Главная страница

лихан Бкейхан университеті


Скачать 113.75 Kb.
Названиелихан Бкейхан университеті
Дата02.03.2023
Размер113.75 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаsro(34041-1780).docx
ТипДокументы
#965036

Әлихан Бөкейхан университеті


БАӨЖ

Зиянды дағдылар профилактикасы.

Орындаған: Жәкенов Әлішер

Топ: ФК-207

Семей 2023

Қазіргі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарас темекі шегу, спирттік ішімдікке салынудың, есірткі қолданудың көбеюіне себепкер болып отыр. Спирттік ішімдіктердің, есірткі мен темекінің адам өміріне зиянды екені белгілі. Денсаулығы әлсіз, білімі төмен, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз жастары бар ел қашанда әлсіз, қорғансыз. Жастар болашақ, ертеңгі қоғамның, қала берді отбасының иелері. Сондықтан оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, олардың осы дәстүрді дәріптеуші болып қалыптасуына бағыт беру қажеттігі білім беру мекемелерінің соның ішінде орта мектептің алдында тұрған педагогикалық проблемалардың бірі. Еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейд. Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың саналы тәртібі мен байыпты мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты. Еліміздің болашағы жас ұрпақ екенін ескерсек, сол жас ұрпақтың денсаулығы мықты, интеллектуалды, дүниетанымы терең , білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын зиянды әдеттерден аулақ ұстайтын, саналы ұрпақтарымызды тәрбиелеу. Оқулықтағы оқу материалын толықтырып, алған білімінің нәтижесінде оқушыларымыз өздерін-өзі бақылай, тежей алатындай, оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыруда гумандық көзқарас қалыптасатындай халге жеткізу керек.

Лұқман Хакімнен өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па? деп сұраған екен. Сонда ол: Байлықта, даңқта адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсендер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш- жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты, - деген екен. Қалай болғанда да ел, ұлт қамы үшін әр адамның саулығын жақсартуға, салауатты өмір орнатуға бәрімізде атсалысуымыз керек.

Халқымыз қашаннан-ақ денсаулықты алдыңғы орынға шығарып, бірінші байлық деп есептеген. Дені саудың-жаны сау - дейді халық даналығы. Еліміздің жарқын келешегі бәрімізге керек, оның ойдағыдай болуы қоғам мүшелерінің сайдың тасындай өмір сүріп, еңбек етуге әбден байланысты. Орыс ғалымы И.П. Павлов Адам-жер шары табиғатының ең жоғарғы жемісі. Адам – аса күрделі және өте нәзік жүйе. Бірақ табиғат қазынасын пайдалану және осы қазыналардан лаззат алу үшін адамның дені сау, күшті және саналы болуы керек - деген. Зиянды әдеттерге алкоголь ішімдіктеріне үйір болу, темекі тарту, есірткілерді қолдану жатады. Біздің әрқайсысымызда зиянды әдеттер бар, кейде оларды байқамаймыз. Біреулері тырнағын тістелегенді, ал біреулері шашын саусағына орағанды жақсы көреді, бірақ басқа да темекі шегу, есірткеге үйір болу, алкоголизм, ойынқұмарлық, бейпілауыздық сияқты анағұрлым айтарлықтай зиянды әдеттер бар. Айтарлықтай құмарлықтан құтылу, егер адам осыған тәуелді болса, соншалық күрделі, бірақ құтылуға болады. ең бастысы - құтылғысы келу. Зиянды әдеттердің басты кемшілігі өзіне ғана емес, сондай-ақ басқа адамдарға зиян келтіру. Әдеттердің көпшілігінің біздің түсінігіміз бойынша жаман деген эпитеті болады. Үйреніп кету деген ұғымның өзі психологияда жағымсыз үйрену ретінде түсіндіріледі, оның әсері стимулға реакцияның жоқтығымен түсіндіріледі. Осы түсініктерді толығырақ талқылауға тырысамыз. Алдымен ересектердің әдеттерін аламыз. Шылым шегу - ең кең таралған зиянды әдеттердің бірі. Дамыған елдерде шылым 20 % астам мезгілсіз өлімдердің болу себебі. Қазіргі таңда дамыған елдерде шылым шегудің салдарынан өлген еркектердің саны бірқалыпты деңгейде тұрады немесе төмендейді, ал шылым шегу тәуелсіздіктің және қазіргі заманға сай болудың символы болған әйелдер арасында өлім осының салдарынан өсуде. Болжам бойынша алдағы онжылдықта АҚШ пен Англияда шылым шегуден әйелдер арасында өлім еркектерге қарағанда көп болады. Мұндай тенденция Канадада байқалады. Зерттеулер, едәуір қамтамасыз етілген әлеуметтік топтар арасында шылым шегуден өлгендердің саны көп екенін көрсетті. Шылым шегумен қауіп-қатердің бірде-бір факторы салыстыруға келмейді.

