Главная страница
Навигация по странице:

  • Сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау. №5 зертханалық тәжірибе «Галогендер қасиеттерін зерттеу және сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау»

  • Барлық оқушылар үшін

  • Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі

  • Мақсаты

  • Саралау

  • Ж ұмыста қауіпсіздік ережелері

  • 2-тәжірибе . Үш сынауыққа 2 мл NaCl, КBr және КI ерітінділерін құйыңыз. Әр сынауыққа бірнеше тамшы AgNO3 ерітіндісін құйыңыз Не байқадыңдар3-тәжірибе.

  • Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп

  • 3-тәжірибе Керекті реагенттер мен құрал-жабдықтар

  • Джоностон үшбұрышы әдісі бойынша

  • Видеоролик-тер сілтемесі

  • Сабақты бекіту тапсырмалары

  • ; 4-балл 2.Тапсырма

  • Дискрипторы: Экспериенттік деректерді пайдалана отырып ,сынауықтардағы белгісіз заттты болжайды және белгісіз заттың құрамын анықтайды6 балл

  • «Еркін микрофон» әдісі.

  • Тиімділігі

  • Сулы ерітіндідегі галогенид ионы. Урок по химии на тему _ Сулы ерітіндідегі галогенид иондарын аны. Блім 10. 3C 17топ элементтері


    Скачать 452.86 Kb.
    НазваниеБлім 10. 3C 17топ элементтері
    АнкорСулы ерітіндідегі галогенид ионы
    Дата04.04.2022
    Размер452.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУрок по химии на тему _ Сулы ерітіндідегі галогенид иондарын аны.docx
    ТипДокументы
    #439798



    Бөлім: 10.3C 17-топ элементтері





    Педагогтің аты-жөні:




    Күні:




    Сыныбы:

    Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау. №5 зертханалық тәжірибе «Галогендер қасиеттерін зерттеу және сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау»

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    10.2.1.7галогенид-иондарды тәжірибе жүзінде анықтауды жоспарлау және анықтау


    Сабақтың мақсаты: білу


    Барлық оқушылар үшін:

    -Галогенидтердің реакцияға түсу белсенділігін сипаттау,

    Көпшілік оқушылар үшін:

    -Галогенидтердің реакцияларының теңдеулерін жазу;

    Кейбір оқушылар үшін:

    -Галогенидтердің химиялық қасиетін сипаттау үшін лабораториялық жұмыс жасау

    Тілдік мақсаттар


    Пәнге қатысты лексика мен терминология:

    галоген, булану, тұз түзуші, галогенидтер

    Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

    А заттары (В/С/Д заттарында)...... түске өзгерді.

    ..... лакмус қағазы В/С/Д ерітінділерінде..... түске өзгерді.

    Йод ...... күйден ........ күйге ауысады.



    Құндылықтарға баулу:

    «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

    Сабақтың барысы:

    Сабақ кезеңі/Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар




    Сабақтың басы

    Қызығушылықты ояту.

    7 мин.

    (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

    1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

    2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастарады

    3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


    Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

    1 топ: Кітап

    2 топ: Дәптер

    3 топ: Қаламсап

    Үй тапсырмасын тексеру.

    Тапсырмa сипaты: «Галогендердің қасиеттері кестеде берілген»

    Оқушылaр карточкaларды кездейсоқ тaңдап, таңдалғaн оқушыларғa мұғaлім сұрaқ қояды.

    Бағалау.Oқушы –оқушы

    Мұғaлім- оқушы


    Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

    Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

    Оқулық, жұмыс дәптері

    Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы

    (Қазіргі жағдайда) ДК экраны Галогендердің физикалық қасиеті бойынша сапалы оқу ресурстары:

    http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/add_ocr_pre_2011/periodic_table/group7rev1.shtml




    Жаңа сабаққа кіріспе




    (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

    Өзгенің пікірін толықтырады.
    Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара топтық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

    Сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау. №5 зертханалық тәжірибе «Галогендер қасиеттерін зерттеу және сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау»

    Оқу мақсаты:

    - Хлор, бром және йод реакциясын бақылау

    - Қорытынды жасап, бақылаған тәжірибеге тұжырымдама жаз

    - Өздерінің қорытындысын топтастырып, топ ішіндегі бағыттарды белгілейді

    Мақсаты:Галогендердің химиялық қасиетін зерттеп, қорытындылау.

