Главная страница

Босану. босану физиологиясы. Босану кезедері босану кезедеріні алыпты аысы


Скачать 0.64 Mb.
НазваниеБосану кезедері босану кезедеріні алыпты аысы
АнкорБосану
Дата28.10.2021
Размер0.64 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлабосану физиологиясы.docx
ТипДокументы
#258477





Босану кезеңдері

БОСАНУ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТЫ АҒЫСЫ
Әйелдің босанып, нәрестенің өмірге келуі табиғи заңдылық.
Босану жоғары нерв, нейро-гуморалдық, гипоталамус-гипофиз жүйелерінің жыныс мүшелерімен қарым-қатынасының жұмылуынан пайда болатын күрделі физиологиялық құбылыс. Жүктілік пен босану қалыпты жағдайда өту үшін орталық нерв жүйесінің маңызы зор. Себебі орталық нерв жүйесінде «босану доминанты» қалыптасады. «Босану доминанты» пісіп жетілмесе, ойдағыдай қалыптаспаса, босану кезеңдері өзінін, физиоло-гиялық жолынан ауытқиды.
Босанудан бірнеше күн бұрын мынандай белгілер пайда болады: қағанақ суы азайып, нәресте басы жам-бас қуысының кіреберісіне тіреліп, жатыр түбі төмендейді жыныс жолдарынан «шарышты тығын» аға бастайды, жатырдық жиырылу қабілеті артады.
Босанудың басы жүйелі толғақтан басталады. Бұл толғақтың алдында бірнеше сағат бұрын дайындық кезсңі болады, ол қалыпты жағдайда алты сағатқа созы-лады.
Прелиминарлық дайындық кезеңі деп жатырдын, қозу қабілетінің артып, әлсін-әлсін жатыр жүйесіз, ретсіз, жиырылып сирек толғақтың басталуы, жатыр мойны-ның қысқарып (1—2 см-ге дейін), жұмсарып жамбас қуысының орталық бағытына сәйкес келіп, мойын езегі-нің ашылып, жетілуі. Бұл кезең әйелдің мазасын алмайды, ұйқысын бұзбайды. Сөйтіп жүйсіз сирек толғақ бір-тіндеп жүйелі босану толғағына кешеді.
Босану кезеңдерінің қалыпты жағдайда өтуі үшін мынадай шарттар қажет:
1.Жыныс мүшелерінің дүрыс дамып жетілуі және босану жолдарының дайындығы.
2.Қүшті, жүйелі толғақ.
3.Нәресте салмағының орта"ша болып, оның жатыр-
да дұрыс орналасуы.
Босану кезеңдері
Босану үш кезеңге бөлінеді:
1.Жатыр мойнының жайылып ашылуы.
2.Нәрестенің босану жолдарынан өтуі.
3.Бала жолдасының бөлінуі.

Бірінші кезеңде жүйелі толғақ басталып, жатыр мой-ны жайылып, толык, ашылады (10—12 см). Жагыр мой-нының ашылуы толғақтың күшіне, жиілігіне, ұзақтығы-на байланысты. Босанудың басында толғақтың ұзақты-ғы — 10—15 сек; ортасында—30—40 сек; соңында — 50—60 еек.
Толғақтың күші үш түрлі болады: элсіз (10—15 сек), орташа (30—40 сек) және күшті (45—50 сек). Босану-дың басында толғақ 15—20 мин сайын қайталанып бір-екі секундқа дейін біртіндеп жиілейді. Жатыр бұлшы-қеттерінің жиырылып (контракция), өзара тартылып (ретракция), төменгі сегмент пен жатыр мойнының со-зылуы (дистракция) жатыр мойнының ашылуына әкеп соғады. Тұңғыш және босанып жүрген әйелдердің жатыр мойныньщ ашылуы әртүрлі, себебі тұңғыш босанатын әйелдерде жатыр мойнының ішкі және сыртқы ернеуле-рі жабық, оларда жатыр мойнының ашылуы ішкі ернеуден басталып, мойын түтігі біртіндеп қысқарып, жұқара бастайды, осыдан кейін барып сыртқы ернеу жұқарып толық ашылады. Ал босанып жүрген әйелдерде мойын түтігі бір-екі саусақ өлшемінде ашық болады, сондықтан жатыр мойнының ішкі және сыртқы ернеулерінің ашылуы бір мезгілде басталады. Жатыр мойнының ашылу қарқыны: тұңғыш босанатындарда бір сағат ішінде бір сантиметр; босанып жүргендерде 2 см. Жатыр мойнының толық ашылуы 10 см-ге немесе бес саусак өлшеміне сәйкес.
Бірінші кезеңнің ұзақтығы: тұнғыш босанатыкдарда 11—12 сағат; босанып жүрген әйелдерде 7—8 сағат. Әдетте, қағанақ суы жатыр мойны толық ашылғаннан кейін кетеді, кейде қағанақ суы толғақ басталмай неме-се басталысымен кетуі мүмкін.
Егер қағанақ суы толғақ басталмай тұрып кетсе, оны алдын ала кетуідейді, толғақ басталғаннан кейін кетсе, оны ерте кетудейді.


