хим. Жмыс барысы 1 тжірибе. Оксидтерді алу
Скачать 30.59 Kb.
|
Жұмыс барысы 1 – тәжірибе. Оксидтерді алу. А) Аз мөлшерді магнийді алып, қыстырғышта ұстап, жағады. Алынған ақ ұнтақты келесі тәжірибеге алып қояды. Реакция теңдеуін жазу керек. Б)Магний оксидінің ақ ұнтағын суы бар ыдысқа салып, араластырып, фенолфталеиннмен немесе индикатор қағазымен тексереді. Магний оксидінің салқын суда аз ерігіштігі мен индикатор түсінің өзгерісі бойынша қорытынды жасап, реакция теңдеуін құрастырыңыз. В) Қыстырғышта бордың аз мөлшерін май шамының жалынында 5–7 мин бойы қақтайды. CaCO3 қыздырғанда кандай заттарға ыдырайды? Реакция теңдеуән жазу керек. Суы бар пробиркаға бірнеше тамшы фенолфталеин тамызып, қақталған бөлікті салады. Не байқалды? Реакция теңдеуін жазу керек... 2 – тәжірибе. Қышқылдарды алу. А) Шыны таяқшамен аз мөлшерде (Ү) оксидін алып, сумен араластырады. Түзілген ерітіндіге лакмус қағазын салыңыз. Не байқалды? Реакция теңдеуін жазыңыздар. Б) пробиркаға аз мөлшерде натрий ацетатын салып, сұйытылған күкірт қышқылымен ылғалдаңыз. Иісі бойынша не түзілгенін анықтаңыз. Пробирканың қабырғасына тигізбей индикатор қағазымен бақылаңыз. Реакция теңдеуін жазыңыздар. 3 – тәжірибе. Ерімейтін негіздерді алу. Бес пробиркаға зертханада бар тұз ерітінділерінен (CuSO4, CoCL2, CrCL3, FeCL3, ALCL3) Алып олардың үстіне аз мөлшерде NaOH ерітіндісін тамызыңыз. Әр пробиркада түзілген тұнбаның түсінжазып, реакция теңдеулерін молекулалық және иондық тірде жазаңыздар. Бұл негіздердің қайсысы амфотерлі қасиет көрсетеді? 4 – тәжірибе. Еритін негіздерді алу. Екі пробирка алып, біріншісіне шамала құрғақ CaO салып, үстіне су тамызады. Екіншісіне CaC2 ерітіндісін құйып, оған аз мөлшерде NaOH ерітіндісін қосыңыз. Реакциның ортасын индикатор мен анықтаңыз. Реакция теңдеуін жазыңыздар. 5 – тәжірибе. Тұздарды алу. А) Пробиркаға сұйытылған күкірт қышқылы ерітіндіін алып, үстіне мырыш түйіршігін салыңыз. Не байқалды? Реакция теңдеуін жазыңыздар. Б) Пробиркаға бірнеше күміс нитраты ерітіндісін алып, үстіне аз мөлшерде 2н HCL ерітіндісін қосады. Не байқалады? Реакқи теңдеуін жазыңыздар. №1 зертханалық жұмыстың нәтижесін өңдеп, есеп беру
Жұмысты орындады: Жұмысты қабылдады: _______________________________________________________ студенттің қолы, тобы оқытушының қолы, мерзімі Бақылау сұрақтары 1. Жай және күрделі зат дегеніміз не? 2. Химиялы қосылыс, химиялық формула ұғымдарына анықтама. Мыал келтіру. 3. Қышқылдық, негіздік, амфотерлі оксидтердің алынуына мысал келтіру. 4. Қышқылдардың жіктелуі. Мысал келтіру. 5. Еритін және ерімейтін негіздердің алынуына мысал келтіру. 6. Қышқылдық, негіздік және орта тұздардың алыну жолдары, мысал кетіру. 7. Төмендегі өзгерісті іске асыратын рееакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз: А) Fe2O3 Fe(OH)3 FeCL3 Fe(NO3)3 Fe2O3 Б) H2SO4 SO2 Na2SO3 SO2H2SO4 Глоссарий 1. Химия пәні заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттері мен өзгерулерін, осы өзгерулермен қатар жүретін құбылыстарды зерттейді. 2. Жай заттар – бір түрлі химиялық элементтің атомдарынан тұратын химиялық қосылыстар. 3. Күрделі заттар – әртүрлі химиялық элементтің атомдарынан тұратын химиялық қосылыстар. 