Главная страница

кітап. Жабайы алма. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын


Скачать 0.92 Mb.
НазваниеБірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Анкоркітап
Дата22.11.2022
Размер0.92 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖабайы алма.docx
ТипДокументы
#806741
страница29 из 35
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35

    • Жай, әншейін,- дей салдым немқұрайлы үнмен.- Онан да мә, бауырсақ жеңдер,- деп жеткенше бір-бірден үлестіріп бердім. Өзім бір бауырсақ қана алып қалғам.

    • Қанат, мен құр қалдым ғой,- деген кластағы ең кішкене бала Көпен жүгіріп кеп. Амал жоқ, соңғы бауыр- сақты соған ұстата бердім. Сөйтіп, бір қалта бауыр- сақтан өзім ауыз да тие алмадым. Оның есесіне Санат сияқты кластағы балалардың алдында менің де шоқтығым бір өсіп қалды.




Түстен кейін ертеңгі үйге берілген тапсырманы орындап сабақ оқып отырғам, сырттан кірген әжем:

      • Әй, Қанат, шық, әне, Қыдырман шөбіңді әкелді, түсірісіп жібер,- деді.

Тонымды иығыма іле сап атып сыртқа шықсам, Қыдырман шананың үстінде тұрып ортадан аз тиелген шөптен қораның төбесіне қарай лақтыруға кірісіпті. Мені көріп:

      • Жоғарыға шық, тез түсіріп алайық,- деді.

Мен қораның арт жағындағы күнделікті өзім шығып жүрген басқышпен төбеге көтеріліп, Қыдырман әперген шөпті іліп ап, кейін тартып жаймалай бастағам.

      • Әй, иттің балалары, тоқтаңдар, кәне! — деп ақыра боқтаған Байдалы шалдың даусы селк еткізді.

Кеңседен шыққан беті болу керек, торы жорғасын борбайлата қамшылап құйындата шауып келеді екен. Жетпіс жеті атамыздан бері қарай сыбап келеді.

      • Иттің ғана балалары, тапайдың тал түсінде колхоздың шөбін ұрлап… Құртам екеуіңді де… Түрмеде шірітем!..

Ағып келген бойда дойыр қамшысымен жеткенше сілтеп шана үстінде бейқам тұрған Қыдырманды салып- салып жіберген. Қыдырман шөпке шаншып тұрған ашасын суырып ап өзіне қарай ұмтылғанда ғана, атының басын кілт бұрып, кейін тайқыды. Бірақ боқтауын тоқтатар емес, бүкіл ауылға естіртіп азан-қазан боп тұр. Әуелде «иттің балалары» деп екеумізді қоса қабаттап боқтаудан бастаған, енді аша ала ұмтылған соң Қыдыр- манның жеке өзіне ауысты: «ұры» дейді, «қаскүнем» дейді, «пәшіссің» дейді, «колхоздың жауы» дейді, тақпаған айдары қалып жатқан жоқ, «ертең айдатам», «түрмеде шірітем», «тұқым-тұғияныңмен тұздай құртам» — деп, зәре-құтты алатын сөздерді және қосақтайды. Әлден уақытта Байдалы шалдың соңын ала кеңседен шыққан беттері екеуі екі атқа мінген шолақ қол өкіл мен Зибаш та жетті. Екеуі бар жайды анадайдан-ақ көріп, біліп

келеді. Әсіресе басқа білмесе де бұл шөптің жайын Зибаш жақсы білетіні анық. Сондықтан Байдалы шал алғаш ақырып аттандай жеткенде, зәрем ұшып кеткен- мен, Зибашты көріп ес жиғандай болдым.

    • Бұл біздің өзіміздің меншікті шөбіміз, жазда Нәзира әпкем екеуміз шалғымен шауып жинағанбыз, нанбасы- ңыз, әне, Зибаштан сұраңыз,- дедім төбеде тұрып айқайлап.

