Туғаннан бастап 1 сыныпқа қабылданғанға дейін балалардың біліктері мен дағдыларының тізбесі
№ п/п
| Дағдылар тізбесі
| Бөбек жасы (0-3 жас)
| Мектепке дейінгі жас (3-6 жас)
| Нәрестелік жас (туғаннан бастап )
| Ерте жас (1 жастан бастап)
| Кіші жас (2 жастан бастап)
| Орта жас (3 жастан бастап)
| Ересек жас (4 жастан бастап)
| Мектепалды жасы (5 жастан бастап)
|
| 1
| 2
| 3
| 4
| 5
| 6
| 7
| 8
|
| Денсаулық сақтау дағдылары
| 1
| Мәдени-гигиеналық дағдылар
| Тамақты көргенде қимылдайды. Ыдысты ұстауға көмектеседі, ұстайды.
| Өз еркімен қасықпен тамақ ішеді, ересектің көмегімен киінеді, түбекке сұранады, оның орнын біледі және уақытында қажеттілігін айтады
| Жеке бас гигиенасының алғашқы дағдыларын меңгереді.
| Жеке бас гигиенасының ережелерін біледі және сақтайды.
| Гигиеналық шараларды орындау ретін біледі.
| Гигиеналық шынықтыру шараларын өздігінен орындайды.
|
| 2
| Дене шынықтыру
| Ересектердің саусақтарынан ұстайды. Заттарға ұмтылып, екі қолымен ұстайды, заттарды қолдан қолға ауыстырады
| Берілген бағытта жүре алады, жүгіре алады. Баспалдақпен жоғары көтерілгенді және төмен түскенді ұнатады.
| Жүгіру, өрмелеу және секірудің алғашқы дағдыларын меңгереді.
| Негізгі қимыл түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын меңгереді.
| Өмірлік маңызы бар қимылдарды өздігінен орындай алады.
| Негізгі қимыл түрлерін орындау кезінде шығармашылық танытады.
|
| 3
| Дербес қимыл белсенділігі
| Сүйене отырып заттың үстіне шығады, айналаға қарайды, контейнерден заттарды алады, суды шашыратады.
| Қатар отырып ойнай алады, кеңістіктегі ашық, зейін аударатын заттарды өз бетінше таба алады.
| Шағын топта бірге ойнай алады.
| Командада ойнаудың қарапайым ережелерін сақтай біледі.
| Түрлі ойындарды, оның ішінде ұлттық ойындарды ойнайды, ойын ережелерін сақтайды.
| Командада қимылды ойындарды ұйымдастыру дағдыларын игерген. Қимыл белсенділігіне қарапайым өзіндік бақылауы қалыптасады.
|
| 4
| Салауатты өмір салты
| Өзін жұбату және ұйықтау қабілеттерінің жоғарылағанын көрсетеді.
| Күн тәртібін орындайды.
| Шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады және қауіпті жағдайда сақтық танытады.
| Салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі, ересектердің көрсетуімен шынықтыру элементтерін орындайды.
| Салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі және сақтайды. Өсімдіктермен, жануарлармен, жәндіктермен не істеуге болатынын біледі.
| Қауіпсіздік қағидаларын саналы түрде орындайды. Шынықтыру шараларының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді. Күн тәртібін сақтайды.
|
| Коммуникативтік-тілдік дағдылар
| 1
| Қарым-қатынас мәдениеті
| Дыбысқа және оның дереккөздеріне назар аударады. Былдырлайды және дыбыстарға еліктейді.
| Жаңа сөздерге еліктейді; таныс заттардың және қимылдардың жеңілдетілген атауларын, алғашқы толық сөздерді қолданады
| Өзінің құрбыларымен және жақындарымен қарым-қатынасқа түсе алады.
| Ересектердің сөзін түсінеді. Сұрақтарды тыңдайды, оларға жауап береді.
| Ересектермен, балалармен қарым-қатынасқа түсе алады және олардың өтініштерін орындайды.
| Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін біледі және оларды сақтайды.
|
| 2
| Тілдің грамматикалық құрылымы
| -
| Қарапайым сөздерді қолданады және заттар мен қимылдарды қарапайым сөздермен атауды біледі.
| Түсінікті болу үшін өз ойын дұрыс жеткізе алады.
| Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.
| Ересектердің сұрақ қоюы арқылы салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді үйлесімді құрастыра алады.
| Сөйлеуге сыни қарым-қатынас таныта алады, грамматикалық дұрыс сөйлеуге тырысады.
|
| 3
| Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
| Оның есімін атағанда ыммен немесе дауысымен жауап береді.
| Дауысты дыбыстарды және артикуляциялық қатынаста дауыссыз дыбыстарды жеткілікті түрде анық айта алады.
| Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады.
| Сөздердің қалай айтылатынын тыңдап, оларды анық айтады.
| Ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтады.
| Дұрыс, мәнерлі сөйлей алады. Интонациялық мәнерлеудің түрлі тәсілдерін қолданады.
|
| 4
| Сөздік қор
| Қимылдарға, басқа ымдар мен дыбыстарға еліктейді.
| Ересектердің айтқан сөздері мен сөз тіркестерін қайталайды. Жануарлардың дыбыстарына еліктейді
| Өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары туралы сұрақтарға жауап береді.
| Барлық қимылдарды, заттар мен құбылыстарды, олардың белгілері мен сапасын атайды.
| Жағдайды көрмей-ақ сөздерді қолданып, сөйлеуде етістіктерді белсенді қолдана алады.
| Сөйлеуде антоним, синоним сөздерді қолдана отырып, тілдегі сөздің көп мағыналығын түсінеді.
|
| 5
| Байланыстырып сөйлеу
| -
| Қысқа сөз тіркестері мен сөздерді қолданып, өтініш жасай алады, тапсырманы мұқият тыңдайды және оны дұрыс орындайды.
| Тілектерін, ойларын, сезімдерін айту үшін сөздерді қолдана алады.
| Табиғаттың тірі және өлі нысандарын бақылау, суреттерді, заттарды қарастыру кезінде сұрақтарға дұрыс жауап береді.
| Диалогтік сөйлеудің, тілдесудің негізгі формасын меңгерген. 2-3 сөйлеммен өз ойын жеткізе алады.
| Әртүрлі сөз таптарын, эпитеттер мен салыстыруларды қолдана отырып, монолог құра алады.
|
| 6
| Шығармашылықпен тілдік қызмет
| Шаршаған немесе ренжіген кезде өзін құшақтаудың, еркелетудің қажет екенін ыммен білдіреді.
| Ойыншықтармен қойылатын күрделі емес шағын сахналық қойылымдарды түсінеді, ойыншықтардың әр қимылына еліктейді.
| Саусақ ойындарына арналған тақпақтарды жатқа айтады.
| Кейіпкерлердің мінезін жеткізу үшін интонациялық мәнерлеудің қарапайым түрлерін қолданады.
| Таныс ертегілерді айтады, ойыншықтар туралы шағын әңгімелер құрастырады.
| Оқиғаларды құрастыра алады, астарлы және ауыспалы сөздерді қолданады және түсінеді. Ұйқас және сөздік ойыңға қызығушылық танытады.
|
| 7
| Шығармаларды қабылдауы
| Қысқа тақпақтар мен тіл жаттығуларын тыңдайды және оған көңіл-күймен жауап береді.
| Тиісті суреттерді қолдана отырып шағын, қарапайым әңгімелерді, өлеңдерді, тақпақтарды түсінеді.
| Халық ауыз әдебиеті туындыларына эмоционалды үн қатады.
| Түрлі оқиғаларға, кейіпкерге өзінің қарым-қатынасын білдіреді.
| Өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды атай алады, әдеби кейіпкерлерді ойында қолданады.
| Кітапқа қызығушылық танытады, өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқи алады.
