Главная страница

Лабораториялық жұмыс-5. Бір өлшемді жиым тапсырмалар. Бір лшемді жиым тапсырмалар


Скачать 14.06 Kb.
НазваниеБір лшемді жиым тапсырмалар
Дата12.05.2019
Размер14.06 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЛабораториялық жұмыс-5. Бір өлшемді жиым тапсырмалар.docx
ТипДокументы
#76774

Бір өлшемді жиым тапсырмалар



  1. Бір өлшемді жиым берілген. Барлық оң болып табылатын сандарды шығару және сол оң болып табылатын элементтердің санын және қосындысын табу керек.

  2. Бір өлшемді жиым берілген. Барлық теріс болып табылатын сандарды шығару және сол теріс болып табылатын элементтердің санын және қосындысын табу керек.

  3. Бір өлшемді жиым берілген. Барлық жұп болып табылатын сандарды шығару және сол жұп болып табылатын элементтердің санын және қосындысын табу керек.

  4. Бір өлшемді жиым берілген. Барлық тақ болып табылатын сандарды шығару және сол тақ болып табылатын элементтердің санын және қосындысын табу керек.

  5. Бір өлшемді жиым берілген. Барлық екі таңбалы сандарды шығару және сол екі таңбалы болып табылатын элементтердің санын және қосындысын табу керек.

  6. Бір өлшемді жиым берілген. Барлық 7-ге тең сандарды шығару және сол 7-ге тең болып табылатын элементтердің санын және қосындысын табу керек.

  7. Бір өлшемді жиым берілген. Барлық 0 санына аяқталатын сандарды шығару және сол 0 санына аяқталатын элементтердің санын және қосындысын табу керек.

  8. Бір өлшемді жиым берілген. Барлық 50 санынан аспайтын сандарды шығару және сол 50 санынан аспайтын элементтердің санын және қосындысын табу керек.

  9. Бір өлшемді жиым берілген. Барлық 5-ке қалдықсыз бөлінетін сандарды шығару және сол 5-ке қалдықсыз бөлінетін элементтердің санын және қосындысын табу керек.

  10. Бір өлшемді жиым берілген. Барлық 3-ке қалдықсыз бөлінетін сандарды шығару және сол 3-ке қалдықсыз бөлінетін элементтердің санын және қосындысын табу керек.

  11. Бір өлшемді жиым берілген. Барлық 10 санынан аспайтын сандарды шығару және сол 10 санынан аспайтын элементтердің санын және көбейтіндісін табу керек.

  12. Бір өлшемді жиым берілген. Барлық 10-ға қысқаратын сандарды 0 санымен алмастырып жиымды шығару.

  13. Бір өлшемді жиым берілген. 4-ке аяқталатын барлық сандарды 2 есе кемітіп жиымды шығару.

  14. Бір өлшемді жиым берілген. 20-дан үлкен болып табылатын сандарды олардың квадраттық түбірімен алмастырып жиымды шығару.

  15. Бір өлшемді жиым берілген. Бір өлшемді жиым берілген. Әрбір а санын а-2*а санымен алмастырып жиымды шығару.

  16. Бір өлшемді жиым берілген. Барлық 0-ге тең сандарға 15-ті қосып жиымды шығару.

  17. Бір өлшемді жиым берілген. 0-ге аяқталатын барлық сандарды 10 есе кемітіп жиымды шығару.

  18. Бір өлшемді жиым берілген. Әрбір теріс санды оның абсолют шамасымен алмастырып жиымды шығару.

  19. Бір өлшемді жиым берілген. Барлық тақ болып табылатын сандарды 2 есе арттырып жиымды шығару.

  20. Бір өлшемді жиым берілген. Барлық жұп болып табылатын сандарды олардың квадраттарымен алмастырып жиымды шығару.

  21. Бір өлшемді жиым берілген. Жиымдағы сандардың квадраттық түбірі бүтін болып табылатын сандарды олардың квадраттық түбірімен алмастырып жиымды шығару.

  22. Бір өлшемді жиым берілген. Қандай да бір m санына қалдықсыз бөлінетін сандарды оның абсолют шамасымен алмастырып жиымды шығару.

  23. Бір өлшемді жиым берілген. Жиымдағы оң элементтердiң квадраттарының арифметикалық ортасын табу және сол сандардың арсындағы ең кіші элементтің индексін анықтау.

  24. Бір өлшемді жиым берілген. Жиымның модуль бойынша ең үлкен санның таңбасын өзгертіп шығару және сол модуль бойынша ең үлкен санның индексін анықтау.

  25. Бір өлшемді жиым берілген. Жиымның оң және теріс сандарының арифметикалық ортасын табу және жиымда сол арифметикалық ортаға тең болатын сан табылса, оның индексін анықтау.

  26. Бір өлшемді жиым берілген. Қандай да бір m санынан кіші сандардың арифметикалық ортасын табу және жиымда сол арифметикалық ортаға тең болатын сан табылса, оның индексін анықтау.

  27. Бір өлшемді жиым берілген. Мәні арифметикалық ортадан үлкен сандарды шығару және сол элементтердің санын анықтау.

  28. Бір өлшемді жиым берілген. Жиымдағы теріс сандардың арасындағы ең үлкен (максимум) элементті табу және оның индексін анықтау.

  29. Бір өлшемді жиым берілген. Ең кіші (минимум) элементті табу және оның индексін анықтау.

  30. Бір өлшемді жиым берілген. Оң сандары болса, онда олардың геометриялық ортасын табу, ал терiс сандары болса, онда оларды индекстерiнiң мәнiмен ауыстырып жиымды шығару.

  31. Бір өлшемді жиым берілген. Ең үлкен (максимум) элементті табу және оның индексін анықтау.

  32. Бір өлшемді жиым берілген. а-дан b-ға дейінгі аралыққа тиісті жиым элементтерін анықтап, олардың геометриялық ортасын табу және жиымда сол геометриялық ортаға тең болатын сан табылса, оның индексін анықтау. (а және b мәні клавиатурадан енгізіледі; a>b)

  33. Бір өлшемді жиым берілген. Әр бесінші элементтің бесінші дәрежесін табу және жиымда сол 5-элементтің квадратына тең болатын элемент табылса, оның индексін анықтау.


написать администратору сайта