Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақ кезеңі/Уақыты Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушылармен амандасу, түгендеуСергіту сәті

  • Үй тапсырмасын сұрау. «Ыстық картоп»

  • Жаңа сабаққа кіріспе 5 мин «Миға шабуыл»

  • Сабақтың ортасы. Мағынаны ашу. 5 мин 3 мин 5 мин

  • «Ыстық орындық»

  • Қ/б: « Сөз »

  • Сабақтың соңы. Қорытындылау 4 мин 2 мин « 5 саусақ »

  • Қ/б: Смайлик арқылы ең белсенді топты бағалау.

  • Митоз. Митоз фазалары. №8.Зертханалық жұмыс «Пияз тамыр ұшындағы. Блім Жасушалы цикл


    Скачать 39.77 Kb.
    НазваниеБлім Жасушалы цикл
    Дата08.02.2022
    Размер39.77 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМитоз. Митоз фазалары. №8.Зертханалық жұмыс «Пияз тамыр ұшындағы.docx
    ТипДокументы
    #354866

    Қысқа мерзімді жоспар

    9-сынып

    Биология

    Бөлім:

    Жасушалық цикл.

    Педагогтің аты-жөні:

    Хайрушева Асем Ерболатовна

    Күні

    28.01.21

    Сыныбы:

    9

    Сабақтың тақырыбы:

    Митоз. Митоз фазалары. №8.Зертханалық жұмыс «Пияз тамыр ұшындағы жасушалардан митозды зерттеу»

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

    9.2.2.2 - митоздың кезеңдерін сипаттау

    Сабақтың мақсаты:

    -Жасушаның митоздық бөлінуін зерттеу;

    -Жасушаның өмірлік циклінің негізгі кезеңдерін көрсету;

    -Митоздың фазаларын анықтау;


    Сабақтың барысы:

    Сабақ кезеңі/Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    Қызығушылықты ояту

    1 мин

    2 мин

    2 мин

    5 мин

    Ұйымдастыру кезеңі.

    Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушылармен амандасу, түгендеу
    Сергіту сәті

    «Кім нені жақсы көреді?» әдісі арқылы сергіту сәтін ұйымдастыру.

    Топты 3-ке бөлу. Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну

    1-ші топ: «Профаза»;

    2-ші топ: «Метафаза»;

    3-ші топ: «Анафаза»;
    Үй тапсырмасын сұрау. «Ыстық картоп» әдісі арқылы оқушыларға сұрақ қою.

    Оқушылар мұғаліммен амандасады.

    Оқушылар   орындықтарда отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді?  т.б. сұрақтар қоюға болады.


    Оқушылар әр түрлі геометриялық фигуралар арқылы үш топқа бөлінеді.

    Оқушылар сұрақтарға жауап береді.






    Қағаз қиындылары


    Доп

    Жаңа сабаққа кіріспе

    5 мин

    «Миға шабуыл»

    Митоз тез жүретін процесс пе?

    Митозға ұқсас жасушаның бөліну процессі қалай аталады?

    Митоз арқылы біржасушалы организмдердің ұрық жасушалары бөліне алама?

    Адамның қай дене мүшесінде митоз тек туғанға дейін ғана жүреді?

    Өсімдіктер митоз жолымен не түзеді?


    Оқушылар сұрақтарға мұқият жауап береді.







    Сабақтың ортасы.

    Мағынаны ашу.

    5 мин


    3 мин

    5 мин

    «Фишбаун» әдісі арқылы топтық жұмыс ұйымдастыру.

    1-топ Профаза

    2-топ Анафаза

    3-топ Телофаза

    «Ыстық орындық» әдісін пайдаланып оқушыларға сұрақ қою.
    Митоз нәтижесі дегенді қалай түсінесіңдер?

    Телофазаны кейде керісінше қалай атайды?

    Профазада хромосомалар қайда жылжи бастайды?

    Екі хроматидадан тұратын барлық хромосомалар не түзеді?
    «Экибана» әдісі арқылы оқушыларға сөйлем жасыру.



    Оқушылар топқа берілген тақырыптар бойынша постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады.

    Сыныптағы кез-келген оқушыны «Ыстық орындыққа» отыруға шақырады. Ең маңыздысы – өз еркімен шығу.Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді.

    Оқушылар берілген сөздерден сөйлем құрап шығарады.

    Қ/б: «Сөз» арқылы топтарды мадақтау.


    А қ парақ

    Маркер
    Орындық


    Сабақтың соңы.

    Қорытындылау

    4 мин
    2 мин



    «5 саусақ» әдісі арқылы рефлексия жүргізіп сабақты қорытындылау.

    Үйге тапсырма: бүгінгі тақырыпты оқып келу.

    Оқушылар өз ойларын жазады.

    Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.

    Қ/б: Смайлик арқылы ең белсенді топты бағалау.

    Смайликтер


    написать администратору сайта