Главная страница

кітап. Жабайы алма. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын


Скачать 0.92 Mb.
НазваниеБірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Анкоркітап
Дата22.11.2022
Размер0.92 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖабайы алма.docx
ТипДокументы
#806741
страница30 из 35
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

      • Солай ма?! — Онда қызық екен,- деп Әнипа апай басын шайқап күлді де қойды.

Таудың күнгей етегінен батыс жақ бөктеріне қарай асып түсетін белеңге көтерілгенімізде, аңтарыла тоқтағанбыз, жазда арасынан мал өте алмайтын, сыңсып тұратын қалың алма ағаштардың жолға жақын төмен жақ жартысы тып-типыл боп орны сипалып қалыпты, тек әр жер — әр жерде еңіске қарай сұлай құлаған бес- алты ағаштың балта шапқан түптері ақпаңқаланып етегі түрілген қыздар құсап жатыр.

      • Әй, анау аю алма еді ғой?!

      • Анау тәтті сары алма емес пе?

      • Киіз алманы да шауып тастапты,- десіп балалар ішігімізді тартып, дабырладық та қалдық.

Бұл жақсы ырым ба, әлде жаманшылық па — ол жағын білмейміз.

      • Балалар, отын алыңдар! — деді алма ағаштарды бұтарлап жүрген Махмұд дауыстап.

Біз қия жолда тайғанақтап, бір-бірімізді сүйемелдеп, сүріне-қабына барып Махмұд бұтарлап берген алма ағашты әрқайсымыз шама-шарқымызға қарап, екі бұта, үш бұтадан беліміздегі жібімізбен бастарын біріктіріп, буып ала бастадық.

Әуелде көзімізге Зокку түспеген, әлден уақытта оның:

      • Цо-оп!.. Цо-оп!.. Содалха, лалха…4- деп тау жаңғы-

рықтыра ақырған ащы даусы естілген. Енді ғана көрдік, қалың алма ағаштың тауды алқымдаған түкпір жағында бәйтерек құсап өскен жалғыз түп долана болушы еді, Зокку сол ағашты екі өгізбен бері қарай сүйретіп келеді екен. Арық өгіздер омырауларынан қарға батып мықшиып алға ұмтылады да, шамалары келмей кейін қарай тәлтіректейді, Зокку болса ақыра боқтап екеуін де сырғауылдай көк таяқпен белдерін қайыстыра соққының астына алып тұр. Өгіз байғұстар сіңірдей созылып жан дәрмен алға қарай тағы да ұмтылады, аяқтары шалынысып сәл де болса жылжи қозғалады. Сәл жүре түседі де дымдары таусылып, тәлтіректей тоқтайды. Жануарлардың әл-қуаттарының біткені едәуір жерде тұрған бізге де көрініп тұр. Бірақ оларды аяйтын Зокку жоқ.

    • Вай Меск! Халхадаг ког бикх!…5 деп ақырып кеп, гүрсілдетіп таяқтың астына алады.

Ақыры өгіздің бірі тәлтіректей ұмтыла беріп құлап түсті, күйіп-піскен Зокку оны боқтықтың астына алып, басқа-көзге періп-періп жіберген. Өгіз ұмтылғанмен, қайтып тұра алмады.

    • Әй, өлтірдің ғой, обал емес пе!..- деді Махмұд шыдай алмай дауыстап.

    • Барзу баирг!..- деді Зокку кіжініп. Онан соң құлаған өгіздің басын мойынтұрықтан шығарып тастады да, оның орнына екінші өгізге қатарласа өзі тұра қап:

    • Содалха, лалха! — деп екінші егізге кіжіне ақырып жіберді де, мойынтұрықты алға қарай итере ұмтылды. Екінші өгіз күш алғандай жылжып жүре бастады.

    • Цо-оп!.. Цо-оп!.. Халхадаг ког бикх! — деп, тістене кіжінеді Зокку, өзі де тоқтамай, егізді де тоқтатпай долана ағашты сүйретіп келеді. Едәуір жер жүріп кеп тоқтап, сәл тыныстап алды да: «Әуп!» деп қайта жүріп

кетті. Сөйтіп, екі дем алып, долана ағашты біз тұрған кезеңге дейін сүйретіп әкелген.