|
| 8
| Сауат ашу негіздері
| -
| -
| -
| -
| -
| Үш дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасай алады. Буындарды ажыратады. Жазудың қарапайым дағдыларын: қарындаш, қалам ұстауды, алады, сурет салуды, сызықтар сызуды, басып жазуды меңгереді. Қағаздың, кітаптың бетінде бағдарлана біледі.
|
| Танымдық дағдылар
| 1
| Заттардың қасиеттерін бағдарлау
| Заттарды есте сақтауға және іздеуге қабілетті.
| Біртекті заттарды бір белгісі бойынша (көлемі, пішіні) топтастыра біледі. Негізгі төрт түсті ажырата алады.
| Заттардың негізгі түстерін, пішінін, көлемін, сипатын ажыратады.
| Салыстыру (қатар қою, беттестіру) тәсілімен заттарға тән айырмашы-лықтарды таниды және атайды.
| Заттарға тән ерекшеліктерді және белгілерді иісі, дәмі, дыбысы негізінде қабылдайды.
| Танымдық әрекет ретінде заттардың қасиеттері мен белгілерін қарастырады.
|
| 2
| Қоршаған ортаны тану
| Әртүрлі тәсілдермен заттарды зерттейді (яғни лақтырады, шашады, басқалардың әрекетін бақылайды).
| Өзі, отбасы туралы білімге ие. Үйге, балабақшаға жақын маңайдағы жануарларды, өсімдіктерді, заттарды таниды.
| Адамдарға, олардың әрекетіне ерекше қызығушылық танытады.
| Табиғаттағы және ауа райындағы қарапайым өзгерістерді байқайды және атайды. Бағдаршам белгілерін түсінеді және атайды.
| Тірі және өлі табиғат пен қоғамдық өмірдегі қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды түсінеді.
| Танымдық міндеттерді көрнекі-қимылдық және көрнекі-үлгілік жоспармен шеше алады, жүйелей және топтастыра алады. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу қабілетіне ие.
|
| 3
| Құрастыру дағдылары
| Қимылдарды орындаудың түрлі әдістерін жасауға тырысады.
| Ересектердің көмегімен қарапайым құрастырылымдарды құрастыра біледі.
| Ересектердің көрсетуімен қарапайым құрылыстарды қайталап жасайды (үстіне, жанына, астына қоя алады).
| Әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, құрылыс материалдарын қолдана біледі. Оның негізгі бөлшектерін біледі және атайды.
| Құрылыс материалдарын өз бетінше таңдайды, өзі құрастыруға тырысады. Командада жұмыс істеуді біледі.
| Құрастырудың бірнеше және қарапайым жинақтау тәсілдерін меңгерген және түрлі нәтиже алу үшін бір және бірнеше тәсілдерді қолданады.
|
| 4
| Экология лық мәдениет негіздері
| Табиғат әлемін жағымды қабылдайды, қоршаған ортадағы өсімдіктер мен жануарларды аңғарады.
| Тіршілік иелерін, өсімдіктерді ажырата алады, оларға қызығушылық танытады.
| Жануарлар әлеміне мейірімділік пен ұқыптылық танытады.
| Ересектердің көмегімен өсімдіктерді күтіп баптау бойынша қарапайым еңбек дағдыларын орындай алады.
| Табиғатта өзін-өзі ұстаудың кейбір нормаларын меңгереді.
| Қоршаған әлемнің алуан түрлілігін түсінеді. Өсімдіктердің белгілерін, қасиеттерін, олардың тіршілік ортасын біледі. Табиғат бұрышын мекендеушілерге күтім жасай алады.
|
| 5
| Қарапайым математикалық ұғымдар
| Әртүрлі көлемдегі және пішіндегі ойыншықтармен немесе заттармен ойнайды.
| Ересектердің нұсқауларын түсінеді және айналасындағы кеңістіктен заттарды таба алады.
| Кеңістікті бағдарлаудың бастапқы дағдыларын меңгереді.
