Главная страница
Навигация по странице:

  • Міндеттері: Түзету-білімділік

  • Түзету-дамытушылық

  • Құрал-жабдықтар

  • Сабақ түрі

  • Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің оқу қызметі Балалардың

  • Мотивация Миға шабуыл жасауНегізгі бөлім «Мнеможол» қолдану Байланыстырып сөйлеу

  • Ойын «Ретімен орналастыр»

  • (топтық жұмыс) Өлең жолдарын қайталап айту Іс-қимылмен жасау(Жеке жұмыс) (Жұптық жұмыс)

  • Ашық сабақ НАН. Білім саласы атынас Блімі Сйлеуді дамыту Таырыбы


    Скачать 23.42 Kb.
    НазваниеБілім саласы атынас Блімі Сйлеуді дамыту Таырыбы
    Дата02.07.2021
    Размер23.42 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАшық сабақ НАН.docx
    ТипДокументы
    #222948


    Білім саласы: Қатынас

    Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

    Тақырыбы: «Ас атасы- нан»

    Мақсаты:. Балаларды нанның дастарқанға келу жолдарымен таныстыру.

    Міндеттері:

    Түзету-білімділік: Бидайдан нан жасалынатынын айта отырып, дастарқанға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, егін өсірушілердің мамандықтарымен таныстыру.

    Түзету-дамытушылық:: Балалардың  ақыл-ой белсенділігін арттыру.Өлең,мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту,жетілдіру.

    Түзету-тәрбиелік: Нанды ардақтауға ысырап қылмауға тәрбиелеу. Асты қастерлеуге тәрбиелеу. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге баулу.

    Құрал-жабдықтар: Суреттер , үлестірмелі карточкалар, қарындаштар, слайд, әліппе-дәптер, мнемокесте.

    Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, жұптық және топтық жұмыс.

    Сабақ түрі: Жаңа сабақ

    Пәнаралық байланыс: Шығармашылық, таным


    Іс-әрекет кезеңдері

    Тәрбиешінің оқу қызметі

    Балалардың

    іс-әрекеті

    Ұйымдастыру

    кезеңі

    Шаттық шеңбері


    Мотивация

    Миға шабуыл жасау

    Негізгі бөлім

    «Мнеможол» қолдану
    Байланыстырып сөйлеу:


    Саусақ жаттығуы
    Д/ойын

    Сергіту сәті:


    Жоба

    Қорытынды


    Рефлексия


    Балалар әуен арқылы амандасу сәтімен топқа кіреді.

    Күндей жарқырап,

    Айдай арайлап,

    Жұлдыздай жарқырап,

    Судай мөлдір, таза көңілмен,

    Бүгінгі оқу оқу қызметімізді бастаймыз

     

    Балалар бүгін біз сабақта өз мақсатымызға жету үшін бірқатар ережелерді сақтауымыз қажет.

    Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер мұқият тыңдап шешуін табыңдар!
    Сөзжұмбақ шешу.

    1.Балалар әлемдегі балаға ең жақын адам кім? (Ана)

    2.Көктем мезгілі қай айдан басталады? (Наурыз)

    3.Не көңілдің ажары? (Ән)



    А

    Н

    А










    Н

    А

    У

    Р

    Ы

    З

    Ә

    Н













    -Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіндегі әңгімеміз осы нан жайында болмақ екен
    -Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Ас атасы-нан»

    -Нанды қалай қастерлейміз?

    -Бүгінгі әңгімеміз наның біздің дастарқанымызға қалай келетіні туралы болмақ.

    -Осы сұрақтың жауабын білу үшін егін алқабына барайық. Дастарқанға келетін бір түйір нанға қаншама адамның маңдай тері сіңеді. Ерте көктем келісімен адамдар трактормен жер жыртып, тырмалап, жерге бидай дәнін себеді. Одан кейін жаңа өскін өседі. Оны күтіп баптайды. Егін піседі.Күз мезгілінде адамдар оны комбайнмен жинауға кіріседі. Күн демей, түн демей егін алқабында егін жинаумен болады.

    -Енді балалар осы жинаған бидайды ары қарай не істейтінін білу үшін диірменге барайық. Жиналған бидайды орып, тазартып, көлікке  салып, диірменге апарады. Диірменде бидайдан ұн тартады.