Статистикалық деректердің негізінде құрастырылған болжам 18 жастағы 100 мың жас балалардың ішінде 35 мыңы 70 жасқа дейін өмір сүрмейтінін, 300 өлтірілетінін, 600 өздеріне өзі қол жұмсап өлтіретінін, 750 СПИД-тың құрбаны болатынын, 770 автокөлік астына түсіп өлетінін, 2200 маскүнемдік әкетеді, 12 мыңның өлімінде шылым кінәлі болады. Қазақстан Ұлттық Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Орталығының деректері бойынша Қазақстанда 20-59 жастағы шылым шегетін еркектердің саны 60 %, ал 12-15 жас жасөспірімдер арасында - 30 % астам, оның үстіне басым бөлігі - қыздар. Зерттеулер, сондай-ақ, шылым шегетіндердің 60-70 проценті жаман әдеттен құтылуды тілейтінін көрсетеді, бірақ көп жылдық сынау көрсететіндей, бұны жасау оңай емес. Сондықтан, әрбір жас адам, шылымды ақымақтықтан ішке тартқан адам, екінші рет тартады, содан кейін үшінші рет және қалған өмірінде құмарпаз темекі тартқышқа айналатынын ұғынғаны дұрыс.

Қазіргі таңда шылым түтінінде бестен астам улы заттар анықталған. Әсіресе жүйке жүйесін құртатын никотин және дегтео тәрізді заттар (фильтрлерде көрінетін) қауіпті болып табылады. Оның құрамында қорғасын, висмут, калий, полоний, радон изотоптары элементтерінің болуымен қатерлі ісікке әкеледі. Айтпақшы, шылым тартатындарда несеп қуығының қатерлі ісігі пайда болады, себебі олардың несебінде жоғарыда аталғандардың басым бөлігі бар. Бір күннің ішінде құмарпаз шылым шегуші радиоактивті сәулелену мөлшерін алады, ал ол 7 есе ықтимал шекті мөлшерге артады. Медициналық статистика деректері бойынша, әлемде шылымнан жыл сайын екі жарым миллион адам өледі. Темекі тартатын адамның жасы орташа 10-12 жылға қысқарады. Шылым шегуден жиі өкпе, жүрек, асқазан, бүйрек зақымданады. Егер адам 15 жасында шылым шеге бастаса, онда қатерлі ісікпен ауыру қаупі 15 есе, 25 жаста 3 есе артады, ал шылым шегу өтілін үш есе көбейту қатерлі ісікпен ауыру қаупін 100 есе көбейтеді. Жүрек тамырлары ауруларынан өліп қалу қаупі темекі тартатындарда тартпайтындарға қарағанда екі есе. Темекі тарту әйел организміне және болашақ ұрпаққа өте зиян, бала анасының құрсағында бола тұра зақымданады. Шылым шегетін әйелдер тез қартаяды, олар бет реңін жоғалтады, тері күңгірттеніп, саршыл-сұр колоритке ие болады, дауыстары жуандай бастайды, оларда кеуде қысымы жиі болады, үнемі азартты жөтел, қақырық пайда болады және нәтижесінде созылмалы бронхит және өкпе эмфемизмі дамуы мүмкін. Айтпақшы, бұл сырқаттар әрбір шылым шегушіге тән. Сонымен қатар, шылым шегетіндердің шашынан үнемі темекінің иісі шығып тұрады, олардың тістері сарғайып кеткен, саусақтарында сары дақтар бар, аузынан шылымның иісі шығып тұрады, терілері ақшыл немесе қоңыр түсті дақтарымен құрғақ болады. Мұндай іздер адамның ішкі органдарында (өкпе, кеңірдек тамыры, жүрек және т.б.) да байқалады. Шылым шегетіндерде мерзімнен бұрын әжімдер пайда бола бастайды. Көбісінде никотиннің әсерінен көру қабілеті төмендейді (темекі соқырлығы). Айтпақшы, тіпті темекі тартатын ер адамға шылым шегетін әйелдің иісі жағымсыз екені белгілі. Темекі тартпайтындар туралы не айтуға болады, ал олардың саны, қуанышқа орай, артуда. Шылым шегетіндерде жиі созылмалы бронхит, туберкулез және басқа да өкпе аурулары пайда болады. Шылым шегу атеросклероздың, инфаркттың және инсульттің дамуы мен онкологиялық аурулардың (ең бастысы өкпенің) қаупінің негізгі факторларының бірі болып табылады: темекі тартатындардың тамырлары 10-15 жылға ерте тозады, терінің қартаюы 20 жылға ерте басталады, ал өмірлері 10-15 жылға қысқарады. Ата-аналардың шылым шегуі баланың денсаулығына әсер етеді, туа біткен дене кемістігіне, генетикалық ауруларға және балалардың қатерлі ісіктеріне, соның ішінде лейкемияға – қан ауруына әкеледі.