      • Әй, Зокку, сен тұрғанда осы өгіздерді қинап қайте- міз-ей, а! Отынды сенің өзіңмен-ақ тартпаймыз ба, а!.. Ха-ха-ха!..- деп, Махмұд тау-тасты басына көтере жаңғы- рықтырып көзінен жас аққанша күлді. Оның күлкісін қағып алған тау-тас «а-а-а» деп созып әкеткен. Біз де Зоккудың мына күшіне сүйсіне күлдік. Зокку сәл тыны- стап алды да, әлгі жатып қалған өгізін әкелуге кетті. Өгіздің қасына барып шешенше бірдеңе деп ақыра сөйлеп, қазақша боқтанып, таяғымен жон арқасынан бір көсіп өтті де, қозғала қоймаған соң еңкейіп мүйізінен ұстап, ақыра дауыстап, өгіздің кеуде жағын жұлқи көтеріп алды жерден, бірақ бөксе жағы сүйретіліп қозғала қоймады. Сонда да Зокку оны тұрғызам деп біраз жер сүйрелеп келді де, ақыры өгіздің тұрмасына көзі жеткен соң сылқ еткізіп тастай салды, ызалана бір түкірді де кері қайтты.

      • Біраз жатып дем алсын, өзі тұрады,- деген Махмұд.

      • Содалха! деді Зокку қолын бір сілтеп.

Махмұд оған шешенше бірдеңе-бірдеңе деп сөзінің арасында «колхоз, колхоз» деп қойып, қолымен анадай жердегі қорым тасты жағалай өскен бұта-қурайларды нұсқай тұрып зіркілдей сөйлеген. Зокку тағы да:

      • Лалха! — деп күңк ете түсті.

Махмұд одан әрмен өршелене сөйлеп айқайлап берді. Қолындағы балтасымен Зоккуге тура ұмтылар ма екен деп қорқып қалдық біз. Зокку болса оған тіктеп қарсы- ласпай со шешенше күңкілдеген күйінде «содалха! лалха!» деп барып, Махмұд нұсқаған бұта-қурайларды күректей қолымен жапыра сындырып біраз жанап алды да, жатып қалған өгіздің алдына апарып тастады. Бірақ оған қозғала қойған өгіз болған жоқ. Со жатқан қалпынан тырп етпеді.

    • Байдалыны ертіп әкеп көрсету керек. Арам өліп қалса көрсін,- деді Махмұд Зоккуге.

Бұдан әрі біз, балалар, буып алған отындарымызды сүйретіп келген ізімізбен кейін қайттық. Жас алма ағаш ауыр екен, иығымызды жаншып, қарымызды талдырып аздан кейін-ақ маңдайымыздан тер бұршақтап, ауылға сан дем алып әзер жеттік. Өзі де отын көтеріп қара терге түскен Әнипа апайымыз біздің титықтаған түрімізді керіп, бір сағаттай дем алып келуге үйге жіберді.

Түстен кейін отынға қайта барғанбыз. Сол екі арада Махмұд пен Зоккудің артынан қосымша төрт өгізбен тағы екі шешен барып, қиылған алма ағаштарды түгел тартып әкетіпті, ал бізге дегенді сүйреп жүруімізге оңай болсын дегендей, тегіс бұтарлап бір жерге үйіп қойған екен. Сірә, Байдалының бұйрығы солай болса керек.

