Главная страница

№1 зерт саб 7а. Бекітемін ыса мерзімді жоспар


Скачать 365 Kb.
НазваниеБекітемін ыса мерзімді жоспар
Дата23.12.2021
Размер365 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файла№1 зерт саб 7а.doc
ТипДокументы
#314979

Бекітемін____________

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.2А. бөлім – Есептерді электрондық кестелердің көмегімен шешу

Күні: 18.11.2021

Сынып: 7 А

Мұғалімнің аты-жөні

Омартаева Айжан Нурланкызы

Сабақтың тақырыбы

«Мәтіндік процессордағы кестелер»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.2.2.1-мәтіндік процессорда кесте элеметтерін пішімдеу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Кесте элементтерін пішімдеу командаларын білу;

Оқушылардың басым бөлігі:

Кестені пішімдеу кезіндегі өзгерістерді түсіну;

Кестені құру, редакциялау командаларын құжаттар даярлауда қолдану.

Кейбір оқушылар:

Әр команданың атқаратын қызметі туралы түсінік бере алу;

Кестені редакциялау, құрамын пішімдеу жолдарын саралау;

Бағалау критерийлері


1. Кесте элементтерін пішімдеу командаларын біледі;

2. Кестені пішімдеу кезіндегі өзгерістерге түсінік бере отырып, құрастыру командаларын қолданады;

3. Кестені редакциялап, құрамын пішімдеу жолдарын саралай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Оқушының іс әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 2 мин

«Миға шабуыл»

3мин


Сабақтың ортасы

5 мин

Білу, «Түсініксіз тармақ» әдісі 5 мин



Түсіну, «Парасатты диалог» әдісі 6 мин

Қолдану, «Жасап көрсет және әңгімеле» әдісі 15 мин

Сабақтың соңы

«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі 6 мин
Кері байланыс «4 себеп» әдісі

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

Психологиялық ахуал орнату мақсатында топтағы оқушылар сағат тілі бойынша бір-біріне жақсы тілектер айтады.
«Мозайка» әдісі арқылы әр түрлі қималарды таңдап, сол қималарды құрастыру арқылы 2 топқа бөлініп отырады.

І топ WORD

ІІ топ EXCEL
Оқушылармен ақпараттың не үшін кесте түрінде берілетіндігі туралы талқылау.

  1. Сендер осы уақытқа дейін мектеп қабырғасында қандай кестелермен кездестіңдер?

  2. Қандай түрдегі ақпаратты кестелерде ұсынған қолайлы?

Кесте (таблица; table) —мәліметтерді жолдар мен бағаналар қиылысында орналастыру арқылы ұсыну тәсілі.Кестелермен жұмыс жасау бізге мәліметтерді жүйелеуге,керекті ақпаратты оңай іздеп табуға мүмкіндік береді.Компьютерде кестелік мәліметтерді құрастыратын, өңдейтін бағдарламалар көп. Мұндай бағдарламалар қатарына, кестелік мәліметтерді құрастыруға MS WORD мәтіндік редакторын пайдаланылады. Редактор көмегімен кестелік мәліметтердің кез келген түрін жасауға болады. Сонымен қатар кестедегі сандық мәліметтерді өңдейтін MS Excel бағдарламасы бар. Біз сендермен мәтіндік редакторда кесте құру жолдарымен танысамыз.
«Түсініксіз тармақ» әдісі бойынша оқушылар өздеріне таныс емес тармақты берілген уақытта оқып шығады

«WORD» тобына

Мәтіндік редакторда кесте құру
Кесте бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Кесте жолдар мен бағандардың қандай да бір санынан құралады. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшықтар құрайды. MS WORD мәтіндік редакторында кесте құру үшін Вставка Таблица Вставить таблица командасын орындаймыз (24-сурет). Экранда Вставка таблицы диалогтік терезесі пайда болады (25-сурет). Оған қажетті қатар мен бағандарды енгіземіз. MS WORD үнсіз келісім бойынша 5 баған, 2 қатар ұсынады, бірақ бұл сандарды өзімізге керегіне қарай өзгертуімізге болады. Таблица Добавить столбцы командасын орындап кестеге баған қосуға болады. Число строк амалының өрісінде кесте жолдарының саны енгізіледі.