Босану кезеқдеріндегі қынаптық зерттеу көрсеткіштері:
1) Жүкті әйел перзентханаға түскенде;
2) Қағанақ суы кеткенде;
3) Жыныс жолдарынан кан кеткенде;
4) Нәрестенің жүрек соғысы нашарлағанда;
5) Босану қарқынын анықтау үшін (тұңғыш босанғандарда 6—8 сағаттан кейін; босанғандарда 3—6 сағаттан кейін);
6) Екінші кезеңнің алдында.
Дәрігер, бірінші кезеқде әйелдің жалпы жағдайын (қан қысымын, тамыр соғуын), нәрестенің жүрек соғы-
сын және де толғақ күшінің жиілігін, ұзақтылыгын аныктайды. Сонымен қатар ауру сезімін жеңілдететін дәрі-дәрмектер қолданады.
Екінші кезең — жатыр мойнының толық ашылып, нәрестенің жамбас қуысынан өтіп, емірге келуі. Осы ке-зенде жатыр құрсақ, жамбас бұлшықеттерінің, диафрагманың жиырылып, әйелдің күшенуі басталады. Күшену әр 2—3 минутта қайталанып, 50—60 секунтқа созылады. Бұл кезеңнің ұзақтығы т\ңғыш босанаттындарда бір-екі сағатқа дейін, ал босанып жүргендерде 30—40 минутқа созылады. Дәрігер бұл кезеңде әйелдің жалпы жағда-йын, күшену қарқынын, нәрестенің жүрек соғысын (әр-бір күшенуден кейін 1—2 минуттан соң), онын. жамбас қуысынан жылжу жылдамдығын анықтап, босандыруда акушерлік көмек көрсетеді.
Акушерлік көмек нәресте басы жыныс ернеуінен көрінген кезде басталады. Ол бес кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең — нәресте басының мезгілінен бұрын шалқаймауын қамтамасыз етеді. Ол үшін акушер сол қолын шат үстіне, шығып келе жатқан баланың басына қояды.


Екінші кезеқде — акушер күшсну арасында қынап тесігін бас және сұқ саусағымен созып, басты жыныс ср-неуінен ептеп шығарады.
Үшінші кезеңде — акушер оң қолын аралыққа қойып, жұмсақ тканьдерді баса отырып, аралыққа түсетін қы-сымды төмендетіп, оның жыртылуына кедергі жасайды.
Төртінші кезеқніқ мақсаты — күшену күшін басқару, шүйде шұңқыры шаптың төменгі жиегіне тірелген кезде. әйелге күшенуге болмайды.
Бесінші кезеңде — нәрестенің иығын босатып, тұлғасының шығуына көмектеседі. Ол үшін акушер нәрестенін, басын екі қолымен ұстап, алдыңғы иығы босап шыққан-ша ақырындап төмен тартады. Содан кейін оң қолын аралыққа қойып, сол қолымен басты жоғары кетеріп, артқы иықты босатып аладьі. Нәресте тұлғасы босанып шыққаннан кейін, сұқ саусақты қолтық астына қойып жоғары көтеріп, нәрестені түгелімен шығарып алады.