Тау бөктері тып-типыл жылан жайлағандай бопты, құлазыған аңғал-саңғал иесіз жұрттың үстінен түскендей күйде турмыз. Әр алма ағаштың орнында тізеден шабылған сирақтар құсап сойдиған-сойдиған түбірлер қалған. Қалың қардың астынан әр жерде көсенің иегіне шыққан сақалдай боп итмұрын, бөргез- дердің селдіреген шоқ-шоқ бұталарының бастары қылтияды. Анадай жерде бағанағы тура алмай қалған орнында тарғыл өгіз қозғалыссыз жатыр, байғұс жану- ардың арам өлгені айтпай-ақ түсінікті еді. Үстіне жапырлай үймелеген қарға-құзғын бізден үркіп дүркіреп ұшқан болды, бірақ бір-біріне: «Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Кетпеңдер, кетпеңдер!» — дегендей, тау-құзды баста- рына көтере азан-қазан боп қарқылдасып шуласып, төңіректен кетер емес. Басқа көз тоқтатар ештеңе жоқ, тау-тас, төңірек өзіміздің талай аралап, шарлап жүрген жеріміз ыстық тартып таныс көрінгенімен, дәл мынау жалтырап жатқан қарлы қия бөтен бір жер сияқты әсер етіп тұр.

Мал бауыздарда шалдар: «Сенде жазық жоқ, бізде азық жоқ, біссімілдә» деп, қыл кеңірдектен пышақпен орып жіберетін, сонда бауыздалған малдың алдындағы кінәсы жуылып-шайылғандай болатын, сол сияқты біз де қазір, өзіміз шаппасақ та, бізге деп отынға бөлінген алма ағаштарды «сендерде жазық жоқ, ал бізде отын жоқ» дегендей, үш бұта, төрт бұтадан әрқайсымыз шама- шарқымызға қарай бөлісіп, ауылға сүйреп қайтуға ыңғайлай бастадық.

      • Әй, ана шалды қараңдар! — деді осы кезде бала- лардың бірі. Нұсқаған жағына жалт-жалт бұрылғанбыз, әлгінде өзіміз сүрініп-қабынып әзер жүрген ойқы-шойқы жолмен қолында таяғы бар, қалт-құлт басып, тоқсандағы Қуатбек шал келеді екен. Ауылдағы жасы ең үлкен сыйлы ақсақал тоқсанға келсе де бойын тік ұстайтын, қалың қабағы түксиіп, түсі суық болатын: Біз:

      • Ассалаумалейкүм!

      • Ассалаумалейкүм! деп жарыса сәлем бердік, бірақ ол кісі біздің сәлемімізді естімеген адамдай қасымызға үн-түнсіз таяп кеп, әуелі жалаңаш қалған бөктерге сығырая көз тігіп біраз тұрды, одан біздің не істеп жатқанымызды білгісі келгендей таяғына сүйенген күйде бөлісіп-бөлісіп алған бұталарымызға шұқшия қарап:

      • Мұны кім шауып берді? — деп сұрады.

      • Шешендер,- дедік біз Махмұд пен Зоккуды айтып.

      • Шекендер ме?! Ә-ә,- деді шал даусын соза басын изей тұрып. Шалдың шешен деуге тілі келмейтін де

«шекен» дейтін.

      • Шешендерге бұйрық болса болды ғой… Апырмай, бір бұта қалдырмапты-ау!.

      • Иә, бір бұта қалдырмады,- дедік біздер іле қостап.

Шал сығырая тұрып төңіректі тағы да шола қарап шықты да, біздерге оқыс бұрылып:

    • Ал енді жазда алманы қайдан жейсіңдер? — деген. Даусында сұрақпен қатар кінәлау, сөгу бар еді. Біздер не дерімізді білмей бір-бірімізге қарадық. Шынында да, жазда алманы қайдан жейтініміз ешқайсысымыздың ойымызға да келмепті-ау.

Шал мұнан әрі әр адымын абайлап басып тарғыл өгізге қарай жүрді. Ол жақындаған сайын, өлексе үстін төңіректеп ұзап кете алмай үйіріліп ұшып жүрген қарға- құзғындар естері шыға шаң-шұң боп мүлде шуылдасып кетті, тіпті кеп біреуі қалт-құлт еткен шалды қағып өткісі келгендей, далы-дұлы ұшып кеп жанап өтеді. Шал өгіздің қасына барып, оның өліп қалғанына көзі анық жеткен соң, енді аяғын санап басып жоғары өрледі, енді шабылған алма ағаштардың сойдиған түбірлеріне барып әрқайсысына еңкейіп, үңіле түсіп, сипалап ұстап көріп, төрт-бесеуін қарап шықты да, белін жаза тұрып:

    • Әй, балалар, бері келіңдер! деді бізге.

