Главная страница
Навигация по странице:

  • Пәні: Жаратылыстану Бөлім

  • Сабақтың тақырыбы: Ауа қалай ластанады

  • Сабақтың барысы Сабақтың кезеңі//уақыты Педагогтің әрекеті

  • Раппорт орнату Жерден нәр алайық,Күннен шуақ алайық,Қазақстанның азаматы болып, Ауаны таза ұстайық!«СИҚЫРЛЫ ҰЯШЫҚ»

  • Жаңа сабақ: «жаңа ақпарат»

  • 1 тапсырма: «Қазына іздеу жолында» әдісі арқылы постер қорғау (ТЖ)

  • 2 тапсырма «Борт журналы» әдісі. Жұптық жұмыс

  • Сергіту сәті «Сен білесің бе» айдары

  • 3 тапсырма. «Жас эколог» әдісі. Жеке жұмыс

  • Үлгілі сабақ

  • ляйля ашық сабақ. ашык сабак 10.12. Білім беру йымыны атауы Табалытас ауылындаы орта мектебі мдшо


    Скачать 414.2 Kb.
    НазваниеБілім беру йымыны атауы Табалытас ауылындаы орта мектебі мдшо
    Анкорляйля ашық саба
    Дата17.10.2022
    Размер414.2 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаашык сабак 10.12.docx
    ТипДокументы
    #738564

    Білім беру ұйымының атауы

    «Таңбалытас ауылындағы орта мектебі МДШО» КММ

    Пәні:

    Жаратылыстану

    Бөлім:

    Ауа мен су

    Педагогтің аты-жөні:

    Уразымбетова Ляйля Бейбитовна

    Күні:

    10 желтоқсан 2021 жыл

    Сынып:

    Қатысушылар саны:

    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Ауа қалай ластанады?

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

    4.3.2.2 ауаның ластану көздерін анықтау;

    4.3.2.3 ауа тазалығын сақтау жолдарын және оны тазарту шараларын ұсыну

    Сабақтың мақсаты

    Ауаның ластану көздерін анықтайды. Ауа тазалығын сақтау жолдарын және оны тазарту шараларын ұсынып айтады.

    Сабақтың барысы

    Сабақтың кезеңі//уақыты

    Педагогтің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар




    Ұйымдастыру

    1 мин

    Өткен білімді еске түсіру

    5 мин

    1 мин

    Жаңа білім

    2 мин


    5 мин

    10 мин

    5 мин


    2 мин

    Бекіту

    7 мин


    Кері байланыс

    5 мин

    2 мин

    Раппорт орнату

    Жерден нәр алайық,

    Күннен шуақ алайық,

    Қазақстанның азаматы болып, Ауаны таза ұстайық!
    «СИҚЫРЛЫ ҰЯШЫҚ» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

    -Ауаның қандай пайдасын білесің?

    -Ауаның зияны бар ма?

    -Ауаның қандай қасиетін күнделікті өмірде пайдаланамыз?

    -Таза оттекпен тыныс алуға бола ма?

    -Ауаның қасиеттерін ата. (түссіз, мөлдір, иіссіз, дәмсіз, пішіні жоқ)

    -Ауаның құрамын ата. (азот 78%, оттек 21%, көмірқышқылгаз 1%)
    Жұмыс ережесімен келісу

    • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

    • Уақытты үнемдейміз!

    • Нақты, дәл жауап береміз!

    • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

    • Сабаққа белсене қатысып, жақсы балл аламыз!


    Жаңа тақырыпты ашу

    «Болжау стратегиясы»

    -Ауаға ауа иістендіргіш себу. Егер мен сыныпқа бір баллон газды шашатын болсам не болады?

    -Ауаға сіріңке жағу.

    -Ал енді сыныптың ауасында қандай өзгерісті байқадыңдар?
    Жаңа сабақ: «жаңа ақпарат»

    Ауаның ластануына байланысты бейнефильм көрсету. Бейнежазбаны сыныппен талқылау

    Жетекші сұрақтарға жауап береді.

    • Ауа қалай ластанады?

    • Табиғи ластану көздерін ата?

    • Адам іс-әрекетінен болатын ластану көздері?
    Мұғалімнің түсіндірмесі

    Ауаның ластануына, негізінен, адамның іс-әрекеті ерекше әсер етеді. Ірі қалаларда өнеркәсіп орындарынан шыққан түтін мен шаң-тозаңнан тұмша (тұман) түзіледі. Ұшақтар мен зымырандар аспанға көтерілгенде және қонған кезде зиянды зат көп бөлінеді. Қаладағы мыңдаған көлік шығаратын түтін мен газ, шаң-тозаң да ауаға тарайды. Тұрмыстық қалдықтар да шіріп, ауаға зиянды заттар бөледі.

