Бөлім
| Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
|
Педагогтың Т.А.Ә
| Мухамжарова Манчук Жусупкалиевна
|
Күні
| 20.09.2022
|
Сынып 11
| Қатысқандар саны
| Қатыспағандар саны
|
Сабақтың тақырыбы:
| Химиялық реакция теңдеулерін құру
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
| 8.2.3.3 –реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құру;
|
Ойлау дағдысы :
| Біліу, Түсіну, Қолдану
|
Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар: Реагент пен өнімнің анықтамасын біледі және реагент пен өнімді сәйкестендіре алады. Топтық жұмыста тапсырмаларды орындай отырып, реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жазады және химиялық реакция теңдеулерін құрады
Оқушылардың басым бөлігі: Жеке тапсырмаларды орындау барысында химиялық реакцияны жазып, теңдеуді дұрыс теңестіреді.
Кейбір оқушылар: Проблемалық сұраққа өз ұсынысын айтады. Шығармашылық тапсырманы орындайды.
|
Бағалау критерийлері:
| -реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жазады
-химиялық реакция теңдеулерін құрады
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері
| Мұғалімнің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурс
|
Сабақ басы:
| Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
«Фигуралар әдісі» арқылы топтарға бөлу
Үй тапсырмасы
Google Forms арқылы тест тапсырмасы орындайды.
1.Валенттік дегеніміз не?
А) басқа заттың молекуласына қосылу қабілеті.
В) басқа атомның белгілі бір санын ұстап тұру қабілеті.
С) басқа атомның санын қосып алу қабілеті. Д) басқа атомға өз атомын беру қабілеті.
2.Формула алдына қойылған сан қалай аталады?
А) индекс В) коэффициент С) валенттік
3.Оттектің валенттілігі?
А) I В) II С)III
4. Коэфицент химиялық элементтің қай жеріне жазылады?
А) химиялық элементтің алдына
В) химиялық элементтің төменгі жағына
С) химиялық злементтің ортасына
5.Зат массасының сақталу заңын кім ашты?
А)Пруст
В)Менделеев
С)Ломоносов
6.Атомдардың бір түрінен тұратын заттар қалай аталады?
А)күрделі В)екідайлы С) жай Қызығушылықты ояту
Видеоролик көрсетіледі.
Қызығушылығын ояту мақсатында: «Сөзбен жазылған химиялық реакцияның теңдеуін химиялық формуланы пайдаланып қалай жазуға болады?»- деген сұрақ қойылады.
| Қалаған фигураларын таңдап топқа бөлінеді
1-топ «Реакция»
2-топ «Реагент»
3-топ «Өнім» Оқушылардың телефондарына сілтеме жіберіледі. Сол сілтеме арқылы оқушылар тест тапсырманы орындайды
Топтық жұмыс:
Слайдта сурет арқылы көрсетілген реакция теңдеулерін жазады.
Сұраққа жауап беріп, оқушылар сабақтың тақырыбын айтады және мұғаліммен бірлесіп сабақ мақсатын шығарады.
| Үй тапсырмасына 2 балл
Дескриптор:
-Реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жазады
-Химиялық реакция теңдеулерін құрады
| Фигура
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_11020/42.mp4
|
Сабақ ортасы
Жаңа сабақ
| Мағынаны тану:
Химиялық реакциялар химиялық теңдеулермен жазылады. Химиялық реакцияларды формулалармен немесе математикалық таңбалармен шартты түрде жазу – химиялық теңдеу деп аталады
7-сыныпта реакция теңдеуін мәтінмен жазып үйрендіңіздер Енді формуламен жазуды үйренеміз.
Ол үшін химиялық теңдеуді құрудың алгоритімін құрамыз. Топтарға нотбукпен видео көрсетіледі және химиялық теңдеуді құрудың алгоритімі беріледі.
Ой толғау:
Тапсырма № 1
Кестеде берілген реагенттер мен өнімді сәйкестендіріңіз: Тапсырма № 2
Ойлан, тап (химиялық реакция теңдеулеріндегі қажетті заттардың формуласын қойып, коэффициенттерін жазыңдар )
… + O2 →CаO
… + … →Na2S
… + CI2 →ZnCI2
Тапсырма. №3
Реакция теңдеулерін химиялық формулалар арқылы түрлендіріп жаз.
натрий + хлор =натрий хлориді
2) Күкірт + Оттек = Күкірт (ҮІ) оксиді
3) Кальций + Хлорсутек + Кальций хлориді + Сутек
Шығармашылық тапсырма:
«Кесілген алма неге қараяды?»
|
Топтағы оқушылар оператор, хатшы, баяндаушы болып ролге бөлінеді.
Оператор видеоны көрсетеді
Хатшы видеодағы көріністі жазады
Баяндаушы видеодағы көріністі хатшының жазған жазбасын баяндап, қорғайды
Әр топтағы ЕБҚ оқушы осы тапсырманы тақтаға шығып орындайды.
Сараланған тапсырманы оқушылар жеке орындайды
Дұрыс жауаптарын тақтадан тексереді
Оқушылар берілген тапсырманы орындайды, реакция теңдеулерін теңестіреді . Бірінбірі тексереді
Оқушылар сұраққа өз ұсыныстарын айтып, реакция теңдеулерін жазады.
| «Үздік оператор»,
«Үздік хатшы»
«Үздік баяндаушы» роліндегі оқушылар марапатталады
Дескриптор:
-Реагенттер мен өнімдерді сәйкестендіреді 1 балл
Дескриптор:
-Химиялық реакция теңдеуіндегі қажетті заттардың формуласын қояды,
- Реакция теңдеуін теңестіреді
Әр дұрыс жазылған реакцияға 1 балл Дескриптор:
- Реакцияға теңдеуін химиялық формулалар арқылы жазады, теңдеуді теңестіреді.
Әр дұрыс жазылған реакцияға 1 балл -Ұсыныстарын айтады
-Реакция теңдеулерін жазады
2 балл
|
Таратпа материал
Таратпа материал
Кесілген алма
|
Сабақ соңы:
| Рефлексия:
«3 Қ» әдісі
Үйге тапсырма:
Тақырыпты оқып, 2-3-жаттығуды орындайды.
| Padlet тақтасымен жұмыс
Оқушылар телефон арқылы орындайды
Қызықты болды
| Қиын болды
| Құнды болды
|
|
|
|
| -Сабақтағы қызықты сәтті жазады
-Қиын сәтті жазады
-Сабақтың құндылығын жазады
| Телефон
|