    • Барыңдар! — деді шал келгеннен оған үнсіз қарап тұрған Әнипа апайымыз.

Біз қасына таяған кезде, шал таяғымен бөктерден әргі асып түскендегі екі шоқының қуыстана қосылған тұсын нұсқап:

    • Қазір анау арадағы Тасбұлақтан барып, түбі қата қоймаған шығар, саз балшық әкеліңдер де мына түбір- лерді сылап қойыңдар,- деді.

Он шақты бала қос шоқының қуыстана қосылған тұсындағы өзіміз жақсы білетін, жазда мынау бөктерге алмаға келгенде күнделікті басына барып рақаттана отырып су ішетін Тасбұлаққа қарай тартып кеттік. Бұлаққа асып түсетін қабаққа көшкін тұрған екен, тепкілеп ойып, алма ағаштан сындырып алған таяқпен қазғыштап баспалдақ жасап, бұлақтың басына жеткенбіз, сірескен қалың қардың ортасында буы бұрқырап жатыр екен. Мұз болып қату деген мүлде ойына келер емес,

бұрқ-бұрқ қайнап қос шоқының бірге біткен кіндігі сияқты көрінеді. Жазда ішкеніңде суы шекеңді жарардай тастай суық болушы еді, шөлдемесек те қазір де бұлақтың ойпаңдау тұсынан кезек-кезек жата қап еңкейіп ұрттап су ішкенбіз, жоқ, жаздағы суықтығы білінбейді, қайта жылы сияқты, сарайыңды ашатын кәусар еді, тамсанып-тамсанып қойып іштік. Жоғарыдан тұрып қарағанда кішкентай ғана бұлаққа бүкіл көк аспан төңкеріліп түскендей көкпеңбек түпсіз тұңғиық боп көрінсе, еңкейіп су ішкеніңде бұрқылдап қайнап су шығып жатқан тас көмей жаны бардай бүлк-бүлк етеді екен. Толассыз қайнау, толассыз бүлкіл. Қыстың күні айдаладағы тау қуысындағы кішкентай Тасбұлақтың мынау тірлігі еріксіз таңдандыратын ғажап еді.

Бұлақтың көзінен сәл төмендеу шымдауыт саз да қатпапты, әлгіден әрқайсымыз кесек-кесек балшық қопарып алып кері қайттық. Сол балшықпен Қуатбек шал айтқандай етіп, сойдиған сирақ түбірлерді сылауға кіріскенбіз. Осы кезде ауыл жақтан атын борбайлай қамшылап Тұржан жетті. Әуелі ол біздерді көзіне де ілместен, арнайы келген шаруасы сол болу керек, бірден тұп-тура өлген өгізге қарай бұрылған. Бағанағыдан кейін басылғандай болған қарға-құзғындар тары шуылдаса бастады. Бірімен-бірі қайшы алысып, жалт-жұлт етіп кеп, Тұржанға тап-тап берердей боп жанай ұшады.

      • Өй, мыналар қайтеді-ей?! деп, ақыра дауыстаған Тұржан қапелімде қағып түсіргісі келгендей қамшы сілтеген. Қарға-құзғын онан әрмен шулап кетті, кейбіре- улері бүріп түсердей боп шаншылады. Қызық көргені ме, әлде бас айналдырғандай азан-қазан шудан сасқаны ма, Тұржан сол оңды-солды қамшысын сілтелеген күйде:

      • Мыналар қайтеді, ей?! А-а-а…- деп аузын аша күлген. Тау-тас әлгі күлкіні қағып ап ондаған дауысқа салып: «А-

а-а-а»… жаңғырыға жөнелген. Өз даусының жаңғыры- ғына өзі таңданғандай Тұржан қайталай күлген, тау-тас та ондаған дауысқа салып қайталап берді. Өлген өгіздің қасына барып, ат үстінде тұрған күйде қамшысымен екі- үш рет салып-салып жіберді де:

    • Өй, мынау шынымен өліп қапты ғой, а-а-а-а…- деп өгіздің өлгеніне анық көзі жеткен соң, тағы мәз бола күлді.