    • Мен саған көрсетем өз шөбіңді, иттің күшігі, кәне, осыдан түсші бері! деп, Байдалы шал атымен қораның төбесіне шығып кетердей емініп қойып қамшысын сілтей ақырды.

    • Рас айтады, бұл Қанат пен Нәзираның өздері шапқан шөбі, мына Зибаш та біледі ғой,-деп енді Қыдырман да соны арқалана сөйлеген.

Зибаш шолақ қол өкіл екеуі қатарласа кеп тоқтаған, қазір бірдеңе дейтін шығар, шындықты айтып ара түсетін шығар деп Қыдырман да, мен де енді соған жалтақтай қарағанбыз. Зибаш қабағын шытынып томсырайған күйде шанадағы шөпке, одан сендерді қайда көрдім дегендей, әуелі Қыдырманға, одан қораның төбесінде тұрған маған бажырая бір-бір қарағаны болмаса, не дұрыс деп, не бұрыс деп бір ауыз сөз айтпастан сызданып, үнсіз тұрды да қойды.

    • Айтсаңшы! — деген Қыдырман оған шаншыла қарап.

    • Зибаш тәте-ау, әнеугүні шөпке бірге барғанымызда, мен өзім бастап апарып, Нәзира әпкем екеуміз жазда жиған бір шошақ шөбімізден жарты шана тиеп әкеліп едік қой. Мынау сол шөп емес пе? дедім.

Зибаш үндеген жоқ, тіпті жұмған аузын ашқан жоқ. Біздің сөзімізді естімеген адамдай сол безерген күйі атын тебініп қалды да, жүріп кетті.

    • Әй, қарағым,- деді осы кезде әжем шолақ қол өкіл-

ге.- Мен мына Байдалыға сөзімді қор қылып ештеңе демеймін. өйткені бұл өзімізге белгілі Байдалы. Мен айтарымды жөн білер деп өзіңе айтам. Соғысқа барып қан кешіп қайтқан азамат екенсің. Ал менің балам сол соғыста қаза болды. Келінім осы колхоздың жұмысында жүріп ұры-қарының қолынан опат болды. Үлкен немере қызымды күні кеше үкімет бұзылған қалаларды салғы- замыз деп және әкетті. Қалған шиеттей балалар мен өлмелі кемпір менің түрім мынау. Енді өзіміз шапқан шөпті зорлық қып тартып әкетсеңдер, сонда біздің күніміз не болады? Әскер семьясына жасаған жәрдем- дерің осы ма сонда?

Әжемнің сөзін үнсіз тыңдаған шолақ қол өкіл ымдап қасына Байдалыны шақырып алды да, бізге естіртпестен бірдеңе-бірдеңе деп күңкілдеді де, атын тебініп Зиба- штың соңынан жүріп кетті. Өзі қалған Байдалы шал қаһары қайтпаған сол ашулы қалпында Қыдырманға қарап:

      • Ендігі жерде ісім сенімен болсын, тойтық ит! деді кіжініп.- Мына шөптің жартысын ғана түсір де, жартысын қайтадан колхоздың мал қорасына алып жүр.

      • Өзі азғантай шөптің не жарты дейтіні бар,- деген Қыдырман.

      • Әй, тойтық, дәл бірдеңе көрейін демесең, айтқанды істе! — деп ақырды Байдалы шал.

      • Әй, Байдалы, өз шөбімізді өзімізге қимай тұрсың ба?

  • деген әжем.

    • Колхоздың малы ашығып жатқанда, мен сендерге шөптеріңді колхоздың шанасымен тартыңдар деген жоқпын.

    • Сонда біз арқалап әкелеміз бе?

    • Арқалап әкеліңдер, бірақ колхоздың көлігіне тимеңдер.

Сөйтіп, Байдалы дігерлеп тұрып алған соң, Қыдырман

амалсыздан шанадағы өзі аз шөптің жартысын ғана түсіріп, қалғанын колхоздың мал қорасына қайтадан алып кетті.

