Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі Қызығушылықты ояту 8 мин

  • Мақсаты

  • Саралау

  • Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп

  • Сабақтың ортасы Жаңа сабақ 30 мин

  • Қауіпсіздің техникасының ережелерін еске түсіру.

  • «Еркін микрофон» әдісі.

  • Тиімділігі

  • 11 А карбон қышқылдары. Блім 11. 1 B карбонилді осылыстар


    Скачать 286.68 Kb.
    НазваниеБлім 11. 1 B карбонилді осылыстар
    Дата06.10.2022
    Размер286.68 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла11 А карбон қышқылдары.docx
    ТипДокументы
    #718722

    Бөлім:

    11.1 B Карбонилді қосылыстар

    Педагогтің аты-жөні:




    Күні:




    Сыныбы:

    Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Карбон қышқылдарының қасиеттері. №2 зертханалық тәжірибе "Карбон қышқылының алынуы және қасиеттері"

    (12-сабақ)

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    11.4.2.7 карбон қышқылдарының физикалық қасиеттерін және алыну жолдарын түсіндіру;

    11.4.2.8 карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

    Сабақтың мақсаты:


    Карбон қышқылдарының балқу температураларының өзгеруін анықтайды.

    Карбон қышқылдарының қайнау температураларының өзгеруіндегі тенденцияны түсіндіреді

    Әртүрлі карбон қышқылдарының ерігіштігін, балқу және қайнау температураларын салыстырады және түсіндіреді

    Сабақтың барысы:

    Сабақ кезеңі/Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    Ұйымдастыру

    кезеңі

    Қызығушылықты ояту

    8 мин


    (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

    1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

    2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

    3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


    Жереби таңдау. қағазға жазылған сандар арқылы топқа бөліну. Топтың атын сабақтың тақырыбымен байланыстырып қою.

    Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

    Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

    Оқулық, жұмыс дәптері

    Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы

    (Қазіргі жағдайда) ДК экраны

    Жаңа сабаққа кіріспе




    (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

    Өзгенің пікірін толықтырады.

    Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

    1. Неліктен карбон қышқылдары қышқылдық қасиетке ие?


    Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

    Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

    Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

    Сабақтың ортасы

    Жаңа сабақ

    30 мин

    Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

    Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.


    Дескриптор: Жалпы - 3 балл

    Карбон қышқылдарының балқу температураларының өзгеруін анықтайды

    Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.




    Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

    1.Тапсырма

    Бутан және изобутан қышқылдарының құрамы бірдей С4Н8О, бірақ қайнау температуралары әр түрлі екенін қалай түсіндіруге болады?

    Карбон қышқылы

    tбалқ, 0C

    tқайн., 0C

    Бутан қышқылы

    - 5,26

    163.5

    Изобутан

    (2-метилпропан) қышқылы

    - 47

    154.4



    Дескриптор: Жалпы - 3 балл

    1. Кестені талдау

    ДК экраны

    11-сынып оқулығы.

    Жұмыс дәптерлері.

    Жеке жұмыс



    Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

    №2 зертханалық тәжірибе "Карбон қышқылының алынуы және қасиеттері"

    Қауіпсіздің техникасының ережелерін еске түсіру.

    Жұмыс барысында өз бақылаулары мен реакция теңдеулерін кестеге толтырады

    Дескриптор: Жалпы - 3 балл

    1.Тәжірбие жасайды

    ДК экраны

    11-сынып оқулығы.

    Жұмыс дәптерлері.

    Сабақтың соңы

    Ой толғаныс.

    Рефлексия

    7 мин.

    «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

    Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

    Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

    Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

    Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

    Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






    написать администратору сайта