Главная страница

2 сынып тапсырма. 2а тапсырма. Блім Тыдалым жне айтылым Блімше 2 Шыарманы мазмндау Тапсырма


Скачать 1.42 Mb.
НазваниеБлім Тыдалым жне айтылым Блімше 2 Шыарманы мазмндау Тапсырма
Анкор2 сынып тапсырма
Дата24.05.2023
Размер1.42 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла2а тапсырма.docx
ТипДокументы
#1157484

Бөлім: Тыңдалым және айтылым

Бөлімше 1.2 Шығарманы мазмұндау

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда.

Ұмытшақ

Еңбек сабағынан мұғалім үйшік жасап әкелуді тапсырған еді. Ақтай мазасыздана

бастады. Кеше әкесінің көмегімен жасаған үйшігін мектепке әкелген сияқты еді. Бірақ

таба алмай отыр.

Дариғамен ренжісіп қалғаны есіне түсті. Үйшіктің жоғалғанын Дариғадан көрді.

Ақтай күдігін мұғалімге де айтты. Дариға үйшікті алмағандығын айтса да, Ақтай оған

сенбеді.Сабақтан соң Ақтай үйіне келді. Терезе алдында тұрған үйшігін көрді. Дариғаны

жөнсіз ренжіткеніне өкінді. Ақтай үйден шыға жөнелді. Ол Дариғадан кешірім сұрау

керектігін ойлады.

Жоспардың бір бөлігі бойынша мәтіннің мазмұнын айт.
Жоспар:

1) Ақтайдың мазасыздануы

2) Күдік

3) Өкініш

Жұптық жұмыс

Ақтай мен Дариғаның арасындағы диалогті сахналап көрсет.
Дескриптор

.

Білім алушы

− мәтінді жоспардың бөлігіне сәйкес мазмұндайды;

− сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды;

− кейіпкерлердің атынан диалог құрастырады;

− сахналау кезінде өз рөлін дұрыс сомдайды.

Бөлімше 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

1-тапсырма

Графикалық суреттердің көмегімен 100 cанының құрылу жолын жаз.



100 = 99 + 100 = 90 +

Дескриптор Білім алушы

− 100 cанының құрылу жолын бірліктермен жазып көрсетеді;

− 100 cанының құрылу жолын ондықтармен жазып көрсетеді;

2-тапсырма

• 1000 көлеміндегі сандарды жүздіктермен санай отырып, кему ретімен жаз.



Дескриптор Білім алушы

− 1000 көлеміндегі жүздіктерді кему ретімен жазады;

Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау

Тапсырма

Қожанасыр берілген тапсырманың жауаптарын асығыс жазып шықты. Оның жіберген қатесін тауып, қорша. Қатені түзе.


200 + 500 = 700 700 – 400 = 200

600 + 100 = 700 800 – 400 = 400

600 + 300 = 1000 1000 – 400 = 600
Сандарды салыстыр.



Дескриптор

− қате орындалған өрнектерді анықтайды;

− қате орындалған өрнектердің қатесін түзетеді.

- 200 бен 300 сандарын салыстырады;

− 900 бен 700 сандарын салыстырады.

Бөлімше 1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау
Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда.

Қателік

Тау мен тасты кезіп сейілдеп жүрген Даниярға шашын ақ қырау шалған қ арт к ісі жолығыпты. Не дерін білмей, кідіріп қалған балаға жақындап келіп:

− Шырағым, сен өзі есейіп қалған бала көрінесің. Бірақ бұл кемшілігіңді бір жолға кешіремін, – дейді ол.

− Қандай кемшілікті айтасың, қарт? – депті Данияр үлкен кісінің аяқ астынан өзін кінәлай жөнелгенін түсінбей.

− Шырағым, сен осы тұрғанда бір емес, бірнеше кемшілік жібердің.... (Н. Ақыш)

• Мәтіннің кейіпкерлерін ата.

• Данияр қандай кемшіліктер жіберді деп ойлайсың?

• Әрі қарай не болуы мүмкін? Берілген үзінді мен тақырыпқа сүйеніп, мәтінді жалғастырып айт.
Дескриптор Білім алушы

− мәтіннің кейіпкерлерін атайды;

− мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді;

− тақырыбы мен тірек сөздері бойынша мәтіннің соңын

болжайды;

− тақырыпқа қатысты әңгіме құрастырады.