Қораның төбесінде азғантай шөпті жинастырған боп қала бердім. Көзіме ып-ыстық жас құйыла береді, өзіме- өзім тығылып не істерімді білмей қыстығып тұрмын. Кімге барарсың, кімге шағынарсың? Егер балалар зорлық жасаса, үлкендерге барып шағынуға болар еді, ал үлкендердің өзі зорлық жасаса, кімге шағынарсың? Нәзира әпкем екеуміздің таң алагеуімнен тұрып жүріп тірнектеп шауып, тірнектеп жинаған шөбімізді зорлық қып тартып әкеткеніне қалай жыламайсың. Тапайдың тал түсінде бүкіл ауылдың алдында бақырайтып қойып тартып әкетті ғой. Әне, әркім үйді-үйіне кіріп жүр, әншейінде ағайынсымақсып өбектей қалатындарын қайтерсің, ал жаңа Байдалы кеп жер-жебірімізге жетіп, зікінеп, тапап кеткендей боп тұрғанда, ең болмаса біреуі келіп: «Әй, мұның қалай?» деуге жарамады-ау.

Әжем маған төменнен аянышпен қарап:

    • Жә, қапаланба, қозым, тіршілікте мұндайдың әлі талайын көресің, тек бас аман болсын дейік,- деді жұбата сөйлеп.- Құдайдан тапқырлар… Уһ-а-а…- деп сөзінің соңын ауыр күрсініспен аяқтады.

Сонда бұл дүние әлсізге әлі жеткен, өстіп қиянат жасаудан тұрғаны ма? Жарайды, Байдалы шалға әлгін- дегі әжем айтқандай сөз тауыспай-ақ қоялық, ал сонда Зибаштың жаңағы көрсеткен мінезі қай мінез? Бригадир болғанына бес-ақ күн етті ғой, әйтпесе қысы-жазы бірдей Нәзира әпкеммен бірге осы колхоздың ең ауыр жұмыстарында телім-телім боп жүруші еді ғой. Жағдай- ымызды, халімізді басқа білмесе де, Зибаш біледі емес пе. Әнеугүні Нәзира әпкем көз қырыңды сала жүр деп бізді тапсырғаны да осы Зибаш еді ғой. Әжем айтқандай:

«О-о, опасыз дүние… Опасыз адамдар…»

ТҰРЖАН — АТҚАРУШЫ

Сәске кезінде сары тоны қаудырлап Ысқақ шал класқа тағы кіріп келген. Бұл күні тіпті Әнипа апайымызды көзіне де ілмеген күйде, біздің сабақ оқып отырғаны- мызға да пысқырып қарамастан, ақай жоқ, тоқай жоқ, бірден Санатқа таяп: «Бол, жинал, колхоз бастық тез жетсін деп жатыр»,- деп, қолды-аяққа тұрғызбай дігерлей жөнелді. Атқарушы шалдың бұл қылығы, әрине, Әнипа апайымызды қатты ренжітті. Ол көзіл- дірігі жарқ етіп, қағаздарын жинастырып орнынан тұрмақ болған Санатқа:

      • Отыр! — деді қатқыл үнмен. Онан соң Ысқақ шалға қарай шұғыл бұрылып: — Сабақты бұзуға сізге кім рұқсат берді?! Бұл қандай әдепсіздік?! — деп тап бере- рдей боп қарсы жүрген.

      • Колхоз бастық… Колхоз бастық Байдалы айтқан соң…- деген қапелімде сасып қалған Ысқақ шал шегіншектеп.

Біз, оқушы балалар да, үрпиісе қалдық, енді болмаса Әнипа апайымыз шалдың сақалына жармаса кетіп, бетін тырнап алатындай көрінді.

      • Оқушы баланы сабақтан кетуге рұқсат етпеймін,- деді.

      • Қарағым, ол енді колхоздың жұмысы ғой,- деген ЬІсқақ шал.