Тек сонан кейін ғана біздің әрекеттерімізге таңырқай қарап:

    • Әй, не істеп жүрсіңдер?! деп дауыстай сұрады да, түбірлерді саз балшықпен сылап жүргендерімізді көріп:

  • Әй, мыналарың не-ей?! А-а-а-а…- деп бұрынғы күлкісі күлкі ме, шын күлкіге енді батты. Басы балшықпен сыланған әр түбірге қолын шошайтып қойып, ішін баса тұрып көзінен жас аққанша күлсін кеп, атының үстінен құлап қала жаздайды.

    • Мүгедек сорлыларды шүберекпен байламайсыңдар ма-ей, а! А-а-а-а…- дейді мәз болып. Ұрадай аузын үңірейте ашып шалқалай тұрып күлгенде, бүкіл тау-тас күлкіге толып кеткендей болады.

    • А-а-а-а… А-а-а-а…

Әуелде оның күлкісіне мән бермегендей боп тұрсақ та, сәлден кейін біртүрлі тітірене бастадық. Тау-тасты жаңғырықтырған ессіз күлкі көңілге үрей туғызып, қорқыныш, күдік ұялатайын деді.

Тұржан осылайша өзімен-өзі біраз тұрып, күліп-күліп алған соң, атын борбайлата бір тартты да, жүріп кетті. Біз сойдиған түбірлердің балта кескен жерлерін біршама сылап қойдық.

    • Әй, мына нәлеттің есі дұрыс емес шығар,- деді Қуатбек шал оның соңынан сығырая қарай тұрып.

    • Әзірге осы жарай тұрар, күн жылыған кезде кеп дұрыстап сылап қойыңдар, сонда мына түбірлер

өлмейді, алма ағаштар қайтадан өсіп кетеді әлі,- деді шал, онан соң Әнипа апайымызға қарап: — Қарағым, өзің бір есің бар бала көрінесің, мына шәкірттеріңе бас- көз бол, Алмалының алмасы құрып кетпесін,- деді.

      • Мақұл, ата.

Тек осыдан кейін ғана Қуатбек шал бастап, отында- рымызды арқалай сүйретіп ауылға қарай қайтқанбыз. Алып алма ағаштың тұсынан өткенімізде, Қуатбек шал бұрылып барып таяғымен оны әр жерінен бір тоқыл- датып ұрып көрді де басын шайқады.

      • Мұның да ортасы шіріп тұр екен ғой,- деді өзіне-өзі сөйлегендей күңкілдеп, онан соң үйіріле тоқтап тұрған біздерге: — Егер жазға дейін сынып қалмаса, мынаның түбіндегі үңгірді көміп, сыртының зақымданған жерлерін балшықпен сылап қойыңдар, ең болмаса біраз жылға дейін осының алмасын жеп жүрерсіңдер,- деді. Біз мақұл десіп, бас изедік.-деді, Ысқақ шал іштегі әңгі- менің мәнін сыбырлай түсіндіріп. Сөйткенше болған жоқ, іштен:

      • Әй, колхоз бастықтың тілін алмайтын сен кімсің-ей, а?! Осы ит сілікпеңді шығарайын ба?! — деген Тұржанның даусы қосарлана естілген.

      • Тұржан да осында ма еді? — деп сұрадым мен таңырқап.

      • Осында. Ойбай-ау, ол біздің колхозға біржола ауысып келді ғой,- деді Ысқақ шал даусын көтере сөйлеп.- Менің орныма атқарушы сол болады енді.

      • Ал сіз ше?

      • Е, мені қойшы, колхозда жұмыс көп қой.

      • Жазасың ба?! — деп ақырған Байдалы шал.

      • Жазбаймын,- дейді Санат тістенген үнмен.

      • Жазасың! Мен саған жаздырам иттің күшігі.

      • Жазасың. Біз саған жаздырамыз! — деп қораланды Тұржан.

Мұнан әрі бөстекті ұрғандай қамшының сарт-сарт еткені естілді.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35


написать администратору сайта