“ Темекі шегу – адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық” – деген болатын орыстын белгілі фармакологы И. М. Догель. Өйткені адам баласында темекіге деген табиғи қажеттілік жоқ. Еуропаға темекіні Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі. 1992 жылы еуропалықтар осы қайғылы датаның 500 жылдығын атап өтті. Ал африка халқы оның дәміе бірнеше ғасыр бұрын тартқан болатын. Темекінің Еуропада кеңінен таралуына француз халымы Жан Нико да себепкер болды. Ол теңізшілер әкелген темекі дәндерінен бірінші рет темекі өсіріп, өзінің атымен аталған “барлық ауруға қарсы ем ”- никотинді тапты. Темекі түтіні – темекінің жауынан пайда болған өнімдер, олар ауада қалықтаған өте майда құрғақ тозан және миллимикронмен өлшенетін көлемдегі сұйықтық тамшылары түрінде болады. Темекі түрінің құрамы бірнеше жүздеген заттардан тұрады. Оның ішінде өте улы никотин, көміртетігі тотығы, аммиак, күкіртсутегі, формальдегит,фенол, түрлі қышқылдар, қорғасын мышьяк, сынап, кадмий, кобальт, радиоактивті элементтер құрамында канцерогенді бензопирен бар темекі шайыры сияқты элементтер бар. Осы аталған заттардың кез келгені адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды.

Темекі құрамындағы заттар.

Темекі түтігінде 4000-нан астам химиялық элементтер бар, оның 40-тан астамы онкологиялық ауруларға себеп болатын улы заттар.
Шайыр – түтін арқылы адам өкпесіне түседі. Түтін конденсация ұшырап, 70% шайыр өкпеде қалады.

Никотин – адамның тәуелділігін жылдам қалыптастыратын есірткелік зат. Темекі түтіндегі никотиннің қанға сіңуінен физиологиялық эффект пайда болады, бұның нәтижесінде жүректің соғуы жылдамдап, қан қысымы жоғарлайды.
СО көміртегі – исі мен дәмі жоқ улы газ. Оны адам еш сезбейді, әйтсе де көп мөлшері адамға қауіпті. Ол темекіні тұтатып, ішке тартқанда пайда болады және қандағы гемоглабинмен әрекеттесіп, оттегінің орнын алмастырып қандағы оның мөлшерін төмендетеді. Мүшелер мен ұлпада оттегінің жетіспеуі, ең алдымен, жүрек қан тамыр ауруларын және қан айналымын бұзады.
Кадмий – жоғары улы металл, батарейкаға пайдаланылады.

Формальдегид - өте улы зат, өлі денелерді сақтауға пайдаланылады.

Ацетон – еріткіш, тұрмыста кеңінен пайдаланылады.

Бензол – еріткіш, химиялық өнеркәсіпте пайдаланылады.

Мышьяк - өте улы (кеміргіштерді құрту үшін пайдаланады).

Темекі шегудің зияны туралы жанжақты, әсерлі әңгімелеп беру қазіргі жасөспірімдерде оған деген тұрарқты теріс көзқарас, қабыл алмау сияқты әсерлер туғызуы неғайбыл. Қазіргі жасөспірімдерге ол жеткіліксіз. Сондықтан да ата – аналар, оқытушылар, дәрігерлер бірлесе отырып “әдемі өмірдің” сәніне айналған, денсаулыққа, қоғамдық моральға орын қалдырмай отырған темекі шегумен бітіспес күреске шығуы керек.

Есірткі қайдан алынады?

Есірткі тобындағы заттар,көбінесе көкнәр өсімдігінен екі түрлі жолмен жасалады.
1. Көкнәр өсімдігінің ұрық қабығы пісуден бұрын, пышақпен тілгенде аққан сұйықтың күнге кептірілуінен жасалатын апиын сағызынан өндіріледі.
2. Піскен ұрық қауашағының құрғақ артықтарынан өндіріледі.