4. Моль – көміртектің 12С изотопының 0,012 килограмындағы атомдар санына тең құрылым бірліктері (молекулалар, атомдар, иондар, электрондар) болатын заттың мөлшері. Блиц – тест: 1. Негіздік оксидтер қатары қайсы:а А) LI2O3, K2O, P2O5 B) K2O, Na2O, NO2 C) K2O, CuO, FeO, D) Fe2O3, SO2, CaO E) CuO, ZnO3, CO2 2. Қышқылдық оксидтер қатары қайсы? А) LI2O, K2O, P2O5 B) K2O, Na2O, NO2, C) P2O5, N2O3, SO3 D) Fe2O3, SO2, CaO E) CuO, ZnO, CO2 3. Амфотерлі оксидтер қатары қайсы? А) LI2O, K2O, P2O5, B) K2O, Na2O, NO2, C) P2O5, N2O3, SO3 D) ZnO, Al2O3, SnO2 E) CuO, ZnO, CO2 4. Натрий хлоридіне күміс нитратымен әсер етсе түзіледі: А) күңгірт газ B) ақ тұнба C) көк тұнба D) реакция жүрмейді E) қызыл тұнба 5. Атомдары амфотерлі оксид түзетін элементтің таңбасы: А) Na B) S C) Al D) Ca E) N 6. KOH ерітіндісімен әрекеттесетін оксид: А) натрий оксиді B) барий оксиді C) күкірт окиді D) кальций оксиді 7. Кальций оксидімен реакцияға түсетін зат: А) натрий гидроксиді B) калий оксиді C) көміртек оксиді D)Барий гидроксиді 8. Ерімейтін негізді алу оксиді: А) қышқылдық оксидті негіздік оксидпен әрекеттестіру B) су мен қышқылды әрекеттестіру C) белсенді металды сумен әректтестіру D) Сілті мен тұзды әрекеттестіру 9. Түсі бар гидроксид: А) натрий гидроксиді B) барий гидроксиді C) калий гидроксиді D) кальций гидроксиді E) мыс гидроксиді Сабақ №3-4 Тақырыбы: Химиялық реакциялар жылдамдығы. Мақсаты: Химиялық реакцилар жылдамдығы және химиялық тепе-теңдік ұғымын қалыптастыру. Химиялық тепе-теңдікті әртүрлі факторларды өзгерте отырып, ығыстыру арқылы қадетті реакция өнімін алуды үйрену. Сабақ жоспары: 1.Зертханалық жұмыстар. 1) Химилық реакцияның жылдамдығының әрекеттесуші заттың концентрациясына тәуелділігі 2) Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі 3) Гетерогенді химиялық реакцияның жылдамдығы 2. Бақылау сұрақтары мен жаттығулар 3. Блиц – тест. Қажетті құрал - жабдықтар мен реактивтер: Термометр 1000С, үлкен пробиркалар, секундомер, стакан, өлшеуіш цилиндрлер, электроплитка, фарфор келі, сулы монша, 0,1Н және 1:200 қатынасында сұйылтылған Na2S2O3 ерітінділері 2н және 1:200 қатынасында сұйытылған H2SO4 ерітіндісі, қорғасын нитраты, калий йодиді Жұмыс барысы 1-тәжіибе. Химиялық реакцияның жылдамдығының әректтесуші заттың концентрациясына тәуелділігі. А) 1н натрий тиосульфаты (Na2S2O3) ерітіндісіне 2н H2SO4 ерітіндісін қосыңыз. Натрий тиосульфатын күкірт қышқылының әрекеттесуі салдарынан бос күкірттің бөлінуімен ерітінді лайланады: Na2S2O3 + H2SO4 Na2SO4 +H2O + S Реакцияның басталған кезінен ерітіндінің лайланғанына дейінгі уақыт реакцияның жылдамдығын көрсетеді. Б) Үш үлкен номерленген пробиркаға сұйлтылған натрий тиосульфаты (Na2S2O3, 1:200) ерітіндісін: біріншісіне 5мл, екішісіне 10 мл, үшіншісіне 5мл құйыңыз. Сосын бірінші пробиркаға 10 мл су, екіншісіне 5 мл су қосу керек. Үш басқа пробиркаға 5 мл сұйылтылған (H2SO4, 1:200) құйыңыз. Натрий тиосульфаты құйылған әрбірпробиркаға арластыра отырып 5 мл дайындалған H2SO4 қосыңыз және қышқыл қосқан кезден ерітіндінің лайланғанға дейінгі уақытын анықтаңыздар. Тәжірибелердің нәтижесін келесі кетеге жазыңыздар.