«Excel» тобына

Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру
Ұяшық немесе ұяшықтар тобын алдына не жанына қосу үшін, жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица Добавить ячейки командасын орындаңдар. «Добавление ячеек» диалог терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу, ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіңдер. Дайын кестеге жеке ұяшықтарды қосу іс жүзінде қолданылмайды. Ұяшықтарды біріктіру үшін: Біріктіру қажет ұяшықтарды белгілеп алып: Контекстік менюден «Объединить ячейки» командасын орындаймыз. Макет – Объединить ячейки. Ұяшықтарды бөліктерге бөлу үшін:
Бөлу керек ұяшыққа тінтуірді орналастырып: Контекстік менюден «Разбить ячейки» командасын орындаймыз. Макет – Разбить ячейки. Қатар немесе бағандарды өшіру үшін:
Өшіру керек қатар немесе бағанды белгілеп алып: Контекстік менюден «Удалить строки» немесе «Удалить столбцы», «Макет – Удалить строки» немесе « Удалить столбцы»
«Парасатты диалог» әдісі арқылы 2 топ тақырыптан оқыған бөлімдері бойынша түсіндіріп өтеді

«WORD» тобы



«Excel» тобы


Бағалау: «Смайлик әдісі» арқылы бағаланады.
Компьютермен практикалық жұмыс:

Жұптық жұмыс.

1-тапсырма. Апталық бес күн ішіндегі режімдерің бойынша кесте құрастырыңдар.



Дескрипторлар:

  1. Кесте құра алады.

  2. Кесте құрастыру амалдарын біледі


2-тапсырма.



Дескрипторлар:

  1. Ұяшықтардың орналасу ретін біледі

  2. Кестені редакциялап, құрамын пішімдеу жолдарын саралай алады.

Бағалау: «Смайлик әдісі» арқылы бағаланады.
«Жасап көрсет және әңгімеле» әдісі арқылы практикалық жұмыс орындап, бітірген кезде қалай жасағаны жайлы түсінік береді


«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы сұрақтарға нақты, қысқыша жауап береді

1. Кесте дегеніміз не? Оларды не үшін қолданады?
2. Ұяшық дегеніміз не?
3. Мәтіндік редактор көмегімен кестелерді қалай құруға болады?
4. Мәтіндік редакторда кесте жасау үшін қандай амалдарды қолдануға болады.



  1. Мен түсіндім себебі......

  2. Маған қиындық тудырды себебі.....

  3. Мен тәжірибемде қолдана аламын себебі.....

  4. Менің ұсынысым.....

  5. Сөйлемдерін аяқтау арқылы кері байланыс береді.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі

2 топқа бөлініп отырады

Оқушылар сұрақтарға өз ойларын білдіреді
Оқушылар жаңа сабақты меңгереді


Мадақтау, жігерлендіру сөздерін айту

Смайлик

Смайлик

Қима суреттер


Интерак тивті тақта, компьютер презентация

Таратпалар

Компьютер

Компьютер

Тапсырма лар


Үйге тапсырма

«Қазіргі заман талабына қажетті құрал» тақырыбына сөзжұмбақ құру













Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері Құндылықтардағы байланыс

Берілген 1-тапсырмадан күтілетін нәтиже:

  1. Кесте құра алуы

  2. Кесте құрастыру амалдарын білуі

2- тапсырмадан күтілетін нәтиже:

  1. Мәтіндік процессорда кесте элементтерін пішімдеуді білуі

  2. Ұяшықтармен жұмыс жасай алуы

Сабақ барысындағы күрделі тапсырма беріледі

1. Апталық бес күн ішіндегі режімдерің бойынша кесте құрастырыңдар.

2. Салыстыру критерийлері

  • Сын тұрғысынан ойналана отырып, апталық режімдерін саралауы

  • Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру амалдарын тиімді қолдануы

  • Кесте элементтерін пішімдеуі

Бағалауды әр тапсырманың соңында көңіл күйді білдіретін «Смайлик» әдісі бойынша бағалап отырамын. Егер бала түсінбегенін білдірсе, нені түсінбегенін сұрап кетемін.

Кері байланысты «4 себеп» әдісі бойынша аламын.

  1. Мен түсіндім себебі......

  2. Маған қиындық тудырды себебі.....

  3. Мен тәжірибемде қолдана аламын себебі.....

  4. Менің ұсынысым.....

Сөйлемдерін аяқтау арқылы кері байланыс береді.

Көршісіне тілек айту арқылы психологиялық ахуал тудыру

Оқушылардың компьютер алдында отыру ережесін сақтауын қадағалау.


Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе?








написать администратору сайта