ат бәйгесі. Ат бәйгесі. Бйгені трі кп кресіп жыса да, жгіріп озса да бйге аласы
Скачать 13.25 Kb.
|
Ат бәйгесі Бәйгенің түрі көп – күресіп жықсаң да, жүгіріп озсаң да бәйге аласың. Соның ішіндегі ежелден халқымыздың салтына сіңген спорт ойынының бірі-ат бәйгесі. Бұл ойын ертеде ұлы дүбір той жасап,ұлан-асыр ас бергенде ойналатын.Бүгінде үлкен қалаларда да ипподромдар да, ауылды жердегі шопандар тойында да ат шаптырып, бәйге береді.Ол құнан бәйге , дөнен бәйге , ат бәйгесі болып бөлінеді. Қай кезде де ат бәйгесін жеңіп алу оңайға түспеген. Әуелі бәйге атын баптап, құйрық – жалын сүзеді – суыртпақтай ақ қиындысымен кекілді түбінен, құйрықты жуан ортасынан буып байлайды, үкі тағады. Жеңіл ерттеп,басын шыт орамалмен тартқан шабандоз балаға мінгізеді.Тамашаға жиналған жұрт қолына жалау ұстаған қарақшының соңына еріп, атты тосып алатын көмбеге – мәреге жиналады . Бұдан соң жаршы айқай салып, бәйгеге қосылатын аттардың қайдан келгенін, түрі-түсін жариялайды. Оны керешілер тізімдейді де, ат айдаушының алдына салып береді. Ат бәйгесі дегеніміз – жүйрік атқа берілетін жүлде сыйлық. |