Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру кезеңі
| І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу. Оқушыларға бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу.
Оқушыларға бағалау парағы таратылады.
Үй тапсырмасы сұралады.
1) 1 ден 10-ға дейінгі сандар берілген. Тізбекте өсу ретімен 5 саны кездескенде программаның орындалуы аяқталатын төмендегі программа кодын енгіз.
n=0
for n in range (10):
n=n+1
if n ==5:
break
print ('san'+str(n))
print('sikldan shygy')
Нәтижесі:
san1
san2
san3
san4
sikldan shygy
2)
Берілген сандар тізбегінде кему ретімен 5 саны кездескенде аяқталатын төмендегі программа кодын енгіз
k=10
while k>0:
print ('ainymaly mani:', k)
k=k-1
if k==5:
break
print ('sau bol')
Нәтижесі:
ainymaly mani: 10
sau bol
ainymaly mani: 9
sau bol
ainymaly mani: 8
sau bol
ainymaly mani: 7
sau bol
ainymaly mani: 6
Дескрипторлар:
Программада циклдің орындалуын анықтайды; break операторын қолданып, код нәтижесін тексереді Программа кодын тексереді.
Оқушыларға информатика кабинетіндегі қауіпсіздік туралы карточкалар таратылады, оқушылар карточкалар арқылы, ережелер құрайды.
| Мұғаліммен амандасады. Сабаққа назарын аударады
|
Ауызша бағалау
«Жарайсың!»
«Өте жақсы!»
Бағалау парағы
(әр дұрыс есепке 1-балл)
|
карточкалар
|
Жаңа сабаққа кіріспе
Сабақтың ортасы
| Жаңа тақырыпты түсіндіру
Ал оқушылар енді назарымызды презентацияға аударайық, қандай сурет көріп тұрсыздар? Оқушылар сын тұрғысынан ойланып өз пікірлерін айтады. Тақырыпты өздері ашады, мақсатын айтады.
Жұптық тапсырма
Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы кластер құрып сабақтың тақырыбын ашады.
Өз тәжірибеңнен, программалау барысында кездескен қандай қателерді айта аласың? Алгоритмді трассировкалау дегеніміз не? Программа трасировкасы қалай жүзеге асырылады? Программа құру барысында жиі кездесетін қателердің түрі қандай? Программаны трассировкалау не үшін өте маңызды саналады?
Алгоритмнің дұрыстығын тексеру үшін оны программалау тіліне аудару немесе компьютерде орындап көру міндетті емес. Алгоритмді адам өз қолымен, трассировка көмегімен тексере алады.
Трассировка –алгоритмін жұмыс істеу қабілетін тексеру, қателерін іздеу және т.б. үшін қолданылатын програманы қадам-қадаммен орындау.
Трассировканы қолмен жүргізу арқылы,адам алгоритнің әрбір командасын орындап,оны трассировка кестесін енгізе отырып,процессор жұмысын модельдейді. Трассировка кестесі-алгоритмді орындаудағы процессор жұмысының моделі.
«1-ден 5-ке дейінгі сандардын қосындысын есептеу» алгоритмінің трассировка кестесін құрайық.
s=0
fori in range (1,6):
s=s+i
print(s)
1-тапсырма
«10-ден 15-ке дейінгі сандардын қосындысын есептеу» алгоритмінің трассировка кестесін құрыңыз.
Дескрипторлар:
1. Алгоритмді орындайды
2.Трассировка құра алады
3. Нәтиже шығарады
2-тапсырма.
Төменде берілген программа кодтарында кеткен қателерді анықта.
1.a = input('a=')
s = 0
for i in range(1, 10):
s = s + i
a= a * i
print(s/a)
TypeError
2. p = int(input ('p='))
s = 0;
i = 0 while i < p:
i = i + 1
s = s + i
t = s * k
print(t)
NameError:
3-тапсырма
Дифференциалды тапсырмалар
А-деңгейі
Берілген код бойынша қатені тап және қатенің қай түріне жататынын анықта.
i=j=0 for i in range(1,6):
for j in range(1,6):
print(i*j,1end="\t")
print(
Дескрипторлар:
Компьютерде программа кодын жазады;
Нәтижесін тексереді
В-деңгейі
n (100≤n<999)
санына дейінгі үштаңбалы сандар арасындағы барлық цифры әртүрлі сандарды экранға шығар.
Нәтижесі:
n=int(input('n='))
for i in range (102, n+1):
a=i//100
b =i//10%10
c=i%10
if a!=b and a!=c and b!=c:
print (i,end= ' ')
C-деңгейі
N натурал саны берілген. Сол санның цифрларының көбейтіндісін табатын блок- сызба құрастыр.
Шешуі:
Дескрипторлар:
Санды енгізу кодын анықтайды; Цифрлардың көбейтіндісін анықтайды;
|
| ҚБ:
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Бағалау парағы
Жалпы-2 балл
Дескриптор: Жалпы - 5 балл.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
| Презентация
Дк-ға тапсырмаларды орындайды
|
5 мин.
| Оқушыларға wordwall платформасы арқылы тапсырмаларды орындайды. Оқушылардың тақырыпты қалай меңгергендігі тексеріледі.
Оқушылардан бағалау парағы, бойынша өз-өздерін бағалайды, бағалау талқыланады.
|
| Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
| https://wordwall.net/resource/53210708
Оқулық,
жұмыс дәптері
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
| Оқушылар «ТЕЛЕФОН» әдісі бойынша кері байланысқа түседі. Яғни бүгінгі сабақта ұнаған сәтін жазады.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Үй тапсырмасы: 107 бет үй тапсырмасы
for параметрлі циклі мен while шарт цикліндегі тақырыптардың бірін таңдап, есеп құрастыр. Компьютерде құрастырған есебіңнің программасын жаз. Жазған программаңның трассировкасын жаса
|
|
|
|