Тәжірибе бойынша алынған нәтижелерді пайдаланып, натрий тиосульфатының шартты концентрациясын абцисса осіне, шартты бірліктегі реакция жылдамдығын v=1/t ордината осіне түсіріп, график тұрғызыңыздар. Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттың концентрациясына тәуелділігіне қорытынды жасаңыздар. 2 – тәжірибе. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі. Тәжірибе үшін сйытылған (Na2S2O3 1:200) және (H2SO4, 1:200) ерітінділерін алыңыздар. 3 номерленген пробиркаға – 10 мл Na2S2O3 ерітіндісінің, басқа үш пробиркаға – 10 мл H2SO4 ерітіндісін құйып, оларды үш жұпқа бөліңіздер. Зертхананың температурасын белгілегеннен кейін бірінші жұптың ерітінділерін қосып, араластыра отырып қышқыл қосылған сәттен ерітіндінің лайланғанына дейінгі уақытты анықтаңыздар. Келесі екі пробирканы суы бар стаканға салып, температураны бөлме температурасынан 100С – қа жоғары температураға дейін қыздырыңыз. Суға батырылған термометрмен температураны бақылау керек. Пробирканың ішіндегі ерітінділерді бір – біріне құйып, шайқайды. Ерітіндіні құйған уақыттан лай пайда болғанға дейінгі уақытты белгілеңіздер. Стакандағы суды бөлме температурасынан 200С – қа жоғары температураға дейін қыздырып, қалған екі пробиркамен тәжірибені қайталаңыз. Нәтижелерді келесі кестеге жзыңыздар.
3 – тәжірибе. Гетерогенді химиялық реакцияның жылдамдығы. Құрғақ фарфор ыдысында қорғасын нитраты мен калий иодиді кристалдарын араластырыңыздар. Түсі өзгере ме? Кристалды тез – тез үгіту керек. Не байқалады? Пипеткамен қоспаға бірнеше тамшы су тамызып, түсінің өзгерісіне назар аударыңыздар. Реакци теңдеуін жазыңыздар. 4 – тәжірибе. Катализатордың реакция жылдамдығына әсері. Екі пробиркаға 10 тамшыдан 3% - тік сутегі пероксиді ерітіндісін құйып бірінші пробиркаға аз мөлшерде марганей диоксидін, ал келесі пробиркаға сондай мөлшерде қорғасын диоксидін қосады. Газдың бөліну интенсивтілігі бойынша сутегі пероксидінің айрылу реакциясының жылдамдылығын салыстырады. Екі пробиркада оттегі бөлініп жатқанын қалай дәлелдеуге болады? Реакция теңдеуін жазу керек. Зертханалық жұмыс нәтижесін қорытындылап, есеп беру Жұмысты орындады: Жұмысты қабылдады: _______________________________________________________ студенттің қолы, тобы оқытушының қолы, мерзімің Бақылау сұрақтары 1. Химиялық реакция жылдамдығы дегеніміз не? 2. Әрекеттесуші массалар заңы қалай аталады? 3. Химилық реакция жылдамдығына температура қалай әсер етеді? 4. Арнаулы заттардың әсерәнен химиялық реакциялар жылдамдығының арту құбылысын қалай анықтайды? 5. 2NO + O2=2NO2 реакциясының жылдамдылығы қалай өзгереді? А) NO концентрацисын 2 есе арттырса. Б) O2 пен NO концентрациясын қатар 3 есе арттырса 6. 2А+2В=C реакцияының әрекеттесуші заттардың біреуінің концентрациясын 3 есе арттырса, ал емператураны 300С – қа төмендетсе химиялық реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді? Температуралық коэффицент 2-ге тең. 7. Келесі реакциялардың химялық тепе – теңдіктерінің математикалық өрнегін жазыңыз. N2 + 3H2=2NH2 2NO2= N2O4 Глосарий 1. Реакцияның жүру механизмін, жылдамдығын және сол жылдамдыққа әректтесетін заттардың концентрацияларының, температураның, қысымның, катализатордың әсерлерін зерттейтін химияның бөлімін химиялқ кинетика дейді. 