Бала жолдасының бөліну кезеқі— бала туғаннан кейін басталады, оның бөлініп түсуімен аяқталады. Ба-ла жолдасы жатырдан бір шетінен немесе ортасьшан бөлінуі мүмкін. Орталық бөліну кезінде жыныс жолдарынан қан ағу болмайды, ал шетінен бөлінуде қан ағады. Әдетте, үшінші кезеңде 200—250 мл қан кетеді, бұл кезеңнің ұзақтығы 30—40 минут. Дәрігер үшінші кезеңді өте ұқыптылықпен жүргізеді. Әйелдің кіші дәретін ар-найы түтікшемен шығарып, бала жолдасының бөліну белгілерін анықтайды.
1. Шредер белгісі — жатыр пішіні мен оның деңгейінің өзгеруі. Қалыпты жағдайда жатыр деңгейі кіндік тұ-сында орналасады, бала жолдасы бөлінген кезде, ол кін-діктен жоғары көтеріліп, оңға қисаяды.
2. Довженко белгісі — әйел терең дем алған кезде ба- ла жолдасының кіндігі жоғары тартылмаса бала жолдасының белінгені деп есептеледі.
3. Чукалов-Кюстнер белгісі бойынша, алақан қыры мен жатыр үстін шат жігінің жоғарғы жағынан басқан да, бала жолдасының кіндігі жоғары тартылмайды. Оның жатыр қабырғасынан бөлінгенін анықтағаннан кейін, босанған әйелді күшендіріп, жолдасын түсіріп алады. Егер бала жолдасы өздігінен түспесе, онда

мына тәсілдерді қолданады:
1. Жатырды сипалап, уқалап, содан кейін екі қолмен құрсақ еттерін ұзынынан бүктеп, кетеріп, әйелді күшен-діреді. Әдетте жатыр қабырғаеынан бөлінген бала жол-дасы тез арада түседі.
2. Дәрігер жатырды укалап оның деңгейін ортасына келтіріп, босанған әйелдің сол жағынан (бетімен аяғына бұрылып) тұрып, оң қолдың бас бармағы мен жатыр-дың алдыңғы қабырғасына, төрт саусақты артқы қабыр-ғасына, алақанды жатыр түбіне орналастырады, содан кейін жатыр түбін алға, төмен басып бала жолдасын тудырады.


БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢ
Босанғаннан кейінгі кезең деп — жүктілік пен босану кезіндегі әйел организміндегі өзгеріске ұшыраған ағза-лардың бүрынғы қалпына келуін айтады. Бұл кезең ба-ла жолдасы тускеннен кейін басталады ('6—8 жұма). Босанғаннан кейінгі кезеңдегі ананы„жас босанған әйел деп атайды. Бұл кезең ерте және кеш кезең деп екіге бө-лінеді.
Ерте кезең деп алғашқы 2—4 сағат шамасын айтады, бұл мезетте ана босанған бөлмеде, дәрігерлердің қарау-ында болады.
Жүкті кезде өзгеріске көп ұшырайтын ағзалардың.
бірі—жатыр. Босанғанға дейін ол өсіп, кіндік түбінен жоғары кетеріледі. Ал 'босанғаннан кейін біртіндеп кі-шірейіп бұрынғы өз қалпына келеді.
Босанғаннан кейін бірден жатырдың салмағы 1000 г болып, жатыр түбі кіндік шекарасында тұрады, өлше-гіш зонтпен өлшегенде ұзындығы 15—20 см-ге таяу. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде босанған әйелдің жатыр мойнын, қынабын тексеріп қарайды. Егер жыртылған жері болса тігеді.
Сонымен катар осы кезеңде әйелдің жалпы жағдайын, тамыр соғуын, қан

