Білім беру ұйымының атауы
| Сарыбастау ауылындағы орта мектеп МДШО КММ
|
Пәні:
| География
|
Бөлім:
| 3 Физикалық география 3.2Атмосфера
|
Педагогтің аты-жөні:
| Аманбекова Ч.Б.
|
Күні:
| 18.11.2021 сабақ № 20
|
Сынып:
| 8 Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
| Адамзат әрекетінің атмосфераға тигізетін кері әсері
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
| 8.3.2.6 -адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа тигізетін кері әсерін топтастырып, шешу жолдарын ұсынады
|
Сабақтың мақсаты
| Адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа тигізетін кері әсерін топтастырып, шешу жолдарын ұсынады
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру
| Оқушылармен амандасу.
Сыныпта жағымды ахуал тудыру.
Баяу әуен қосу. Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы оқушылар өзі бір- біріне қоя отырып өткен сабақ туралы не білгендерін ортаға салады 1) Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуына қандай факторлар әсер етеді?
2) Қазақстан аумағында орташа жылдық температураның таралуы, оның себептері.
3) Суық және ең жылы айлардағы ауа температурасының таралу заңдылығын қалай анықтауға болады?
| Сәлемдеседі.
Баяу әуенді тыңдай отырып, жағымды күйге келеді. Сұрақтарға жауап береді
|
«Кіру билеттері»
|
Презентация
https://www.youtube.com/watch?
|
Өткен білімді еске түсіру
| «Сұрақ менен жауап сенен», сұрақ-жауап жұмысы Қазақстанда жыл бойында жауын-шашын қалай таралған? Себебін түсіндіріңдер.
Қалай ойлайсыңдар, Қазақстанның жазықты жерлерінің қай аймағына қар жамылғысы көп түседі? Жауын-шашын мөлшері тауларда биіктеген сайын не себептен көбейеді? Өздерің тұратын жердің жауын-шашын мөлшері қандай? Өздерің тұратын жердің ылғалдылығы қандай ? Жазы мен қысы қандай? Жауын –шашынның таралуына қандай факторлар әсер етеді? Буланушылық коэффициенті жоғары және төмен аймақты анықтаңдар? Жауын-шашынның қандай түрлерін білесіңдер? Жауын-шашынның ең көп таралған аудандары? Еліміздің қыс мезгілінде солтүстік және оңтүстік аймақтарында жауын-шашынның қанша пайызы түседі?
Жаңа сабақ тақырыбын анықтап , бүгінгі сабақ мақсатын қояды
| Жаңа тақырыпты дәптерге жазады
| Мұғалім мадақтайды: «Жарайсыңдар!», «Тамаша!», «Бәрекелді!»
| Дәптер
Ұялы телефон
Және интернет желілері
Кітап
|
Жаңа білім
| «Айналмалы бекеттер» әдісі арқылы өздерінің идеясына сүйіне отырып , мәтінді толық менгеруін көздейді .
Кестемен жұмыс.
Қолайсыз атмосфералық құбылыстар
| Таралған негізгі аймақтар
| Пайда болу себептері
| Қандай қолайсыз зиян келтіреді
| Күресу жолдары
|
|
|
|
|
| Картамен жұмыс :
топ: Ормандары кесілген аймақты картадан көрсету.Оның нәтижесін түсіндіру. Топ: Қолдан жасалған су қоймаларын картадан көрсету. Оның климатқа әсерін түсіндіру. Топ: Антарктида мен Гренландияның және тау мұздықтарын картадан көрсету. Мұздықтардың еру себептерін түсіндіру. топ: Қазақстанның қай бөлігіндегі климат астық шаруашылығын дамытуға жағдай жасайды.Сол бөлікті картадан көрсету.
5. Құндылықтар спекторы : Жаңа тақырып бойынша меңгерген құнды білімдері мен пікірлерін айту
| Әр қатарда отырған оқушылар бірігіп жұмыс жасайды.
Оқулық мәтінін оқиды, кескін картаға түсіреді
Мәтіндегі ақпараттар бойынша сұрақтар құрастырады
|
ҚБ өзін өзі бағалау
ҚБ: «Баспалдақ» әдісі
| Оқулық, слайд
Оқулық Ашық сұрақ-жауаптар
|
Бекіту
| «Еркін микрафон» әдісі. Термин сөздерді түсіндіреді
|
| Оқушылар бірін- бірі баллдық жүйемен бағалайды
|
|
Кері байланыс
| Екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына
| Сол жағына
| Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.
| Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)
|
| Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.
Үш – төрт оқушы ауызша жауап береді
|
| Кері байланыс
Парағы
|