жбэ. Кабинет паспорты новыйы. Бекітемін 112 мектеп директоры
Скачать 116 Kb.
|
«Бекітемін» №112 мектеп директоры ________Ғ.А.Шарапатов «_____» ________ 2022ж. Биология кабинетінің төлқұжаты Қызылорда қаласы 2022-2023 оқу жылы Биология кабинетінің т ө л қ ұ ж а т ы Кабинеттің аты: Биология Мектебі: Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектеп КММ
Кабинет пен сынып тақтасының сызбасы 2. Биология кабинетінің мақсаты: Оқу кабинетінің мүмкіншіліктерін білім беру стандартының талаптарына сай қамтамасыз етуге дайындығын талдау, оқу үрдісінде оқу-әдістемелік қамсыздандыру талаптарына сәйкес оқу кабинетінің жұмысының негізгі бағыттарын анықтау. Оқу кабинетінің міндеттері: Кабинеттің техникалық құралдарымен, оқу құралдарымен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуін жақсарту; Оқыту әдістемесін жетілдіру, оқу үрдісіне оқушылардың сабақта белсенділігін арттыратын алдыңғы қатарлы формаларды, әдістерді, оқыту құралдарын енгізу; Оқушының оқыту жағдайына бейімделуіне, оның қабілетінің ашылуына және дамуына, мәдени деңгейінің артуына ықпал ету; Өзіндік білім алуды, танымдық және шығармашылық қабілеттерін өзіндік бағалауды ынталандыру; Фунциональдық сауаттылықты тәрбиелеу және оқушының оқу-танымдық, іздеу-жобалау қызметін ұтымды ұйымдастыру; Биология кабинетінің ережесі: 1.Биология кабинеті – бұл мектептегі арнайы жабдықталған оқу кабинеті, ғылыми – әдістемелік, психикалық-педагогтік оқу және тәрбие үрдісін жүргізуге арналған. Кабинеттегі жұмыс осы көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады. 2.Биология кабинеті Мемлекеттік «Білім» бағдарламасын, Қазақстан Мемлекетінің Білім туралы Заңын, жалпыға бірдей орта білім беру мемлекеттік стандартын жүзеге асыруға арналған. 3.Биология кабинетінде өткізілетін сабақтар: Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға; Анықтамаларды қолдану дағдысы, оқылған тақырыпты жүйелеу және талдау дағдысын қалыптастыру; Күнделікті өмірде алған білімдерін практикамен ұштастыра отырып, пән бойынша терең білім қалыптастыру; Оқушылардың өзін – өзі басқару, өзіне баға беру, өз ісіне талдау жасай білу қабілетін дамыту; Ұйымдастыру қабілеті жоғары тұлға тәрбиелеу; 4.Кабинет демонстрациялау, зертханалык жұмыстар жүргізуге лайықталып оқу құрал – жабдықтарымен, жиһазбен, техникалық құралдармен, көрнекіліктерімен, оқу әдістемелік жинақтармен жабдықталады. 5.Кабинет жабдықталуы оқушыларға рухани – танымдық және эстетикалық тәрбие беруге жағдайластырылған, сонымен катар биология кабинетінің санитарлық жағдайы да талапқа сай қалыптасқан. 6.Кабинет сабақ басталардан 15 минут бұрын ашық тұруы тиіс. Оқушылар оқу бөлмесінде ауысым аяқ киімдерімен жүруі керек. Оқушылар оқу бөлмесінде тек қана оқытушымен бірге ғана болуға тиіс. Оқу бөлмесі әр үзіліс сайын желдетіліп отыруы тиіс. Әрбір сабақтан кейін оқытушы тазалық жұмыстарын жүргізуі тиіс. Қауіпсіздік техникасының ережелері 1.Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, қажетті қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіру керек. 2.Оқушылардың қауіпсіздік техникасы ережелерін орындауын бақылап жүру керек. 3.Өткір кесетін құрал-жабдықтарды тек сабынан ұстап, өткір ұшын көршісіне бұруға болмайтыны туралы дағды қалыптасуы қажет. 4.Жанып тұрған спирт шамымен екіншісін жағуға болмайды. Спирт шамын қалпақпен өшіреді. 5.Ашық спиральды электр қыздырғыш приборларды пайдалануға үзілді-кесілді тиым салынады. 6.Жанғыш құралдармен жұмыс жасағанда жалынға шаш пен киімнің тимеуін қадағалау қажет. 7.Пробиркада сұйықты қыздырған кезде мына ережелерді ескеру қажет: Пробирканың аузын өзіңе немесе көршіңе бұруға болмайды. Пробирканы арнайы штативке бекіту қажет. Пробирканы қағаз кесінділерімен ұстауға болмайды. 8.Шыны приборларды құрастырған кезде қолды кесіп алмау үшін шыны және резеңке түтікшелерінің диаметрін дұрыс таңдап алу керек, олардың ұштарына су, вазелин немесе глицерин жағып, өткір қырларын балқыту қажет. 9.Шыны түтікшені тығынға кигізгенде тығынды алақанда ұстамай, жанынан ұстау керек. 10.Шынының өте морт келетінін, соғудан, температура өзгерісінен тез шытынайтынын және сынатынын ескерген жөн. Шыны кесіп кеткен жағдайда кесілген жерге қол тигізуге және сумен жууға болмайды. Жараны дәріленіп тазартылған дәкемен тазалап, сонан соң жараның айналасындағы теріге йодты спирт тұнбасын жағу керек. 11.