Бөлім: Мен және қоғам

1.Тапсырма

Сен мектепке не үшін келесің? Мектептегі сүйікті істеріңнің тізімін жаса.
1.------------------------------------------------------------------------

2.------------------------------------------------------------------------

3.------------------------------------------------------------------------
2 тапсырма.Сыныптастарыңмен талқыла. Оларды оқу және оқудан тыс әрекеттер түріне жікте.

Оқу әрекеттері

Оқудан тыс әрекеттер

























Дескриптор Білім алушы

- мектептегі сүйікті ісінің тізімін жасайды;

- мектептегі оқу әрекеттерін анықтайды;

- мектептегі оқудан тыс әрекеттерді анықтайды;

Бөлімше 2.2 Жануарлар

1.Тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Қай жануар қай жерде тіршілік етеді? Сәйкестендір.



Жануарлар сол ортаға қалай бейімделеді? Топта ой бөліс.
Дескриптор Білім алушы

жануарлар мен олардың тіршілік ортасын сәйкестендіреді;

жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі жолдарын

түсіндіреді.

2.тапсырма. «Қайсысы қалай көбейеді?» кестесін толтыр. Тиісті орынға «+» таңбасын қой.

Жануарлар

Жұмыртқалайды

Уылдырық шашады

Балалайды

Жәндіктер










Балықтар










Қосмекенділе










Құстар










Сүтқоректілер










Бауырымен

жорғалаушылар










Дескриптор Білім алушы

- жұмыртқалау арқылы көбейетін жануарлар тобын анықтайды;

- уылдырық шашу арқылы көбейетін жануарлар тобын анықтайды;

- балалау арқылы көбейетін жануарлар тобын анықтайды.

Бөлімше 2.1 Оқу түрлерін қолдану

1.Тапсырма Мәтінді оқы.

Үзілісте

Біздің мектепте екінші және үшінші сабақтан соң үлкен үзіліс болады. Онда біз асханаға барып тамақтанамыз. Кей оқушылар сабаққа дайындалып, үй тапсырмасын қайталап отырады. Бастауыш сынып оқушылары түрлі қызықты ойындар ойнайды. Олар үшін үзіліс уақыты көңілді өтеді. Жоғары сынып оқушылары дене шынықтыру залына барып, теннис, шахмат ойнайды. Кейбір балалар кітапханаға барып, өздеріне ұнаған кітаптар мен журналдарды оқиды.

• Оқушылар үзілісте не істейді? Кестені толтырыңыз.

Бастауыш сынып оқушылары

Жоғары сынып оқушылары

Кейбір оқушылар









Дескриптор Білім алушы

− кейіпкерлердің іс-әрекетін анықтайды;

− қажетті ақпаратты кестеге жазады.

2.Тапсырма


қос

бос

тосылмай
Берілген сөздердің ұйқасын тауып, өлең шумақтарын толықтырып жаз.


тоймаймыз


Бірге ойын ойнаймыз, До, до, дос,

Біз ойынға _________ . Достар жүрмес________ .

Достар деген осындай До, до, дос

Ән шырқайық ______ . Достарыңа достар_____ .
Дескриптор Білім алушы

− шумаққа сәйкес ұйқасты анықтайды;

− сөздерді қатесіз жазады.
Бөлімше 1.3 Шамалар және өлшем бірліктері

1.Тапсырма Шамалардың арақатынасын анықтап, сәйкестендір.


10 дм

100 кг

100см

10 см

1 ц

1 дм

1 м
прп


2.тапсырма Шамаларды түрлендір.




5 дм 4 см = см
40 см = дм



3 ц = кг

Дескриптор Білім алушы

− ұзындық өлшем бірліктерінің арақатынасын анықтайды;

− масса өлшем бірліктерінің арақатынасын анықтайды;

− ұзындықтың үлкен өлшем бірлігін кіші бірлікке дұрыс

түрлендіреді;

− ұзындықтың кіші өлшем бірлігін үлкен бірлікке дұрыс

түрлендіреді;

− массаның үлкен өлшем бірлігін кіші бірлікке дұрыс түрлендіреді.


Бөлімше 2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау

Тапсырма


Қой сүйеді баласын «Қоңырым»,деп,

«Ештеңені білмеген момыным»,- деп.

