|
Ашық сабақ Ас атасы нан. бидай ашық сабақ. Сабаты таырыбы Ас атасы нан
Сабақтың тақырыбы: « Ас атасы – нан »
Сабақтың мақсаты: Дән тұқымымен танысу,бидайдан нан жасалынатынын айта отырып,дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен,қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру.Диханшылардың еңбегімен таныстыру.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,сергіту,ойын,әңгімелеу,сұрақ-жауап, жаңа сөздер мағынасын түсіндіру.
Көрнекі құралдар: «Нан қайдан келеді?» сериялық суреттер,нан түрлерінің суреттері және піскен нан,ұн,диірмен,масақ,су,жыл мезгілдерінің суреттері. т.б.
Әрекет
| Тәрбиешінің әрекеті
| Баланың әрекеті
| Мотивациялық қозғаушы.
Іздену кезеңі
Психологиялық дайындық.
Суретпен жұмыс.
(Суреттерді көрсету)
Өлең жолдары және нақыл сөздер айту.
Сұрақ-жауап.
Сергіту сәті.
Қорыту.
| Сәлеметсіздерме балалар.
v Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?
v Жылдың неше мезгілі бар?
v Кәне атап шығайық.
v Далада ауа-райы қалай?
v Балалар көңіл күйлерің қалай?
v Олай болса көңілді болғанда не істейсіңдер?
v Ренжігенде?
v Қорыққанда?
v Таңқалғанда?
v Қуанғанда?
v Ендеше бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.
.
·
Балалар мына суреттен нені көріп тұрмыз? Балалар көктемде бұл тракторлар жерді жыртып,оны тырмалап,жерге мынадай бидай дәнін себеді.(Балаларға бидайды көрсету)
· Екінші суреттен нені көріп отырсыңдар? Егінді орып жүрген комбайн,ол бидайды орып,тазартып,көлікке салып береді.
· Үшінші суреттен нені көріп отырмыз.Диірменнен балалар ұн тартып шығарады.(Ұнды көрсету)
· Төртінші суреттен нені байқап отырсыңдар? Ұннан наубайханада әр түрлі андар пісіріп шығарады,оны дүкендерге жібереді.
Міне балалар біздің бүгінгі іс-әрекетіміз ас атасы нан туралы болмақ.Балалар біздің дастарханымызға нан оңай келмейді екен,міне жоғарыда айтқандай үлкен еңбекпен келеді екен.(Жоғарыдағы суреттерді жекелеп қайталап түсіндіру)
· Ал сендер күнделікті жеп жүрген нанды біз қайдан аламыз?
·
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
«Ас атасы-нан,
Нан атасы-дән»
Сонымен нанды қалай қастерлейді екенбіз?
Жайқалады ақ бидай, Басын иіп аққудай. Трактормен комбайн, Жүргізуге мен дайын. Көктемде жерді жыртамыз,
Тегістейміз тырмалап.
Дәндерді оған егеміз,
Жайқалып көктеп шықсын деп.
Күз болғанда орамыз,
Нанға біздер тоямыз.
- Не туралы әңгімелестік?
- Нан қайдан келеді екен?
- Нанды қайдан алады?
- Ұнды кімдер дайындайды?
- Диірменнен шыққан ұнды қайда әкеледі?
Балалар бүгін біз бидай, нан туралы көптеген мағлұмат алдық, Олай болса сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Сұрақтар қою арқылы балаларды ауызша бағалау.
| Амандасады.
Көктем.
Төрт.
Көктем,жаз,күз,қыс.
Жылы.
Жақсы.
Қол шапалақтаймыз.
Қабақ түйеміз.
Көзді жұмамыз.
Көздібақырайтамыз.
Күледі.
Балалар бір біріне қарап, бір бірден айтады.
Күніміз жарқын болсын,
Аспанымыз ашық болсын.
Күніміз сәтті болсын,
Деніміз сау болсын
Көктемде жер жыртып жатқан трактор.
Егін орып жүрген ко мбайн тракторы.
Диірменнің, ұнның суретін көрсету Наубайхананың, дүкен сөресіндегі нандарды сурет арқылы көрсету
Дүкеннен
Нан пісіретін наубайханадан
Ұн шығаратын диірменнен
Қырманнан
Нанды бір қолмен үзбе.
Нанды, дастарқанды баспа.
Нанды төңкеріп тастама.
Нанды аяққа баспа.
Нанды шашпаймыз,
Тәрбиешімен қоса қимыл-қозғалыс жасайды.
Балалардың жауаптары
|
Білді:
| Трактор,диірмен,комбайн мен бидайдың не екенін және нанның оңай жолмен келмейтіндігін білді.
| Меңгерді:
| Көктем,жер жырту,тырмалау,дән егу,комбайнмен ору,диірмен,наубайхана сөзедін және нанды қастерлеуді,шашпауды меңгерді.
|
№2 Шұбарқұдық қазақ-орыс орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Ас атасы – нан»
«Балдырған» І кіші топ
Өткізген: Кульжумурова Н. А.
2017-2018 оқу жылы |
|
|