Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың мақсаты

  • Ұжымдық жұмыс «Миға шабуыл» әдісі

  • Бағалау

  • Практикалық тапсырмалар Топтық жұмыс

  • Мыса-лы Нәти-же Түсініктеме

  • Мысал Нәтиже

  • Рефлексия Сабақты бекіту «Табыс баспалдағы» әдісі

  • Үй тапсырмасы Өткен бөлім тақырыптарын қайталау.Мақсаты

  • Блімі 4блім. Python тіліндегі алгоритмдерді программалау Педагогті атыжні


    Скачать 324.62 Kb.
    НазваниеБлімі 4блім. Python тіліндегі алгоритмдерді программалау Педагогті атыжні
    Дата21.05.2023
    Размер324.62 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла7.3.8.docx
    ТипПрограмма
    #1148629

    Бөлімі:

    4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»

    Педагогтің аты-жөні:

    Досманова Ж.Е

    Күні:

    3.03.2023

    Сыныбы:

    Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Практикум. Күрделі шарттарды программалау

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    7.3.1.2-Python программалау тіліндегі құрама шарттарды программалау

    Сабақтың мақсаты

    - кірістірілген шарттардың операторларын біледі.

    - Python программалау тілінде кірістірілген шарттарды қалай құрастыруға болатынын біледі.

    - күнделікті өмірден қарапайым және құрамды шарттарға мысалдар келтіреді.

    Сабақтың барысы:

    Сабақ кезеңі/Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар




    Сабақтың басы
    2 мин.


    (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

    1. Сәлемдесу.

    2. Оқушыларды түгендеу.

    3. Психологиялық жағымды ахуал орнату.

    4. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.


    Топтастыру «The Hаt» программасы арқылы

    І топ, ІІ топ, ІІІ топ деген атаумен үш топқа бірігеді.












    5 мин.


    Ұжымдық жұмыс

    «Миға шабуыл» әдісі

    Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.


    • Қарапайым, кірістірілген және құрамды шарт тексеру операторын программа құруда қалай тиімді қолдану керек?

    • Күнделікті өмірдегі іс­әрекеттеріңнің бірін құрамды шарт түрінде қалай сипаттаған болар едің?

    • Күнделікті өмірімізден көрініс тауып отырған кірістірілген шарттарға қандай мысалдар келтіре аласың?

    Бағалау: Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.






    Сабақтың ортасы


    31 мин.


    Практикалық тапсырмалар

    Топтық жұмыс

    1-тапсырма. Программалардың кодында жіберілген қателерді анықтаңдар.

    1-кодІ топ

    a=int (input())

    b=input ()

    if a > 0

    if a-b > 0

    a:=a-b

    else:

    a=a+b+c

    else:

    a=a**2

    print (a)

    2-код – ІІ топ

    a=input (int())

    b=int (input ())

    c== (input())

    if a ‰ 2=0:

    if b‰2 ==1

    k:=b//c

    else:

    k=a//c

    else:

    k=(a+b)‰c

    print (‘k’)

    3-код – ІІІ топ

    a=int (input ( )

    b=int (input )

    c= (input())

    max:=a

    if max < b

    max= =b

    if max < c

    max= =c

    print (‘max’)

    Дескриптор:

    • Программа кодында жіберілген қателерді табуда қиындық туындайды.

    • Программа кодында жіберілген қателерді жартылай табады.

    • Программа кодында жіберілген қателерді дұрыс табады.




    Бағалау: Топ мүшелері бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.


    7-сынып оқулығы.

    Компьютер.








    (Ж) 2-тапсырма

    Тағы да сол ауа райы. Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік, батыс және орталық өңірлеріндегі қыс маусымындағы бір күндік ауа райы жайлы деректер берілген (1-сурет). Осы деректерді пайдаланып, еліміздің өңірлерінде тіркелген ең суық және жылы температураның айырмашылығының модулін табатын программа құрастыр.


    Мыса-лы

    Нәти-же

    Түсініктеме

    -16

    -12

    11

    5

    -8

    25

    |-16 -11|= 25




    Дескриптор:

    *Деректерді пайдаланып, еліміздің өңірлерінде тіркелген ең суық және жылы температураның айырмашылығының модулін табатын программаны құрастыруда қиындық туындайды.

    *Деректерді пайдаланып, еліміздің өңірлерінде тіркелген ең суық және жылы температураның айырмашылығының модулін табатын программаны жартылай құрастырады.

    *Деректерді пайдаланып еліміздің өңірлерінде тіркелген ең суық және жылы температураның айырмашылығының модулін табатын программаны дұрыс құрастырады.

    Бағалау: Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.


    7-сынып оқулығы

    Компьютер








    (Ж) 3-тапсырма

    Даладағы қуғын. Қасқыр мен түлкі бір сәтте қоянды көріп қалып, оны қуа жөнелді (2-сурет). Қоянның жылдамдығы v, қасқырдың жылдамдығы m, ал түлкінің жылдамдығы k ға тең.

    1. Қоян қасқырға да, түлкіге де жеткізбеуі үшін, орындалуы керек шарттарды тауып, жаз.

    2. 2-суреттегі оқиғаның программасын құрастыр. Тапсырмада қоян екеуіне де жеткізбей кетсе, экранға «0», егер қоянға бірінші қасқыр жетсе, онда «1», ал түлкі бірінші жетсе, «2» жауаптары экранға шықсын. Енгізу деректерінің реті: v-қоянның, m-қасқырдың, k-түлкінің жылдамдығы.

    Мысал

    Нәтиже

    15 12 14

    0





    Дескриптор:

    • Қоян қасқырға да түлкіге де жеткізбеу үшін орындалуы керек шарттарды тауып, жазады.

    • 2-суреттегі оқиғаның программасын құрастырады.




    Бағалау: Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.






    Сабақтың соңы



    7 мин.

    Рефлексия


    Сабақты бекіту

    «Табыс баспалдағы» әдісі арқылы жүргізіледі.Оқушы сабақты қай деңгейде түсінгенін бояйды. Таратылған парақтарды толтырып береді. Сол бойынша алдағы сабақты жоспарлаймын.



    Бағалау: Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі

    арқылы бағалайды.

    Мақсаты:

    Сабақты

    қорытындылау.





    Үй тапсырмасы

    Өткен бөлім тақырыптарын қайталау.

    Мақсаты: Өткен сабақты пысықтау.


    написать администратору сайта