Сиыр сүйеді баласын «Торпағым»,-деп,

«Қараңғыда баспаған қорқағым»,- деп.

Таң атты. Барлық жан-жануарлар ұйқыдан оянды. Аң патшасы арыстан аңдарды жинап алып;.

Бәріңе бір сұрақ қоямын. Көктем сәні деген не? – дейді. Аңдар өз ойын айта бастады...
Мәтіндерді түсініп оқы. Олардың жанрын анықтап, тұсына жаз. Мәтіндердің жанрынқандай ерекшеліктері арқылы

анықта дың? Түсіндір.


Біздің мектептің асханасы үлкен. Мектеп медбикесі күн сайын асхананың жұмысын қадағалап тұрады. Аспазшы екеуі ас мәзірін

құрайды. Мәзірдегі астың құрамында балалардың

денсаулығына керекті дәрумендер болуын ескереді.



Дескриптор Білім алушы

бірінші мәтіннің жанрын анықтайды;

екінші мәтіннің жанрын анықтайды;

үшінші мәтіннің жанрын анықтайды;


Қазақ тілі. Оқушының аты-жөні:-------------------------------------

1.Тапсырма


Абай жас кезінде

ертегі, жырларды

тыңдағанды жақсы

көретін еді. Әкесі

Құнанбай оны Омбы

қаласына оқуға

жіберді.

Абай өзінің

демалысын осындай

игі істермен

өткізетін.
Төменде берілген үзінділерді оқы. Бос орынға мәтіннің қай бөлігі екенін жаз.

Абай жазда

ауылына келіп

демалатын. Әжесі

Зере ертегі,

батырлар жырын

көп білетін. Абай

оны сүйсіне

тыңдайтын. Анасы

Ұлжан да

әңгімешіл еді.




Мәтінді дұрыс құрастырып оқы.

Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін сұрақты белгіле


не істеді?

неліктен?

қандай?

Сұрақтың көмегімен мәтіннің түрін анықта

___________________________
Дескриптор Білім алушы

мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;

мәтінді дұрыс құрап оқиды;

мәтіннің түрін анықтайтын сұрақты белгілейді;

мәтіннің түрін анықтайды.

Жаратылыстану.Оқушының аты-жөні:----------------------------

1.Адам қаңқасының негізгі бөліктерін жаз.



2.Қаңқа қандай қызмет атқарады? Жаз.

1)__________________________________________________________
2)_________________________________________________________

3.Бұлшық ет қандай қызмет атқарады? Қарапайым тәжірибе жасай отырып, анықта.

Кітаптар салынған сөмкеңді бір қолыңмен жоғары көтер. Екінші қолыңмен білектің жоғарғы жағындағы бұлшық етті ұстап көр. Қандай өзгеріс байқадың? Жақшадағы сөздерді пайдаланып жаз.
Бұлшық ет ______________________________ (жиырылды, босаңсыды)
Енді жүк көтерген қолыңды түсір. Бұлшық етте қандай өзгеріс болды? Жаз.
Бұлшық ет ______________________________ (жиырылды, босаңсыды)

Жаратылыстану.Оқушының аты-жөні:----------------------------

1.Берілген сөздерден мақал құрастырып жаз: кепілі, денсаулық, тазалық

Мақалдың мағынасына сәйкес суретті белгіле ().



2.Тісті тазалау әрекетінің ретін анықтап, цифрлармен белгіле.


3.Тіс күтіміне қатысты дұрыс тұжырымды белгіле
1. Тісті тазаламаса, ауыздан жағымсыз иіс шығады.

2. Тісті күту міндетті емес, ауру тістің орнына жаңа тістер өседі.

3. Тіс күлкіге сән береді.

4. Тістегі микробтар ауру туғызады.

5. Тіске күтім жасалса, денсаулық та жақсы болады.
4.Тісті күту денсаулыққа әсер ете ме? Жаз.


1.Шамаларды салыстыр. >, <, = таңбаларының тиістісін қой.



2.Есепте.

3 дм + 16 см = 1 ц – 27 кг = 15 мин + 35 мин =

5 м – 11дм = 40 кг + 15 кг = 1 сағ – 20 мин =
3.Ботақанға бос торкөздерді толтыруға көмектес. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.



4.Сағаттардың көрсетіп тұрған уақытын жаз.




написать администратору сайта