      • Мейлі, колхоздың жұмысы үшін де рұқсат етпеймін. Мектеп оқушысын колхоз жұмысы үшін сабақтан босата берсін деген заң жоқ.

      • Өзің білесің де онда, тек, әйтеу, бастықтың қырына ілігіп жүрмесең болды да,- деп ЬІсқақ шал тоны қаудырлап есікке қарай беттеген.

Осы сәтте атқарушы шалдың бетін қайтаруын

қайтарып жіберсе де, колхоз бастығымен тіресудің арты қиынға соғарын сезетін екі ұшты ойда тұрған Әнипа апайымыз иі босап:

    • Жарайды, бүгінше барсын,- деді даусы жұмсарып.- Тек бастыққа сіз де айта барыңыз, класымыздың іші мынау аңырап тұрған, сабан отынға жылитын түрі жоқ, бізге қызуы бар отын қарайлассын.

    • Мақұл,- бұл тілегіңді айта барайын.

Атқарушы шалға. ілесіп бара жатып Санат біздерге қарап қалтасын ұстап, жымыңдап көзін қысып қойды. Онысы, сәті түссе бүгін де бауырсақты толтырып әкелем ғой дегені еді.

    • Бауырсақты қайтесің, одан да отын сұрасаңшы,- деді арт жақта отырған балалардың бірі дауыстап.

    • Иә, отын сұра… Отын…- десті үш-төрт дауыс іле қостап.

    • Кәне, тиышталыңдар! Бері, мына сабаққа қараңдар!

  • деді Әнипа апай үстелін тықылдатып.

Тобылғы отынымыз таусылғалы, классымыз қайта азынап суып кеткен. Сабанды ертеден кешке дейін жаққанмен, қауқары жоқ. Байдалы бастыққа кластың суықтығын айтып, отын сұрап екі рет барған, қазір түсіріп бере қоятын отыным жоқ, реті кеп жатса көре- рміз деп жіберіпті.

Тобылғы жаққанда жып-жылы боп қалған классы- мызда қалтырап әзер отырмыз. Дәметкен кемпір бет- аузы күйелеш-күйелеш болып от жағуға таң сәріден-ақ кіріседі, содан қара кешке дейін отын қоймадан мектептің ауыз бөлмесіне құшақ-құшақ етіп сабан тасумен күні өтеді. Омырайған пештің аузы абжыланша ысылдап, сабанды үсті-үстіне тықпалап жатсаң да бір тоймайды, гу-гу етіп жұта береді, жұта береді. Бірақ шығарар жылуы шамалы. Кластың ішінде аузымыздан шыққан деміміз буланып күрк-күрк жөтелгенімізде,

ХТЗ-ның түтініндей бұрқ-бұрқ етеді. Әнипа апайымыз да көкпеңбек боп дірдектеп тоңып отырады. Өзі де қызық, класқа кірісімен пальтосын шешіп, қолдан тоқы- лған қоңыр жемпірімен ғана қалады. Қалың бұрым қоңырқай шашының маңдай жағы, самайы бұйраланып, кішкене танауының үстінен сырғи беретін көзілдірігі буалдырланып, бізге кіп-кішкентай боп көрінеді. Тоңғанын білдірмеуге тырысып сабақтарды саңқылдай айтып түсіндіреді. Сірә, қатты саңқылдап сөйлесем, тоңғанымды онша сездірмеймін дейтін болар. Тақтаға жазған кезде, бор ұстауға икемсіздене бастаған қолын демімен жиі-жиі үрлеп қойып тұрады. Соның өзінде жазуы жіпке тізген маржандай әдемі, әр әрпі сұлу суреттей боп түседі. Шіркін, Әнипа апайымыз құсатып әдемі жазсақ-ау деп қызығамыз.

Бүгінгі Әнипа апайымыздың Санатты сабақтан жібермей қоя жаздағаны әсер етті ме, кім білсін, үшінші сабақты өтіп жатқан кезімізде, терезенің тұсынан торы жорғасымен қалың қарды омбылай омыраулап кеп тоқтаған Байдалы шал тобылғы сапты қамшысымен әйнекті ұшырып жіберердей сартылдата қаққан.

