Главная страница
Навигация по странице:

  • Топырақ ластануының алдын алу шаралары

  • Топырақтың физикалық қасиеттерін сипатта

  • 2. Жасанды биогеохимиялық провинциялардың пайда болу себептері, тұрғындардың денсаулығына әсері.

  • экологияның маңызы. экология топырак. Берменбет Ерслан Мулімханлы 2001 дс пн Экология Таырыбы


    Скачать 17.49 Kb.
    НазваниеБерменбет Ерслан Мулімханлы 2001 дс пн Экология Таырыбы
    Анкорэкологияның маңызы
    Дата20.04.2022
    Размер17.49 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаэкология топырак .docx
    ТипДокументы
    #487778

    Берменбет Ерслан Мәулімханұлы

    2-001 ҚДС
    Пән: Экология

    Тақырыбы: «Топырақтың ластануын (химиялық, биологиялық) және ластанудың тұрғындар денсаулығына әсерін бағалау. Топырақтың ластануын интегралды бағалау әдістері»
    1 есеп

    «Карагандинский» елді мекендегі егістік алқаптан алынған топырақтың сынама нәтижелері кестеде көрсетілген:

    Химиялық

    заттар

    Зияндылық көрсеткіштері бойынша шектік табалдырықты концентрация (мг/кг)

    жалпы санитарлық

    миграция

    сулық

    миграция ауалық

    Трансло-

    кациондық

    органолеп- тикалық

    Санитарлық-токсикологиялық

    Гардон

    5,0

    10,0

    20,0

    1,5

    1,5

    2,8

    ГПХ

    1,5

    0,1

    0,5

    0,05

    0,06

    0,06

    Дилор

    10,0

    50,0

    10,0

    0,5

    1,5

    2,0

    Цинеб

    5,0

    2,5

    48,0

    1,8

    10,0

    3,6


    Тапсырма: кестеде көрсетілген химиялық заттың лимиттік зияндылық көрсеткіші мен ШРЕК анықтаңдар, адам ағзасына әсерін жеке жеке химиялық заттар бойынша сипаттаңыз, топырақтың ластаунының алдын алу шараларын құрыңыз!

    Қосымша сұрақтар:

    1. топырақтың физикалық қасиеттерін сипатта

    2. жасанды биогеохимиялық провинциялардың пайда болу себептері, тұрғындардың денсаулығына әсері.
    Жауабы: Кестеде химиялық заттар мен олардың зияндылық көрсеткіштері бойынша шектік табалдырықты концентарациясы көрсетілген.

    Цинеб – ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеу үшін қолданылатын пестицид. Оның тоырақтағы экзогенді химиялық заттардың шектеліп рұқсат етілген концентарциясы(ШРЕК) 1,8-ге тең.

    Дилор – өсімдіктерді жәндіктерден қорғауға арналған химиялық препарат. Топырақтағы экзогенді химиялық заттардың шектеліп рұқсат етілген концентарциясы(ШРЕК) 0,5-ке тең.

    Гептахлор – ауыл шаруашылығында зиянкес жәндіктермен күресу үшін қолданылатын химиялық препарат. Топырақтағы экзогенді химиялық заттардың шектеліп рұқсат етілген концентарциясы(ШРЕК) 0,05-ке тең.

    Осы жоғарыда айтылып кеткен химиялық заттардың лимиттік көрсеткіші транслокациялық жол, яғни, ластаушы заттардың топырақтан өсімдіктерге түсу жолы.

    Топырақ ластануының алдын алу шаралары:

    Ластанған топырақтың тұрғындар денсаулығына кері әсерінің алдын алу бойынша жүргізілетін барлық шаралар 2 үлкен топқа бөлінуге тиіс:

    • біріншіден — қоршаған орта нысандарының ластануынын алдын алу және экологиялық жағдайларды сауықтыру бойынша кешендік шаралар (технологиялық, санитарлық-техникалық, жоспарламалық, ғылыми, заңды);

    • екіншіден — халықтың денсаулығына қоршаған ортаның ластануы әсерін ерте анықтап, соның алдын алу бойынша шаралар қолдану және оны сауықтырудың жолдары(емдік-профилактикалық).

    Қоршаған ортаның ластануының алдын алу бойынша технологиялық шаралар кешені:

    - зиянды технологиялық процесстерді зияндылығы төмен процестермен алмастыру;

    -өнеркәсіптік іркінді сулардың және қатты қалдықтардың су қоймаларына түсуін толық жою немесе күрт төмендету

    -атмосфераға зиянды заттарды және су қоймаларына іркінді суларды шығармайтындай жабық технологиялық циклдар өңдеу

    Санитарлық-техникалық шаралар:

    Щаң-газ тазалаудың, сұйық және қатты өнеркәсіптік қалдықтарды өтелдеудің тиімді әдістерін өңдеу;

    пайдаланылған өнеркәсіптік іркінді сулар тазалау құрылғыларының тиімділігін жетілдіру;

    биотехнологиялық процестерді жетілдіру (микроорганизмдерді пайдалана отырып, ластаушы заттардың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін төмендетіп, ауыр металл тұздарының зиянды әсерін нейтралдау).