| Уақыт, кеңістік туралы қарапайым түсініктерін көрсете алады.
| Уақыт туралы (тәулік бөліктері: таңертең, күндіз, түн; күндер: бүгін, кеше, ертең), жылдам, баяу түсініктерін біледі.
| Геометриялық пішіндердің құрылымдық сипаттамаларын, тура және кері реттегі сандық қатынасты біледі.
|
| 6
| Ізденіс және экспери-менттік әрекет
| Заттарды зерттеуге қызығушылық танытады, жаңа заттармен танысады немесе зерттейді. Заттарды көбінесе қолданылуына қарай емес, өлшемі бойынша салыстырады.
| Әртүрлі пішіндегі ойықтарға (тесіктерге) сәйкес заттарды салуды біледі.
| Әртүрлі заттармен әрекет жасай (ажырата, жалғай, құрастыра) алады.
| Таныс материалдармен өз бетінше, сондай-ақ командада эксперимент жасай алады.
| Мақсатты түрде жаңа материалдармен эксперимент, үлгі жасай алады және заттар арасындағы жалпы белгілерді ажырата біледі.
| Қарапайым себеп-салдарлық байланыс орната алады, ретімен және нәтижелі эксперимент жасай алады.
|
| 7
| Ақпаратпен жұмыс
| Айнадағы бейнесін бақылайды және қызығушылық танытады.
| Ақпаратты сезім мүшелерінің (сезім, иіс сезу, жанасу түйсіктері арқылы) көмегімен алады .
| Әртүрлі ақпарат көздеріне қызығушылық танытады.
| Қызықты ақпаратты анықтайды.
| Жаңа ақпарат алу қажеттігін түсінеді.
| Жаңа ақпаратты қызығушылық танытқандарға қалай ұсынуды біледі және түсінеді.
|
| Шығармашылық дағдылар
| 1
| Музыкалық әрекет
| Ересек адаммен көңілді ойын ойнағанда қуанады, дабылдың соғылғанын көргенде, заттың бетін ұрады. Музыкалық құралдармен әрекет жасайды.
| Әнді орындау барысында қарапайым қимылдармен би әуеніне көңілді сипат бере алады.
| Музыкалық аспаптарды біледі, музыкалық фразалардың жоғары және төмен дыбысталуын ажыратады, ересектермен бірге ән айтуға ықылас танытады.
| Музыкалық шығарманың қарқынын, жоғары дыбыстарды ажыратады, әуеннің басы мен соңына назар аударады. Халық әуендерін тындайды және қабылдайды.
| Дауыс тембрін ажыратады, әнді созып айтады, сөздерді анық айтады; би, музыкалық- ырғақты қимылдарды орындайды. Отандық композиторлардың шығармаларын тындайды және қабылдайды.
| Балалардың музыкалық аспаптарында ойнаудың қарапайым дағдыларына ие. Халық әндерін, билерін орындайды. Әнді ойдан шығарып айту қабілетіне ие.
|
| 2
| Өнімді әрекет
| Ашық түсті заттарға, картиналарға, гүлдерге эмоционалды үн қатады (аузына салады, басын изейді, тоқылдатады, ұрады, лақтырады).
| Қағаз бетін ашық дақтармен, жақпалармен толтырады (бояу, маркер, борлар, қарындаштар); дөңгелек, жалпақ пішіндерді мүсіндейді.
| Мүсіндеу дағдыларын игерген (заттарды шұңқырлау, сәндеу). Қағаз бетіне тік және жатық, ирек сызықтар сыза алады.
| Бейнелеу әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдылар мен біліктерді игереді.
| Бейнелеу өнерінің түрлері туралы ұғымдары бар (кескіндеме, мүсіндеу, халық өнері). Ата-бабалардың тұрған үйлерін, тұрмыстық заттарды, ұлттық киімнің бөліктерін атайды.
| Бейненің сипатына тән бейнелеудің техникалық тәсілдері мен құралдарын өз бетінше таңдай алады.