қысымын елшеп және де жатыр жағдайын бақылап, әрбір 15 мин сайын жатырды уқалап тұру қажет. Бұл кезеңде жатырдан шамалы қан (250— 300 мл) белінеді.
Босанғаннан кейінгі кеш кезең деп, босанған бөлме-ден кешірген мезгілден бастап, әйел организміндегі жүктілік пен босанғаннан кейінгі барлык өзгерістердің, ағзалардьщ өз қалпына келу мезгілін айтады. Мәселен жатырдың бұрынғы қалпына келуі мынадай: босанған-нан кейінгі бірінші жұмада оның салмағы екі есе кіші-рейеді (500 г), ' екінші жұмада 350 г, үшінші жұмада 250 г, 6—8 жұмада жатыр өз қалына келеді, туған әйел-дің жатыры 75 г. Босанғаннан кейін жатыр түбі 1-ші күні кіндіктен 2—4 см төмен, ал төртінші күні кіндік пен қасағанық ортасында анықталады. Ал 8—9 күндері қа-сағадан төмен түседі. Босанғаннан кейін 10—12 сағатта жатыр мойны өзгере бастайды, тек үшінші күні ғана оның өзегі 2 см дейін кішірейіп, 10-күні өз қалпына ке-леді. 2—3 жұмада жатырдың сыртқы ернеуі (зев) түгел қалыптасып саңылау ғана қалады. Әйел босанғаннан кейін'алғашқы күндері жатырдан қан аралас сүйықтык; (үш күндей), содан кейін қанды сарысу ағады. Тек үшінші жұманың соңында жатырдан сұйыктықтың бөлінуі тоқталады.
Ал емшек безінің қузметі босанғаннан кейін бұрын-ғыдан да ұлғая бастайды. Босанғанщш кейінгі емшек безі 1—3-ші күндері уыз, ал 3—4-ші күндерінде сүт бө-леді. Емшек бездерінде сүттін. кеп пайда болуынан кей-де емшектің ісініп дене ыстығы да көтерілуі мүмкін. Ана сүтінің құрамында 88% су, 1,13% белок, 7,2% кант, 3,36% май т. б. болады.
Қалыпты жағдайда жас босанған әйелдің жалпы жағдайы өзгермейді, ыстығы кетерілмейді, тамыр соғы-сы шамалы төмендеп, қан қысымы бірінші, екінші күн-дері төмендейді, жатырдан бөлінген сұйықтық өз күндеріне сәйкес келеді, ал емшек бездері жеткілікті сут бөледі.
Осы жоғарыда аталған қалыпты жағдайға қарамастан, кейде жас босанған әйелдің ыстығы көтеріледі.
Әдетте, дене ыстығы екі рет көтерілуі мумкін. Бірін-ші рет, босанған мезгілден бастап 12 сағатқа дейін, бұл босанған кездегі әйел организміндегі көптеген өзгеріс-терге байланысты. Ал екінші рет 3—4 күндері байқала-ды, ол сүт бездерінің ұлғаюына және осы күндері ин-фекцияның қынаптан жатырға қарай етуіне байланысты жатырдың инфекцияға қарсы қорғаныс реакциясы, бұл физиологиялық құбылыс.


Қажеттілікке байланысты ананың қаны мен зәрін тексеріп тұрады.
Босанғаннан кейін алғашқы тәулік күндерінде жыныс мүшелерінің ернеулері мен қынап ептеп ауырғандай болады. Ал жатырдың біртіндеп жиырылуына байланысты іштің теменгі жағы үш-төрт күндей толғақ тәріз-деніп бүріп ауырады.
Жүктілік, босану кездері асқынбаған әйел, әдетте 7—8 күинен кейін перзентханадан шығады. Сонымен бо-санған әйелдің ішкі-сыртқы жыныс мүшелері тек екі айдан кейін ғана қалпына келеді. Босанғаннан кейінгі ке-зеңнің дұрыс өтуі жүктілік кезеңі мен толғақтын қалыпты етуіне байланысты. Жүктілік кезеңі асқынбаған жағдайда босану кезеңі де асқынбайды.
Босанғаннан кейінгі кезеңде ана гигиеналық шарттарды қатаң сақтауға тиіс. Перзентханада ана ауру жұқтырып алмас үшін, барлық шараларды қолданады, атап айтқанда, бұл жерде әйелдің жыныс мүшелері күніне бірнеше рет жуылып, іш киімдері мен төсек орындары әр үш күн сайын ауыстырылады, жататын бөлмесі кун сайын тазартылады. Дене қызуы күніне екі рет өлшенеді, егер бұл кезең асқынып, дене ыстығы 37,5-тен жоғары көтерілсе, ананы обсервация беліміне ауыстырады.
Ана перзентханадан шыққан соң да тазалықты ұқыпты сақтау керек: қолын үнемі таза үстап, сыртқы жыныс мүшелерін сабындап күніне кем дегенде екі рег жуып түруы тиіс. Босанғаннан кейін екі апта өткен соң жылы душ қабылдауға болады, ал ваннаға отырып шомылуға болмайды. Бүл кезеңде тәсекторнын, іш киімдерін аптасына бір рет ауыстырып тұруы қажет

Enter here...


написать администратору сайта