2. Гомогенді реакциялар жылдамдығы деп белгілі бір уақытта реакция жүретін көлемде әрекеттесетін заттардың мөлшерінің өзгеруін айтады. 3. Химиялық кинетиканың немесе әрекеттесуші массалар заңының анықтамасы: Тұрақты температурадағы химиялық реакциның жылдамдығы стехиометрлік коэффиценттері дәреже көрсеткіші түрінде көрсетілген әрекеттесуші заттардың концентрациларының көбейтіндісіне тура пропорционалдық тәуелділікте болады. 4. Реакция жылдамдығына температураның әсерін жуық мөлшермен Вант-Гофф ережесі анықтайды: Температураны 100С – қа өсіргенде реакци жылдамдығы 2-4 есе артады. Бұл заңның математикалық өрнегін былай көрсетуге болады. Ut2= Ut1 Y10 T2-T1 Блий - тест 1. Реакцияның температуралық коэффиценті 2,5 тең. Температураны 800С – тан 1400С – қа дейін өсіргенде реакцияның жылдамдығы А) 39 есе өседі Б) 244 есе өседі В) 78 есе өседі Г)72 есе кемиді Д)32 есе кемиді 2. Химиялық реакцияның жылдамдығы 500С температурада 5 моль/сек. Егер температуралық коэффицент 2 -ге тең болса, осы реакцияның 1000С температурада жылдамдығы қандай? А) 32 Б)16 В)64 Г)160 Д)128 3. Берілген 2SO2(г)+O2(г) 2SO3 реакциясындағы әрекеттесуші заттардың бастапқы концентрациялары: [SO2]0=1,6 моль/л; [O2]0=1,2моль/л. Осы заттардың 0,6 моль SO3 түзілген кездегі концентрациялары: А) 4 және 3,6 моль/л Б) 2 және 1,8 моль/л В) 3 және 2,7 моль/л Г) 1 және 0,9 моль/л Д) 2 және 0,9 моль/л 4.H2 + I2 = 2HI реакцисының әрекеттесуші заттардың концентрациялары мынадай болғанда тепе – теңдік орнады: [H2] = 0.3 моль/л, [I2] = 0.08моль/л, [HI]=0.35 моль/л. Иод пен сутектің бастапқы концентрацяларын көрсетіңіз. А) [I2] = 0,255; [H2] = 0.475 Б) [I2] = 0,155; [H2] = 0.475 В) [I2] = 0,255; [H2] = 0.675 Г) [I2] = 0,55; [H2] = 0.75 5. 2H2 + O2 = 2H2O реакцисы үшін әрекеттесуші массалар заңының математикалық өрнектелуі А) V=K[2H2] [O2] Б) V=K[2H2] + V=K[2H2] В) V=K[H2]2 [O2] Г) V=(K[H2]2)/ [O2] Д) V=(K[2H2])/ [O2] 6. Қысымды өсіру және температураны төмендету тепе-теңдікті бір мезгілде оң жаққа қарай ығысатын реакция: А) CaCO3(қ) CaO(қ) + CO2(г) -Q Б)2N2 2N2O(г) +Q В) CO2(қ)+ C(қ) 2CO(г) -Q Г) H2(г) + CL2(г) 2HCL(г) +Q 7. N2 +3H2 = 2NH3 жүйедегі сутектің концентрациясын 2 есе арттырғанда, химиялық реакцияның жылдамдығы артады: А) 2 есе Б) 4 есе В) 6 есе Г) 8 есе Д) 12 есе 8. Температураны 200С – тан 1000С -қа дейін көтергенде реакцияның жылдамдығы қанша есе өседі, егер оның температуралық коэффиценті у=2 А) 20 Б) 256 В) 44 Г) 56Д) 2 9. Берілген N2 + O2 2NO – Q реакцияның тепе теңдігін NO түзілу бағытына ығыстыру ушін төмендегі өзгерістердің қайсысын орындаған дұрыс? А) қысымды арттыру Б) температураны арттыру В) температураны төмендету Г) N2 концентрациясын азайту Д) NO концентрациясын арттыру 10. Берілген 2SO2 + O2 2SO3 реакцисында SO2 концентрациясын 3 есе өсіргенде: А) реакция жыдамдығы 3 есе артадыБ) реакция жыдамдығы 3 есе кемидіВ) реакция жыдамдығы 6 есе артады Г) реакция жыдамдығы 3 есе кемиді Д) реакция жыдамдығы 9 есе артады |