    - Енді балалар диірменде тартылған ұнды ары қарай не істейтінін білу үшін наубайханаға барайық. Наубайхана - нан пісіретін, нан жабатын орын. Наубайшы-наубайханада нан пісіретін адам. Қапқа салынған ұн наубайханаларға апарылады. Наубайханада ұнның әр түрінен нан түрлері пісіріп, оны дүкендерге жібереді. Дүкенге жіберілген нанды сатушы сатады.

    Балалар, міне нан осылайша қаншама еңбекпен дастарқанға келеді екен.

    -Балалар біз нанның дастарқанға келуімен таныстық. Енді осы алған білімдерімізді қолданып көрейік.

    Ойын «Ретімен орналастыр»

    -Енді балалар алдарында жатқан конверттен суреттерді алып, ретімен орналастырыңдар.
    -Балалар тақтаға назар аударайық. Мнемокесте арқылы «Нанды қастерлейік атты» өлеңді жаттап алайық.

    Ей балалар, балалар.

    Бар қасиет нанда бар!

    Тоқаш, бөлке көп болар,

    Тәттіге жұрт тоқ болар.

    -Ал енді осы мнеможолды кім маған айтып береді?
    Күн бұлттанып төбеде,

    Тығылдығой гүліміз

    Жаңбыр жауды себелеп,

    Қатайды ол дүркіреп

    Азайды ол мезетте.

    Жайнап шықты гүліміз.

    «Мысалдар шығарамын»

    Әр сөреде 4тоқаштан болу керек.

    Балаларға ойын шарты түсіндіріледі.
    Көктемде жерді жыртамыз,

    Тегістейміз тырмалап.

    Дәндерді оған егеміз,

    Жайқалып көктеп шықсын деп.

    Күз болғанда ортамыз,

    Нанға біздер тоямыз.

    Балалар, енді біз басымыға арнайы бас киімімізді және алдымызға алжапқышымызды тағып ойын алаңына барып қамырдан тоқаш және бауырсақ жасайық
    -Балалар, сендерге үйге тақырыбы «Ас атасы-нан» туралы тапсырма берілген иә. Кім жауап берем дейді? Иә, Айзеренің орындап келген тапсырмасына назар аударайық.

    -Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не түсіндік?

    -Қандай егін өсірушілердің мамандық иелерін білесіңдер?

    -Нанның дастарханға келу жолын кім айтады.

    -Нанға байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

    1.Ас атасы нан

    Нан атасы дән

    2.Еңбек түбі береке,

    Көптің түбі мереке.

    -Балалар бүгінгі сабағымызды қорытындыласақ Қазақта «Ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни, астың, дәмнің үлкені – нан. Осы нанға байланысты бірнеше тыйым сөздер бар. Соларды мұқият тыңдап, есімізге сақтап алайық:

    • Нанды бір қолмен үзбе.

    • Нанды жерге тастама.

    • Наннан аттама.

    -Міне, балалар, нанның қандай еңбектің арқасында келетінін білдіңдер. Нанның қасиеті мен қадірін білуіміз керек.

    -Осымен «Ас атасы –нан» деген сабағымыз аяқталды. Ана бол, дана бол, бала бол , нанды баспаңдар!

    -Барлықтарың сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Балаларға өздерін және бірін-бірі бағалау ұсынылады.

    Тақтадан шыққан суреттермен сұрақ жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорыту.

    Егер сабақ ұнаса саусағыңды сартылдат.

    Егер сабақ ұнаса аяғыңды тарсылдат.

    Егер сабақ ұнаса шапалақты шартылдат.

    Егер сабақ ұнаса айтайықшы тамаша.

    Сау болындар !

    Сәлеметсізбе!


    Шеңберге тұру

    Ережелерді орындайды

    Сұрақтарға жауап беру


    Мұқият тыңдау

    (топтық жұмыс)

    Өлең жолдарын қайталап айту

    Іс-қимылмен жасау

    (Жеке жұмыс)

    (Жұптық жұмыс)
    Айзере үй тапсырмасын қорғап береді


    Сұрақтарға жауап беру



    Күтілетін нәтиже

    Біледі: Нанды қастерлеу керектігін түсіну.

    Игерді: Нанның адам еңбегімен келетінін,оған көп күш жұмсалатынын білу;

    Меңгерді: Наның дастарханға келу жолын мнеможол, мнемокесте әдісі арқылы меңгеру.


    написать администратору сайта