Героин деген не?

Екі рет қолдан өтуі арқылы өндіріледі. Медициналық мақсатқа мүлде қолданылмайды. Жасалуы да заңсыз. Героин есірткінің 90% болып табылады. Өте қысқа уақытта тым аз мөлшері құмарлыққа апарады. Героиннің ұнтақ түрін искеу, ал суға езіндісін тамырға құю арқылы пайданылады.

Басқа да құмарлық тудыратын заттар. Морфий мен кодеин медецинада ауру басу үшін қолданылады. Гашиш үнді сорасы өсімдігінің түбірі, жапырағы және гүдінен өндіріледі. Құрғақ жапырақтарын темекіге орап тарту ең көп көлемде қолданылатын түрі. Гашиш қолданған адамдарда мишық қызметі бұзылады. Заттар кейде үлкен, не кіші көрінеді. Сондықтан жол апаттарына көп ұрынады.
Кокайн Оңтүстік Америкада өсетін кока өсімдігінің жапырақтарынан жасалады. Ақ, мөлдір тұз сияқты ұнтақ 200 кг кока жапырағынан 0,5 кг кокайн алынады.

Есірткі адамзаттың соры.

Адамдарды нашақорлыққа баулу – қылмыстың ең соры. Олар бірлі-жарым адамды ғана қан ақсатып қоймайды, бүкіл ел мен ұлттың тамырына балта шабады. Бұл біздің жас мемлекетіміз үшін соғыс апатымен тең. Оған қарсы неге күш біріктіреміз? Неге күреспейміз? Күні кешеге дейін нашақорлық деген атау қазақ ұғымында болған емес. Маскүнемдік те бізге жат еді. Қоғамдық орта да, табиғат та таза, тұнық болатын. Ластықтан жиіркенетінбіз. Есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Қыздырмаға ілескен сорлы аз уақытта бір жола мәңгіреді. Есірткісіз бір сәт те тұра алмайтын халге жетіп, тірі өлікке айналады. Отан, ата-ана, құрбы құрдас дегенді білмейді де сезбейді. Олардың бұл дүниеден кешетіні – азап.

Есірткі және денсаулық.

Дәрігерлердің айтуына қарағанда, есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Гашиш шеккен адамдардың жүрек соғуы мен тамыр соғуы артады. Созылмалы қан тамыр аурулары барларда (инфаркт) тамыр бітелу болды. Ұзақ уақыт апиын тартқандарда тыныс жолы аурулары пайда болады. Сонымен бірге жүрек, ми, бүйректерде де зиянды зардап туғызады.
Гашиш адамның денсаулығын зияндап қана қоймай, оны қылмысқа да итермелейді. Медициналық мақсатта мүлде қолданылмайтын есірткіні шегу адамды жындануға, тіпті өлімге дейін итермелейтін жаман әдет.
Кокайн қолданған кезде орталық жүйке жүйесіне ықпал жасайды да, жүрек соғуы тездейді, қан қысымы артады және тыныс алуы жиілейді, көп қолданылса өлтіреді.

Ұзақ жылдар бойы кокайн қолданғандарда ұйқысыздықтың, рухани қалыпсыздық, өзін өлтіруге бейімделу байқалады. Кокайннің жүрек бұлшық етті және сүйек қаңқасы бұлшық еттеріне уытты ықпалы бар.

Нашақорлар жөніндегі соңғы жаңалықтар. Соңғы мәліметтерге жүгінсек, республика бойынша 20 мыңнан аса нашақордың бар екені анықталып, тіркеуге алынған.

АРАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ.

Алкоголъ атауы арабша термін болып, кірпіктерді бояуда қолданылатын ¥па бейнесіндегі ұнтақ мағнасына келетін "ЕЛ-КҮҰЛ" терміні, барлық батыс тілдеріне өтіп, бізге де батыс негізді тілдерден, Түрікше оқылу ф ормасымен Алкоголъ болып кірген. Құрамында Алкоголъ бар ішімдіктерде химиялық жақтан бір неше түрлі алкоголъ болғанымен, ең бастысы Этил (еШуіе) Ал-коголъ. Бұл зат химиялық жақтан Этанол, жалпылық ретінде де, Дақыл спирті (£гаіп аісоһоі) деп аталады.

