

эссе. СЕМИНАР ДАКЛАД. Баяндама таырыбы


Скачать 17.94 Kb.
НазваниеБаяндама таырыбы
Дата23.09.2022
Размер17.94 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСЕМИНАР ДАКЛАД.docx
ТипДокументы
#692273




«Қаракөл орта мектебі» КММ

Баяндама тақырыбы:

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыу

Оқыған: Болат Асылжан

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


2021-2022 оқу жылы


Сәлеметсіздерме қадірменді қонақтар, құрметті әріптестер!

Тақырып: «Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру»

Мақсаты мен міндеті.

Оқушы шығармашылығын дамытудың мақсаты мен міндеттері:

  • Еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.

  • Әр бір оқушының жеке ерекшеліктерін,ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып,оқу үрдісін жүргізу.

  • Іздемпаздыққа баулу

  • Жаңаша тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру,

  • Бала қиялын дамыту

  • Өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, ойлы ұлпақ қалыптастыру.

  • Шығармашылық қабілетіне жол ашу

  • Оқушылардың патриоттық сезімін оятып, жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту.


Василий Александрович Сухомлинский айтқандай: «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады»деген оймен келісе отырып,

Тиімді жаңа тәсілдер арқылы шығармашылыққа жетелеу.

Қазақ тілі сабақтарында жаңа тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру.

Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана

отырып, біз неге үйрете аламыз?

1. Өз бетімен ойлауға.

2. Жаңа шешімдер табуға.

3. Ұжымдық өмір сүруге.

4. Шыдамды болуға.

5. Өзгелердің көзқарас пікірлерін тыңдай білуге.

6. Өзінің жеке болашағын жасақтауға.

7. Өз бетімен білім алуға.

Қазақ тілі сабағында қолданатын
жаңа әдіс-тәсілдер:

Уақыт шеңбері

Алты тақия

Үш қадамдық сұхбат

Жиі қолданамын...

Ой қозғау, Т-кестесі, болжау, кластер, оңай және қиын сұрақтар кестесі, қос шеңбер, атаулар туралы үш сұрақ, еркін жазу, «Бинго» ойыны.
Бұл әдіс тәсілдер оқушылардың ашылуына, өздерін еркін сезінуге, өз ойын жинақтап еркін жеткізуге ықпал етеді. Және оқушының сөйлеу мәнерінің, сөздік қорының молайуына әсер етеді.
Үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • Ертегі құрастырту

  • Ақындардың стилі бойынша өлең шығарту

  • Диалог құрастырту

  • Әңгіме, ойтолғау жаздыру.

  • Ақындарды өлеңдерін жазып, жаттау.

  • Реферат жазу

  • Әдебиет туралы пікірлер жинату

  • Ақын жайлы айттым сөз (өтіп отырған ақынымыз туралы басқа ақан-жазушылардың айтқан пікірлерін жинату)т.б.

  • Түрлі байқауларға қатыстыру.

Жаңа ақпараттық әдіс-тәсілдерді қолдану
нәтижелері

-нәтижелерін керек жағдайда түзетеді және одан қорытынды жасай алады;

Тіл байлығы, сөйлеу мәнері дамиды,

Сөздік қоры молайады

- өзін-өзі бағалай білуге үйренеді;

- жаңа технологияны пайдаланып, интерактивтік тақтада жұмыс жасай алады.

Kahoot платформасы өзіндігімен жұмыс жасауға, сабаққа қызықтырып сабақты түрлендіруге көмектеседі.
Жетістіктер: Федоренко Надежда. “Менің қиялымнан туған ғажайп оқиға” атты тақырыпта өз қиялынан шығарма жазып, өзің қиялының жүйрік екенін көрсетті.

Берген Анастасия журналисика саласын ұнатады. Қазақ ақын жазушыларының өлеңдерін оқиды, шағын шығараларды жазғанды жақсы көреді. Республикалық «Ана жүрегі» шығармалар сайысы 1-орын.

Зиберова Анастасия Қазақ ақын жазушыларының шығармаларын оқып жаттап мағынасын терең түсініп қана қоймай ақын өлеңдерін қағаз бетіне суреттеп салғанды ұнатыды.Республикалық «Ана жүрегі» байқауы 2орын, Мұқағали оқулары 3 орын. Оқушының байқауларға қатысу арқылы елге, тілге деген сүйіспеншілігі артады. Патриоттық сезімі оянады.

Оқушылардың патриоттық сезімін елдің өсіп өркендеу жолын көрсету арқылы артыруға болады деп ойлаймын. Сол мақсатта 2021-2022 оқу жылында белсенді оқушыларымның бірі Зиберова Анастасияны ел ордасы Нұр-сұлтан қаласына экскурсияға апарып келдім. Мақсатым Елдің даму жолын, тұңғыш ел басының жүрген жолын ұлттық құндылықтарымызды мұр көзбен көрсету арқылы патриоттық сезімін арттыру.
Қорытынды:

«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін

тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын»
Альберт Эйнштейн
"Я никогда ничего не учу своим ученикам я просто создаю условия для их обучения"

Альберт Эйнштейн


написать администратору сайта