    Ж ұмыста қауіпсіздік ережелері:


    Галоген ерітінділері улы заттарға жатады

    Тәжірибені тартпа шкафында орындау қажет. Үш топ «Джиксо» әдісі бойынша үш тәжірибені талқылап орындайды

    1- тәжірибе. Үш сынауыққа 2 мл NaCl, КBr және КI ерітінділерін құйыңыз. Әр сынауыққа бірнеше тамшы хлор суы ерітіндісін құйыңыз Содан кейін бром суын, иод суын қосып, реакцияны қайталаңдар
    3-тәжірибе.'>2-тәжірибе .

    Үш сынауыққа 2 мл NaCl, КBr және КI ерітінділерін құйыңыз. Әр сынауыққа бірнеше тамшы AgNO3 ерітіндісін құйыңыз Не байқадыңдар?
    3-тәжірибе.

    Картоптың бір түйіріне бірнеше тамшы иодтың спирттегі ерітіндісін тамызыңдар .Не байқадыңдар? Тәжірибелердегі байқалған құбылыстарды түсіндіріп, тиісті қорытынды жасаңдар


    Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

    Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

    Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру Галогендердің физикалық қасиеті бойынша сапалы оқу ресурстары:

    http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/add_ocr_pre_2011/periodic_table/group7rev1.shtml.

    3-тәжірибе

    Керекті реагенттер мен құрал-жабдықтар: NaCL, KBr, KI ерітінділері, хлор суы, бром суы, йодтың спирттегі ерітіндісі, картоптың бір түйірі,сынауықтар,тамшуырлар,сынауықтарға арналған тұрғы





    Сабақтың ортасы

    Мағынаны ашу 26 мин.

    Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді Оқушыларға нұсқау картасын таратады,түсіндіреді,қауіпсіздік техникасының ережелерін еске түсіреді Лаборант көмегімен демонстрациялық тәжірибені тартпа шкафта жүргізеді

    Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Джоностон үшбұрышы әдісі бойынша мына сұрақтар мен тапсырмаларды үшбұрыштың әр бұрышына орындаңыз:
    1)Бақылауларды сипаттаңыз.
    2) Суда күміс галогенидтерінің ерігіштігі туралы қорытынды жасаңыз.
    3) Металлгалогенидін еріткенде тұнба пайда болатын реакциялардың теңдеулерін жазыңыз
    Оқушылар зертханалық тәжірибе жұмысын бақылап, реакция теңдеуін жазады. Қорытынды шығарады.

    Дескриптор: Жалпы - 3 балл

    Галогенид иондарына сапалық реакцияны анықтайды

    Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру. Видеоролик-тер сілтемесі:

    http://www.chem.msu.su/rus/teaching/dunaev/2/posobie.pdf
    Бейнежазба: хлорид-, бромид- және йодид-иондарына сапалық реакциялар:

    https://www.youtube.com/watch?v=Ms2OUXfeCDQ
    Бейнежазба: галогенид- иондарға сапалық реакциялар, фторды қоса алғанда. https://www.youtube.com/watch?v=NCPOuGx-X6o





    Жеке жұмыс





    Мұғалім

    берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

    Сабақты бекіту тапсырмалары:

    1.Тапсырма


    1. Ұсынылғaн кесте бойынша бос орындарды толтырыңыз.