  • Әй, мұғалім қыз! деді ат үстінен еңкейе дауыстап. Жалғыз қабат терезеден даусының жарықшағына дейін анық естілді.

  • Мына балалардың әжетке жарайтындарын ертіп апарып, анау шешендер шапқан отыннан тартып алыңдар!

Кешеден бері Махмұд пен Зокку тау бөктеріндегі қалың алма ағаштарға қарай жол салып, отын шауып жүрген. Байдалы шалдың алыңдар деп тұрғаны сол. Соны айтты да Байдалы шал жөніне кетті, аңырып тұрып қалған Әнипа апайымыз көзілдірігін алып сүртіп қайта киді де, сендер не дейсіңдер дегендей бізге қарады.

    • Не істейміз, балалар? Бүйтіп бүрсектеп тоңып отырғанша, отын тартып аламыз ба?! -деген.

    • Барамыз! Барамыз! дедік суық класта отырғаннан гөрі далада жүргенді құп көрген біздер қуанғаннан жамырай дауыстап.

Бірер сағаттан кейін әжетке жарайды-ау деген балалар тегіс анау жолғы Әжібекпен тобылғы шабуға шыққанымыздай бір-бір жіпті белімізге буып Әнипа апайымыздың бастауымен тау бөктеріне қарай шұбыра бет алдық. Ол жолы беталысымыз қоңыр таудың күнгей беткейіндегі қалың тобылғы болса, бұл жолы сол таудың батыс жақ бүйір бөктеріндегі қалың алма ағашқа — кәдімгі, жазда өзіміз күнделікті өріп жүретін, жабайы алмаларға апаратын кәнігі бағытымызбен келеміз. Аязды дала мұнартып, сәскеге таяған күннің көзі төңірегі шелдене қызарып, кіртиіп тұр. Беті-қолды қарыған ызғар бүрсектетіп уысына сыға түскісі келеді. Аяққа жұқпайтын сіре қар шарық табанға шиқ-шиқ етсе, етік табанға сықыр-сықыр етіп, құп-құрғақ боп осы күйінен еш уақытта ерімейтін сияқты көрінеді. Кешеден бері бөктерге алма ағаштарға қарай өгіздермен ерсілі- қарсылы жүріп отын тартып Махмұд пен Зокку сұқпа- сұқпа қалың қарда ойқы-шойқы жол салыпты. Өгіз- дердің сирақтарын сындырып алмай қалай жүргендерін кім білсін. Біз әлгі жолда біресе сұқпаға түсіп кетіп аяғы- мызды суыра алмай, біресе сүріне құлап әзер келеміз. Алып алма ағаштың тұсынан өткенбіз, сол анау кезде- гідей ұшар басындағы бұтақтарында қатып-семген қоңырқай алмалар ызғар өтінде көк аязданып, болар- болмас селкілдеп тұр екен. Бұл жолы әнеугүнгідей қызы- ққан ешкім болған жоқ, тіпті өздері үзіліп түсе қалса да, бүрсектеп тоңып келе жатқанда жей қоюға онша құштар емес едік.

    • Киелі ағаш осы екен ғой?! — деген Әнипа апай.

Біздер бір ауыздан: «Иә»,- дестік. Басқа білімді адамдар сияқты Әнипа апайымыз да: «Жә, бұл ағаштың киелі түгі жоқ, оның бәрі ескі адамдардың қараңғылықтан шығарған бос әңгімелері»,- деп айтатын шығар деп күткенбіз. Бірақ апайымыз ештеңе де деген жоқ. Бала- лардың бірі шыдай алмай кетіп, бұл алып алма ағаштың түбінде үңгір барын, сонда баяғыда аюлардың патшасы мекендегенін айтқан.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35


написать администратору сайта