Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
| (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.
| Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.
1 топ: Кітап
2 топ: Дәптер
3 топ: Қаламсап
| Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
| Оқу құралдары
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы (Қазіргі жағдайда) ДК экраны
|
Жаңа сабаққа кіріспе
| (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
| Білу және түсіну сұрақтарына жауап береді:
1. Аэробты және анаэробты үдеріс дегеніміз не?
2.Жасушадағы энергетикалық алмасу кезендерінің реті қандай? Олардың арасында қандай айырмашылықтар бар?
| Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
| Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
| Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді, бақылайды.
| «ДЖИГСО» әдісі: Топтық жұмыс. Мәтінді оқып, топта талқылайды. Топтар арасында ақпарат алмасады.
| Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші, бағыттаушы, түрткі сұрақтар қойып, қолдау көрсетеді.
| Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ
|
Жеке жұмыс
| Қолдануайдарындағы тапсырманы орындатады. Нұсқау, бағыт-бағдар, қолдау көрсетеді.
| 1. Жасушадағы органикалық заттың (глюкоза) ыдырау типі мен алатын энергия мөлшері арасындағы байланысты анықтайды.
2.Химиялық формулалары бойынша энергия алу үшін жасушадағы глюкозаның ыдырау әдістері туралы айтады.
| Дескриптор:
1.Оқулықта берілгени ақпаратты пайдаланып, химиялық формулалар құрастырып, есептеулер жүргізеді.
2. Аэробты және анаэробты ағзаларға мысалдар келтіреді. Анаэробты ағзалар қозғалуға аз энергия жұмсайтынын дәлелдейді.
| Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ
|
Жұптық жұмыс
| Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады. Нұсқау, бағыт-бағдар, қолдау көрсетеді.
| 1. Химиялық формулалар мен энергия мөлшерін санмен белгілеуді біріктіретін жасушаның энергия алу сызбасын сызады.
2.Аэробты және анаэробты алмасу үдерістерін талдайды. Олардың бір жасушадағы, эволюция мен биосфереадағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
| Дескриптор:
1.Сызба сызады
2. Талдау жасап айырмашылықтарын анықтайды.
| Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
| «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
| Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
| Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
|