    Иондaр мен анықтайтын реагенттерді және олардың арасындағы қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңыз, реакция нәтижесінде байқалатын өзгерістерді көрсетіңіз:

    Дискрипторы:

    Cl- aнионын анықтайтын реагентті анықтайды, қысқартылған иондық теңдеуін құрастырады және нәтижесінде бaйқалатын өзгерістердің түстерін көрсетеді;

    сары тұнба түзетін катион мен aнионды анықтайды, қысқартылған иондық

    теңдеуін құрастырады; сарғыш тұнба түзетін катион мен анионды анықтайды, қысқaртылған иондық теңдеуін құрастырады; 4-балл

    2.Тапсырма

    Зертханада нөмірленген 3 сынауықта мынадай зaттардың судағы ерітінділері берілген:
    1.натрий хлориді,
    2.натрий бромиді,
    3. натрий фториді

    а) бір ғана реактивтің көмегімен қай сынауыққа қай заттың ерітіндісі құйылғанын табыңыздар. Aналитикалық эффект көрсеткен тұздың формуласы мен оның тұнбасының түсін бақылап ,қорытынды жасаңдар
    Дискрипторы:
    Экспериенттік деректерді пайдалана отырып ,сынауықтардағы белгісіз заттты болжайды және белгісіз заттың құрамын анықтайды

    6 балл



    ДК экраны

    10-сынып оқулығы.

    Жұмыс дәптерлері.




    Сабақтың соңы

    Ой толғаныс.

    Рефлексия

    7 мин.



    «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
    Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

    Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

    Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

    Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.











    Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

    Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

    Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


    сарғыш тұнба түзетін катион мен анионды анықтайды, қысқартылған иондық теңдеуін құрастырады;

    «Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
    Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

    «Мадақтау сөзі» әдісі

    Денсаулық сақтау технологиялары.

    Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

    Осы сабақта қолданылатын

    Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.




    Жалпы бағалау

    Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

    1:

    2:

    Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

    1:

    2:

    Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

    1:

    2:






    Үй тапсырмасын сұрау

    Галогендердің қасиеттері кестеде берілген.

    Қ/с

    Зат

    Валенттілік электрондар

    Түсі, қалыпты жағдайдағы агрегаттық күйі

    1

    Z

    ...4s2 4p5

    Оңай буланатын қоңыр түсті сұйықтық, бромның буы өте улы зат


    2

    X

    ...2s2 2p5

    Солғын сары түсті, өткір иісті газ.Жай зат күйінде өмірге өте қауіпті.

    3

    W

    ...5s2 5p5

    Қара сұр түсті, металдық жылтыры бар, қатты кристалдық зат

    4

    Y

    ...3s2 3p5

    Сарғыш жасыл түсті, өзіне тән тұншықтырғыш иісті улы газ



    1. X, Y , Zжәне W галогендерін анықтаңыз:






    X

    Y

    Z

    W

    A

    Br

    F

    I

    Cl

    B

    F

    I

    Cl

    Br

    C

    Cl

    Br

    F

    I

    D

    I

    Cl

    Br

    F

    Жауабы: ______________________

    Сабақты бекіту тапсырмалары:


    Тапсырма

    1. Ұсынылған кесте бойынша бос орындарды толтырыңыз.

    Иондар мен анықтайтын реагенттерді және олардың арасындағы қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңыз, реакция нәтижесінде байқалатын өзгерістерді көрсетіңіз:

    Иондар

    (Аниондар)

    Аниондарды

    анықтайтын реагенттер

    (Катиондар)

    Қысқартылған иондық теңдеу

    Байқалған

    өзгерістер нәтижесі


    Cl-


















    Сарғыш тұнба











    Сары тұнба








    Тұнба түзілмейді

    [4]

    1. Зертханада нөмірленген 3 сынауықта мынадай заттардың судағы ерітінділері берілген:
      1.натрий хлориді,
      2.натрий бромиді,
      3. натрий фториді

    а) бір ғана реактивтің көмегімен қай сынауыққа қай заттың ерітіндісі құйылғанын табыңыздар. Аналитикалық эффект көрсеткен тұздың формуласы мен оның тұнбасының түсін бақылап ,қорытынды жасаңдар

    [6]


    написать администратору сайта