геронтология. бет ашар. Сз бастайын стамай уаытты кп
Скачать 21.37 Kb.
|
Беташар Ассалаумағалейку барша жиналған қауым. Бүгін міне ұлыстың ұлы күнімен тұспа тұс келіп отырған Өтесіндердің әулетінде Махмудсұлтанғали бауырымыздың үйлену тойында бет ашар рәсімін маған жүргізу бұйырып тұр екен. Ал ендеше қолдап қолпаштап отырайық ағайын Сөз бастайын ұстамай уақытты көп Отсаңдар сөзден маржан жақұт тілеп Кеп тұрмын қызығына қазағымның Арайлап таңы бүгін атыпты деп Ассалау мағалейкум жиналғандар Махмудтың өміріне бақыт тілеп Оу ұлдарың бүгін қалай дамыл тапсын Жүректе шабыт деген шамын жақсын Ал енді Махмуд тойың құтты болсын Бұл өмірде теңіңді тауып жатсың Үміттей сұлу қызды сындырп ап Анатомия сабағына салып жатсың Ғылыми жобаларыды қорғаймын деп Шаштарыңды орнына беріп жатсың Шал болғанда апа арық қылдай болып Үміт сені қызғанып қалып жатсын, Сау басыңа тілеген сақинаңдай Саусағыңа жүзік қылып тағып жатсың аййй Шығарып бақытыңның бір ұшына Құдайм ырыс қостау ырысыңа Үлкенде міне бүгін келін көрді Алланың шүкір днймін бұнысына Келінге бір қошемет қылсаңыздар Мен енді кірісейін жұмысыма беееууу Айтайын аталардың атандарын Жөн көрдім осы тойда аталғанын Баишевте ерекше аталар бар Бата берсе келіннің ашар бағын Аталарды мінекей көрдіңізбе Көрімдік тастап жатса қаһарманым Аталардың барлығына бір сәлем бер Мәз болып сипап қалсын сақалдарын Бісміллә бет ашардың оңын берсін Ағайын жақсыларға төрін берсін Ақ келін мұнда сенің ек бірдей әжең отыр Ортаға шыққан кезде елім көрсін Ақ самайлы әжелерге бір сәлем бер Ол кісі саған бата тегін берсін 1000 баланы оқытқан алтын құрсақ Әжелерім ортаға шық елің көрсін Әжелерге тағы бір сәлем берші Құдай саған әжелердің жолын берсін Оу атаңмен бірге келер енелерің Оларды осы тойдан көрер едім Осында отыр сенің үлкен енең Теңелгенін қалайдау терезенің Оадан кейін ерекше енеңз бар Кеңейгенін қалайдау керегенің Үлкендердің бәріне бір сәлем бер Саны көп болсын десең немеренің айй беееу Әулеттің үлкендері:Манет Сагынгалиева бастаған Гүлнұр Есіркеповна қоштаған Маржан апай Нұрлан Ізденұлы, Гүлбарам Латиповна, Гүлбану Ибраевна, Айман Кажыгалиевна, Зәуре Базаркуловна, Людмила Кафисовна Әли мен Кенжебектер қайын ағалар Қайын ағалар той десе пайда болар Нұрзаман Русландай қайын ағаң бар Қайын аға болатындай жайлы ағалар Махмудтай ініміз үйленді деп Келіпті 5000 нан байлап олар Ал келін ағаларға бір сәлем ет Көңілі қуаныштан айға барар Қайын ағалар 5000 нан тастамаса Несіне қайқаң қағып тойға барар Тағы да бір ерекше қайын ағаң бар Осыны салайыншы тағы есіңе Ерболаттай қайын ағаңа тағы сәлем Қоймайын ортаңа кеп сенбесіңе Ерболатқа тағы да бір сәлем бер Қоймайын көрімдікпен көнбесіңе Ер кезегі үшке дейін тағы да сал Қадағалап отыратын тәрбие ісіне Нұрзамандай қайын ағаңа тағы сәлем Шақырса қоймайды ғой келмесіңе Звния лейтенантты алып алып Ашуланса тік тұрғызар себесеңдер 3 сәлемің келін жан артық етпес Баишевтің ардақты ерлеріне бееу Ақжанат фарнизалар абысындар Ақ келін абысынмен танысыңдар Наргиза мен әдемі абысын бар Әрқайссың шаңырақтың шамысыңдар Аян мен ладина абысындар Әрқайсысың бір бір үйдің бағысыңдар Ал келін абысындарға сәлем беріп Той біткен соң жақсылап танысыңдар Енелерге атанып жақсы келін Баишевтің түлегін көбейтіп жарысыңдар беееу Қайын Аға:Әли Кенжебек, Нұрзаман, Ерболат Руслан Абысындар: Ақжанат, Фарниза, Наргиза, Әдемі, Аян, Ладина Қуанып ұлы тойды жасағанда Әр қашан шүкір деген жасағанға Ал