Главная страница
Навигация по странице:

  • Күні: Педагогтің аты-жөні

  • Сабақ тақырыбы Соңғы шартты цикл

  • Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары Сабақ барысы

  • Жаңа тақырып: Жаңа білімді ауызша және есепті шешу арқылы меңгертуСоңғышартты цикл

  • Соңғышартты циклдің сипаттамасы

  • Жаңа тақырыпты бекіту жұптық жұмыс: Мысал

  • 1 тапсырма: Екі санды енгізіңіз (мысалы, A = 5 және B = 8) және олардың көбейтіндісін тек қосу операциясы арқылы табыңыз.№ 2 тапсырма

  • Рефлексия . Сабақтың жазбаша рефлексиясы.Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:! Жақсы түсіндім Сұрағым барҮй жұмысы

  • Қосымша ақпарат Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз

  • Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

  • 8-сынып. Бекітілді


    Скачать 92.44 Kb.
    НазваниеБекітілді
    Дата02.03.2022
    Размер92.44 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла8-сынып.docx
    ТипДокументы
    #380570

    «Бекітілді»


    Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ажмеденова Г.Т.

    Күні:

    Педагогтің аты-жөні:Хабдрахимова Р.Ж.

    Сынып: 8а,ә.

    Қатысушылар саны:

    Қатыспағандар:




    Сабақ тақырыбы

    Соңғы шартты цикл




    Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары

    8.3.3.1 таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыныңда қолдану (С/С++, Python, Delphi, Lazarus)

    Сабақ мақсаты

    • есептің алгоритмдік моделін соңғышартты цикл арқылы құру

    • блок-схема түрінде тапсырманың шешімін құру

    • программалау тілінде соңғышартты циклді пайдаланып есептер шығару

    Бағалау критерийлері

    • есептің алгоритмдік моделін соңғышартты цикл арқылы құра алады

    • блок-схема түрінде тапсырманың шешімін құра алады

    • программалау тілінде соңғышартты циклді пайдаланып есептер шығара алады

    Ойлау дағдыларының деңгейі

    Жоғары деңгей дағдылары


    Сабақ барысы




    Сабақ кезеңдері:

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Оқу ресурстары

    Сабақтың басы

    0-5 мин

    1. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

    Миға шабуыл

    Өткен сабаққа Music box әдісімен қайталау жүргізіп өту. Қораптың ішіне сұрақтарды салып, жылдам әуен қосамын. Әуенді тоқтатқан кезде қорап кімнің қолында қалса сол оқушы сұраққа жауап береді.Сұрақтарды өткен тақырыптың соңынан аламын.




    Сабақтың ортасы

    11-16 мин

    17-25 мин

    26-36 мин



    1. Жаңа тақырып:

    Жаңа білімді ауызша және есепті шешу арқылы меңгерту

    Соңғышартты цикл

    Циклдік алгоритмнің тағы бір түрі – шартты цикл денесі орындалған соң тексеретін алгоритм. Сондықтан, бұл шартты – шартты циклдің аяқталуы деп атауымызға да болады. Циклдің бұл түрі- соңғышартты цикл деп аталады.

    Бұл жағдайда цикл шарттың нәтижесі «жалған» (false) болғанша қайталанады, яғни шарт орындалғанға дейін жалғаса береді. Егер шарт бірден ақиқат болса, онда цикл кем дегенде 1 рет орындалады.

     

    Соңғышартты циклдің сипаттамасы

    Жалпы блок-схема

    ия

    (true)

    Циклдің орындалуы логикалық шарттың нәтижесі «жалған» болғанша жалғаса береді. Егер логикалық шарт орындалса, онда циклдан шығу орындалады.

    1. Жаңа тақырыпты бекіту жұптық жұмыс: Мысал

    Келесі есепте сандар біртіндеп енгізіледі және енгізілген сандардың қосындысы табылады. Қосынды бірінші теріс сан енгізілгенше жалғаса береді



    Алгоритмнің блок-схемасы: 

    Енгізілген сандардың қосындысын соңғышартты цикл арқылы бірінші теріс санға дейін табатын алгоритм блок-схемасы

    Өзара бағалау. Оқушылар өз жұмыстарының нәтижелерімен бөліседі және өзара бағалау жүргізеді: оқушылар жұмыстарынң нәтижесін бір-біріне түсіндіреді


    1. Жеке жұмыс: Оқушылар тапсырмаларды соңғышартты циклді пайдалана отырып блок-схема арқылы шығарыңыз

    Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды

    1 тапсырма:

    Екі санды енгізіңіз (мысалы, A = 5 және B = 8) және олардың көбейтіндісін тек қосу операциясы арқылы табыңыз.
    2 тапсырма:

    Екі санды енгізіңіз (мысалы, A = 45 және B = 8) және олардың бөліндісін (айнымалы A) тек қана алу операцияысн қолдана отырып табыңыз.
    3 тапсырма:

    Экранға [-10,10] аралығына жататын 20 кездейсоқ сан шығады. Олардың ішіндегі -5-тен кіші теріс сандардың санын анықтаңыз.




    Презентация

    Деңгейлік тапсырмалар




    Сабақтың соңы

    37-40мин

    1. Рефлексия.

    Сабақтың жазбаша рефлексиясы.Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:

    ! Жақсы түсіндім

    ? Сұрағым бар

    Үй жұмысы

    114-115 беттегі тапсрымаларды орындау.

    Презентация


    Қосымша ақпарат

    Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

    Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

    Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

    Қабілеті жоғары оқушылар есептерді шешу барысында қабілеті төменірек оқушыларға көмек береді, консультация жасайды.

    Сабақ барысында ауызша және жазбаша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды жұпта және сыныппен талқылайды

    Жұппен жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау


    написать администратору сайта