    1. Топырақтың физикалық қасиеттерін сипатта:

    Топырақ - қоршаған табиғи ортаның ең маңызды құрамдарының бірі болады.

    Топырақтың физикалық қасиеттеріне ауа өткізгіштік, су өткізгіштік, қуыстылығы, капиллярлығы (топырақтың капиллярлар бойынша төменгі көлбеулерден су тарту қабілеті), ылғал сыйымдылығы, температурасы жатады. Осы физикалық сапалары топырақтағы үрдістерге едәуір әсер етеді.

    • су өткізгіштігі - топырақтағы органикалық және минералдық қосылыстардың еріткіші қызметін атқарады, химиялық заттарды өсімдіктерге жеткізу көлігі болады, топырақтың жылулық қасиеттеріне әсер ететді, одан жер асты сулары пайда болады;

    • ылғал сыйымдылық топырақ сулануына жол ашады, топырақты ауа мен су өткізгіштігін азайтады, жуынды суларды тазартуға кедергі жасайды;

    • ауа өткізгіштік топырақтың оттегімен байытылуына көмектеседі, топырақта биохимиялық тотығу үрдістерін органикалық заттар тотығуын күшейтеді. Топырақ ауасы топырақ өзін-өзі тазартуына белсенді ықпал жасайды, оның құрамы атмосфералық ауа құрамынан өзгешелеу: топырақ ауасында көмір қышқыл газының көп мөлшері болады. Топырақтың ауа өткізгіштігіне қуыстылық әсер етеді. Топырақтың өзін-өзі тазартуына оптимальдық жағдай 60-65% қуыстылық көрсеткішінде болады.

    • топырақ температурасы атмосфераның жердегі қабатының температурасына, топырақтық организмдердің тіршілік қызметіне, өзін-өзі тазарту үрдісіне, жер асты баспаналарының температурасына әсер етеді.

    • топырақтың барлық негізгі экологиялық функциялары жиынтықтайтын бір көрсеткіштер - топырақ құнарлығында тоғысады. Топырақ құнарлылығына гумустық қабаттың қалыңдығы және қатты бөлігінің минералдық құрамы тікелей әсер етеді. Гумустың мағынасы баға жетпестей зор: шіруге қабылеті жоқ патогендік микроорганизмдер көбейетін орта емес, топырақтың өзін-өзі тазарту үрдісінде белсенді түрде қатысады. Гумустың жартылай жоғалуының салдары құнарлы топырақтың азаюына әкеледі, топырақтың экологиялық функцияларын толық орындауына мүмкіндік бермейді және деградациялана бастайды, яғни өз қасиеттерін нашарлатады.


    2. Жасанды биогеохимиялық провинциялардың пайда болу себептері, тұрғындардың денсаулығына әсері.

    Биогеохимиялық провинция дегеніміз - бұл топырақ құрамында қандай да бір химиялық элементтердің (немесе элементтер) жетіспеуі немесе молдығымен сипатталатын аймақтар, ол жануарлар мен адам организмінде көптеген патологиялық өзгерістерге әкеледі. Биогеохимиялық провинциялардың жіктелуі: табиғи және жасанды түрлерімен сипатталады.

    Антропогендік (жасанды) биогеохимиялық шет аймақтар. Антропогендік биогеохимиялық шет аймақтар — олар адам қызметінің нәтижесінде пайда болған өңірлер, олардың санына қоршаған ортаны химиялық заттармен жедел ластайтын көздер айналасында қалыптасатын техногендік биогеохимиялық аймақтар да кіреді. Егер олардың адам үшін қауіптілігінің дәрежесі бойынша бағаласа, онда бірінші орындарда ауыр металдар, хлорланған көмірсутектер, нитраттар, нитриттер, асбест, пестицидтер тұр.

    Антропогендік биогеохимиялық шет аймақтар тудыратын зиянды заттардың көздері: мұнайгаз өндіруші және мұнайгаз өңдеуші өнеркәсіптер, түсті және қара металлургия, көмір және жылуэнергетикалық өнеркәсіп, автокөлік болады.

    Өнеркәсіптік өндірістердің әртүрлі болуы қорғасын-мырыштық, мұнайгаздық, фторлық, мыстық биогеохимиялық шет аймақтар қалыптасуының себебі болды.


    написать администратору сайта