Арақта болатын басқаша алкоголъ тұрі де метил алкоголъ, не-месе Метанол. Бұл алкоголъ халық арасында көбінесе Этил Смирті ретінде білінеді. Метил (Меіһуіе) алкоголъ антифріздерде (қатырмайтын зат) жэне жанарзаттарда болғанындай, кейбір өмдіріс орындарында сауда мақсатында да қолданылады. Метил спирті өлтіруші бір у. Өте аз мелшерінің өзі соқырлыққа және өлімге жол ашады. Жасырын өндірілген арақтарда кейде метил спирті қолданылып, көптеген өлімге себеп болған.
Тағы бір алкоголъ түрі изопропил алкоголъы, арақтыц 6ҮЛ түрі де улы. Алайда алкоголъ (арақ) дегенде көбінесе этил спирті меңзеледі.

Мас деп аталған жағдай қалай туылады?

Алкоголь бір түрлі анистетик, яғни, жансыздарушы зат. Ол қан арқылы миға жетеді.
Миды дененім басшылық орталығы деп ТҮСІНІҢІЗ, арақ миға келген соң, мидың әрекетіне зиян жеткізеді. Ал-дымен шешім жасау немесе тергеу қуатын бүзады. Мас адам қате қарарлар береді және есептерін қате есептейді. Одан кейін, адам-дардың басты ерекшелігі болған үялу сезімін өлтіреді. Мас адам, сау кезінде қолы бармайтын ұятты қимылдар көрсеткенін аңғармайды. Арақ осыдан кейін, көруге және сөйлеуге кедергі болады. Мас адам, жалпы алғанда, дөрекі, тәртіпсіз болады, қажетсіз әрі айғайлап көп сөйлейді. Әсіресе арақ, естіу қуатына, мишыққа әсер етіп бүлшық ет-тердің тәртіпті қимылын бұзады. Сол себепті, мастар көрінгеніндей тәлтіректеп жүреді, денесінің тепе -теңдігін сақтай алмайды. Міне, осындай КҮЙГЕ ТҮСКӨН мас адам, ойламайтын, ақылдан адасқан, сыртқы дүниемен қатысы азайган, адамға ең қажетті ұялу сезімі әлсіреген, тек қана тыныс алған, айналым, сіңіру жгйелері автоматты ғана әрекеттенген бір жаратылысқа айналады, бгдан да ілгерлеп ішілген арақ, жоғардағы қимылдарды да тоқтатады. Жүрегі тоқтап, тынысы тарылады да ажалға жегелейді. Асырып ішкен арақтан дастарқан басында тұра алмай өлгендер аз емес. Мінеки, маскүнемнің хәлі. Қоғамға рухани және заттық ау-ыртпалық, қиындық туғызған масыл күйіне түседі. Арак ішкендердің "Маскүнем боламыз" деп араққа бастамайтыны шүбәсіз. Алайда, жүре келе маскүнемге айналып, өмірінде, ақыретінде ілікке алғысыз етеді. Алкоголъды арақтар әуелі төте тиген жерлеріндегі органдарды зияндайды. Мысалы, ауызда рак, өңеште қабыну, тіпгі қылтамақ рагы, асқазанда бастабында запыран, біртіндеп, асқазан жарасын майданға әкеледі. Тіпті асқазан тесілуіне де жолашады. Әрі, арақ ас сіңіру жүиесін бүзады. Ұйқы безін қабындырады. Дененің "химия зертханасы" сияқты болған бауырға арақтың тигізетін зияны ерекше. Бауырдың майлануына, ары қарай циррозға (бауырдың қабынуы), тіпті бауыр рагына апарып соғады. Цирроз дегенде ойыңызға бірден арақ келеді. Себебі цирроз ұзақ уақыт арақ ішкендерде жиі кездесетін, соны өліммен бітетін ауру. Арақ жүйке ЖҮЙЕСІ ҮШІН, әсіресе миға іетенше ауыр зақым келтіреді. Арак, ішкен адамның миындағы жүйке клеткалары ауруға үшырайды, тіпті өледі.

СЫРА, ШАРАП,ЛИКЕР ЖӘНЕ ДЖИН

Арақтар, спирт пен судан тыс, басқа да ләззат беретін және рең беретін заттарды қамтиды. Алкоголь құрамды арақта азықтық құн болмайды. Суретте, ішіне тең мөлшерде этил спирті қосылған түрлі арақтар көрсетілген. Бір құмыра сыра ішкен адамның денесі, бір тостаған шарап ішкендей этил спирті қабылдағанмен тең болады.

“Денсаулығыңды ақсатқаның - өзіңді өзің қақсатқаның” – дегендей, әр адам өз денсаулығын қорғай білу керек. Денсаулыққа жат қылықтардан арылу үшін бүкіл елдің барлық адамының күш біріктіріп күрескені жөн деп ойлаймын.


написать администратору сайта