Құрастырылған электр тізбегін мұғалім тексергеннен кейін, оның рұқсатымен ғана қосыңдар. Электр тізбегіне ток көзін ең соңынан қосыңдар. 12. Электр тізбегін құрастырған кезде тізбектің изоляциясыз элементтеріне (қыстырғыш, кілт т.б.) тиіспеңдер, изоляциясы жоқ немесе тозған өткізгіштерді және ашық типтес рубильниктерді пайдаланбаңдар. Кернеуі бар электр қондырғыларында ақау байқалса дереу ток көзін айырып, бұл туралы мұғалімге хабарлаңдар. Ток көзін айырмай тұрып, тізбекті қайта құрастырушы және балқымалы сақтандырғышты ауыстырушы болмаңдар. 13.Жұмыс кезінде электр машиналарының айналып тұрған бөлшектеріне абайсызда қол тигізіп алмаңдар. 14.Ток көзін айырған бойда конденсаторларға, олардың қысқыштарына, стационар электр қондырғылардың корпустарына тиіспеңдер. 15.Изоляциялаушы сабы бар аспаптарды пайдаланыңдар. 16.Жұмыс соңында ток көзін айырып, ағытыңдар, сонан соң электр тізбегін ажыратыңдар. 17.Кабинетте алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті медициналық қобдиша болуы керек. 5. Оқу кабинетінің оқу жылында (келешекте) жасалатын жұмыс жоспарына қойылатын талаптар Кабинет жоспары кабинетке жауап беретін пән мұғалімімен кабинеттің қызметіне сәйкес жасалынады. Бірінші бөлім – кабинеттің өткен жылғы жұмысына талдау жасау. Екінші бөлім – жаңа оқу жылының міндеттерін, тақырыптық жоспарларды, дидактикалық құралдарды жаңарту, тірек конспектісін жасау, диагностикалық карта, сызба, бейне фильмдерді алу, кестелер және оқу-әдістемелік құралдар мектеп бағдарламасындағы білімге сай болуы керек. Үшінші бөлім – кабинеттің жұмыс уақыты (сабақтар, қосымша сабақтар, факультативтер). 6.Оқу кабинетіне қойылатын талаптар 1. Кабинеттің құжаты бойынша талапқа сай жабдықталған мүліктер мен техникалық құралдар, көрнекі құралдар, оқулықтар, әдістемелік-дидактикалық құралдар. 2. Оқу жылында (келешекте) жасалатын кабинеттің жұмыс жоспары. 3. Оқу кабинетінде техникалық қауіпсіздік және тазалық ережесін сақтау. 4.Оқу кабинетін безендіргенде эстетикалық талапқа сай ауыстырылатын, ауыстырылмайтын сабақ-хабарлама стендтері, қажетті жабдықтар, тағы басқа құралдар болу керек. 5. Кабинеттегі оқу жабдықтары, оқу-әдістемелік құралдары мектептегі оқу жоспарын орындау үшін қажет. 7.Алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері Күйген кезде (жанарғы жалынымен немесе қыздырылған заттармен) күйген жерді калий перманганатымен концентрлі ерітіндісімен дымқылдау керек немесе калий перманганатының түйірлерімен тері қоңырқай болғанша сүрту керек немесе күюге қарсы ерітіндімен ылғалданған (дәрі салынған қорапшадағы) мақтамен сүрту керек. Қатты күйген кезде тез арада дәрігерге қаралу керек. Күкіртсутекпен, хлормен, бром буымен, көміртек (ІІ) оксидімен уланғанда, зардап шегушіні таза ауға алып шығып, дәрігерді шақыру керек. Егер теріге концентрлі қышқылы немесе сілті ерітіндісі тисе, жараланған жерді лезде судың көп мөлшерімен жуу керек. Қышқылымен күйген жағдайда- 5%-тік сода ерітіндісі немесе аммиактың сұйытылған ерітіндісімен өңдеу керек; Ыстық аппаратураға жанасып кетіп күйгенде, терінің күйген жерін 2%-тік калий перманганаты немесе 3%-тік таин ерітіндісі сіңірілген матамен жабу керек. Қолды шынымен кесіп алғанда, ең алдымен, жарадағы шыны сынықтарын алып, қанды 2%-тік калий перманганаты ерітіндісімен немесе спиртпен жуып, жараға йод тұндырмасын жағып, бинтпен орау керек. Қажетті заттар дәрі салатын қорапшада үнемі болуы қажет. 8. Кабинеттің электр жарығымен қамтамасыз ету сызбасы: 9. Құжаттар
10. Кабинеттің оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етілуі
11. Оқу кабинетіндегі оқыту техникалық құралдарының мәліметтік тізімі
12. Кабинетте сақталатын тәртіптер
«Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры Кәсіподақ ұйымының төрайымы: __________ Ғ.А.Шарапатов __________Г.Қарауылова «Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектеп» КММ» Биология кабинетінің материалдық жағдайын анықтау А К Т І С І Біз төменде қол қойған комиссия мүшелері мектеп директоры Ғ.А.Шарапатов, оқу ісінің меңгерушісі А.Б.Дуйсенова биология кабинетін тексердік. Тексеру нәтижесінде кабинет барлық гигиеналық талаптарға сай екендігі, техникалық қауіпсіздігіне жауап бере алатынын және оқу құрал-жабдықтары түгел қамтамасыз етілгендігін анықтадық. Мектеп директоры: Ғ.А.Шарапатов Оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.Т.Сармолдаева Кабинет жетекшісі: А.Б.Дуйсенова |