    Табиғи құбылыстар да ауаны ластайды. Мысалы, жанартаулардың атқылауынан пайда болған күл мен шаң-тозаң, найзағай мен аптап ыстықтан тұтанған өрттің түтіні ауаға араласады.

    Ауаны ластанудан сақтау үшін өнеркәсіп орындарын, жылыту жүйесін қаладан не ауылдан алысырақ салады. Олардан бөлінетін улы газ бен зиянды затты сүзетін тазартқыш орнатады. Сондай-ақ қазір электрмен жүретін көлік жасау қолға алынып жатыр.

    Өсімдік жапырағы – шаң-тозаңды, түтін мен зиянды газды ұстап қалатын жақсы сүзгі. Сондықтан орман отырғызылады, елді мекендерде жылына екі рет көгалдандыру жұмысы жүргізіледі.
    1 тапсырма: «Қазына іздеу жолында» әдісі арқылы постер қорғау (ТЖ)

    Сыныпта суреттер ілінеді.

    1-топ ауаны ластау көздерінің қайсысы адам іс әрекетінен болатынын жіктеу.

    2-топ қайсысы табиғи жолмен болатынын жіктеу.

    Табиғи және адам іс-әрекетінен болатын ластанудың себептерін анықтайды.

    3-топ

    Ауа тазалығын сақтау жолдарын және оны тазарту шараларын ұсынып айтады.
    Табиғи жолмен: жанартау атқылауы, өсімдік қалдықтарының шіруі, зілзала, жануар қалдықтарының шіруі, орманның өртенуі
    Адам әрекеті әсерінен: көлік түтіні, зымыранның ұшуы, өнеркәсіп орындарынан шығатын түтін мен қалдықтар, орманның өртенуі, кен орындарынан шыққан улы газдар, қоқыстар мен қалдықтар.
    2 тапсырма

    «Борт журналы» әдісі. Жұптық жұмыс

    Ауа неден ластануы мүмкін?

    Ауа неден ластануы мүмкін?

    1.

    2.

    3.

    4.

    • Өз туған өлкеңде ауа қалай ластанады?


    Сергіту сәті «Сен білесің бе?» айдары

    -Қалада өсетін ағаштың ормандағы ағашқа қарағанда тіршілігі неліктен қысқа болады?

    -Орманда да, қалада да ағашатар өте көп. Екеуінің де тіршілік етуі ұзақ болады емес пе?

    3 тапсырма.

    «Жас эколог» әдісі. Жеке жұмыс

    1.Ауаны тазартудың ережесін құрастырып жаз.



    Кері байланыс

    Бүгінгі сабақта алған білімдерін гүлдер мен ағаш суреттерінің артына жазып, мектеп ауласының абаттандыру жұмысын (сурет бойынша жапсыру) жасап аяқтайды.

    Үйге тапсырма

    68-69 бет оқу, мазмұндау. «Ойлан» тапсырмасы.

    Раппорт орнатады
    Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмала

    рын орындайды


    Жұмыс ережесімен танысады

    Ауада қандай өзгерістер болғанын анықтап, айтады.

    Бейнебаян көреді
    Талқылауға қатысады

    Дескриптор:

    -ластану көздерін біледі

    -табиғи және адам іс әрекетінен болатын ластану себептерін ажырата алады

    -ауаны тазарту шараларын ұсынады

    Дескриптор:
    -Ластану түрлерін анықтайды;

    -кестені толтырады.

    Бейнеролик көреді

    Дескриптор:

    -ауаны тазартудың ережесін құрастырады;

    -жалаушаға жазады.


    Кері байланыс жасайды



    Кері байланыс:

    «Жарайсың!», «Жақсы» мақтау арқылы бағалау

    1 балл

    4 балл

    5 балл

    Слайд

    Слайд

    суреттер

    Ауа иістендіргіш, сіріңке

    Бейнебаян

    Суреттер

    кесте

    Бейнеролик

    Жалауша

    Мектеп ауласының суреті







    «Таңбалытас ауылындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Үлгілі сабақ


    Тақырыбы: «Ауа қалай ластанады?»

    (4 «Ә» сынып)

    Пән мұғалімі Уразымбетова Л.Б

    2021-2022 оқу жылы


    написать администратору сайта