келін жан тағы да бір сәлем бер Қарауылдап тұратын охрана апларға Әрқашан астың дәмін келтіретін Әрқашан қателікті кешіретін Келін жан сәлеміңді сала кетші асханаға Тәрлі түрлі тамақты пісіретін Киелі қазынасы қасиеттің Даналық ұлылықтар бас иетін Келінжан сәлеміңді сала берші Кітапхана ақылыңды өсіретін беееуу Қайын Апа- Жезделер: кітапхана-Асхана, вахтер апалар. Жырым жетсін қазақтың даласына Осынау баишевтің арасына Бұл тойға талай қонақ келіп жатыр Құтты деп Махмудтай балысына Келін жан ізет пенен сәлем салғың Жиналған жиендер мен бөле нағашыға Бөле Жиен. Ақжанат Жақсыбаевна Бастаған Жалпы Пәндер Мен негізі әнші де биші де күйші де емеспін. Бірақ сіздер үшін бар өнерімді саламын ағайын. Сол себепті ду қол шапалақ ұрып мынау кімнің баласау деп қиқу салып отырыңыздар. Оооооууууу ану тұрған қайны атаң Бар мадаққа сай атаң Қайын атаңды мен бүгін Билетем ірі ойнатам Көрімдігін байлатам Нұрболат деген атаңыз Бәрінен де баталы Бәрінен де жанады Сен келді деп қуанып Көрімдікке хотябы 10 000 тг салады Анау тұрған атасы Ұлым келін таптау деп Қуанып жүр ғой шамасы Қолын жайса біздерге Берер бізге батасы Қайна атаңа бір сәлем Ал келесі келесі Анау тұрған енесі Кімді жаман десеңіз Енені жаман демеші Ашуланса егерде Үйдің өткір жебесі Осы әулетті ұстаған Қабырғамен шегесі Следуши келін следуши Сейчас вобще не дыши Енелер вобще молодцы енелер вобще хорошый Оның аты Салима Салима сенің анаң ғой Салима сенің панаң ғой Шай қой десе келін жан 120 мен бара ғой Айтқан тілді ала ғой Ол да саған дара ғой Қайын енеңе бір сәлем Той төріне шықсын деймін нағашылар Нағашына сыйлағаның бағы ашылар Жаратқаннан үлкен қолдау болса деймін Өйткені өмірдегі жанашырлар Айшешеңнің ай шешеңнің ағасы Болады саған нағашы бәрінен қымбат бағасы Ағынды судың жағасы Ыстық суық бәріне жан ашитын нағашы Нағашың кім деп сұрайтын атамыз қазақ баласы Нағашыларға бір сәлееееееммм Нағашылар: оқу бөлімі Гүлзия Мақсатовна бастаған Жұлдыз, Ардақ, Назкен, Дина, Әдемі, Салтанат, Жазада атамның аулына барасың сен қыдырып Бір қайныңыз алдыңнан атып шығар жүгіріп Ақ маңдайлы ай мекен Шекер мекен бал мекен Жүгіріп шығар алдыңнан Кішкентайлар қайдекен Қайын іні- сіңілдері: Бекет, Данияр, Дильназ,Мадина, Салтанат Жұмалықызы, Салтана Ғаниқызы,Жанерке, Шынар Ай мұндайдың көршілердің әні шықсын Ақ келін көршілермен танысыпсың Өзбекстан қытай мен қазақстан Көршілердің ортаға бәрі шықсын Ортаға көршілердің бәрі шықсын шықпай қалған көршілердің жаны шықсын Көршілер: Айдана, Жанат, Ақмарал, Алтынай, пцк 1, Пцк 2, жалпы пәндер, фармация Достар достар көп Бәрі мәңгі тұрмайды Махмудтың достары ысқырп қол бұлғайды Қиналған сәтте досымды іздедім Досымнан ешқашан үмәтті үзбедім Көрмесм сағынам іздесем табылар Сәлем сал жас келін құрдастар мен құрбылар. Құрдастар: Әділет,Асланбек, Берік, , Бахтияр, Бекнұр Анар, Ғанижамал, Гүлдана, Әйгерім, Адина, Жұлдыз, Көркем, Ұлдай, Камила, Берік, Надира, Айнур, Ақмарал, Гүлжанат, Аяжан Жастарды бақытты бол бұл жалғанда Ақ тілеуін берсе екен талғам барда Ай су тер болып келіннің бетін ашсам Ағайын мына менде арман барма Ал келін жан тағы да бір сәлем бер Осында аты аталмай қалғандарға беееу Мына тізім көбейді шолып тұрған Маған берген тізімі осы болған Ал ағайын мен қалдым деп ренжімеңдер Берілген 10 минуттан келіп тынған Ерекше бір тілекті айтайыншы осы тұстан Баишев көріне берсін биік шыңнан Ал ағайын Тойларыңыз құтты болсын Әз наурыз мерекемен келіп қалған |