|
| 3
| Қоршаған ортаны эстетикалық қабылдау
| - -----
| Бояудың ашық түстеріне назар аударады, оларға таң қалады, куанады.
| Халық ойыншықтарын қарастыру кезінде эмоционалды түрде қуанышын көрсетеді.
| Қолданбалы халық өнерінің түрлеріне қызығушылық танытады. Материалдарды ұқыпты қолданады.
| Геометриялық пішіндерді және өсімдік элементтерін халық өнері шығармаларының желісі бойынша біркелкі орналастырады. Түрлі заттары дайындаудын қарапайым дағдыларын игереді.
| Халық өнеріне және сәндік өнерге, дизайнға қызығушылық білдіреді, жұмыс тәсілдерін таңдайды және негіздейді, жұмыста материалдарды тиімді қолданады, табиғаттың әсемдігіне, киімге және бөлменің жинақылығы на эмоционалды түрде мән береді.
|
| Әлеуметтік дағдылар
| 1
| Мәдени мінез-құлық дағдылары
| Сәлемдескенде, қоштасқанда жауап қайтарады.
| Жай сөйлеммен айтылған өтінішті орындайды.
| Мінез-құлық нормалары мен қағидаларын түсінеді, сәлемдесу, қоштасу, ризашылық сөздерін қолданады.
| Адами қарым-қатынас туралы білімді меңгерген, эмоционалдық жай-күйді түсінеді.
| Айналадағы және жақын адамдарға қамқорлық көрсетеді.
| Қажетті жағдайларда көмек сұрай алады, басқа адамдардың тілектеріне құрметпен қарайды.
|
| 2
| Ересектермен және құрдастарымен өзара әрекет
| Отбасы мүшелерін таниды. Ересектермен жағымды қарым-қатынаста бола отырып күледі, қол бұлғайды немесе күлімсірейді. Қарым-қатынас жасауда ұнату, жақтырмау сезімін білдіреді.
| Ойын-сауықтар мен әртүрлі ойындарда ересектермен әрекет етеді. Ересектерді ынтамен тыңдайды және қарапайым тапсырмаларды орындайды.
| Жақындарына, құрдастарына бауырмалдық, тілектестік сезім танытады.
| Тұрақты ойын топтарына қосылады және танымдық тақырыптарда құрдастарымен тілдесе алады.
| Ересектермен бірге еңбек әрекеттерін орындайды, командада әрекет ете алады. Құрдастарының арасында өзінің орнын, өзінің "Мен" екенін сезінеді. Ересектермен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасағанда адамгершілік нормалары мен ережелерін сақтайды.
| Ересектермен және құрдастарымен бірге еңбек ете алады, ортақ мақсат қояды және оның нәтижесін талқылай алады.
|
| 3
| Адамгершілік нормалары туралы түсінік
| Алғашқы эмоцияларын білдіреді. Көмек қажет болғанда дененің қозғалысын және дыбысты қолданады.
| Айналасындағылармен қарым-қатынасты реттеу және өзінің қалауын білдіру үшін қажетті сөздерді қолданады.
| Қазақстанның астанасын, өзі тұратын қаланын атауын біледі. Халық ауыз әдебиеті шығармалары арқылы ненің "жақсы", ненің "жаман" екенін түсінеді.
| Айналасындағыларға сүйіспеншілік пен қамқорлық танытады. Өзінің әрекеттерін және ертегі кейіпкерлерінің әрекеттерін бағалай алады.
| Қазақстан халқының салт-дәстүрлері туралы түсінікке ие.
| Отбасылық құндылықтарды сақтайды. Өзінің кіші отанына, туған елінің мәдениетіне сүйіспеншілік және құрмет танытады.
|
| *** Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар, оның ішінде ақыл-есі кемістігінің жеңіл және баяу дәрежесіндегі балалар үшін күтілетін нәтижелер жеке және арнайы үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес анықталады.
| |