Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 5
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
| «Алтын адам» археологиялық олжасы.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 5.2.3.1 қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу;
5.2.2.4 есік обасынан табылған «Алтын адам» археологиялық олжасының ерекшеліктерін анықтау;
5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау;
|
Сабақтың барысы.
|
|
Сабақтың кезеңі
уақыт
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Басы
| М Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Сабақ мақсатымен, жетістік критерийлерімен таныстыру «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы жағымды ахуал орнату.
«Ой қозғау» әдісі . Сұрақтар:
1.Сақ тайпалары туралы деректер нешеге бөлінеді?
(Заттық және жазба деректер)
2.Грек авторлары сақтар туралы не айтқан? (Дұшпанға қатал, досқа адал),(Олар әлемдегі ең әділ, шыңшыл халық)
3.Сақтар қандай халық? (Көшпелі)
4.Тиграхауда? Жетісу өңірінде қоныстанған тайпа шошақ бөріктілер деп атаған.
Стикер арқылы жұптарға бөлінеді.
Оқушыларға суреттер көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын болжау
1.Суреттерде не көріп отырсыздар? 2.Бұл суретте не ерекше болды? 3.Осы жәдігерлер туралы не білесіздер?
Тақырыпқа байланысты видеоролик көрсетіледі.
|
тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.
|
|
Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.
|
Ортасы
| Жұптық жұмыс. «Джигсо» әдісі
Б (Ж) Мәтінмен жұмыс
Есік қорғанынан табылған «Алтын киімді адам» тақырыбына байланысты мәлімет таратылады.
1 кезең: оқушылар мәтінді жұпқа бөліп оқиды. 2 кезең: топ мүшесі басқа жұпқа түсіндіреді. 3 кезең: өз жұбына келіп, айтылған ақпараттармен ой бөліседі, өз пікірлерін ортаға салады. 4 кезең: Өздері қалаған тәсілмен( тірек сөздер кестесі, кластер, диаграмма,сурет,карта және т.б) мәтіннің сол бөлігінің мазмұнын жинақтайды. Сынып алдында өз жұмыстарын қорғайды.
Дескриптор
1.Алғашқы «Алтын адам» Есік қорғанынан табылғаның біледі
2.»Алтын киімді» адамда 4мыңға жуық әшекей безендірілгенін айтады
3.Көшпенділердің діни наным сенімдерін, жерлеу салтында тайпалар табына тән жерлеу ғұрпы болғанын түсінеді.
ҚБ.
«Ыстық орындық» әдісі
Бір оқушы орындыққа отырады, басқалары сұрақ қояды.
|
Оқушылар мәтінді оқиды,
1-1 жұптан шығып келесі жұпқа тақырып түсіндіреді, қайта өз жұптарына оралып, жұмыстарын сынып алдында қорғайды.
Бір оқушы өз еркімен орындыққа отырады, оқушылар өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды.
|
ҚБ: Шапалақ ұру арқылы бір-бірін бағалау.
|
Оқылым, жазылым тапсырмалары.
|
Соңы
| Тақырыпты бекіту:
Иә-1. Жоқ-0
Тұжырым
| Иә Жоқ
| «Алтын адам» 1970ж. ашылды
| иә
| «Алтын адамды» ашқан - К. Ақышев
| иә
| «Алтын адамда» аң стилі басым.
| иә
| Алтын адам көшірмесі Бәйтерекке орнатылған
| Жоқ
| Алтын адамда барыс бейнеленбеген
| жоқ
| Күміс тостағанда 26 таңбалы жазу бар
| иә
| Бағалау критерийі: ақпаратты пайдаланып, белгі жасайды
Дескриптор:
сөйлемдерді түсінеді; мәтін мазмұнын біледі;
|
Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау..
|
| тапсырмалар.
|
Кері байланыс
| «Құпия хат» кері байланыс.
Рефлексия «Құпия хат» әр түрлі фигуралар тізбегі оқушыларға таратылады.
Сабақта қандай бөлімді қарастырдық?
Оқу мақсатына жету үшін біз қандай іс –әрекеттер жасадық? Жұптық жұмыс түрінен алған әсеріңізбен бөліссеңіз? Сөздік қорын қандай жаңа сөздермен толықтырдық?
| Оқушыларға «Құпия хат» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.
| «Құпия хат»
| Кері байланыс парағы.
|